Патологиялық физиология ауру ағзаның тіршілігі туралы ғылым. Ол



Pdf көрінісі
бет13/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,74 Mb.
#51417
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   66
Байланысты:
Жануарлар патологиясы Кітап-1

Түр (туа біткен) иммунитет жануардың белгілі бір түрінің тұқым қуалайтын 
белгісі болып саналады. Мұндай иммунитеттің мысалына жылқыға оба ауруының, ірі 
қараның алаөкпе (повальное воспаление легких), шошқаның оба мен бациллді тілме 
ауруларының, ірі қараға – маңқа, шошқа мен иттің – оба; ауыл шаруашылық малдарына – 
адамының көпшілік инфекциялық ауруларының, және, керісінше көптеген мал 
ауруларының адамға жұғпайтындығын атауға болады. 
Түр (туа біткен) иммунитет беріктігі немесе тұрақтылығы бойынша абсолютті, 
салыстырмалы және түршіндік болып бөлінеді. 
Абсолютті иммунитет – малға туа салысымен қандай жолмен жұқтырса да, 
организмнің нақтылы бір инфекцияны қабылдамаушылығы. Мысалы, жылқының 
инфекциялық анемиясының ірі қараға, адамның тырысқақ (холера) және дифтерия 
ауруларының малға жұқпайтындығы. 
Тұрақсыз иммунитет - организмнің кейбір инфекцияларды қалыпты күйінде 
қабылдамаушылығы, ал кейбір әсерден организм әлсірегенде малға ауру жұғуы мүмкін. 
Мәселен, әдеттегі жағдайда құстар (тауық, кептер) сібір жарасын қабылдамайды, бірақ 
егерде осы құстарға суық тисе немесе алкогольмен уландырса, онда осыдан кейін сібір 


51 
жарасы жұғуы мүмкін; басқа әдеттегі жағдайда сіреспемен ауырмайды, бірақ оның 
денесін қыздыру арқылы резистенттілігін әлсіреткенде ол бұл ауруға шалдығуы мүмкін. 
Түрішіндік иммунитет – малдың кейбір тұқымдарының кейбір инфекцияны 
қабылдамаушылығы. Мәселен, алжир қойы топалаңға (сибирская язва), бретон қой – күлге 
(оспа), шошқаның йоркшир тұқымы – обаға шалдықпайды, ал осы малдардың басқа 
тұқымдары осы аталған ауруларға шалдығатындығы белгілі. 
Туынды иммунитет табиғи-туынды және жасанды-туынды болып бөлінеді, олардың 
әрқайсысы пайда болуына қарай активті және пассивті деп бөлінеді. 
Табиғи-туынды активті имунитет – мал белгілі бір инфекциямен (сақау, күл т. б.) 
ауырып жазылғаннан кейін қалыптасады. 
Табиғи-туынды пассивті иммунитет –немесе кейде оны плацентарлы иммунитет деп 
атайды – қорғаныш антителаның аналық қанынан плацента арқылы іштегі төл (бала) 
қанына енуі. Қорғаныш антитела аналық организмде дасалады да, іштегі төл оны дайын 
күйінде алады. Жаңа туған бала қызылша (корь), скарлатина, дифтерия т.б. 
инфекциялардың иммунитетін пассивтік жолмен алады. Пассивті иммунитет ана сүті 
арқылы да берілуі мүмкін. 
Жасанды – туынды иммунитет – инфекциялық аурулардан сақтандыру мақсатында 
егу (вакцина немесе сыворотка) арқылы қалыптасады. 
Активті – жасанды иммунитет дені сау малға өлтірілген немесе әлсіретілген 
патогенді микробтарды, әлсіретілген бактериялық уыттарды (анатоксиндерді) немесе 
вирустарды егу арқылы жүзеге асырылады. Активті – жасанды иммунитетті тұңғыш рет 
Дженнер сиыр күлін (оспа) балаға егу арқылы жүзеге асырды. Бұл процедура вакцинация 
(егу), егілетін препарат вакцина (латынша vacca – сиыр деген сөз) деп аталды. 
Пассивті – жасанды иммунитет микробтарға және олардың уыттарына қарсы 
антителасы бар сыворотканы малға құю арқылы жасалады. 
Иммунитетті активті және пассивті деп бөлу шартты түрде ғана, өйткені организм 
пассивті иммунитетті қалыптастыруға антитела жасау процесінде болмағанның өзінде, 
басқа қорғаныштық бейімделуді жұмылдыруда міндетті түрде қатысады. 
Туынды иммунитеттің ұзақтығы түрліше. Оның өзі оны алу жағдайына
микроорганизмнің реактивтілігіне және басқа да факторларға байланысты. Табиғи түрде 
ауырып жазылғанда немесе тірі вируспен иммундағанда иммунитет ұзаққа созылады, 
кейде өмір бойы сақталады. Әлсіретілген микробтармен иммундағанда иммунитет 1-2 
жылдай сақталады; микробтардың өлтірілген культуралары мен олардың өнімдері көп 
жағдайда бірнеше айға (4-6) дейін иммундейді. әр түрлі инфекциялардан сақтандыру және 
емдеу мақсатындағы пассивті иммунитет әдетте өте тез пайда болғанымен, ұзаққа 
бармайды (30 күндей). 
Иммунитет микроб тарапынан да, оның уыттары тарапынан да пайда болуы мүмкін. 
Осыған орай микробқа және уытқа қарсы иммунитеттер деп бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет