84.Екінші Жалпықазақ съезі және қаралған мәселелер Екінші жалпықазақ съезі —
1917 жылы
5
-
13 желтоқсан
аралығында
Орынбор
қаласында
XX ғасыр
басындағы қазақ қайраткерлері
Алаш Орда
үкіметін жариялаған съез.
Бұл съез
Ресейде
Қазан төңкерісі
болып, большевиктер билікке келгеннен кейінгі тарихи
алмағайып кезеңде ұйымдастырылды. Съез шақыру жөніндегі комиссия мүшелері
Ә.Бөкейхан
,
А.Байтұрсынұлы
,
М.Дулатұлы
,
Е.Омарұлы
,
С.Досжанов
оны ұйымдастыруда
айрықша белсенділік танытты
[1]
. Төрағасы —
Б.Құлманов
.
Құрылтайға қазақ сахарасының әр аймақтарынан, Самарқан облысы мен Алтай
губерниясындағы қазақтардың атынан — 58 делегат, әр түрлі қазақ ұйымдарының атынан
— 8 делегат және арнайы шақырумен — 15 адам қатысып, барлық жиын-терісі 81 делегат
келген. Құрылтайдыдың күн тәртібіне 10 мәселе қойылды:
1.
Сібір автономиясы
;
2.
Түркістан автономиясы
және Оңтүстік-шығыс Одағы туралы;
3.
Қазақ-қырғыз автономиясы;
4.
Милиция туралы;
5.
Ұлт кеңесі;
6.
Ұлт қазынасы;
7.
Мүфтилік мәселесі;
8.
Халық соты;
9.
Ауылды басқару және
10.
азық-түлік мәселесі.
85.Түркістан (Қоқан) автономиясы үкіметінің құрылуы. Түркістан Автономиясы немесе Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының
өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада
Ресей мемлекеті
құрамында құрылған
автономиялы мемлекет
. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің
Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы
Қазан төңкерісі
жеңген соң, 22 қараша күні
Ташкентте
өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан
өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты
Түркістан
Халық Комиссарлары Кеңесінің
құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына
өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман
халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан
оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында
Мұстафа Шоқай
,
Махмұд Бехбудий
, т.б.
бар "
Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі
" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан
өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні
Түркістан өлкесін