1.2 Операциялық жүйелер
Жүйелік программалар қамсыздандырудың ең маңызды және басты бөлігін– операциялық жүйе құрайды.
Операциялық жүйе (ОЖ) – компьютердің ресурстарын басқаруды жүзеге асыратын, қолданбалы программаларды қосып, олардың жұмысын сыртқы құрылғылармен, басқа программалармен
үйлестіретін, деректерді қорғайтын, пайдаланушы және
программаның сұранысы бойынша сервистік қызметтерді орындайтын программалар жиыны.
Операциялық жүйе компьютердің программалық жасақтаманың қажетті құрамасы болып табылады. Ол компьютердің барша аппараттық құрамдас бөліктерінің жұмысын басқаруды қамтамасыз етеді. Сонымен, тұжырымдай келе ОЖ компьютердің барлық аппараттық құрамдас бөліктерінің жұмыс жасауын, өзара байланысын қамтамасыз етеді және пайдаланушыға оның аппараттық ресурстарына қатынасуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |