1.4. Ақпараттық үрдістер
"Ақпарат" және "деректер" деген ұғымдарды бөліп айту қажет. Деректерді тасымалдауыштарға бекітілген, жазылған ақпаратты көрсетуге арналған құрал деуге болады. Деректер ақпаратты алу үрдісінде алғашқы «шикізат» ретінде қызмет етеді.
Осы айтылғаннан мынадай маңызды тұжырым шығады: бір ғана
деректерден, әртүрлі пайдаланушы, әртүрлі ақпаратты туындатады.
Білім
Сұраптау
Объект
Ақпарат
Бақылаулар
Тәжрибелер
Деректер
Өңдеу
Жүйелеу
1.1-сурет. Ақпараттың қозғалу үрдісінің схемасы
Ақпараттық үрдіс – уақыт ағымына байланысты, ақпараттың мазмұнының немесе оны көрсететін мәліметтердің өзгеруі.
Зерттелетін объект туралы білімнің кемістігін азайтуда, ақпарат алудың циклдық үрдісі 1.1-суретте, схемалық түрде бейнеленген.
Ақпарат үрдістердің түрлері:
жаңа ақпараттың туындауы (құрылуы);
ақпараттың өңделуі (яғни, бар ақпараттың өңделуінің нәтижесінде жаңа ақпараттың туындауы);
ақпаратты жойылуы;
ақпаратты жіберілуі (кеңістікте таратылуы).
Ақпаратты жіберуге байланысты, ақпараттың көзі және қабылдаушысы деген қос ұғымдар туындайды.
Ақпарат көзі – ақпаратты туындатып және оны мәліметтер түрінде көрсететіп беретін субъект немесе объект.
Достарыңызбен бөлісу: |