Тарих 125 сұрақ Эф-22-5к1


 Қазақстан азаматтық қарсыласу жылдарында



Pdf көрінісі
бет72/103
Дата02.06.2023
өлшемі1,52 Mb.
#97946
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   103
Байланысты:
Тарих 125 с ра Эф-22-5к1

86. Қазақстан азаматтық қарсыласу жылдарында 
Қазақстан азамат соғысы жылдарында — жұмысшы-шаруа Кеңестерінің орталықтағы және 
жергілікті жерлердегі билікті басып алуы алғашқы күннен-ақ құлатылған таптардың қарулы 
қарсылығын туғызды. Азамат соғысы билік үшін күрестің жалғасы болып шықты, 
сондықтан 1917 жылғы Қазан қарулы көтерілісі мен Азамат соғысының арасында айқын 
шек болмады. Ел 1917 жылғы 25 казаннан бастап Азамат соғысы жағдайында өмір сүрді 
немесе бұл дата елді таптық белгісі бойынша бір-біріне жау екі лагерьге бөліп тастады, 
арадағы күрес бітіспес қанды қырғынға ұласты.
Қазақстанда Азамат соғысы ошақтарының бірі Орынбор губерниясы мен Торғай 
облысының әкімшілік орталығы Орынборда — казак атаманы Дутовтың 1917 жылы 
қарашаның аяғында Кеңес өкіметін құлатып, Кеңестердің II Бүкілресейлік съезінің делегаты 
С. Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқындауымен пайда болды. Жоғарыда 
айтылғандай, 1917 жылы 5—13 желтоқсанда Орынборда «Алаш» партиясының II Бүкілқазақ 
съезі болып өтті. Съезде Уақытша халықтық кеңес — «Алашорда» (Алаш автономиясы 
үкіметі) құрылды. Азамат соғысы басталысымен Алашорда бастаған және Кеңестер мен 
большевиктерді қолдаған екі жақ бір-біріне қарсы тұрды.Әскери коммунизм» саясаты 
РКФСР-дағы нысанда, дәл сондай ауқымда жүргізілмегенмен, оның жекелеген элементтері 
Қазақстанда да іске асырылды. Қазақстанның революция орталығынан алыс жатқандығы, 
өлкенің едәуір аумағында жүріп жатқан әскери қимылдардан шаруашылықтың құлдырауы, 
жекелеген уездер мен облыстардағы шаруашылық-экономикалық дамудың өзіне тән 
ерекшелігі және басқа факторлар өлкеде азық-түлік салғыртын енгізуге мүмкіндік бермеді. 
Бұл саясатты толықтай жүзеге асыру негізгі астықты өңірлерді «ақтардан» азат еткеннен 
кейін, яғни 1920 жылдың басында ғана мүмкін болды.[2].
Бұл екі арада Азамат соғысы елде кеңінен қанат жая түсті. Қазақстанмен шектесетін 
аумақтарда бірқатар аймақтық кеңеске қарсы үкіметтер пайда болды.
Антанта елдері қолдаған чехословак корпусының көмегімен Самарада әсер-
ақгвардияшылар үкіметі - Құрылтай жиналысы комитеті (Комуч), Омбыда адмирал Колчак 
баскарған Уақытша Сібір үкіметі құрылды. 1918 жылы 18 қаңтарда Орынбордан куылған 
атаман Дутов Кенестерге қарсы қайта шабуылға шықты, 1918 жылы 3 шілдеде Орынборды 
басып алып, Кеңестік Түркістанды Орталық Ресейден бөліп тастады.
Қазақстанның көптетен өңірлерінде Азамат соғысының етек жайып, Кеңес өкіметін құлату 
жағдайларында Алашорда (Алаш автономиясының үкіметі) Кеңестерге қарсы бірігіп күресу 
үшін Орынборда атаман Дутовпен одақ құрды. Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен және 
Самарадағы Құрылтай жиналысы комитетімен (Комуч) тығыз байланыс орнатты, 
Кеңестерге қарсы бірлесе күрес жүргізу мақсатымен Орал, Сібір және Жетісу 
қазақтарымен байланысын нығайта түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет