Тарих 125 сұрақ Эф-22-5к1


-1922 жж. Қазақстандағы ашаршылық



Pdf көрінісі
бет76/103
Дата02.06.2023
өлшемі1,52 Mb.
#97946
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   103
Байланысты:
Тарих 125 с ра Эф-22-5к1

90.1921-1922 жж. Қазақстандағы ашаршылық. 
1921-1922 жылдардағы ашаршылық 
Азамат соғысы
 аяқталғаннан кейін Кеңестер елін 
тағы бір ауыр сынақ күтіп тұрды. 1921-
1922 жылдардағы
ұзаққа созылған қарсыз қыс 
жауынсыз жазға ұласты. Қыста қардың, көктем мен жазда жауынның болмауы қатты 
құрғақшылықты, оның салдары ашаршылық нәубетін әкелді. 
1921 жылдың
жазында ол 
елдің көптеген өңірлерін, әсіресе 
Еділ
 бойы аудандарын жайлады. 1921 жылдың күзіне 
қарай бүкіл ел бойынша 20 млн астам адам аштыққа ұшырады.
Етек алған ашаршылыққа байланысты РК(б)П Орталық Комитеті 1921жылғы 17 шілдеде 
партияның барлық мүшелеріне арнайы үндеу жолдады. «
Ашаршылық
, — делінді үндеуде, — 
тек құрғақшылықтың нәтижесі емес, оның себебі аграрлық сектордың артта қалуында, 
ауыл шаруашылық білімі денгейінің төмендігінде, ауыспалы егіс нысандарының ескілігінде, 
бұл және соғыс пен әскери қоршаудың, сондай-ақ помещиктер мен капиталистердің және 
олардың итаршыларының бізге қарсы күресінің бәсеңсімей отырғанынын да салдары».
[1]

Партия құжаттарында көрсетілген себептермен бірге, жаппай ашаршылық Кеңес өкіметі 
қатаң жүргізген, халық шаруашылығына, әсіресе ауыл шаруашылығы саласына қатты 
соққы болып тиген «әскери коммунизм» саясатының нәтижесіндегі төтенше экономикалық 
жағдайларға да байланысты туындады.
Қазақстанның
көпшілік аудандары етек жайған ашаршылық құрсауында қалды. 
Орал

Орынбор

Қостанай
, Бөкей, 
Ақтөбе
 губернияларында себілген астық қатты 
құрғақшылықтан шықпай қалды, шыққандары жазғы ыстықта қурап калды. Мал өсірумен 
айналысатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардағы жайылымдар мен 
шабындықтар толықтай күйіп кетті. Оның үстіне 1920-1921 жылдардағы ұзаққа созылған 


қатал қыс 
Торғай
 уезінде малдың жаппай қырылуына әкеп соқты. Шұбалаң, Майқара, 
Сарықопа және басқа болыстар да зардап шекті. Ашаршылық құрбандарының, аштан 
өлгендердің саны күн сайын көбейе берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет