Пайдаланылған əдебиеттер:
1. Маркес Г.Г. О литературе, о себе и своем творчестве // Вопросы литерату-
ры. – 1980. – № 3. – С. 150-176.
2. Маркес Г.Г. О своем творчестве и о себе // Иностранная литература. –
1971. – № 6. – С. 177-189.
3 Маркес Г.Г. Шығармалар жинағы: В 3 томах. – СПб.: Симпозиум, 1997.
4. David Mullan. Magic Realism: a problem // http://www.themodernword.com/
gabo.html
А.Қ. Саргелтаева,
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
2-курс магистранты
(Қазақстан)
Ғылыми жетекші – А.Б. Темірболат,
қазақ əдебиеті жəне əдебиет теориясы кафедрасының меңгерушісі,
филология ғылымдарының докторы, профессор
ОРАЛХАН БӨКЕЕВТІҢ «ҚАР ҚЫЗЫ» ПОВЕСІНДЕГІ
СИМВОЛИКАЛЫҚ БЕЙНЕЛЕР
Оралхан Бөкеев өзінің шығармашылық жолын 1970 жылдан бастап қазақ
прозасының дамуына өз үлесін қосқан қаламгерлердің бірі. Оралхан Бөкеевтің
қай шығармасын алмаңыз, өзі туып өскен жерінің табиғатын паш етіп тұрады.
Əрбір шығармада бейнеленген тау, тас, дала, сол даланың аңдары мен құстары,
бұғылары бəрі Алтай тауын еске салып тұрады. О.Бөкеевтің Алтай табиғаты
мен адам жанын астастыра суреттеген əңгіме, повестерінің бəрінде өмір
шындығы адамдардың мінез-құлқы арқылы көрініс табады. Өмірдегі басты
оқиғалар философиялық тұрғыдан ой елегінен өткізіледі, қаламгердің сондағы
басты міндеті адам психологиясын ашып көрсету.
О.Бөкеев шығармашылығындағы негізгі тақырыптың бірі – адам мен
табиғат арасындағы қарым-қатынас. Жазушы өз кейіпкерлерінің ішкі дүниесін
табиғатпен тығыз байланыстырып, сол табиғат арқылы адам жанының тұңғиық
құпияларын ашады. Адам жаны мен ішкі əлемін терең зерттейді. Адам табиғатын
философиялық, адамгершілік-эстетикалық тұрғыдан түйіндей отырып,
мəңгілік тақырыптарды қамтиды. Жазушы шығармаларында символикалық
образдар көптеп кездеседі. Аңыздық желіге құрылған «Қар қызы» повесінде
реалдық, романтикалық, фантастикалық, тұрмыстық жəне поэтикалық
деңгейлерді бір шығарма аясында ұштастыра отырып, адам болмысының
мəңгілік мəселелерін шешуге, кейіпкерлерінің ішкі сезімдік күйлерін суретте-
уге тырысады. Кейіпкерінің сырын ашу арқылы өз жанының тереңіне сүңгиді.
Сол арқылы табиғат болмысының сырын ашып, тылсым құпиясына бойлайды.
261
О.Бөкеев «Қар қызы» повесін 1977 жылы жазып, орыс тіліне аудару барысында
қайта өңдеп, 1984 жылы «Біздің жақта қыс ұзақ» жинағына енгізді. Қаламгер
«Қар қызы» повесінде аспан асты, жер үстіндегі асқан қымбатты Алтай тауы
арасындағы адамдар өмірінің мəлім, беймəлім тұстарын айтуға асығады. Қар
қызы өң мен түс аралығындай жұмбақ бейне. Суреткер «Қар қызы» повесінде
өз басынан өткерген жұмбақтау оқиғаны көркемдік тұрғыдан романтикалық
бояумен береді. «Қар қызы» повесінде бір жағы қияли дүниелер елес берсе,
бір жағынан шындық басым түседі. Повесте мифтендірілген образ, сюжет
арқылы адамгершілік, əділет мəселелері қозғалады. Шығармадағы Қар қызы
– жазушының романтикалық дүниетанымынан туған дүние болғандықтан
сұлулықтың, рухани тазалықтың, жақсылықтың үлгісі іспеттес. Қар қызының
шығармадағы басты кейіпкер Нұржанның түсіне қайта-қайта енуі шығармаға
фантастикалық сипат береді. Повесте Қар қызы жайлы аңыз қайсы, ақиқаты
қайсы деген сұрақ шығарманың басынан аяғына дейін бірге жүреді. Қар қызы
Қоңқай шалдың зорлығына шыдай алмай қарға айналып кеткен аңыздық бей-
не ретінде суреттеледі. Шығармадағы Упрайдың:
– «Қар қызын көрсеңдер сəлем айтыңдар, үш жыл кенеземізді кептіріп,
қаңсытқаны жетер. Бір шалға өкпелеймін деп мұқым елді қырып алмасын»
[1, 244 б.], – деген сөзінен аңғарамыз. Шығарма Алтай өңіріне алпыс жыл-
дан бері осындай қар жауғанын көрген емеспіз деген ауыл қарияларының
сөзінен басталып, ақ қар, көк мұзда тау арасынан трактормен шөп əкелуге
аттанған Нұржан, Бақытжан, Аманжан атты үш жігіт үшін жолдан адасып,
аязбен, аштықпен арпалысып, дəрменсіз күй кешіп, өз-өздерімен төбелесіп,
адамгершілік жағынан, рухани жағынан сыналып, өз-өздерін танитын,
өздерінің шын бет-бейнесін, құпия пердесін ашып, айқындап беретін сапар
болады. Кірпіктері зорға қимылдап, өліммен өмір арасында жатқан жігіттерді
Қар қызы Нұржанды түртіп оятуы арқылы аман алып қалады. Үш жігіттің
бірі Нұржан Айыртауға жүрер алдында түнімен ұйықтай алмай, Қар қызының
елесін бе, əлде өзін бе көреді.
«Не заматта барып кірпігі айқасқандай болып еді, есік сықырлап ашылып,
үйге əппақ кебіні бар қыз кіргендей.... Тас қараңғы бөлменің іші жап-жарық
болып кетті. Босағаға сүйеніп үндемей тұрған қыздың көзі шырақ болып жа-
нады. Неге екені белгісіз, Нұржан қорықпады. Өңі ме, түсі ме ажырата ал-
май дел-сал жатты» [2, 291 б.]. Содан бері Нұржанның өнбойын сағыныш
билеп, өзі білмейтін, түсінбейтін беймəлім күйге түседі. Əлденені сағына
күтеді. Нұржан өмір бойы сарыла күткен дүниесін осы даладан тапқандай
болады. Осы қу мекиен далада қалғысы келеді. Алыстан шыңшыңдаған бір
сыңсу талып жеткендей болады. Бұл жұмбақ үнді тек Нұржан ғана естиді.
Қыздың сыңсып салған əні тек Нұржанға ғана естіледі. Өйткені оны кең
далаға шақырған Қар қызы еді. Қар қызына деген құмарлық сезімі оянып,
түсіне көп енеді, екеуі кездесіп, сырласып жүреді. Табиғат сынағынан аман
қалған Нұржан өмір бойы іздегенін тапқандай, сағынғанымен қауышқандай
262
болады. Рухани қолдауды, қанағатты Қар елінен тауып, қыз тағдырын, өмірін
ойлап, таныстықты жалғастырып, қыз тағдырымен ортақтасқысы келеді. Өмір
бойы іздегенін енді тапқандай, жаны жай тауып, ерекше əсерде болады. Шы-
нында да Нұржан сұлулықты тек табиғаттан тауып, Қар қызымен қалады.
Қаламгер шығармада Нұржанның достарымен қоштасуын былай суреттейді:
«Нұржан екі досының суық сорған жүзіне кезек қарап отырып: «достарым,
айып етпеңдер, мен сендермен қоштасайын деп отырмын. Бала жастан бірге
ойнап, бірге өсіп едік, артық айтылған сөздерім болса кешіріңдер. Өмір атты
ұзақ сапарды бірге бастасақ та, бірге аяқтау мүмкін емес екен. Мен осы жерде
– Қар қызының мекенінде қаламын, мал-жанның күйзелмеуі үшін қаламын.
Егер мен осынау кеңістікте қалмасам Қар қызы өкпелейді. Ол өкпелесе, бүкіл
халық оның кəріне жолығады... Қайыр!» [4].
Бастарына қиындық туып, айдалада тау арасында адасып, өліммен бетпе-
бет келген тұста үш жігіттің де ішкі сырлары ашылып, сыналады. Қиын-
қыстау күндері адамгершіліктен танбай, əр тұстағы əрекеттері, өмір туралы
ойлары, өмірге, адамға деген көзқарасынан Нұржанның жаны таза, ой-өрісі
кең жан екені танылады. Жауыз Қоңқай да: «Үш жігіттің ішіндегі ең қауіптісі
– Нұржан. Қалған екеуі көзінің алдындағыны ғана көретін дарақылау, ойлары
таяз», - деп ойлауының өзі Нұржанның ақылды, адамгершілігі зор, сабырлы,
салмақты ер мінезді жан екенін аңғартады. Бақытжан болса «күпірлікке толы
күндерінен қоштасқандай, адамгершілік, достық деген түсініктердің мəнін
түсінгендей болады. Аманжан болса бойындағы «қоңқайлығы» бас көтеріп,
осыған дейін байқалмаған қатыгездігі, өзімшілдігі бой көтереді. Қиын сəтте
өзінің опасыз жан екенін көрсетіп, екі жолдасына бəкі ала жүгіреді. Қоңқайлар
демекші, шығармада Қоңқай реалистік образдан алшақ көрінеді. Қар қызы
сияқты Қоңқай бейнесі де символикалық бейне. Қоңқай бейнесіне жазушы
аңыздық сипат беріп, Қар қызының шығуын оның қорлығымен байланыстыра
отырып, Қоңқайды аңыз емес, реалды образ ретінде береді. Ақ қар, көк мұз,
сақылдаған аязда жаурап, шаршаған, қалжырап-қажыған, адасып келе жатқан
үш жігіт айдалада бір үйге кезігеді. «Жалмауыз кемпірдей жер бауырлап, қар
астында жалғыз көзі жылтыраған» үй жұмбақ, əрі қорқынышты көрінеді.
Ол үй - Қоңқай шалдың үйі еді. Үй иесі «үстінде ақ көйлек, ақ дамбал жəне
аяғында лыпа жоқ, тізеден қар кешкен жалаң аяқ» шал. Жазушы Қоңқайдың
сырт келбетін суреттегенде романтикалық бейнелеу тəсілін қолданады. Жалт
қарағандарында тура желкелерінен төніп тұрған аппақ, еңгезердей аруақ
шалды көреді [2, 297] . Қоңқай шал жігіттерге теріс жол көрсетіп, адасты-
рып жібереді. Бұл əрекеті жас жігіттерді айдала, сары шұнақ аязда өлімге
айдағанмен бірдей еді. Қоңқай бейнесі – жамандықтың символы. Жазушы
Қоңқай арқылы қоғамдағы кереғарлықты, келеңсіздіктерді меңзей отырып,
Қоңқай бейнесіне əр қырынан талдау жасайды. «Арам пиғылды қарақшы,
сонымен қатар Қоңқай жалғыз емес, Қоңқай дегеніміз – өз қара басының
амандығын тілеген əр қазақтың жүрегінде» деп ой түйеді. Қоңқай бейнесі өз
263
тəуелсіздігін қолдан жасап алған, соны сақтау үшін жанталасқан қазақ бейнесі.
Өз қара басының қамын ойлаған Қоңқай үшін қоғам, бірауыздылық, туыстық
деген сөздің мəні жоқ. Жазушы: «Қоңқай Қоңқай болғалы өздігінен ешкімді
іздемеген, қажетсінбеген, өмірі – қоғамды жатсынуынан туындаған», – деп
ойын тұжырымдайды. Сонымен қатар кейбір зерттеушілер қоңқайшылдықтың
сипатын, басқа қырларын зерттей келе, ақиқат түйінін түйеді.
«Сондықтан сұмырай, сұмпайы Қоңқай бізге бөтен емес, жанымызға
біртүрлі жағатын сияқтанатыны несі? Өйткені ол – біздің жанымыздың бір
бөлігі, қоңқайлық адам атаулының, əрқайсымыздың бойымызда өмір сүреді.
Адам бойында шайтандық бары тəрізді. Жазушы жадтан өтпейтін классикалық
бейне жасады. Оралханның Қоңқайы – Бальзактың Гобсен, Гранде əкей,
Салтыков-Щедриннің Иудушка Головлев сияқты жағымсыз кейіпкерлерінен
еш кем емес [3, 299 б.].
Шығармада бір кездері қар қызын адастырып, қаңғыртып жіберген,
Нұржанның адалдығы мен қайсарлығынан қорқып, достарымен өлім сапары-
на жол сілтеген Қоңқай бейнесінде, оның жалғыздығы мен мінезі, сол сəттегі
айналасының шегі көрінбейтін аппақ қар басқан табиғат қатыгездігімен
сəйкестендіре беріледі.
Балам, ол бір қорқынышты оқиға деп əңгімесін бастаған шал Нұржанға
шешесі ауырып, үлкен жердегі ауруханаға апарып, қайтарында Қоңқайдың
мекеніне тап болып, жөн сұраған жас қызға көзі қарайған шал қиянат жасамақ
болғанын, арам пиғылы іске аспай, жас қыздың ақ қар көк мұзда жалаң аяқ,
жалаңаш қашып шыққанын, содан бері өлі-тірісі белгісіз, жоқ болып кеткенін
айта келіп, кейбіреулер қыздың қар қызына айналып кететінін, жазда жер
астына түсіп, қыста тау ішін кезіп, əн салып жүреді деген сыбыс барын, ан-
да-санда кемпірі екеуінің де көзіне елес болып көрінетінін баяндайды. Сол
себепті өз қызын үйден алыс шығармайтынын айтып, төрдегі бейне Қар
қызының бейнесі, оны ойлап тауып жүрген қызы Алмажан екенін айтады.
Суретке көзі түскен Нұржан таң-тамаша болып, түсінен шықпайтын қыз осы
екенін айтады. Өз кезегінде Алмажан да шындықтың бетін ашып, сол түні ада-
сып кеткен Қар қызы өзі екенін, шалдың боранды түнде үсік ұрып, кірпігі ғана
қимылдап жатқанда тауып алып, бір жыл бойы ешкімге сездірмей баққанын,
содан бері үстіне əппақ көйлек киіп, қырға шығып əн салатынын, Қар қызы
туралы аңызды өзі ойлап тауып, атасы екеуі елге жайғанын, күндіз - сауыншы,
түнде - Қар қызы бейнесінде жүретінін айтады. Нұржанды өлім аузынан алып
қалған өзі емес, иесі екенін, Нұржанға деген сағынышын кең далада, тізеден
қар кешіп, тау-тасты кезіп əн салу арқылы басатынын, өзі осында жүрсе де
иесі мен елесін жіберетінін баяндайды.
О.Бөкеевтің «Қар қызы» повесінде аңыздық сюжеттер мен образдар
бүгінгі өмірмен шебер қиюласады. «Қар қызы» повесінің негізі шындықтан
өрбіп, оқиға барысында аңызды үйлестіре араластырып, табиғатпен байла-
ныстырады. Ө.Бөкеев табиғатты ақылды, əділетті, бірақ адаммен қарама-
264
қайшылықта дамыған деп суреттейді. Адамды тəубеге елтіретін бірден-бір
нəрсе табиғат қаталдығы деп түсінеді. Сондықтан табиғат қаталдығы жазушы
шығармасындағы барлық оқиға желісінде кездесіп отырады.
О.Бөкеевтің ерекше зерттегені – адам жаны мен оның ішкі əлемі. Нысана-
сы – адам жəне адам тағдыры болғандықтан, жазушы «Қар қызы» повесінде
кейіпкерлердің ішкі əлеміне, рухани қарым-қатынастарға үлкен мəн беріп,
символикалық белгілер арқылы өз кейіпкерлерінің ішкі сезімдері мен күйлеріне
басты назар аудара отырып, адамзат өміріндегі мəңгілік тақырыптарды
қамтиды.
«ДТ-54-тің рычагін енді Аманжан ұстап отырған. Табанымен тормозды ба-
сты да, тракторды тоқтатты.
– Ал, Бəке, – деді жанындағы қалғып отырған Бақытжанды шынтағымен
түртіп. – Мынау қарғыс атқан жерде қалып қоюға мен де бел байладым. Мүмкін
аз жылға. Бəлкім, əзірше өзім де білмеймін.... Тағдырдың жазуы осы шығар.
Қоңқай шалдан не жеңілем, не жеңем, не соның жолын қуып кетермін. Үлкен
өмірге барғым келмейді. Үлкен өмірге кішкентай адамдар ғана сыя алады...
Хош. Ендігі келгенде бұл жер – Аманжан асуы аталады. Трактордан түсіп, əлі
тышқан ізі түспеген тап-таза тың қарды омбылап, тау басына қарай тырмыса
өрлеп бара жатты», – деп Аманжанның Қоңқай шалдың жап-жас көшірмесі,
өмірінің жалғасы екенін сипаттай келе, шығармада əр жігіт өз таңдауларын
жасағанда Аманжан тегіне тартып, өмірлік жолы, жылы орны, Қоңқайдың жа-
нында деп тауып, Қоңқай асуында қалуды қалайды. Қаламгер жақсылық пен
жамандық арасындағы күрес мəңгілік жалғасады, «Қоңқайлар ұрпағы мəңгі
жасайды, Қоңқайлар адамзаттың өздері үшін керек деген ой тастайды.
О.Бөкеевтің «Қар қызы» повесінде аңыздық сюжеттер мен образдар бүгінгі
өмір тіршілігімен нанымды қиюласып, қатар дамып, шығарма проблемасын
ұтымды бейнелейді. Шығармадағы Қар қызы да, Қоңқай да символикалық бей-
нелер. Жазушы Қар қызын жақсылықтың, ізгіліктің, тазалықтың бейнесіндей
суреттесе, ал Қоңқай шал арқылы қоғамдағы кереғарлықты келеңсіздіктерді
меңзейді. Шығармадағы үш жігіт есімі де тегін берілмеген. Қар қызы болып
мұнартқан тəуелсіздікке деген асыл мұрат үш жігіттің образы арқылы астарлы
түрде жеткізіледі.
О.Бөкеев айтар ойын, жеткізер сөзін астарлы, салыстырмалы түрде
жеткізе білетін, өз ісінің шебері. Қай шығармасы болмасын Алтай өлкесінің
сұлулығымен қатар, тау-тасының əртүрлі сырға бұғып жатқанынан хабардар
етіп, халықтың басына түскен қиындықтар мен жағдаяттарды əсем табиғатпен,
табиғаттың қатал мінезімен байланыстыра беріп отырады.
О.Бөкеев – əдебиет əлемінде əлеуметтік-философиялық шығармалар жазып,
өз дəуірінің өзекті мəселелерін қозғап, өз туындыларымен өзіндік қолтаңбасын
қалдырған көрнекті жазушы.
265
Достарыңызбен бөлісу: |