«Педагог» кәсіптік стандарты


тарау. Кәсіптің құндылығы



бет2/21
Дата22.10.2022
өлшемі149,07 Kb.
#44828
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
2 тарау. Кәсіптің құндылығы

Педагогтің міндетті сапасы білім алушының тұлғасына қатысты көрінетін гуманизм болып табылады.


Педагогтің сенімдері мен көзқарастары азаматтарды болашақтың көзқарасына сәйкес тәрбиелеуде және өздерінің құндылықтары мен қатынастарын қалыптастыруда көрінеді.
Педагогикалық іс-әрекетке дайындық педагогикалық білім мен білік, білім беру және этикалық нормалар кешенінің болуымен көрінеді.
Педагогтің еңбек қызметін бағалау білім беру қызметін жүзеге асыру және оны басқару үшін педагогикалық техниканы игеруде, тәрбие мен оқытудың жоғары деңгейде көрінетін педагогикалық шеберлік деңгейін анықтайды.
Педагог өз қызметі барысында үнемі кәсіптік білімі мен құзыреттілігін кеңейтеді және байытады, білім беру инновацияларын жасайды және енгізеді.


Педагогтің кәсіптік құзыреттілігінің шеңбері


Құзыреттер

Критерийлер

Көрсеткіштер

    1. Кәсіптік құндылықтар



Адалдық, әділдік, құрметті және жауапты қарым-қатынасты көрсете отырып, өзінің кәсіптік қызметін орындайды

1.1 Педагог мамандығына міндеттеме

1.1.1 Барлық білім алушылардың / тәрбиеленушілердің білім беру мақсаттарына қол жеткізу қабілетіне сенімділік танытады
1.1.2 Педагог мамандығына деген адал көзқарасын көрсетеді
1.1.3 Өз қызметінде қолданыстағы заңнаманы ескере отырып, нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады

1.2 Азаматтық таныту

1.2.1 Оқыту және тәрбиелеу процесінде Қазақстанның ұлттық мұрасы мен мәдени құндылықтарына міндеттілігін көрсетеді
1.2.2 Оқыту мен тәрбиелеу процесінде мәдени және тілдік әртүрлілік пен жаһандық азаматтықты біріктіреді
1.2.3 Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік танытады

1.3 Кәсіптік этиканы сақтау

1.3.1 Білім алушылардың/тәрбиеленушілердің жеке басына және олардың ата-аналарына/қамқоршыларына құрмет көрсетеді
1.3.2 Мінез-құлықта кәсіптік-этикалық нормаларды басшылыққа алады
1.3.3 Педагог кәсібінде кәсіптік-этикалық нормаларды түсінеді және қолданады

1.4 Жауапкерші
лік көрсету

1.4.1 Білім алушылардың / тәрбиеленушілердің оқуына және тәрбиесіне жауапкершілік танытады
1.4.2 Педагог кәсібінде өзінің кәсіптік деңгейінің сәйкестігі үшін моральдық жауапкершілік алады
1.4.3 Педагогикалық қоғамдастықтың білім беру процесі үшін жауапкершілігін бөліседі

1.5 Проактив
тіліктің көрінісі

1.5.1 Білім беру процесін жақсартуға қатысты өзгерістер мен инновацияларды енгізуге белсенділік танытады
1.5.2 Білім алушыларды/тәрбиеленушілерді оқыту мен тәрбиелеуде тәуекелдерді басқарады
1.5.3 Өзін-өзі реттеуге және стресске төзімділікке қабілетті



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет