Тарих 125 сұрақ Эф-22-5к1


 Кенесары Қасымұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы (1837-1847)



Pdf көрінісі
бет61/103
Дата02.06.2023
өлшемі1,52 Mb.
#97946
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   103
Байланысты:
Тарих 125 с ра Эф-22-5к1

74. Кенесары Қасымұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы (1837-1847): 
қозғаушы күштері, барысы, негізгі кезеңдері және жеңіліс себептері. 
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847 жылдар аралығы) — 
қазақтардың
патша үкіметіне
 қарсы барынша бұқаралық және ұзаққа созылған 
көтерілістерінің
бірі болды.
XIX ғасырдың 20 — 30-жылдарында отаршыл 
өкімет
билігі мен 
қазақ
 халқының арасындағы 
қарым-қатынас
елеулі түрде шиеленісе түсті. Біріншіден
Кіші жүз
бен 
Орта жүздегі
хан 
билігінің жойылуы 
сұлтандардың
, билердің және 
батырлардың
 едәуір бөлігінің 
наразылығын туғызды. Екіншіден, патша 
үкіметі
қазақ халқының ежелден келе жатқан 
дәстүрлі
жерлерін әскери 
бекіністер
 салу үшін жаппай тартып ала бастады. Үшіншіден
бұрын 
Ресейге
ешқандай алым-салық төлеп көрмеген 
қазақтарға
 ендігі жерде жасақ, түтін 
салығы, жол 
салығы
 сияқты алым-салық түрлері көбейе түсті, қазақ өз жерін өзі жалға 
алып, пайдаланатын 
күй
 кеше бастады. Төртіншіден, патша үкіметінің әскери отрядтары 
қазақ 
ауылдарына
 
шабуыл
 жасап, күн көрсетпеді. Осының бәрі байырғы жергілікті 
халықты
 
(номадтарды) қатты күйзеліске ұшыратты, олардың 
күн
 көрісін қиындатып жіберді.
Көтерілістің
басты 
мақсаты
қазақтардың патша үкіметі тартып алған ежелгі 
жерлерін
өздеріне қайтарып алу, округтерді тарату, отаршылар енгізген алым-салықтарды жою еді.
Көтерілістің қозғаушы күші қатардағы қарапайым көшпелілер, сондай-ақ старшындар мен 
би

батырлар
, тіпті 
сұлтандар
да болды. Көтерісшілердің қалың қолына үш 
жүздің
 атақты 
батырлары жетекшілік етті.
Көтеріліске қатысушылар негізінен қазақ халқы еді. Бірақ олардың арасында 
орыстар
мен 
башқұрт

өзбек

қарақалпақ

түрікмен
, тіпті 
поляктар
 және басқа халық өкілдері де болды. 
Олардың кейбіреулері ханның ерекше 
сенімі
 мен 
құрметіне
ие болып, жоғары лауазымды 
қызметтер атқарды. Мәселен, Кенесарының өзінің хатшысы бұрынғы орыс солдаты болды. 
Наурызбай
 сұлтанның атқосшысы да 
Николай Губин
 есімді орыс еді. Татар 
Әлім Ягудин
 
Әскери кеңестің мүшесі болатын. Дипломатиялық 
қызметке
 ханның атынан өзбеқ 
Сейдаққожа Оспанов
басшылық етті". Бұлардың бәрі де Кенесарыға жақсы 
ұйымдастырылған тәртіпті әскер құруына көмектесті және көтерілісшілерге өздерінің жеке 
тәжірибелерін
 үйретті.
Бұл ұлт-азаттық қозғалыстың маңызы зор, ол 
Орталық Азия
 мен Қазақстан халықтарының 
тарихында өшпес із қалдырды, кейінгілердің азаттық, тәуелсіздік жолындағы күресіне үлгі-
өнеге әрі тарихи сабақ болды. Кенесарының күресі, оның өзінің халықтың мақсат-
мүддесіне шын берілгендігі, қолбасшылық өнері, ақылды саясаткер ретіндегі сирек 
кездесетін қасиеті XIX ғасырдың өзінде-ақ халық тарапынан қадірлеушілік туғызды. 
Патша 
өкіметі
тұсында бұл қозғалыстың мүлде сөз болмауы, ал бола қойса, оны бұрмалап теріс 
түсіндіру себептері белгілі. 
Кеңес өкіметі
 түсында да бұл қозғалыс кертартпа, хандық-
феодалдық мемлекетті көксеушілік деп теріс түсіндірілді. Оны тарихи шындық тұрғысынан 
дұрыс бағалаған ғалымдар қуғын-сүргінге ұшырады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 
ғана Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс өзінің шын бағасына ие болды. Осы 


қозғалыстың басы-қасында болған Кенесары хан мен оның басқа да қаруластарының 
есімдері тарихтан лайықты орнын алуда


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет