Пдд қазақстан Жол жүрісі қағидалары Жалпы ережелер



Pdf көрінісі
бет33/35
Дата31.10.2022
өлшемі1,97 Mb.
#46414
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
ПДД 2022 - Жаңа формат @baizhumaev

 5. Дөңгелектер мен шиналар 
1. Жеңіл автомобильдердің шиналары 1,6 мм, жүк автомобильдерінің 
шиналары - 1 мм, автобустардың шиналары - 2 мм, мотоциклдер мен 
мопедтердің шиналары — 0,8 мм кем протектор суретінің қалдық биіктігіне ие.
Ескертпе. Тіркемелер үшін шина протекторы суретінің қалдық биіктігінің 
нормасы сүйретпе-көлік құралдары шинасы үшін нормалармен бірдей.
2. Шиналардың әр жерінде кордты жалаңаштап тұратындай ақауы бар 
(соғылған, тілінген, кесілген, жыртылған), сондай-ақ каркастың жіктелуі, 
протектор мен бүйірінің ажырауы.
3. Бекіту болты (гайкасы) жоқ немесе дөңгелектің дискісі мен құрсауы 
жарылған.
4. Шиналар өлшемі немесе рұқсат етілетін жүктеме бойынша көлік 
құралының моделіне сәйкес келмейді.
5. Көлік құралдарының бір осіне әр түрлі мөлшердегі, конструкциядағы 
(радиальды, диагональды, камералы, камерасыз), үлгідегі, протекторының түрлі 
суреті бар, тиектелген және тиектелмеген, аязға төзімді және аязға төзімсіз, жаңа 
және қалпына келтірген шиналар орнатылған.
6. Қалааралық автобустың (II** сынып) және алыс сапарға шығатын 
автобустың (III сынып) алдыңғы осіне қалпына келтірілген протекторы бар 
шиналар, ал басқа остеріне екінші сыныпты жөндеу бойынша қалпына 
келтірілген шиналар орнатылған.
Ескертпе: "**" Осы жерде және бұдан әрі автобустардың сыныптары ҚР СТ 
МемСТ Р 51709 А-қосымшада көрсетілген.
7. Жеңіл автомобильдің және қалалық автобустың (I сынып) алдыңғы осіне 
жөндеудің екінші сыныбы бойынша қалпына келтірілген шиналар орнатылған.
 6. Қозғалтқыш 


1. Шығарылған газдардағы зиянды заттар және олардың түтінділігі 
техникалық регламенттер мен стандарттарда белгіленген нормалардан асады.
2. Қоректену жүйесінің герметикалығы бұзылған.
3. Пайдаланылған газды шығару жүйесінің ақаулы болуы.
4. Картерді желдету жүйесінің герметикалығы бұзылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет