Тарих 125 сұрақ Эф-22-5к1


-1869 жылдардағы Торғай, Орал облыстарындағы және 1870 ж. Маңғыстау



Pdf көрінісі
бет62/103
Дата02.06.2023
өлшемі1,52 Mb.
#97946
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   103
Байланысты:
Тарих 125 с ра Эф-22-5к1

75. 1868-1869 жылдардағы Торғай, Орал облыстарындағы және 1870 ж. Маңғыстау 
қазақтары көтерілістерінің себептері, сипаты мен барысы.
1867

1868
 жылдары Қазақстан үш 
генерал-губернаторлыққа
бағынды. Орынбор генерал-
губернаторлығына — Орал, 
Торғай облыстары

Батыс Сібір генерал-губернаторлығына
— 
Семей

Ақмола
облыстары; Туркістан генерал-губернаторлығына — 
Жетісу

Сырдария
облыстары мен 
Орал
 және 
Сібір
 казак-орыс әскери округтерінің кейбір аудандары кірді. 
Әрбір облыстың басында әскери губернатор мен оған бағынышты облыстық 
басқарма
 
болды.
Жалпы, әскери 
билік
пен азаматтық билік бір 
адамның
қолына жинақталды. Сот жүйесінде 
әскери-сот комиссиялары мен уездік соттар құрылды. Олар жалпы 
империялық
 заңдар 
негізінде 
жұмыс
істеді. Облыс 
→ уезд → болыс → ауыл → түтін (шаңырақ) әкімшілік бөлінісі 
ру бөлінісімен санаспай, аумактық принцип бойынша құрылды. Сол арқылы 
ру
 ақсақалдары 
мен билерінің 
ықпалын
кеміту көзделді.
Қазақстандағы 
әкімшілік
-
сот
 реформалары Ресейдің экономикалық даму талаптарына 
сәйкес, 
Қазақстандағы
 өздерінің өктемдігін баянды ету үшін ел басқарудың 
жүйесін
 
түбірінен қайта құруға кірісті. 
1868
 жылғы «Уақытша Ереже» бойынша түтін салығы жылына 
әрбір шаңыраққа салынатын бұрынғы 1 сом 50 тиын орнына 3 сом 
мөлшерінде
 көбейді. 
Салықтың бүкіл ауыртпалығы еңбекші қазақтардың мойнына түсті. Оның үстіне 
старшындар мен болыс басқарушылар өздерінің билігін пайдаланып, кейде салықты 
бірнеше рет жинайтын болды. Болыс бастықтарына түрлі 
қоғамдық
 қажеттіліктер мен 
«игілікті мақсаттар» үшін салық белгілеуге 
құқық
 берілді, 
халық
бұл салықты «қарашығын» 
деп атады, өйткені мұны жинағанда болыстар мен 
ауыл
 старшындары халықты әбден 
тонайтын. Халық земстволық салық төлеуге міндетті болды. Яғни, ауылдық-болыстық 
әкімшілікті асырау, көпір, 
жол

пошта
 бекеттерін ұстау мен жөндеуге қажетті 
қаражат

көліктермен қамтамасыз етуге тиіс болды.
Кіші жүз
қазақтары 
1868

1869
жылғы «Уақытша Ережені» енгізуден көп бұрын 
табиғат
байлықтарынан: жерден, 
орманнан

өзен
-
көлдерінен
 айырылған болатын. Тұз кендері, аң 
аулайтын жер 
Орал

Орынбор
 казак әскерлері және генерал-губернаторлық меншігінде 
болды.
Қатал қанау көшпелілер мен жартылай көшпелілерді жоқшылыққа ұшыратты. Қазақ 
кедейлері 
жұмыс
 іздеп казак шептеріне шұбырды. 40—50-жылдары Орал, Орынбор 
шептерінде, орыс-казак билеушілері топтарында, 
саудагерлерде

балық
 және 
тұз
кәсіпшіліктерінде жалданып жұмыс істейтін қазақ жұмысшыларының саны 40 мыңнан асты. 
Бірақ 
1868
 жылғы «Уақытша Ережені» енгізу қарсаңында шептің ішкі жағындағы жерде 
еңбек
 етуге ерік беретін 
билет
 ақылы (10—12 сом) етіліп, оларға егіншілікпен айналысуға, 
тұрақты мекендеп қалуға шектеу қойды.
Қазақтардың бүкіл азаттық үшін күресінің негізгі көкейкесті мәселесі — 
жер

1868
 жылғы 
«Уақытша Ереже» бойынша қазақтардың ата-қонысы мемлекет меншігі деп жарияланды. 
Жер қауымдық пайдалануға берілді.
Кіші жүз қазақтары мен 
Жайық
 казактары арасындағы жер жөніндегі қатынастар 
бұрынғыдан да шиеленісе түсті. Малдың тебінде болғаны үшін әскер атаманының 
пайдасына 
қой
 басы — 15 тиын, 
ірі қара
мал — 18 тиын, 
жылқы
— 23 тиын, 
түйеге
 — 38 
тиыннан ақы алынды. Бұдан басқа станицалық қоғамдар «өздерінің жеріне» көшіп Келген 
әрбір үй үшін қазақтардан 4 сомнан 
ақша
алып отырды.
Жерге зәруліктің, жайылым жетіспеуінің салдарынан XIX ғасырдың 60-жылдарында рулар 
арасында, жартылай отырықшы және көшпелі 
қазақтар
арасында 
күрес
 күшейді. 
Жер
дауы 
көшпелі 
қоғам
 бірлігіне нұқсан келтірді. Оны 
дағдарысқа
ұшыратты.
Қазақстанның оңтүстігінің 
Ресейге
түпкілікті қосылуы 
1867

1868
жылдардағы «Уақытша 
Ереженің» жасалуына тікелей 
байланысты
. Бұл заң Ресейдің империялық пиғылының арта 
түскендігінің 
көрінісі
. «Уақытша Ереженің» түпкі астары—қазақтардың әлеуметтік-мәдени 
және этностың тұтастығынан айыру еді. Көшпелі қоғамның тірегі — рулық 
құрылымды
бұзып, 
әкімшілік
 басқаруды оларға түсініксіз, 
сан
 алуан сатылы билік 
иерархиясымен
 
ауыстырды. 
Орал облысы
 қазақтарының жері Орал казак әскерлері жерімен біріктіріліп, 
оны басқару казак атаманының қолына берілуі де қазақтардың наразылығын туғызды. 
Қазақтар дүниетанымы мен көшпелі 
өмір
салтына
қайшы келетін сырттан 
күшпен
 таңылған 
жаңа 
реформаны
қабылдамады.


Торғай облысы
 
Ырғыз

Елек
уезі осылайша көтерілістің бір ошағына айналса, екінші ошағы 
Орал облысының
Орал, 
Калмыков
 уезінде қалыптасты. Калмыков уезінде Тайпақ деген 
жердегі Азнабай елді мекенінде алаша, 
байбақты
 рулары көп топтасты. 
1869
жылғы 
наурыздан бастап стихиялы түрде шыққан наразылықтар белгілі 
формаға
ие болып, 
ұйымдасқан сипат алды. Тіпті комиссия 
мүшелерімен
келіссөз жүргізілді. Олар тұрақты 
жасақ құрып, алдыңғы шепке күзет қойды, ұсақ топқа бөлініп, үздіксіз шабуыл жасады. Өз 
іштерінен 
хан
, әмір сайлап, дербес билік 
жүйесін
құрды.
Халық
 арасында беделді азаматтар мен ақсақалдар бас қосып, «Уақытша Ережеге» 
байланысты кеңес өткізді. 
Торғай облысы
Елек
 уезіндегі Қобда бойында Белқопа деген 
жерде 
Мұңайтпас Бөтенбеков
 деген бидің ауылына 500-дей ру ақсақалдары жиналады.
Наурыздың
 соңы мен 
сәуірдің
басында белгілі ақын Шәңгерей Бөкеев Орал облысына 
келіп, «Уақытша Ереженің» күмәнді тұстарына тоқталып, жер сатуға рұқсат берудің 
зиянды
 
жақтарын түсіндіреді.
Елек, Қобда бойындағы 
көтеріліс
ошағында 6 мың отбасы қарсылық көрсетті. 
Көтерілісшілерге бұрын сұлтан-басқарушының көмекшісі болған 
Ханғали Арыстанұлы
басшылық етті. Олар Ырғыз уезінде Орал-Ор пошта бекеттерін тонады.
Шекті руы қазақтары «комиссияны қабылдамаймыз, одан 
Хиуаға
 кеткеніміз артық» деп 
мәлімдейді. Бір бөлігі 
Сырдария
облысына қарай 
қоныс
 аударуға бел буады. Патша 
үкіметі
 
дистанциядағыларды жазалауға әскери жасақ шығаруға шешім қабылдайды. 
Ембі
постына 
шыққан Новокрещенов жасағына 18 наурызда Бестамақ деген жерде 700 адам 
шабуыл
 
жасайды. Жеңілген қазақтар жаппай 
Жем
 бағытына 
қоныс
аударды.
Орал
 мен 
Торғай облысында
 комиссиялар өз міндеттерін орындай алмады. «Уақытша 
Ереже», негізінен, қыстаулары мен жайлаулары шеп аудандарының ішінде қалған, казак 
әскерлерінің іргесіне орналасқан, көші-қон жөнінен оларға түгелдей тәуелді қазақтарға 
ғана енгізілді. Бірақ бұл 
Кіші жүздегі
 үй санының ⅓ бөлігінен де аз еді.
1869
 жылғы наурызда толқу бүкіл 
Орал облысын
, Торғай облысының батысы мен оңтүстігін 
түгел қамтыды. Шалқар көлінің маңайына 
Ханкөл

Азнабай
, Тайпақ, 
Өлеңті

Құрайлы

Шідерті, т.б. өңірлерін мекендеген рулардың 
көтерілісін
 Сейіл Түркебаев пен Беркін 
Оспанов басқарды. Көтерілісшілер 
найза

қылыш
 соғып, қару-жарақ, оқ-дәрілер іздестірді. 
Ең маңызды жерлерге 
салт
 атты шолғыншылар қойылды.
Қазақ арасындағы 
күрестің
қайсысын болсын, әдетте, барымтаға әкеліп 
саятын
 патша 
әкімшілігінің
өзі де бұл жолғы күрестің саяси мәні бар екенін мойындауға мәжбүр болды. 
Орынбор
 генерал-губернаторы Н. Крыжановский үкіметке ресми түрде хабар берді. 27 
наурызда 
соғыс
министрі Милютин оған патшаның көтерілісшілерге қарсы шараларды 
құптағанын, Бас штаб тарапынан барлық шаралар қолданылатындығын жазады. 
Көтерілісті
қарулы 
күшпен
басып-жаншу үшін 
өкімет
 орындары үш айдай дайындалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет