Азық-түлік тапшылығын шешу, астық өндіруді арттыру мақсатында тың және тыңайған
жерлерді идеясы пайда болды. 1954 жылғы қантар-наурыз – КОКП ОК-нің Пленумы
«Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы»
қаулы қабылдады. 1954-1955 жылдары 1 млрд. 200 млн. пұт астық алу белгіленді.
Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар: Көкшетау, Акмола, Солтүстік Қазақстан,
Қостанай, Төрғай, Павлодар облыстары. 1954-1959 жылдары тың және тыңайған жерлерді
игеруге 20 млрд. сом жұмсалды. 1954-1962 жылдары республикаға 2 млн.-ға жуық тың
көтерушілер келді, оның ішінде механизаторлар мен партия, кеңес, ауыл шаруашылығы
мамындарының саны 600 мыңнан асты.
1954 жылы Кеңес Одағында 13,4 млн. гектар жаңа жер, оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн.
гектар жер игерілді. 1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28-30 млн. гектарға жеткізу
көзделді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше қарқыкмен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 ж. 9,4
млн. гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн. гектар болатын.
Тың игерудің пайдасы. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді;
1) Тың игеру жылдары Қазақстанда 25 млн.га жер игерілді. (Одақ бойынша 41 млн.га).
2) Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты.
3) Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды.
4) Экономиканың басқа салаларының дамуына әсер етті.
5) Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени объектілер салынды. Он
мыңдаған шақырым жолдар төселді.
6) Жүздеген совхоздар құрылды, (1954 ж. 120-дан астам) елді мекендер көбейді. 7)
Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету біршама жақсарды.
Ең алдымен Қазақстанға келген тың көтерушілер арасында арамтамақтар мен
қылмыскерлер де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің
150 мыңы ғана механизаторлар болды. Нәтижесінде, көптеген тәртіп бұзұшылдықтар,
қылмыстар болып тұрды.
1) Тың игеруге байланысты жайылымдар мен жем-шөп дайындайтын алқаптардың көлемі
тарылды.
2) Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Мал шаруашылығының азаюына байланысты
ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды.
3) 1956 жылы Отанға тапсырылған млрд. пұт Қазақстан астығы уақытында жиналмай қар
астында қалды, біразы іріп-шіріп кетті.
4) Сырттан келушілер көп болып, қазақтар ата қонысында азшылыққа айналды: 1954-1962
жылдыры 2 млн. адам келді. Қазақтар республика тұрғындарының үштен бірінен де аз
болды. Мысалы, 1897 жылы - 85%-н болса, 1962 жылы - 29%-ғана болды.
5) Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп
жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің
құнарлылығы азайды.
6) Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа тапталды. Тың игерушілер арасында қазақ
халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс пікірлер тарады.
7) Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды. Қазақ тілінің
қолдану аясы тарылды. Осының барлығы қазақ халқының бір бөлігінің өз ана тілін
ұмытуына әкеп соғып, халықтың ерекшеліктері, ұлттық намысы біртіндеп жоғала берді.
Достарыңызбен бөлісу: