Тарих 125 сұрақ Эф-22-5к1


 Бай шаруашылықтарының тәркіленуі және оның саяси-экономикалық салдарлары



Pdf көрінісі
бет79/103
Дата02.06.2023
өлшемі1,52 Mb.
#97946
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   103
Байланысты:
Тарих 125 с ра Эф-22-5к1

94. Бай шаруашылықтарының тәркіленуі және оның саяси-экономикалық салдарлары. 
Байлар мен кулактарды тап ретінде жою — 
Кеңес
 өкіметінің 
ауыл
 шаруашылығын 
жаппай ұжымдастыру барысында меншік иелерін, ауқатты шаруалар қожалықтарын күшпен 
жою шаралары. 1929 жылы 20 ақпанда 
КСРО
ОАК мен 
Халық Комиссарлар Кеңесі
“Еңбек 
туралы заңдар кодексін кулактар шаруашылықтарында қолдану тәртібі туралы”, 21 
мамырда “Еңбек туралы заңдар қолданылуға тиісті кулактар шаруашылықтарының 
белгілері туралы” қаулылар қабылдады. Қазақстанда ірі байлар шаруашылықтарын 
тәркілеу 1928 жылдан жүзеге асырыла бастады. Аталмыш құжаттар негізінде 1929 жылы 10 
қазанда 
Қазақ
 АКСР-і Халық Комиссарлар Кеңесі қабылдаған қаулысы бойынша бай-
кулактар қатарына жылдық табысы 300 сомнан асатындар, саудамен айналысатындар, 
диірмені барлар, т.б. жатқызылды. И.В. 
Сталин
 1929 жылы сәуірдегі БК(б)П ОК мен 
Орталық бақылау комиссиясының пленумында “кедей — жұмысшы табының тірегі, орташа 
шаруа — одақтасы, кулак — тап жауы” деген тұжырымды ұсынды. Сол жылы 29 
желтоқсанда өткен марксшіл аграршылар конференциясында Сталин кулактарды тап жауы 
ретінде жоюды күн тәртібіне қойды. 1930 жылы 15 қаңтарда БК(б)П ОК В.М. Молотов 
басқарған арнайы комиссия құрды. Жергілікті жерлердің партия комитеті жанында 
“үштіктер” ұйымдастырылды. Қазақстандағы республика “үштіктің” құрамына Ж. 
Құрамысов (төрағасы), А. 
Альшанский
мен А. 
Асылбеков
 (мүшелері) енді. Ол 
1930 жылы
23 
қаңтардағы мәжілісінде Қазақстандағы 20 мыңға жуық байлар мен кулактар 
шаруашылықтарын тәркілеп, жаппай ұжымдастыру жүріп жатқан аудандардан көшіріп, 
өнеркәсіп құрылыстарынан, темір жолдардан шалғай жатқан аудандарға тарата 
қоныстандыру туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, ол жерлерге сырттан жер аударылып 
әкелінетін 30 мыңдай кулактардың отбасыларын орналастыру көзделді. 1930 жылы 30 
қаңтарда БК(б)П ОК бюросының “Жаппай ұжымдастыру аудандарындағы кулактар 
шаруашылықтарын жоюға байланысты шаралар туралы” қаулысы қабылданып, онда бай-
кулактарды жою жолдары нақтыланды. Жергілікті жерлердегі өкімет орындарына 


“кулактарға қарсы күресте барлық қажетті шараларды қолдануға” рұқсат етілді. 1930 
жылы 10 ақпанда 
Қазақ
 өлкелік партия комитетінің арнайы комиссиясы республикада бай-
кулактары жойылуы тиіс 20 ауданды белгіледі. Науқанды жергілікті жерлерде жүзеге асыру 
ОГПУ органдарына жүктелді. Бай-кулактарға жазалар белгілеу 
Мәскеуде
 шешілді. КСРО 
Заң
халық комиссариатының төрағасы Н. Янсеннің 1930 жылы 3 ақпандадағы нұсқауы 
бойынша “кулактардың контрреволюцияшыл белсенді тобы” тез арада қамауға алынып, 
олар “қастандық актілерін ұйымдастырушылар” ретінде ату жазасына кесілетін болады. 
Жазалауға ұшыраған байлар мен кулактар Конституцияда белгіленген азаматтық 
құқықтарын пайдалану мүмкіндіктерінен айырылды. Кулактардың өз беттерінше басқа 
жаққа көшулеріне, мал-түліктерін сатуларына тиым салынды. Байлар мен кулактарды 
жоюды 4 айдың ішінде аяқтау міндеттелді. Кулактар мен байларды тәркілеу барысында 
көптеген заңсыздықтар орын алды. Кейбір жерлерде кулактар қатарына орташа шаруалар 
ғана емес, кедейлер де жатқызылды. Тіпті әскерилерді, агрономдарды, дәрігерлерді, 
мұғалімдерді кулак ретінде қабылдап, қуғын-сүргінге ұшырату оқиғалары да кездесті. 
Науқанды жүзеге асыру барысында Кеңес өкіметіне қарсы насихат жүргізді деген бір 
адамға қатысты іс бойынша бірнеше адамды топтап соттату әдетке айналды. 
Контрреволюциялық топтар мен ұйымдар құрғаны жөнінде ешқандай мәліметтер болмаса 
да, олар 
РКСФР
Қылмыс кодексінің
58-бабының 11-тармағымен айыпталып, ату жазасына 
кесілді. Қазақстанда 22 мың адам қамауға алынды. 1930 жылы 1 шілдеге дейін олардың 12 
мыңы (кедейлер мен орташалар) түрмеден босатылды. 4 мыңдайы жер аударылды. 
Қазақстанда барлығы 54625 шаруашылық бай-кулакқа жатқызылып, тәркіленді. 1930 жылы 
қараша-желтоқсан айларында бай-кулактар, ауқатты шаруалар шаруашылықтарын қайта 
айқындау жұмысы қарқын алды. 1931 жылы 3—7 ақпан аралығында өткен Қазақ өлкелік 
партия комитеті мен Өлкелік бақылау комиссиясының біріккен пленумы байлар мен 
кулактарға қарсы күресті онан әрі күшейте түсуді ұсынды. Нәтижесінде 1931 жылы 
Қазақстаннан тыс жерлерге 5500 
шаруа
бай-кулак
 ретінде жер аударылды. Кеңес өкіметі 
жер аударуды 1932 жылы ғана тоқтатты. Байлар мен кулактарды тап ретінде жою 
Қазақстан
 ауыл шаруашылығына орасан зор апат әкелді. Шаруалардың 
ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, іскер бөлігі күшпен жойылды, мұның өзі, әсіресе, 
дәстүрлі мал ш-н күйзеліске ұшыратты. қ. 
Ашаршылық
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет