Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогі



бет88/91
Дата10.09.2022
өлшемі209,22 Kb.
#38793
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91
20-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогі
316. Жеке тұлғаның психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және оның шағын ортасын, өмір сүру жағдайларын зерделейді, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мүдделері мен қажеттіліктерін, проблемаларын, жанжалды жағдайларын, мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтайды және оларға әлеуметтік көмек пен қолдауды уақтылы көрсетеді;
әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, нысандарын, әдістерін, баланың жеке және әлеуметтік проблемаларын шешу тәсілдерін айқындайды, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, балалардың жеке басының құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек бойынша шаралар қабылдайды;
білім алушылар, тәрбиеленушілер, балалар және ұйым, отбасы, орта, әртүрлі әлеуметтік қызметтердің, ведомстволар мен әкімшілік органдардың мамандары арасында делдал болады;
жеке тұлғаның қоғамдағы өмірге бейімделуін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарында және тұрғылықты жері бойынша білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) тәрбиелеу, білім беру, дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады.
девиантты мінез-құлықты білім алушыларды есепке алу журналын жүргізеді;
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды, аз қамтылған, көп балалы отбасылардан, қолайсыз отбасылардан шыққан балаларды, мүгедек балаларды, девиантты мінез-құлықпен оқитын бала кезінен мүгедектерді патронат, тұрғын үймен, жәрдемақылармен, зейнетақылармен, мүліктік және мүліктік емес құқықтармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
инклюзивті білім беру принциптерін дамытады;
сабақтан тыс уақытта білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ақыл-ой және дене қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасайды;
әлеуметтік ортада адамгершілік қатынастарды орнатуға ықпал етеді;
бала мен мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар, әлеуметтік қызметтер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді;
мұғалімдермен, ата-аналармен және білім алушылардың өзге де заңды өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды;
ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;
білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
білім беру ұйымдарында білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады;
білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
317. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;
әлеуметтік саясат негіздері;
жалпы және әлеуметтік педагогика, педагогика және психология;
педагогикалық этиканың нормалары;
валеология негіздері, әлеуметтік-педагогикалық және диагностикалық әдістер;
әлеуметтік-педагогикалық жұмыс;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
318. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары педагогикалық білімі немесе "әлеуметтік педагог" жоғары педагогикалық білімі немесе қайта даярлау туралы құжат, жұмыс стажына талап қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде әлеуметтік педагог лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл; педагог- сарапшы үшін кемінде 4 жыл; педагог-зерттеуші және педагог -шебер үшін кемінде 5 жыл.
319. Кәсіби құзыреттілікі айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог-модератор":
педагогке қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
озық тәжірибені үйрену;
оны тәжірибеде қолдану;
оқу-тәрбие жұмысын талдау дағдысының болуы;
білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысу;
2) "педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
тәрбие жұмысын талдау әдістерін меңгеру;
шығармашылық семинарларға басшылық жасай білу, озық тәжірибені енгізу;
3) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
тәжірибелік-эксперименттік жұмыс әдістерін меңгеру;
жаңа әлеуметтік-педагогикалық бағдарламалар, педагогикалық технологиялар әзірлеу;
оларды апробациялау бойынша жұмыс жүргізу;
Әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелерін әзірлеу бойынша шығармашылық топтардың жұмысына басшылық ету;
4) "педагог-шебер":
"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
тәжірибелік-эксперименттік жұмыс әдістерін меңгеру;
жаңа әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаларды, педагогикалық технологияларды әзірлеу, оларды апробациялау бойынша жұмыс жүргізу;
республика деңгейінде әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелерін әзірлеу бойынша шығармашылық топтардың жұмысына басшылық жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет