Тарих 125 сұрақ Эф-22-5к1


ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы ашаршылық



Pdf көрінісі
бет82/103
Дата02.06.2023
өлшемі1,52 Mb.
#97946
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   103
Байланысты:
Тарих 125 с ра Эф-22-5к1

97.ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы ашаршылық. 
Көшпелі 
Қазақ
 қауымы күшті жұт жылдары ғана болмаса, өзінің өткен ұзақ тарихында А-қа 
сирек ұшыраған. Тек “ақтабан шұбырынды...” сияқты жаугершілік жылдары, саны -ге дейін 
кеміген. Жаңа заманда 
Қазақстан
тарихында екі алапат ашаршылық 
халық
жадында қатты 
сақталған. Олардың алғашқысы — 1921/22 жылы болған ашаршылық Оның басты-басты 
екі себебі бар: алғашқысы — 
Ресейдегі
 Азамат соғысының кесірінен 
Қазақ
даласындағы 
шаруашылықтардың күйзеліске ұрынуы (қ. Азық-түлік отрядтары, Азық-түлік салғырты), 
екіншісі — табиғи апат, қолайсыз ауа райы салдарынан орын алған жұт. Респ-да 1920 және 
1923 жылы жүргізілген ауыл шаруашылығы санақтарының және 
Қазақстандағы
 жерге 
орналастыру мөлшерін белгілеген экспедицияны басқарған профессор С.П.Швецовтың 
мәліметтері бойынша 1921 жылғы ашаршылықта 
Қазақстан
 халқы 30%-ке дейін азайған. 
Кейбір елді мекендерде нәубет халықтың 100%-ін қамтып, олар түгелдей дерлік босып, 
жолда, біразы атамекенінде қырылып қалды. Санақ материалдары 1921 — 1922 
шаруашылық жылында Батыс 
Қазақстандағы
 шаруалар шаруашылықтарының 1920 
жылмен салыстырғанда 23,8 процентке қысқарғанын, Ақтөбе, Торғай аймақтарында 
шаруашылықтардың үштен бірінің жойылып кеткенін көрсетеді. 1921 жылғы ашаршылық 
Батыс 
Қазақстан
 халқының 31,4 процентін алып кетті. Санақ материалдарының толық 
болмауы осы ашаршылық жылдарында қанша адамның қырылғанын нақты айтуға әлі де 
мүмкіндік бермей отыр. Екінші ашаршылық 1930 — 33 жылы болды. Оның себебі — 
Қазақстанда
 жүргізілген сталиндік-голощекиндік реформа, содан туындаған шаруалардың 
жекеменшігін тәркілеу мен жою, бас көтертпес ет, астық т.б. ауыл шаруашылығы өнімдері 
салықтары
, көшпелі және жартылай көшпелі 
Қазақ
шаруаларын жаппай және күшпен 
отырықшыландыру науқандары болып табылады. 1926, 1937 және 1939 жылдардағы 
санақтар материалдарындағы олқылықтар осы А-тағы адам, басқа шығындар санын дәл 
анықтауға кедергі келтіріп, ғалымдар арасында әр түрлі пікірлердің өрістеуіне себеп болды. 
Дегенмен, осы А-та 
Қазақстандағы
ауыл халқы санының кемуі туралы 
Қазақ
 АКСР 
халық
 
шаруашылығы есептеу басқармасының әр түрлі жанама есеп-статистикалық құжаттар 
(
салық
 есебі, мал есебі және т.б.), сондай-ақ 1937 жылғы Бүкілодақтық 
халық
 санағының 
алғашқы мәліметтеріне сүйенген ресми дерегі бар. Осы деректер бойынша 
Қазақстанның
ауыл халқы 1930 жылдың 1 маусымынан 1933 жылдың 1 маусымына дейін 3 млн. 379,5 мың 
адамға кеміп кеткен. Егер бұл кемуден 1 млн-нан астам босқындарды шығарып тастасақ, 
1930 — 33 жылдардағы аштық құрбандарының 2 млн. 200 мың адамнан асып түсетінін 
аңғарамыз. 1992 жылы осы мәселені арнайы зерттеген 
Қазақстан
Республика Жоғарғы 
Кеңесі Төралқасының комиссиясы өзінің қорытындысында былай деп жазды: “Қазақ елі 
аштықтан және соған байланысты індеттерден, сондай-ақ табиғи өлім деңгейінің үнемі 
жоғары болуынан 2 млн. 200 мың адамнан, яғни барлық 
Қазақ
халқының 48 процентінен 
айрылды”. Ашаршылықтан 
Қазақстанда
 қазақтардың үштен бірі ғана қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет