«Педагог» кәсіптік стандарты


КӘСІПТЕР КАРТОЧКАСЫ: «Педагог. Мектепке дейінгі білім берудегі тәрбиеші»



бет9/21
Дата22.10.2022
өлшемі149,07 Kb.
#44828
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
КӘСІПТЕР КАРТОЧКАСЫ: «Педагог. Мектепке дейінгі білім берудегі тәрбиеші»

Қызметтер жіктеуішіне сәйкес кәсіптер атауы

Мектепке дейінгі білім берудегі тәрбиеші

Қызметтер жіктеуішіне сәйкес код

2362

Ұлттық біліктілік шеңбері бойынша біліктілік деңгейі

4-6

Салалық біліктілік шеңбері бойынша біліктілік деңгейі

5

Қызметтің негізгі мақсаты

Балалардың мектепке дейінгі ұйымда болуын ұйымдастыру, балалармен ойындар мен сабақтарды жобалау және өткізу, олардың қауіпсіздігі мен денсаулық жағдайын бақылау, тәлімгерлікті жүзеге асыру және кәсіби дамудың басымдықтарын айқындау, дамыту бағдарламаларын әзірлеу

Кәсіптік қызмет



Негізгі кәсіптік қызмет

1. Тәрбие-білім беру процесін жүзеге асыру

2. Тәрбиеленушілердің даму деңгейіне мониторинг жүргізу

3. Балаларды ерте дамыту әдістемесін меңгеру және оны практикада қолдану

4. Өз тәжірибесін зерттеу арқылы тәжірибені тарату

Қосымша кәсіптік қызмет

1. Авторлық білім беру бағдарламаларын, ОӘК әзірлеу

2. Нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысу

Кәсіптік қызмет
1. Тәрбие-білім беру процесін жүзеге асыру

1 міндет:
тәлім – білім беру процесін жоспарлау

Білім
1. Мектеп жасына дейінгі балалар дамуының психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері
2. Ойын әрекетін зерттеу әдістері
3. Тәрбиеленушілерді санитариялық-гигиеналық жағдайларын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
4. Заттық-кеңістіктік дамытушы құру бойынша педагогикалық тәсілдер

Білік және дағдылар
1. Циклограммаларды құрастыру
2. Тәрбиеленушілердің балалар қызметінің негізгі түрлерін басқару
3. Балалардың дамуында ілгерілеуге қол жеткізе отырып, оқу - тәрбие процесінің міндеттерін табысты шешу
4. Қауіпсіз заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны құру және оны тиімді пайдалану

2 міндет:
тәрбие-білім беру процесін ұйымдастыру

Білім
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер
2. Педагогикалық этика нормалары
3. Жас физиологиясының, жас және жалпы психологияның теориялық негіздері
4. Ата-аналармен жұмыс істеудің тиімді формалары мен әдістері

Білік және дағдылар
1. Тәрбиеленушілердің қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету
2. Тәрбиеленушілерді тәрбиелеу мен оқытуды жүзеге асыру
3. Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың заманауи әдістемелерін, жаңа тәсілдерін, тиімді нысандары мен әдістерін қолдану
4. Көпфункционалды даму ортасының мүмкіндіктерін пайдалану
5. Кәсіби қызметте цифрлық технологияларды қолдану
6. Ата-аналар қауымдастығымен өзара әрекеттесу
7. Тәрбие-білім беру процесіне қатысатын мектепке дейінгі ұйымның басқа қызметкерлерімен өзара іс-қимыл жасау (дене шынықтыру нұсқаушысы, музыкалық жетекші, дефектолог, психолог, медицина қызметкері)
8. Балалардың зерттеу дағдыларын дамыту
9. Мектепке дейінгі білім беру саласындағы заманауи зерттеулер мен әзірлемелерге қатысу

Кәсіптік қызмет
2. Тәрбиеленушілердің даму деңгейіне мониторинг жүргізу

1 міндет:
тәрбиеленушілердің даму деңгейіне мониторинг жүргізу

Білім
1. Балаларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды диагностикалау тетігі
2. Бастапқы, аралық және қорытынды мониторингті жүргізу қағидалары







Білік және дағдылар
1. Педагогикалық практиканы зерттеуге арналған құралдарды әзірлеу
2. Мониторинг нәтижелерін өңдеу және жүйелі талдау
3. Мониторинг жүргізу үшін цифрлық ресурстарды пайдалану
4. Мониторинг/зерттеу нәтижелері негізінде тәрбие мен оқыту нәтижелерін жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлеу
5. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін мониторинг негізінде жеке бағдарлама жасау

Кәсіптік қызмет
3. Ғылыми-әдістемелік қызметті жүзеге асыру

1 міндет:
білім беру бағдарламалары мен әдістемелік құралдарды әзірлеу және сынақтан өткізу

Білім
1. Оқулықтар мен оқу құралдарының авторларына қойылатын талаптар
2. Білім беру бағдарламалары мен әдістемелік құралдарды жобалау және әзірлеу негіздері
3. Білім беру бағдарламалары мен әдістемелік құралдардың сапасын бағалау критерийлері

Білік және дағдылар
1. Көпшілік алдында сөз сөйлеу және аудиториямен өзара іс-қимыл жасау дағдыларын пайдалану
2. Оқу бағдарламаларын, тәрбие және оқыту әдістемелерін әзірлеу іскерліктері мен дағдыларын пайдалану
3. Авторлық бағдарлама және әдістемелік құралдары болуы
4. Жобалау дағдыларын меңгеру

2 міндет:
біліктілікті арттыру және / немесе қайта даярлау

Білім

Білік және дағдылар
1. Өзінің үздіксіз кәсіби педагогикалық дамуын жоспарлау
2. Өзінің кәсіби қызметінің рефлексиясын жүзеге асыру
3.Өз тәжірибесін тарату

3 міндет:
үздік педагогикалық тәжірибелерді жинақтау

Білім
1. Проблемалық талдаудың мәні мен технологиялары
2. Алгоритм, формалар, әдістерді анықтау, зерттеу, тәжірибені жалпылау

Білік және дағдылар
1. Ұйымдастырылған қызметті талдау дағдыларын пайдалану
2. Республикалық және халықаралық деңгейде өзінің педагогикалық тәжірибесін тарату

3 міндет:
тәлімгерлікті жүзеге асыру және кәсіптік қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау

Білім
1. Тәлімгерлерге қойылатын талаптар
2. Педагогикалық өзара іс-қимылға негізгі қадамдар

Білік және дағдылар
1. Тәлімгерлікті жүзеге асыру және кәсіби дамудың басымдықтарын айқындау
2. Педагогикалық қоғамдастықтағы даму стратегияларын анықтау
3. Кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау

Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар

Әдептілік, ізгі ниет, жоғары жауапкершілік және моральдық тұрақтылық, адалдық, эмпатия қабілеті, коммуникабельділік, ұқыптылық, ұйымшылдық, әдептілік сезімі, ұстамдылық

СБШ басқа кәсіптермен байланыс

236

Бастауыш мектеп мұғалімдері және мектепке дейінгі білім беру тәрбиешілері

Білім беру және біліктілік жүйесімен байланыс

Білім деңгейі: орта буын маманы,
бакалавриат, магистратура,
докторантура










Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет