Депортация латынша «deportatio» – «қуғындау», «көшіру» деген мағынаны білдіреді.
Халықтар депортациясын белгілі бір ұлт өкілдерінің белгілі бір іс-әрекеттеріне байланысты
елден қуылуы деп түсіну қажет.
1920-1950 жылдары тұрғындарды күштеп көшіру сталиндік қуғын-сүргіннің негізгі құрамдас
бір бөлігіне айналды. Жалпы КСРО-да депортацияға ұшырағандардың саны 1920 жылдан
1949 жылға дейін 3,2 миллион адамға жетті.
КСРО-да күштеп қоныс аударту төмендегідей белгілер бойынша жүзеге асырылды:
•
этностық белгілері бойынша депортация («жазаланган халықтар», «шегараларды
тазалау»,«сенімсіз халықтар»);
•
әлеуметтік-таптық белгілері бойынша депортация (1934 жылға дейінгі кулақтарды
жер аудару) кезінде келгендер, арнайы көшірілгендер (спецпереселенцы);
•
саяси мүдде негізіндегі 1934-1944 жылдары көшірілгендерді «еңбек
қоныстарындағылар» деп атады. 1944 жылдан бастап «арнайы қоныс аударылғандар»
деген атау қолданылды.
Жоғарыда аталған күштеп жүргізілген депортациялардың ішінде мерзімі жағынан
большевиктік әлеуметтік-таптық геноцид бірінші болып жүзеге асырылды. Кубань
казактары, зиялылар, діни адамдар алғашқы большевиктік тәжірибенің құрбанына
айналды. Одан кейін кулақтар мен байларды тап ретінде жою басталды.
Қазақстандағы байларды тәркілеу барысында шамамен 5500 отбасы сыртқа көшірілсе,
Қазақстанға Орта және Төменгі Еділ бойы, Мәскеу облыстары, Солтүстік Кавказ өңірінен
1932-1933 жылдары мыңдаған адам жер аударылды. Қазақстан «Сібір» сөзінің синониміне
айналды.
Кулак деп аталған миллиондаған шаруаның көзін құртқан этнодемографиялық дағдарыс
КСРО халықтарына зор зиянын тигізді. Олар арнайы комендатураларда есепте тұрды.
ГУЛАГ қызметі жүйесіне күшпен тартылып, көмір өндіру, металл өндірісі, темір жол мен
электростанциялар, НКВД (Ішкі істер Халық Комиссариаты) құрылыс объектілерінде, мақта
өсіру, қызылша, қант өндірістерінде және т.б. салаларда жұмыс күші ретінде
пайдаланылды.
1936 жылы КСРО ХКК құпия қаулыларының негізінде Батыс Украинадан Қазақ АКСР-не 15
мың поляк пен неміс шаруаларын көшіріп, қоныстандыру басталды. Олардың көп бөлігі
Солтүстік Қазақстанға, қалғаны Оңтүстік Қазақстан облыстарына орналастырылды.
Ресейдің ішкі аудандарынан, Украинадан, Белоруссия мен басқа республикалардан арнайы
коныс аударылғандардың жалпы саны 1936 жылға қарай 360 мың адамға жетті.
Достарыңызбен бөлісу: