отырып, революциялық комитеттер (ревкомдар, 1918 – 20 ж.), сот органдары болып
табылатын әскери трибуналдар (1917 – 22 ж.) құрды. Осындай шаралар арқылы Кеңес
үкіметі Азамат соғысында жеңіске жетті. Елде жеке-дара
партиялық диктатура
орнату
бағдары айқындала бастады. 3-Бүкілресейлік кеңестер съезінің (23 – 31 қаңтар, 1918)
Ресейді
Федеративті Республика
(РКСФР) деп жариялауына байланысты, 1918 ж. 30
сәуірде
Ташкентте
РКСФР құрамындағы Түркістан автономиялық кеңестік социалистік
республикасы (Түркістан АКСР-і, Түркреспублика), 1920 ж. 12 қазанда РКСФР
құрамындағы
Киргиз
(Қазақ) автономиялық кеңестік социалистік республикасы (Қазақ
АКСР-і,
Кирреспублика
) құрылды (1919 жылдан съезге дейін Қазақ өлкесін басқару
жөніндегі революциялық комитет –
Қазревком
жұмыс істеді). Кеңес үкіметінің Орта Азияда
ұлттық-мемлекеттік межелеу жүргізуіне байланысты, 1924 ж. 27 қазанда
Түркістан АКСР-і
таратылып, қазақ облыстары Қазақ АКСР-іне қосылды. Ол 1936 ж.
Қазақ КСР
-іне айналды.
Алайда орталық Кеңес үкіметі (қ.
Кеңес Одағы
) одақтас республикаларға дербес билік
жүргізу мүмкіндігін берген жоқ. Ресейдегі мемлекттік биліктің сайланбалы органы 1918 – 36
ж.
Жұмысшы, шаруа және қызыләскерлер депутаттарының Кеңестері
болды. Қазіргі
Қазақстан аумағы алғашқыда жекелеген Ресей губернияларының, 1920 – 36 ж. Қазақ
АКСР-і ретінде
Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасының
құрамына
қосылатын. Кеңес үкіметінің 1917 – 36 ж. жергілікті және орталық билік органдары –
құрамы көп сатылы және ашық дауыс беретін сайлау жолымен қалыптасатын кеңестер
съездері болды.
Достарыңызбен бөлісу: