«togb 4350 тағам өндірісіндегі гигиеналық бақылау»



Pdf көрінісі
бет10/52
Дата25.05.2023
өлшемі1,1 Mb.
#97634
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   52
Байланысты:
tehnol pmm umkd 2022-23 kaz platonus

Дәріс № 3-5 
Тақырыбы:Дезинфекция
Дәрістің мақсаты: студентерді дезифекцияның тәсілдерімен және әдістерімен таныстыру. 
Қаралатын сұрақтар: 
1. Ет-сүт өңдеу орындарындағы санитариялық шаралар 
2. Ет-сүт өңдеу орындарындағы дезинфекцияның ерекшеліктері. 
3. Дезинфекцияның әдістері мен тәсілдері 


4. Жуғыш-дезинфекциялық және дезинфекциялық заттар 
Дезинфекция – бұл сыртқы ортадағы инфекциялық аурулар қодырғыштарын 
(бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар, риккетсилер, қарапайымдылар) жою.
Профилактикалық 
және 
лажсыз 
дезинфекция 
болып 
екіге 
бөлінеді. 
Профилактикалық дезинфекция жоспар бойынша жүргізіледі. Кейбір талабы жоғары 
нысандарда (лажсыз сою қасапқанасында, қалдықтарды утилдеитін жерлерде және т.б.) 
профилактикалық дезинфекция күнделікті жүргізіліп тұрады. Лажсыз дезинфекцияны 
ауру шығу қауіпі бар немесе патогенді микорорганизмдермен ластанған өнімдерде 
жүргізеді.
Дезинфекцияны қолдануына қарай әртүрлі әдістері болады.
Механикалық әдісте зарарсыздандырылатын нысанда механикалық тазалау 
жүргізеді. Жоғарғы қабаттағы кірлермен, жем – шөп қалдығымен, нәжіспен көптеген 
қоздырғыштар жойылады.
Физикалық әдісте қоздырғштарды жоғарғы немесе төменгі температура әсерімен 
және кептіру, күн сәулесі, ультракүлгін сәулесі арқылы жояды. 
Дезинфекцияның химиялық әдісі – бұл қоздырғыштарды әртүрлі химиялық заттар 
(қышқыл, сілті, т.б.) және олардан жасалған препараттар (парасод, фоспар, гипохлор, 
«Демп», және т.б.) арқылы жою. 
Химиялық заттар аз мөлшердегі концентрацияда белсенді, суда жақсы еритін, 
микроб денесіне жылдам еніп және онымен байланысқа түсетін қасиеттер ие болуы 
қажет. 
Ет өндейтін кәсіпорындарда және басқа да өндіріс орындарында ыстық судағы (70-
80

С) ерітінділер қолданылады (сөндірілменген әк, хлор препараттары және т.б.)
«Дезинфекция» сөзі фр. des – жоямын және лат.Infectio – инфекция деген сөздерден 
құралған. Сонымен дезинфекция – бұл әртүрлі нысандарда микроорганизмдерді жою. Кең 
ауқымды түсінік бойынша дезинфекция тек қана патогенді микроорганизмдерді жою ғана 
емес, сонымен қатар оларды тасымалдаушыларды да – жәндіктерді (дезинсекция) және 
кеміргіштерді (дератизация) жою. 
Дезинфекцияда негізінен екі әдіс кең қолданылады: физикалық және химиялық. 
Физикалық әдісте негізінен жоғарғы температура (күйдіру, қайнату, бумен өндеу 
және т.б.) және ультракүлгін сәулесі қолданылады.
Дезинфекцияда жоғарғы температураны қолдану мынаған негізделген; көптеген 
спорасыз микроорганизмдер 80...100
о 
С –қа дейін қыздырғанда бірнеше минут ішінде 
өледі, ал 100
о
С –тан жоғары температурада одан да жылдам өледі.
Ал термофильді және споралы бактерияларды жою үшін өте жоғары температура 
қолданылады, ондай температура автоклавта болады. 
Физикалық әдісті қолданғанда азық химиялық дезинфекциялық заттармен 
ластанбайды. Бірақ бұл әдіс дезинфекцияланатын затқа зақым келтіреді. 
Кондитерлік және тоңазытқыш цехтарда, қоғамдық асханаларда сынапты – 
кварцты ультракүлгін сәулелі шамдар қолдану ұсынылады. 
Осындай шамдардың ультракүлгін сәулелері 200 ... 450 нм толқын ұзындықпен 
ауадағы және әртүрлі беттердегі патогенді микроорганизмдерге өлтіре әсер етеді.
Бактерицидтік сәулелендіру екі топқа бөлінеді – ашық және жабық. Ашық 
сәлелендіру кезінде адам болмауы қажет. Жабық сәулелендіргіштерде сәуле тікелей 
сыртқа шықпай, реттегіш арқылы ауаны өткізіп зарарсыздандырады. Мұндай 
сәулелендіргіштерді адам бар кезінде қолдануға болады. 
Бөлме ішіндегі ауаның және ылғалдылықтың мөлшері бактериоциттік шамдардың 
тиімділігіне әсер етеді. Температура 25
о 
С жоғары болса шам күйіп кетеді, ал төменгі 
температураларда жанбайды.
Дезинфекцияның химиялық әдісі бакреиоциттік әсері бар немесе патогенді 
микроорганизмдерді өлтіре әсері ететін химиялық заттарды қолдануға негізделген.


Дезинфекциялық заттарға жататындар, олар химиялық және биологиялық
препараттар, микробтарды тасмалдаушылармен күресуге арналған қондырғылар мен 
құрал – саймандар. Дезинфекциялық заттар токсинді және қоршаған ортаға зиянды болуы 
мүмкін, сол себепті олар санитарлық – эпидемиологиялық сараптаудан өтеді.
Дезинфекциялық заттың (ДЗ) тиімділігіне оның құрамындағы активті затқа, 
нысанның дезинфекцияға дайындалу дәрежесіне, ерітіндінің әсер ету уақытана және 
температурасына байланысты.
ДЗ қолдану ережелерін сақтау керек, олар келесідей: жылы, құрғақ және жақсы 
желдетілетін қоймада сақтау; нысанды тыңғылықты дайындау; препараттарды белгілі 
концентрацияда және температурасы 10
о
С төмен емес және 45
о
С жоғары болмауы керек. 
Қызметкерлер ДЗ- пен жұмыс істеу барысында арнайы киімдермен жүргізу қажет.
Жуғыш заттар әртүрлі беттердегі ластарды физико- химиялық процесс арқылы 
жою қажет. Жуғыш заттар ұнтақ ретінде, паста немесе гель тәрізді және сұйық болып 
шығарылады. Жуғыш заттардың токсиндігі болмау керек, суда жақсы еритін, өткір иіссіз, 
оңай шайылатын және коррозиялық әсері болмауы тиісті.
Жуғыш заттарды өндірістерте пайдалану үшін сертификатталған және қоғамдық 
тамақтандыруда пайдалану рұқсаты болу қажет.
Көпіршік түзуіне байланысты барлық жуғыш заттар қолмен және автоматты жууда 
пайдаланылады. Ыдыс – аяқты қолмен жууда қолданылатын сілтілік жуғыш заттар: 
кальцирленген сода, тринатрий – фосфат, натрий селикаты және т. б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет