гиперергия (грекше, - hyper – үлкен, ergon - әсер етемін), бәсең – гипоергия, қалыптан тыс -
дизергия
.
О р г а н и з м р е а к т и в т і л і г і н д е н е р в ж ү й е с і н і ң р о л і. Көптеген
шетел авторлары (Ресслэ, Урбах) реактивтілік күйін сандық көрсеткіш тұрғысынан
бағаулауға әрекет етті. Алайда реактивтіліктің тек сандық жағын ғана зерттеп, бағалап,
оның сапалық ерекшеліктерін ескермеу дәл болмайды, әрі дұрыс емес.
Ғылымда реактивтілікке идеалистік көзқарас болып келді. Ресслэ және Гепнер
реактивтілікті идеалистік тұрғыда түсінетін өкілдерге жатады. Олар реактивтілік тұқым
қуалауға негізделген және сыртқы орта факторларына байланысты емес деп есептеді.
45
Көптеген авторлар реактивтілік жекелеген ішкі органдардың қызметіне байланысты деп
есептеді. Олар қанның, бауырдың, бүйректің реактивтілігі туралы айтты. Ал, дұрысында,
органдар тек нерв жүйесіне байланысты эффектор (әсер етуші) бола алады.
А. А. Богомолец реактивтілік дәнекер тканьдерге байланысты және организм
реактивтілігі дәнекер тканьдердің реактивтілігінің өзгеруіне байланысты деп есептеді.
Патофизиологтар, академик Л. А. Орбелидің шәкірттері, реактивтілік шеткі нерв
жүйелеріне байланысты деп есептеді.
Зерттеушілердің анықтағанындай, реактивтілік организмнің ауру тудыратын
агенттердің әсеріне қарсы тұруына негізделген. әр түрлі малдар кез келген ауруды әр қилы
қабылдайды. әр түрлі малдарда эпизоотологиялық аурулардың пайда болуы организмнің
реактивтілігіне қарай түрліше өтеді.
Реактивтілікті және оның өзгерісін зерттеудің ауру патогенезін және ауру организмге
бағыттап әсер ету мүмкіндігін түсінуде зор маңызы бар. әдетте организм реактивтілігін
зат алмасуы, иммунитет реакциясы, фунуционалдық ширақтығы, нерв жүйесінің
реактивтілігі, тамыр реакциясы, хронаксия (нерв талшығы қоздыру үшін керекті белгілі
электр күшінің ең аз уақыты) бойынша жорамалдайды. Вирховтың пікірінше, организмнің
реактивтілігі тканьдер мен органдардағы жекелеген клеткалардың реактивтілік
жиынтығы.
И. И. Мечников өз зерттеулерінде реактивтілікті білуге айрықша ден қойды. Ол
реактивтілікті организм дамуының әр түрлі сатысында зерттеп, микробтармен күресу
үшін реактивтіліктің бірте-бірте қалыптасатындығын алғаш рет дәлелдеді. Организм
дамып, нерв жүйелерінің қалыптасуына қарай, қабыну себептерінің реактивтілігі шамалы
білінді.
Жылу қанды жануарларға қарағанда, салқын қанды жануарларда, қосмекенділер мен
балықтарда қабыну онша қарқынды болмаған. Н. Н. Сиротининнің дәлелдеуінше, суық
қанды жануарларда белок реакциясы өте әлсіз, не мүлде байқалмады, ал жылу қандыларда
бұл реакция білінді.
Жас малдарда реактивтіліктің өзінше бұзылуы ас қорытудың және зат алмасудың
бұзылуына, мидың үлкен жарты шарының жөнді жетілмегендігіне байланысты. Бұл
деректерден организм реактивтілігінде орталық нерв жүйесінің жоғарғы бөлігінің зор мәні
бар екендігін аңғарамыз. Қыста ұйқыға жататын жануарлардың ұйықтап жатқан кезде
ұзақ уақыт бойы орталықнерв жүйесі тежелетіндіктен, зиянды агенттердің әсеріне
реакциясы төмендейтіндігі анықталған. Децеребриленген жануарлар инфекцияға төзімсіз
келеді.
Клиникалық байқауларда ми қыртысының қозуы немесе тежелуі нәтижесінде ауру
барысы едәуір өзгеретіндігі анықталды. Ми қыртысында тежелу процесі басым болғанда,
тітіркендіргіштер әсеріне деген реактивтілік бәсеңдейді.
Шартты рефлекс туралы ілім ми функциясын және организм реактивтілігінде жоғарғы
нерв жүйесінің мәнін зерттеуде толық мүмкіндік берді. Шартты рефлекстерді және
жоғарғы нерв қызметі типін зерттеу нәтижесінде ми қыртысы қызметінің күрделі
заңдылығында патогенетиканың мәні анықталды; индукция құбылысы, тежелу мен
қозудың шоғырлануы және таралуы, сондай-ақ қорғаныштық тежелу процестері.
Реактивтілік механизмінде нерв қызметінің зор мәні бар екендігін И. П. Павлов
дәлелдеді. Ол былай деп жазды: «…үлкен жарты шар орталық нерв жүйесінің өте
реактивті және жоғарғы бөлігі болып саналады».
Малдың реактивтілігі ми қыртысындағы негізгі нерв процестерінің (қозу және
тежелу) күшіне, ширақтығына және біркелкілігіне байланысты. Невротикалық күй терінің
және басқа да, органдардың ауру тудыратын тітіркендіргіштерге реактивтілігін күрт
өзгертетіндігі белгілі; мұндайда теміреткі (экзема), гастроэнтерит, пневмония және басқа
да аурулар тез пайда болады.
46
Жоғарғы нерв қызметі зорланудан әлсірегенде организмнің химиялық уларға,
бактериялық уыттарға, антигендерге және микробтардың жұғу әсеріне реактивтілігі
төмендейді.
Қазіргі кезде лимбикалық жүйе мінез-құлықтың және реактивтіліктің аса маңызды
аппараты ретінде қарастырылады. Алдыңғы мидың лимбикалық жүйесіне гиппокамп
(аммон мүйізі және тісті қатпар), ми пердесі аймағы, белдеу қатпары және бадам тәрізді
ядроның латеральды (қаптал) бөлігі жатады. Бұрын бұл түзілістерді «мидың иіс бөлігі»
дегенге біріктірген болатын: ортаңғы мидың лимбикалық аймағы, гипоталамустың
латеральды аймағы, маммилярлы дене, төрт төмпешек денесінің (мида) алдынғы ядросы,
қызыл ядро, ядро қақпағы, қара субстанция және басқа да түзілістер. Лимбикалық жүйенің
барлық аймақтары дәнекер өткізгіш жолдардың көптеген мөлшерімен өзара байланысты.
Соның ішінде маңыздысы күмбез талшығы.
Ми қыртысын алып тастағанда малдың реактивтілігі күрт өзгереді. Мұндай
«таламикалық малда», «жалған ашу», «жалған қозу» реакциялары пайда болады.
Сондықтанда лимбикалық жүйені эмоциялық реакцияны тежейтін жүйе ретінде
қарастырады. Егеуқұйрықтың гиппокамп немесе күмбез аймағы зақымдағанда, оның
шартты рефлекторлы «үрей» және «қорғаныш» реакциялары күрт кеміген.
Малдың реактивтілігі мен мінез-құлқын анықтауда гипоталамустың (аралық ми
бөлігі) әр түрлі бөліктерінің үлкен маңызы бар. Оның екі жақты зақымдануы ұйқыға,
жыныстық құштарлыққа, аштыққа, шөліркеуге және малдың басқа да реактивтілік
белгілеріне күшті әсер етеді. Гипоталамустың және маммилярлық денешік артқы бөлігінің
зақымдануы малдың мінез-құлық реакциясын тежеген.
Нерв түзілісінің лабильділігін (тұрақсыздығын) зерттеудің реактивтілікті ұғынуда
айрықша мәні бар, өйткені бұл зерттеуде тітіркендіргіштің белгілі бір күші нерв жүйесінің
реактивтілік қасиетіне қарай организм жағынан түрліше реакция туғызуы мүмкін
екендігін көрсетті.
Введенскийдің пікірі бойынша реактивтілікті зерттегенде парабиоздың да мәні бар.
Оның теңгермелі, парадоксальды және тежелу кезеңдерін ашуы реактивтілікті түсінуге
ықпал етті. Парабиотикалық құбылысты, қозудың кемуін және нерв орталығының
лабильділігінің төмендеуі кейбір патологиялық процестердің, мысалы патологиялық
талықсудың дамуы барысында байқалады. Нерв жүйесі лабильділігінің өзгеруі басқа да
ауруларда, мәселен, сіреспеде, құтыруда, химиялық улармен улағанда анықталды.
Организм реактивтілігінің күйі тәуелді болатын орталық нерв жүйесі қызметі
өзгерістерінің ішінде доминанттық ошақ пен қалдық реакция ролін атап көрсеткен жөн. А.
А. Ухтомский рефлекторлық реакция бағытында тұрақты қозу ошағының басымдылық
мәнін атап көрсетті.
Организм реактивтілігі нерв жүйесінің басқа бөліктері зақымданғанда да өзгереді.
Түрік ершігіне (бас сүйекте) шыны шарикті қою арқылы сұр төмпешікті зақымдағанда
өкпеде және қарын-ішек жолдарында дистрофиялық өзгеріс байқалған. Кептер жұлынын
кескенде, оның сібір жарасына төзімділігі кеміген, антитела бөлінуін тоқтатқан, зат
алмасуы кеміген, дене температурасы төмендеген және дәнекер тканьдердің қорғаныш
қызметі кеміген (фагоцитоз, бөгет функциясы т.б.). кротон майын шонданай, үшкіл,
кезеген нервтердің сабағына енгізгенде қарын мен ішекте, көздің мүйіз қабығында жара
пайда болады, өкпесіне қан құйылады және басқа да ауытқулар байқалады (А. Д.
Сперанский).
Организм реактивтілігіне вегатативтік нерв жүйесі ықпал етеді. Парасимпатикалық
бөлікті қоздырғанда антитела титрі көбейеді және бауыр мен лимфа түйінтерінің
антитоксикалық, әрі бөгеттік функциясы күшейеді. Қанның комплементарлық активтілігі
артып, лейкоцитоз дамып, лейкопенияға ауысады.
Вегативтік нерв жүйесінің симпатикалық бөлігінің қозуы, фагоцитозды күшейтетін
норадреналин мен адреналиннің бөлінуіне, зат алмасудың күшеюіне және организмнің
реактивтілігі артуына ықпал етеді.
47
Тканьдердің
вегатативтік
иннервациясының,
яғни
мүшелер
мен
тканьдер
нервтенгенде немесе нерв қатысы үзілгенде (денервация), олардың алкалоидтарға,
гормондарға, иондарға, бөгде белоктарға, және бактериалдық антигендерге реактивтілігі
едәуір артады.
Достарыңызбен бөлісу: |