82. Бірінші жалпықазақ съезі және Алаш партиясын құру туралы шешім. Алаш партиясы 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өткен Бірінші бүкілодақтық
съездің шешіміне байланысты құрылған еді.
Бұл съезге Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Ферғана, облыстарынан және Бөкей
ордасынан делегаттар қатысқан.
Съезде қаралған 14 мәселенің ішіндегі ерекше маңыздысы қазақ қоғамының сол кездегі
алдында тұрған мақсаттарына сәйкес қазақтың дербес саяси партиясын құру болатын.
Жаңадан құрылған партия қазақ атауының синонимі «Алаш» деген атқа ие болды. «Партия
ұраны десек, бабамыздың «Алаш» ұранынан артық ұранды іздесек те таба алмаймыз.
Сүйтіп қазақ саяси партиясының атын «Алаш» қою ойлап әуре болмастан ауызға түсіп
отыр» - делінген «Қазақ» газетіндегі сүйінші мақалада.
Оның құрамына қазақтың ғылыми және шығармашылық зиялыларының белгілі өкілдері -
М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ғ.Қарашев, С.Торайғыров, Х.Ғаббасов,
Ә.Ермеков, Ж.Досмұхамедов, М.Дулатов тағы басқалар кіреді.
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси өміріне тікелей қатынасы
бар аса маңызды 14 мәселе енгізілді.Олар: 1.Мемлекеттік басқару формасы.
2. Автономия құру мәселесі.
3. Жер мәселесі.
4. Халық милициясын құру.
5. Сот ісі.
6. Дін мәселесі.
7. «Алаш»саяси партиясын құрып, оның бағдарламасын жасау.
8. Құрылтай жиналысын шақыру.
9. Қытайдағы 83 мың қазақ босқындары туралы.
10.Жетісудың ашыққан халқына көмек.
11.Халық ағару ісі.
12. Земство.
13. Әйел мәселесі.
14. Киев шаһарында болатын бүкіл Россия федералистерінің сеьздіне һәм Петроградта
болатын оқу комиссиясына қазақтан өкіл жіберу.
Алаш партиясының бағдарламасы - қазақ мемлекеті мен ұлтының болашағын айқындаған
1917 жылы «Қазақ» газетінде жарияланған бағдарлама.
Жоба жасаушылар: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдес
Ғұмаров, Есенғали
Тұрмағанбетов, Ғабдулхамит
Бағдарлама бөлімдері
І. Мемлекет қалпы
ІІ. Жергілікті бостандық ІІІ. Негізгі құқық
IV. Дін ісі
V. Сот және билігі
VI. Ел қорғау
VII. Салық
VIII. Жұмысшылар
IX. Ғылым - білім үйрету Х. Жер мәселесі
Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов.