269
бірақ осы сəттерде көйлегіңді де шешіп беруге дайын тұр едің. Иə, мен сенің
ұлыңмын, мен ғана емес, карточка жүйесін өзгерткен қырық жетінші жылы
менімен бірге нан кезегінде тұрған барлық бауырларым сенің ұлың. Иə, сен
менің əкемсің, сен қырық бірінші жылы дүниеге келген барлық ұлдың əкесісің,
олардың қара көздері мен көкшіл жанарларынан мен əлі күнге ескі жараның
сыздағанын сезгендей боламын. [4, 92 б.].Мұнда автор тек жазушы ғана емес,
ұлт тарихы мен ұшқан ұядағы тəрбиеден тамыр алған, халқының бүкіл бет-
бейнесін бала кезінен көңіліне тоқып өскен өрелі өнерпаз болғандықтан өзі
оқырманға ұсынып отырған кезең шындығын елден естігені бойынша емес,
өзі көріп, сезінген, куə болған кейіпкер ретінде біліп, баяндайды.
«Жанымның жарық жұлдызы» жазушының романындағы мына сөздерінде
көп мəн жатыр: “
Өнер, ғылым қаражатпен табылады. Өнер, ғылым қаражат
табады. Қаражат жан асырайды, халықтың өнерлі болып жетілуіне де
байлық керек, - дейді ол. - Жалаңаш кедейге өнер үйрен деу - өгізбен жарысып
бəйге ал деген сияқты. Надан болсақ та, бай болайық десек, ғылымсыз
байлық баянсыз болмақ, бұлай болған соң, ғылым мен байлық екеуі де керек
ғылым білімге қанады. Ғылымсыз білім сыңаржақ ғылым білімді ұлғайтады,
ғылымсыз білім тым құрғақ, білімді орнына жұмсау керек. Білімді орнына
жұмсайтын не? Ол - тəрбие” [5, 99 б.].Сонымен, білімнің адамзат игілігіне
жұмсалуы, жұмсалмауы тəрбиеге байланысты екен. Тəрбиесіз білімді адам
сол білімін адамзаттың игілігіне де, сорына да оңды-солды жұмсай беруі
мүмкін. Тəрбиелі адам, яғни иманды адам, толық адам ондайға бармақ емес,
ол
білімін өз орнына, игілікке, адамзаттың гүлденуіне жұмсайды... Міне,
осындай-осындай ізгі ойларға жетелейді. да прототиптік образдары сомдалған
халық ағартушылары өзінің мəңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы
мағынасында ұстаздық ете бастағанына біршама уақыт өтті. Содан бері оның
артына қалдырып кеткен мұралары елі мен жұртының рухани өміріндегі қай
бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық, адастырмас
құбыланама болып қызмет етіп келеді.
Эстетикалық қажеттілік, автордың пікірінше, қоғамның нақты жағдайы
мен форманың сұлулығына деген əлеуметтілік қажеттіліктен туындайды.
Дегенмен, бұл идеяның қолданысының тарихи шеңбері тар. Мəселен, ежелгі
кездерде эстетикалық құндылықтардың қалыптасу
заңдылықтары нақты
бір таптың жағдайына байланысты болған емес. Сонымен қатар оны қазіргі
заман шынайылығына да қолдануға келмейді, себебі, қазіргі таңдағы таптарға
бөліну мен олардың қарсыластығы нақты көрініс тапқан жоқ. Керісінше,
аталмыш романда ірі тарихи тұлғалар мен көрнекті өнер адамдарының орны
айшықталды.
«Сыновья великого волка» романына қайта оралсақ, мұнда диалог үлгі-
лерінің ең негізгілерін іріктеп алып, өзімізше байыптап,
хабарламалық,
психологиялық, характертанытқыштық, сюжетдамытушылық
функцияларды
атқаратын проблемалық диалог, тұрмыстық диалог,
полемикалық диалог,
270
мүдделері ортақ екі адамның ұғынысып, түсінісуіне негізделген диалог –
түсінісу, қос кейіпкер көзқарасының үндесуінен туатын диалог – гармония
жəне мүдделері қайшы келетін екі қарсылас кейіпкер арасындағы тартыстан
туындайтын диалог – дау, диалог – тартыс, диалог – жекпе-жек деп диалог
үлгілерін өз тұрғымыздан шарт¬ты түрде осындай түрлерге жіктеп отырмыз.
Əрине, бір ескеретін жай – бұл диалогтардың ара-жігі нақты ажыратылмаған
шартты түрде жіктелуі.
Тарихи тұлғалар арасындағы диалог қазақ қоғамында ерекше еңбегімен
жарқыраған халық ағартушылары мен қоғам қайраткерлеріі өнегелі өмірі мен
өз ұлтына жасаған қамқорлығы, жаңа кеңестік
кезеңді құрудағы азаматтық
адалдығы, т.б жөніндегі ой-толғаныстан тұрады. Олардың сыртқы тұлғасын
ғана суреттеп қоймай, ішкі дүнеисіне де үңіліп, кейіпкер психологиясы-
на тереңдей енеді. Роман кейіпкерлері – күнделікті өмірде жиі кездесетін
қарапайым еңбек адамдары. Жазушы олардың қызмет бабы, жұмыс дəрежесінің
өсуін емес, рухани өсуін, адамгершілік жайындағы түсінік-талғамын молырақ
көрсетеді.
Роман өзара сұхбатқа еске алу əдісіне құрылып,екі кезеңнің оқиғасы алма-
кезек ауысып, бір-бірімен іштей рухани байланыста дамытып отырады. Алай-
да, шығармадағы өмірлік əсерлер, баяндалып
отырған тарихи оқиғалар мен
оларға деген бүгінгі көзқарас əдепкіде кəсіби кітаби білім, тек автордың өз
өресі тұрғысынан талданғандай сынай танытқанымен ондағы ұлттық рухқа
құрылған интеллектуалды сұхбат оқушысын жалықтырмай терең ойларға
жетелейді.
Достарыңызбен бөлісу: