Тарих 125 сұрақ Эф-22-5к1


 Қазақстандықтардың майдан іс-қимылдарына, партизандық қозғалысқа қатысуы



Pdf көрінісі
бет84/103
Дата02.06.2023
өлшемі1,52 Mb.
#97946
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   103
Байланысты:
Тарих 125 с ра Эф-22-5к1

99. Қазақстандықтардың майдан іс-қимылдарына, партизандық қозғалысқа қатысуы. 
Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстаннан 1 миллион 200 мың адам майданға шақырылды. 
Майдан даласынан 394 мың боздақ қайтпай қалды. Соғыс жылдары Қазақстан жерінде 14 
атқыштар дивизиясы, 4 ұлттық атты әскер дивизиясы, 6 атқыштар бригадасы мен 50-ге 
жуық әртүрлі полк және батальондар құрылып, майданға аттанады.
Жаумен жан аямай шайқасқан қазақстандық бес әскери құрамға «гвардиялық» деген 
құрметті атақ беріліп, олардың туларына бірнеше орден тағылды. Олардың қатарында 
жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналған атақты 8-гвардиялық Панфилов дивизиясы да 
болды.
Соғыс кезінде 3,5 мыңдай қазақстандық партизан отрядтарының құрамында болып, жеңісті 
жақындатуға үлестерін қосты. Жанқиярлық ерлігі мен батырлығы үшін 96638 қазақстандық 
жауынгер бірнеше дүркін орден және медальдармен марапатталды. 497 жерлесіміз Кеңес 
Одағының Батыры атанды. Олардың 97-сі қазақ болатын. 142 жауынгер «Даңқ» орденінің 
толық иегері атанды.
Соғыстың 4 жылы ішінде Қазақстан мемлекетке 482,8 мың тонна астық, 217,6 мың тонна 
картоп, 143,2 мың тонна көгөніс, 1193,2 мың тонна қант қызылшасын, 155,3 мың тонна 
мақта тапсырды. Республика ұлы жеңіске орасан үлес қосты.
Қазақстан майдан үшін қорғасынның 85 пайызын, мыстың 30 пайызын және көмір мен 
мұнай өндірді. Сол ауыр жылдарда еліміз майданға 6 миллион тонна бидай, 797 мың тонна 
ет, 150 мың жылқы мінуге берді. Қазақстан еңбекшілері майданға 25 миллион дана жылы 
киім, 4 миллиард сом ақша жинап, әскери техникалар мен қару-жарақтар сатып әперді.
Отанын жаудан қорғау үшін көп ұлттан тұратын Кеңес халқының ішінде қазақ халқы ерекше 
ерлікпен көзге түсті. Халық жадында құрамында 30 ұлттың өкілі бар (бұлардың 3 мыңдайы 
қазақстандық) Брест қорғаушыларының өшпес ерлігі мәңгі сақталады. Қазақстан жерінде 
жасақталған И.В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизия Мәскеуді қорғауда тарихта 
болып көрмеген теңдессіз ерліктің үлгісін көрсетті. Панфиловшылардың ішінде шын 


мәнінде болаттай беріктік пен ержүректік көрсеткен, өз заманында-ақ аты аңызға айналған 
Бауыржан Момышұлы да бар еді.
Қазақстандық жауынгерлер рейхстагқа шабуыл жасауға қатысты, оның шаңырағына жеңіс 
туын алғашқы болып қазақ халқының даңқты ұлы Рақымжан Қошқарбаев тікті.
Ұлы Отан соғысының шежіресіне Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың, Мәлік 
Ғабдуллиннің, Бауыржан Момышұлы мен Талғат Бигелдиновтың және көптеген 
жерлесіміздің аттары алтын әріптермен жазылды.
Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағанбетов Берлин үшін ұрыстарға қазақ 
жауынгерлерін бастап кірді. Севастополь үшін шайқаста Кеңес Одағының батыры Дабаш 
Бабажанов айрықша көзге түсті. Оның ерлігі батыр қаланы қорғау үшін болған қырғын-
қиямет соғыс бейнеленген панорамаға түсірілген. Николай Гастеллоның ерлігін қайталаған 
Нүркен Әбдіров, Александр Матросовтың ерлігін қайталаған Сұлтан Баймағамбетовтың, 
жау танкісіне қас қақпай қарсы шауып, гранатамен қоса жарылған Қарсыбай Сыпатаевтың 
есімдері мәңгі өшпейді. Бәріне Кеңес Одағының батыры атағы берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет