Мәселе: қашықтау курстарына мұғалімдердің құлшыныстары төмен
Міндеттер: мұғалімдердің үздіксіз біліктіліктерін көтеруге кәсіби шеберліктерін шыңдауға мотивтендіру; оқу жылының басында Интернетте қашықтау курстарының тізімінін арнаулы сайттардан қарап, ПАМБАИ- да өтетін курстарға жазылу қажет .
Әдістемелік кеңестің жұмыс талдауы
Әдістемелік кеңес жұмысындағы басты бағыттары: - оқу-білім беру үрдісінің сапасы мен тиімділігін арттыру үшін жағдай жасау;
- әдістемелік амал-әдістерді, оқу тәртібінен сабақ беру амалдарын жетілдіру;
- оқушылардың ЗУН сапасын жоғарылату мақсатында жаңа педагогикалық технологияны оқып, педагогикалық үрдіске енгізу, оқушылардың оқу мотивациясын жоғарылату,танымдылық қызығушылқтарын дамыту;
- педагогикалық тәжірибені тарату және бөлісу.
Әдістемелік кеңестің жұмысы педкеңес, «дөңгелек үстел», семинарлар арқылы әдістемелік бірлестікпен тығыз байланыста құрылған. Оқу жылы ағымында 5 рет әдістемелік кеңес өткізілді. Бірінші әдістемелік кеңес отырысында өткен оқу жылының жұмысын қорытындылап, жаңа өоу жылына жұмыстар жоспарланды.
Жұмыс жоспарына келесі жұмыс жоспары енгізілді:
- оқу үрдісін ұйымдастырудың әдісін жетілдіріп, білім беру сапасының тиімділігі мен сапасын жоғарылату бойынша нақты іс шаралар мен шешімдерді қабылдау;
- ЗУН сапасын жоғарылату мақсатында жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану бағыты (әдіс-амал жобасы, компъютерлік технологияларды пайдалану);
- тәжіримен алмасуды тарату және бөлісу мәселесі;
- пән апталығына дайындық жүргізу және өткізу;
- педагогикалық кеңес тақырыбын өзгерту;
- жалпы мектептегі әдістемелік тақырыппен жұмыс жасау кезеңі;
- мектеп педагоктрының біліктілігін жоғарылату;
- әр түрлі конкурстарға қатысу.
Әр әдістемелік кеңес отырысында оқушылардың ЗУН сапасын көтеру, оқуға үлгермеулері бойынша жұмыстары, оқу мотивациясын жоғарылатуға оқушылармен жұмыс, гимназиялық сынып оқушылары, мектеп түлектерін ҰБТ мен ОЖСБ дайындау жөнінде пән-мұғалімдерінің жұмыстары қорытыланып отырды. Пән-мұғалімдердің ӘБ жетекшілері өз алдына қойған мақсатына жетіп көптеген мәселелерді шешуге тырысады.
ӘБ өзінің қызметінде мұғалімдерге әдістемелік көмек ұйымдастырады. Мұғалімдердің алдына қойған міндеттері оқу мотивациясы төмен оқушыларға жеке және топтық жұмыс жасап, диагностикалау негізінде білімін түзетумен шеше алады. Мұғалімнің басты міндеті – оқушылардың білімі мен дағдысын қалыптастыру.
Жыл ағымында оқушылардың оқу нәтижесінің міндетіне қалыптастыру деңгейі мониторингісі өткізілді.
Талдау нәтижесі ӘБ отырысында ұсыныс мәліметі берілді. 5-ші сыныптарда сыныптық-жариялау бақылау өткізілді. Мақсаты – мектеп оқушыларының білімі беріктігін анықтап және орта мектепте оқу дайындығын анықтау. Пән-мұғалімдері ОТЖ бойынша директор орынбасары, психолог ұсыныстары берілді. Жоғары мотивациясы бар оқушылармен жұмыс жасайды.
Қалалық олимпиада, халықаралық қашықтық олимпиадасының сыйлық иегері, шығармашылық конкурс дипломанты бар.
ӘК жұмысындағы басты зейін сабақты ұйымдастыруға, олардың түрлерін жетілдіруге көп көңіл бөледі. «Заманауи білім беру технологиялары» тақырыбы бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді. ӘБ бойынша өз ұжымының сабақтарына қатысады. Жаңа келген мұғалімдерге жеке кеңес беріледі. Мектеп мұғалімдері «Жыл мұғалімі» атты конкурсқа қатысты. МК пән апталығын өткізуге көп көңіл бөлді. Оқу жылының ағымында МК мүшелері жаңа технологиялар мен әдісті тәжірибе жүзінде қолдануға бағытталды. Онда әдіс жобасы, мультимедиялық-құралдар пайдаланып, деңгейлік дифференция біздің мектептің басты негізі болып қалады.
МК жұмысының маңызды бағыты мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру болып табылады. Мектептің әдістемелік кеңесі мұғалімдердің курстарда оқуын бақылап, аттестацияға өтініш берген мұғалімдерге әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді.