шығыс түркілері де өздерінің інілеріне талай рет бағынышты болды. Алғашында қаған
тағына мұрагерлік бойынша қағанаттың сол қанатынан ашина фратриясының өкілдері
отыратын, бірақ бұл тәртіп тұғлұқтар мен оншадыпыттар топтарының арасындағы өзара
тартыс күресінде мезгіл-мезгіл бұзылып отырды. Кей кездерде қағанатта бірнеше қаған
болып, олардың өкілеттік дәрежесі әр түрлі болды. Қаған мемлекеттің ішкі және сыртқы
саяси істерінің бәріне басшылық етті, ру басшыларын тағайындады. Ол әулеттік
фратриялардан шыққан шонжарларға сүйенді.
Достарыңызбен бөлісу: