Анализ мақсаты: мектепте әдістемелік жұмыстың тиімді әсерін анықтау және педагоктардың кәсіби құзыреттілігін жоғарылату рөлі.
Әдістемелік жұмыс – ол жалпы, ғылыми жетістік негізінде, педагогикалық тәжірибе мен нақты оқу-тәрбие үрдісінің өзара байланыс жүйесі, әр мұғалімді кәсіби шеберлік пен біліктілігін жан-жақты жоғарылату бағыты.
Талдау нысаны
Негізгі бағыттағы қызметтің мазмұны;
Мектептің әдістемелік тақырыбымен жұмыс жасау;
Әдістемелік кеңес жұмысы;
Әдістемелік бірлестік жұмысы;
Педагогикалық кадрлардың аттестациясы;
Тәжірибе алмасу;
Педагогикалық кадрлармен жұмыс жасау түрі: ұжымдық, топтық, жек-дара;
Мұғалімдердің педкеңес, ғылыми-зерттеу конференциясында, семинарларда, байқау конкурстарында, пән декадасында, қала және облыс іс шараларына қатысу жұмыстары;
Педагоктардың заманауи білім беру технологияларымен пайдалануы;
Қала, облыс педагоктары, өз ұжымындағы мұғалімдердің жұмыс тәжірибесін пайдалану.
Мектеп деңгейінде әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру әдістемелік қызмет болып табылады. Әдістемелік қызмет – әр түрлі құрылымдар мен қызмет түрлерінің жинағы, білім беру сапасын қамтамасыз ету мақсатында білім беру процесінің қатысушыларын әдістемелік ұстану функциясын іске асыру.
Мектептегі әдістемелік қызметтің бағыты:
1. Ақпараттық қызмет:
педагоктардың кәсіби қызметін өздігінен бағалау, аттестациялау.
№ 5 мектепте әдістемелік қызметтің құрылымы
Әдістемелік қызметтің құрылымы жөнінде айтатын болсақ, мектептегі әдістемелік жұмыстың басты буыны пән-мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі болып табылады.