Тарих 125 сұрақ Эф-22-5к1


 Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің көрсеткен ерлігі



Pdf көрінісі
бет85/103
Дата02.06.2023
өлшемі1,52 Mb.
#97946
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   103
Байланысты:
Тарих 125 с ра Эф-22-5к1

100. Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің көрсеткен ерлігі. 
Қазақ халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңіске қосқан үлесі зор. Соғыстың 
ауыртпалығын көтеріп, бостандықты қорғаған қазақстандық батырлардың есімі әрқашан 
ел есінде сақталады. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап “Барлығы майдан үшін, 
барлығы жеңіс үшін!” деген ұранмен соғысқа аттанған ерлердің орнын әйелдер, қариялар 
мен балалар алмастырды. Тыл еңбеккерлерінің де жауды жеңудегі рөлі жоғары. Олар 
соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын қажырлылықпен көтеріп, патриотизм үлгісін 
танытты.
Майдандардағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор. 1939 жылғы санақпен 
салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600000 
адамға азайған. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға шақырылуымен 
олардың орнын қариялар, әйелдер мен балалар басты. 1944 жылы қолхоздағы еңбекке 
жарамды ерлердің сандық үлесі – 20%, әйелдер – 58%, жасөспірімдер – 22% болды. Яғни, 
майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар мен қарт адамдар 
қамтамасыз етті.
1941 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының “Құрман” колхозының егіншісі Шығанақ 
Берсиев 1 гектардан 155,8 ц. тары алып, әлемдік рекорд жасаса, ал 1945 жылы – 1 га-дан 
202 ц. тары алып, өзінің алғашқы көрсеткішін бірнеше рет өсірді. Шиелі ауданы, “Авангард” 
колхозының даңқын шығарған күріш егуші Ким Ман Сам 1 га-дан 154,9 ц. күріш өндірді. 
Күріш өсіруші Ыбырай Жақаев 1943 жылы 1 га-дан 172 ц. күріш өнімін алып әлемдік рекорд 
жасады. Астық өнімі үшін алған 106000 сомды Ы.Жақаев қорғаныс майданына жіберді. 
Республикада Ш. Берсиев, Ким Ман Сам, Ы.Жақаевтың жолын қуушылар аз болмады. 
“Ойыл” ауданы, “Кемерші” совхозының Зауре Баймулдина звеносы, Шелек ауданы 
“Төңкеріс” колхозынан Малжегерова звенолары 1 га-дан 95-100 ц. тары мен күріш алды. 
Соғыс жылдарындағы әйелдер ерлігі ерекше. Мыңдаған арулар тіпті тракторға, машина 
рулдеріне отырды. Мысалы, Ақтөбе облысы, Мартук ауданының Дзержинский атындағы 
қолхозында Агафья Швалькова соғысқа кеткен күйеуінің комбайынын жүргізіп, 2 күнде 87 
гектардан астық жинады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет