Патологиялық физиология, міндеттері, зерттеу әдістері. Патофизиологиядағы эксперименттің маңызы


Аурудың критерийлері мен принциптері



бет3/20
Дата08.04.2022
өлшемі314,86 Kb.
#30322
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Меру Сымбаткой

Аурудың критерийлері мен принциптері: науқастың шағымдары, объективті тексеру нәтижелері, бейімделу мен еңбек қабілеттіліктің төмендеуі.

Аурудың маңызды өлшемі - наукастың шағымдары (әлсіздік, ауырсыну, температура және т.б.) бірақ олар әрқашан ағзаның жағдайын объективті түрде көрсетпейді. Аурудың қандай да бір симптомдарын және олардың себептерін білетін адамдар дәрігерді дезинформациялай алады.

Аурудың анықтаушы критерийі объективті тексеру нәтижелері (лабораторлы және аспаптық әдістер) болып табылады, ол нормадан қандай да бір ауытқуларды анықтауға және аурудың тән симптомдарын (белгісін) анықтауға мүмкіндік береді.

Аурудың маңызды өлшемі бейімделу мен енбек кабілеттіліктің төмендетуі болып табылады. Бұл бұзушылықтарды анықтау үшін ағза (мүше, мүшелер жүйесі) жасанды түрде жұмыс істеу қабілетін көрсетуге мәжбүр болған жағдайларға қойылатын функционалдық сынамалар жүргізіледі. Мысал ретінде қант диабеті кезінде қант жүктемесі бар сынаманы, электрокардиограммадағы ауытқуларды анықтау үшін түрлі функционалдық жүктемелерді келтіруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет