49
Түр реактивтілігінің ең елеулі көрсеткіштерінің бірі – жануарлардың қысқы ұйқысы.
Мұндай күй организмнің тірішілік әрекетінің күрт күйзелісіне, зат алмасу процесінің және
оттегін тұтынуының төмендеуіне байланысты. Мәселен, зорманның тік ішегінің
температурасы 5º-қа дейін дейін төмендейді. Жануардың қысқы ұйқыға жатуының негізгі
механизмі – орталық нерв жүйесінің қорғаныш тежеушінің процесі.
Нерв жүйесі қызметінің күйзелуі қалқанша және басқа да эндокриндік бездер
функциясының төмендеуіне әсер етеді. Қысқы ұйқы мал
организмінің инфекцияларға
және улануға (стрихнинмен, дифтериямен және сіреспе уытымен т. б.) қарсы
тұрушылығын күрт өзгертеді. Мәселен, зорман, суыр – обаға, туберкулезге, сібір
жарасына және басқа да инфекцияларға ұйқы кезінде шалдыққанда ауырмайды, әрі бұл
инфекциялардан өлмейді.
Реактивтіліктің түр ерекшіліктері жануарлардың инфекциялық ауруларға деген
иммунитет түрлерімен айқындалады.
Дербес реактивтілік тұқым қуалаушылыққа, жасқа, жынысқа, азықтандыруға және
сыртқы ортаның басқа да факторларына байланысты. Эпизоотияны зерттеудің
көрсеткеніндей, белгілі бір аурумен
малдың біреуі қатты ауруы, екіншісі – жеңіл, ал
үшіншісі организмде қоздырғыш бола тұрса да (жасырын инфекция, вирус таратқыш),
мүлде ауырмауы мүмкін.
Малдың дербес реактивтілігінің физиологиялық және патологиялық түрлері болады.
Патологиялық (кеселді өзгеріс) дербес реактивтілік организмге ауру тудыратын
(адекватсыз) орта факторы әсер еткенде пайда болады. Оның өзі ауру организмнің
бейімделу реакциясының төмендеуімен сипатталады.
Патологиялық дербес реактивтілік ерекше және ерекше емес сезіну формасында
байқалуы мүмкін. Ерекше емес патологиялық реактивтілікке эксперименттік эпилепсия
(қояншық), талықсу күйі және наркоз кезіндегі реактивтілікті мысалға келтіруге болады.
Жеке организмнің
иммунологиялық реактивтілігі (иммунитет және аллергия) оның
физиологиялық, ал ауырған кезде – патологиялық реактивтілігін айқындайды.
Организм реактивтілігі жануардың жасына және жынысына байланысты.
Әр түрлі жас ерекшілігіне қарай организмнің реактивтілігін зерттеуде И. А.
Аршавский және оның лабороториясы көп жұмыс атқарады. Төлдердің алғашқы туған
кездерінде реактивтілігі төмен болатындығы байқалды. Төлдердің өздеріне тән аурулары
болады.
Уытты диспепсия, колибактериоз, сальмонеллез, диплококкоз, клостридиоз,
қылау, сақау, рахит, гастроэнтероколит және басқа да, аурулар көбінесе жаңа туған, уыз
және сүт еміп жүрген төлдерді зақымдайды. Төлдер сыртқы орта температырасының
ауытқуына икемделмегендіктен, олрада қарын-ішек жолдары ауруы жиі байқалады.
Малдың өсіп-жетілуіне және оның нерв жүйесінің дамуына орай организмнің
реактивтілігі де арта түседі. Әсіресе жануарлардың нерв жүйесінің дамып, толықсуына
орай
жынысы жетілгенде, қорғаныш жүйесі бекігенде (тері, кілегейлі қабық, лимфа
түйіндері т. б.), антителла бөлуі және басқа да қорғануға бейімделуі жетілгенде
реактивтілігі артып, күрделене түседі.
Кәрі малдардың қорғаныш жүйесі мен нерв жүйесі реакциясы функциялары әлсіреуі
нәтижесінде реактивтілігі кемиді. Антитела бөлу қабілеті де төмендеп, дәнекер тканьді
клеткаларының фагоцитарлық активтілігі әлсірейді. Сондықтан да көптеген инфекциялар
мен вирус аураларына едәуір сезімтал келеді.
И м м у н о л о г и я л ы қ р е а к т и в т і л і к. Иммунологиялық реактивтілік ұғымы
гректің «иммунитет» деген сөзінен шыққан, ал мұның өзі медицинаға көне заң
ғылымынан (imunitas – бір нәрседен арылу) енген. Көне Римде «иммунды» деген сөз
«салық төлеуден босатылған» деген ұғымды білдіреді. Белгілі бір жұқпалы сырқаттан
ауырып жазылған және онымен қайталап ауырмайтын адамдарды иммунды деп атаған.
Иммунологиялық реактивтілік жалпы реактивтіліктің
маңызды көрінісі болып
саналады. Бұл түсінік бірқатар өзара байланысты құбылысты біріктіреді:
а) малдың инфекциялық ауруларды қабылдамаушылығы;
50
б) тканьдердің биологиялық үйлесімсіздік реакциялары – гетергенді немесе
филогенді; изогенді; дербес – белгілі бір түрдегі мал организміне екінші біреуінің таньдері
түсуі және организмде патологиялық өзгерген тканьдер (ісіктер, экссудаттар т. б.) пайда
болған кездегі иммунологиялық топтар, эмбрионалдық тканьдердің ересек организмнің
тканьдерімен немесе бір-бірімен өзара әрекеттесу реакциясы;
в) жоғары сезімталдық реакциясы (анафилаксия және аллергия);
г) тегі әр түрлі уларға үйрену құбылысы.
Практикада ең маңыздысы – жұқпалы ауруларды қабылдамаушылық құбылысы. Бұл
құбылыс ең көп зерттелгені және иммунологиялық реактивтілік туралы ілімнің негізін
құрайды.
И м м у н о л о г и я л ы қ р е а к т и в т і л і к т ү р л е р і (иммунитеттің жіктелуі).
Иммунология – иммунитет туралы ғылым – организмнің антигендер деп аталатын бөгде
субстанцияларды сезінудің генетикалық, молекулалық және клеткалық механизмдерін
зерттейді.
Антигендерге
микроорганизмдер,
клеткалардың
немесе
тканьдердің
генетикалық тұрғыдан бөгде өнімдері – белоктар, полисахаридтер т. б. болуы мүмкін.
Классикалық иммунологияның негізін қалаушылар Л.
Мечниковтың анықтамасы
бойынша, иммунитет деп организмнің инфекциялық ауруларды қабылдамаушылығын
айтады. Алайда ағылшын зерттеушісі П. Медавардың (1945) дәлелдеуінше, иммунитет
организмді тек микробтардан ғана емес, кез келген генетикалық бөгде организм
тканьдерінің клеткасынан да қорғайды. Сондай-ақ иммунитет бөгде клеткаларда,
тканьдерде немесе органдарда да сол уақытта жасалатындығы дәлелденді, егер олар бір
геннің гистоүйлесімдігі, яғни шамалы белгісі бойынша ерекшеленетін болса (Ф. Бернет,
1964). Сонымен, иммунитеттің басты міндеті – генетикалық тұрғыдан өзінен өзгеше
келетін, мейлі ол бөгде немесе өз денесіндегі клетка болсын,
генетикалық тұрғыдан
өзгерген клетканы өлтіру.
Демек, иммунитет - өзінде бөгде генетикалық белгісі бар тірі дене мен заттардан
организмді қорғау әдісі. Өзінде бөгде геномының белгісі бар тірі денелер мен заттар
ұғымына бактериялар, вирустар, қарапайымдар, құрттар, белоктар, клеткалар, тканьдер,
өзгерген аутоантигендер, соның ішінде рак аутоантигендері де жатады. Иммунитеттің бұл
келтіріліп отырған тұжырымдамасы «Бернет аксиомасына» толық сәйкес келеді, яғни
иммунитеттің орталық және биологиялық «өзіндік» және «бөгде» механизмдерді айыра
білуде (Р. В. Петров, 1983).
Иммунитет өзінің шығу тегі, көрінісі, пайда болу механизмі және
бірқатар басқа да
ерекшеліктері жағынан алуан түрлі келеді. Шығу тегі бойынша түр (туа біткен) және
туынды иммунитеттер деп бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: