5. Миға шабуыл стратегиясы. Миға шабуыл фактілік материалдармен жұмыс істегенде бар
білімдерін белсендендіру мақсатында қолданылады.
1 саты: Оқушыларға берілген тақырып бойынша ойлану және не біледі және не ойлайтынын
жазу ұсынылады;
2 саты: Ақпаратпен алмасу.
Тиімді пайдалануға ұсыныстар:
1.
1-сатыда 5-7 минуттық қатаң лимит;
2.
Талдауда ойлар сыналмайды, бірақ қайшылықтар жазып алынады;
3.
Айтылған ұсыныстардың жедел жазылуы.
4.
Жеке, жұптық және топтық жұмыс жасау түрлері мүмкін. Әдетте, оларды бірінен кейін
бірін тізбектей жүргізеді, бірақ әрқайысысы іс-әрекетті ұйымдастырудың жеке тәсілі болуы мүмкін.
Ескерту: жұптық миға шабуыл өз ойларын үлкен дәрісхананың алдында айта алмайтын оқушыларға
өте көмектеседі. Жолдасымен ой алмасқан оқушы, барлық топпен жеңіл қатынасқа түседі. Әрине,
топпен жұмыс көбірек оқушыларға ойларын айтуға мүмкіндік береді.
6. Эссе. Оқушыны өзгенің ой-идеяларын жаттауға емес, өз бетімен ойлауға үйрететін, баланың
ойлау қабілетін дамытатын осындай әмбебап әдістемелердің бірі – эссе.
Эссе – әдісі оқушыны қиял, шығарма әлеміне самғатып соңын өз еркінше аяқтауға мүмкіндік
туғызатын әдіс
222
Біздің жаттанды шығармаларымызға қарағанда, эссе баланы өз бетімен ойлауға үйретеді. Ол
бойынша берілетін тақырыптар сан алуан әрі өзекті болып келеді.
Мұғалім сабақ бойын қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, сабақта не
ұнады, не ұнамады тағы басқа жайлы өз ойын қысқаша жазғызады.. Жазуға уақыт береді.
Оқушыларды алған білімдерін қорытуға оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті
кез келген сабақта қолдануға болады.
7. Көп деңгейлі сұрақ стратегиясы (Тура және тіркеме сұрақтар). Тура сұрақтар. Мұндай
сұрақтар қандайда бір фразаны немесе тілдік оралым түрлерін еске түсіру үшін қойылады.
Сұрақтардың жауаптары мәтіннің ішінде кездеседі. Бір сөйлеммен жауап беретін сұрақтардың түрі.
Тіркеме сұрақтар. Өзгертуді талап ететін сұрақтар. Жауап берушіден мағлұматты басқа
формада жеткізілуді күтеді. Жауапты оқушылар бірнеше сөйлеммен, ойын дәлелдеп айтатын
сұрақтың түрі.
Мысалы: оқушылар «Қыс» туралы мәтінді оқып тура және тіркеме сұрақтар құрастыру
керек.Қыстың қандай айларын білесің? Қыста ауа райы қандай? – бұл тура сұрақтар үлгісі.
Неге қыс мезгілін жақсы көресің? – бұл тіркеме сұрақтың үлгісі.
8. Тірек сөздер стратегиясы. Оқушының сөз қорын молайтып, сөзбен жан-жақты жұмыс
істеуге үйретеді, логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастырады.
Мысалы: оқушыларға «Қыс, демалыс, мейрам» деген тірек сөздер беріледі. Осы сөздерді
пайдаланып мәтін құруы керек.
9. «ИНСЕРТ», «Түртіп алу жүйесі» стратегиясы оқушының өзіндік білім деңгейін тексеруге
қолайлы әдістердің бірі. Сонымен қатар оқушы білімін тереңдетуге мұғалімге көмекші әдіс ретінде
табылған.
Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында «V» - «білемін», «-» - «білмеймін»,
«+» - «мен үшін жаңа ақпарат», «?» - «мені таңқалдырады» белгілерін қойып отырып оқу
тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылақ етуге, ойын білдіруге үйрететін
ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды еске сақтау, мәнін жете түсіну күрделі
жұмыс. Сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау жиі
кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру аталған кемшіліктерді болдырмаудың
бірден-бір кепілі.
Үйренушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет
арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар
құрауға дағдыландырады.
Білемін
Білдім
Білгім келеді
Ұлттық ойындар.
Тоғызқұмалақ туралы.
Тоғызқұмалақты ойнауды үйренгім келеді.
Әр жұп таңдаған ұлттық ойындары туралы не білетіндерін, осы модульде не білгендерін, тағы
не білгілері келетіндерін ойланып, мәтін құрастырады.
10. Логикалық тізбек стратегиясы. Бұл стратегия әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне
қарай лайықтала қолданылады. Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын, ой түйістіруін
қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.
Мысалы: Берілген сөздерден сөйлем құрастыр. 8 сыныпта, оқимын, биыл, мен.
Адасқан сөйлемдерден мәтін құра.
11. Дискуссия. Дискуссия – пікірталас, белгілі бір мәселе бойынша пікір сайысы, қандай да
болсын мәселені немесе өзара байланысты мәселелер тобын бір мәмілеге келу үшін талқылау.
Дискуссия оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастырады, танымдық көзқарасын жетілдіреді.
Оқушы талдаудың барысында өзіне берілген мәліметті жүйелеп, жинақтап жеткізуге үйренеді, тірек
сөздер арқылы ойын тұжырымдап айтуға, әрі шығармашылық ізденісіне жол ашады.
Дискуссияға қатысу оқушы үшін үлкен ойды қажет етеді, оқушының ізденісін,
қызығушылығын дамытады. Пәнге деген өзгеше көзқарас қалыптастырады.
Белгілі тақырыптағы ойды ой-толғау, суреттей алу, еске түсіру, болжау оқушыны да жаңа бір
әлемнің жаңалығын ашқандай қалыпқа жеткізеді. Әрі қарай ойын айтуға ынталандырады.
Стратегияны пайдалану оқушының өзінің жеке пікірі мен ойын білдіруге көмектеседі, сөйлеу
әрекетінің мотивациясын туғызады.
12. Венн Диаграммасы. Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін
объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі.
Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып оқушылар қызыға толтырады, оқиға
223
кейіпкерлерінің өзара ұқсастығы мен айырмашылығы ажыратылады, яғни, салыстыру сияқты
күрделі ойлау операциясын меңгереді.
13. Кубизм. Кубизм әдісі бойынша кубикті кезекпе-кезек иіреді. Қай қырының сұрағы түссе
соған жауап береді.
Бұл стратегия арқылы оқушылар тақырыпты жан-жақты талдап, алған білім мазмұнын
игертуге болады.
1.
Суретте. Толықтауыш деген не?.
2.
Салыстыр. .Толықтауыш пен анықтауышты салыстыр
3.
Зертте. Толықтауыштың қандай түрін білесің?
4.
Қолдан. Мәтіндегі толықтауыштардың қызметін көрсет
5.
Дәлелде. Толықтауыш қандай сөз таптарынан жасалады?
6.
Талда. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса
14. «Қызықты» диктант. Стратегия екі бөліктен тұрады: 1-ші оқушыға заттың суретін көрсету
керек, ал оқушы дәптерге заттың атауын жазады. 2-ші –сол зат есімді сын есіммен байланыстыру
керек. Бұл стратегия арқылы оқушылардың сөз қорын кеңейтіп, сауаттылығын арттыруға болады.
Мысалы: «Үй жануарлары» тақырыбы бойынша интерактивтік тақта арқылы жануарлардың(түйенің)
суреті көрсетіледі, ал оқушы түйе деген сөзді жазып, сын есіммен тіркестіреді.
15. Семантикалық карта толтыру. Жеке жұмыс кезінде «Семантикалық карта» пайдалану
ұтымды. Толғануды тиімді етуге лайықталған. Осы стратегия арқылы бүкіл тақырып бойынша алған
білімдерін тексеруге болады.
16. ЖИГ СО. ЖИГ СО – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта,
сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға
деген жауапкершілігі артады. Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым 4
адамнан тұратын топтарға бөлінеді.
ЖИГ СО – стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте
тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым – қатынас
қалыптасады, саналы тәртіп орнайды.
Қорыта айтқанда, әр сабақты оқушымен санаса отырып, жүйелі жүргізуде сыни тұрғыдан
ойлау технологиясының стратегиялық бағыттары ұстаздарға үлкен қолғабыс тигізеді, оқушыларға
мынандай мүмкіндіктер береді:
Еркін ойлауға мүмкіндік береді;
Жан – жақты ізденеді;
Тіл байлығы жетіледі;
Ұжымдық іс – әрекетке тәрбиелейді;
Шығармашылық белсенділігі артады;
Ақыл ойын дамытады;
Айқын мақсат қоя біледі;
Оқуға деген мотивациялары күшейеді.
Әдебиеттер:
1. Нүсіпқожаева Н.Н., Ауғанбаева А.М. «Қазақ тілінен әдістемелік нұсқау» Алматы-2012
2.Бутенко А.В., Ходос Е.А. Критическое мышление: метод, теория, практика. М.: Мирос, 2002. – 176с.
3. Загашеев И.О., Заир-Бек С.И. Критическое мышление: технология развития. - Издательство «Альянс», 2003.-284с.
4. Заир-Бек С.И., Муштавинская И.В. Развитие критического мышления на уроке. М.: Просвещение, 2004.-175с.
224
З.Ә. Ермұханова
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҮЙРЕТУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Бүгінгі таңдағы басты мәселелердің бірі басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету. Мемлекеттік
тіл мәртебесін көтеру үшін ойлай білетін, өз ойын қазақ тілінде жеткізе алатын, сауатты, еліне еңбек
ете білетін, қабілетті жастар керек. Уақыт талабы мұғалімнен сабақты қызықты, тартымды өткізе
білуді, көп шығармашылық , ізденісті, білімділікті, тапқырлықты қажет етеді. Оқушылардың
белсенділігін, жеке дара жұмыстануын ынталандыру, жеке көзқарастарының қалыптасуын, дамуын,
оқу еңбегінің нәтижесі тиімді болуын талап етеді. Сондықтан ортақ іс-ірекетті ұйымдастыруда
негізгі мақсат әрбір жеке оқушының дамуына, таным ерекшілігі мен іс-әрекетінің дұрыс
ұйымдастырылуына үлкен жауапкершілікпен қарауымыз керек.
Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілі пәнінің көздейтін мақсаты-оқушыларды
қазақша сөйлеуге, өз ойын басқаға түсіндіре алатын дәрежеге жеткізу. Сондықтан мемлекеттік тілде
оқушыны сөйлетуге, сөйлеу тілін дамытуға жағдай туғызу керек.Оқушының ойлау және сөйлеу тілін
дамыту мақсатында оқытудың жаңа технологияларымен қатар қызықты әлемді (занимательность)
пайдалану оқушылардың білімге ынта-ықыласын арттырады. Қызықты әлем -бұл әр түрлі ойын,
шарада, ребус, метаграмма,сөзжұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел,викторина сұрақтары, мәтінмен
жұмыс, жұмбақтар т.б. Қызықты әлем тапсырмаларын жинақтап, дайындап, оқушылармен жұмыс
жүргізудегі негізгі мақсат: баланың қабілетін ашу, сөздік қорын жетілдіру, коммуникативтік
құзыреттілігін дамыту, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тіл үйрену, тіл ұстарту адамның ойлау қабілетімен тығыз байланысты. Ойлау қабілетін
дамытудың негізгі әдістерінің бірі қызықты әлем тапсырмаларын тиімді ұйымдастыру болып
табылады.
1.Ойындар
Оқу процесін жандандыру құралдарының ішінде ойын, ойын арқылы оқыту ерекше орын
алады. Баланы ойын арқылы оқыту тиімді. Қазақ халқының әдет-ғұрыптық танымында жастық кезі –
ойын баласы деп атаған болатын. Осы – заңды кұбылыс. Себебі баланың дамып, өсуі, әлемді,
қоршаған ортамен танысып үйренуі ойынмен тікелей қарым-қатынаста. Ойын өмір қажетінен туған
балалык шақтың ажырамас шарты. Бала үшін ойын-іс әрекет, еңбекке бастайтын қимыл-
қозғалыстың жебеуші шарты болумен қатар дүниені танып білу, түсіну, ұғынудың кілті.
Ойын дегеніміз – халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдарының бірі.
Оны бала саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол болып, жан-жақты дамуы үшін пайдаланудың
маңызы зор. Ойынның түрлері көп.
Сөзтізбе ойыны. Ойын арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл
болмақ. Әр сөздің соңғы әрпі келесі сөздің басқы әрпі.
Үлгі: Отан –намыс- сақина- арман – нұсқа – асхана –....
Кім көп? Ойын қолданылған сабақтарда оқушылар белсенділік көрсетеді.
Берілген сөзден сөз құрастыру. Мысалы: қонақжайлылығымызбен.
Үлгі: қонақ, жал, қожайын, жалақы, айлық, тон ...
«Полиглот» ойыны. Бұл ойын арқылы оқу материалдарын оқушылар жылдам және жақсырақ
игереді, қиындықтарды бірге шешеді. Мұндай жағдайда, барлық балалар алға жылжиды, білімдері
терең балалардың тежелмеуін, білімі төмен балалардың алға ұмтылуына мүмкіндік береді.
Тиісті сөзді қойып, орыс, ағылшын тілдерінде айту.
1.... ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. (алтау).
2. Атадан жақсы ұл туса,
Есіктегі басын төрге сүйрер.
Атадан ... ұл туса,
Төрдегі басын жерге сүйрер. (жаман).
3. Ел қонбаса - ... азады,
Жер болмаса – ер азады. (жер).
2. Шарадалар
Шарадалар оқушының ой қабілетін арттырумен бірге сабаққа белсенділігін, қызығушылығын
оятып, ізденімпаздық, зерттеушілік, шығармашылық қабілетін дамытады.
Өзім жәндік, өзім журнал,
225
Әрі еңбек құралымын.
«Қ» әрпін қойсаң алдыма,
Лезде бояу болып шығамын (ара – қара).
3.Метаграммалар
«Тумасөз» (метаграмма) мұнда жаңа сөз жасау үшін пайдаланылатын сөздің бір әрпі өзгертілуі
қажет. Мысалы: түлкі - күлкі, тоң - тон. Сонымен қатар, дайын ұйқасқа өлең шығару; аяқталмаған
ертегі, әңгімелерді өзіндік шығармашылықпен аяқтау; оқушылардың бір–біріне немесе шығарма
кейіпкерлеріне мінездеме беруі тапсырылады.
Нәтижесінде оқушыларды сөз қорын молайтуға, ерекше ойлауға, заман деңгейіне сай білім
негіздерімен қаруландырады. Метаграмма- тіл дамыту мақсатын көздеген тапсырмалардың бірі.
Ол- ойды жаттықтырушы. Мысалы: БАЛ
1) «Б» әрпін өзгертіп, жаңа сөз жасау керек: Сал-Тал-Қал-Мал;
2) «А» әрпін өзгертіп, жаңа сөз жасау керек: Бол-Бұл-Біл-Бел;
3) «Л» әрпін өзгертіп, жаңа сөз жасау керек: Бас-Бат-Бақ-Бар.
4. Ребустар
Ребустар баланың ақыл – ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Тіпті
нашар оқитын балалардың өздері де ойын элеметтері араласқан сабаққа зор ынтамен, жігерімен
араласатыны анық.
Ребустарды шешіп, жасырылған мақал-мәтелді табу.
+ Ш.с. ДА
Отан оттан да ыстық.
+Б.с
+Ж.с
Өзге елде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол.
5. Жаңылтпаштар
Жаңылтпаштар да тіл үйренуге өзіндік үлесін қосатын тапсырма.
Оларды дұрыс айтуға жаттығу керек. Тіл үйренуде күнделікті жаңылтпаштарды қайталап
жаттығып тұру жақсы нәтиже береді. Осының арқасында бала қазақ тіліне тән дыбыстарды, қиын
дыбысталатын тіркестерді, дыбыстау барысындағы қиындықтарды жеңе алады. Жаңылтпаштар тек
қана сөйлеу дағдысын жақсартып қана қоймай, сонымен бірге адамның қиялын да дамытуға
көмектеседі.
Біреуі көрікті кісі,
Біреуі бөрікті кісі.
Көрікті кісі – зорықты,
Бөрікті кісі – қорықты.
6. Мәтінмен жұмыс
Мәтінмен жұмыс оқушыларды қазақша жүйелі сөйлеуге үйретуге,тілдік материалды меңгеру
мақсатына,ойын өзгеге өз бетінше жеткізу қабілеті мен дағдысын қалыптастыруға, монолог түріндегі
ойын дамытуға, диалогтық қарым- қатынас негізіндегі сөйлеу тілін бағыттауға ықпал етеді.
226
Бұл кім?
Оқушыларға көмек ретінде сөйлемдер оқылады, оларға сүйеніп кім туралы айтып жатқанын
табу керек. Егер жауабын 1-ші сөйлемнен кейін тапса, 5 ұпай, 2-ші сөйлемнен кейін – 4 ұпай, 3-ші
сөйлемнен кейін – 3 ұпай т.с. ұпай алады.
Оның әкесі ерте қайтты. Болғожа бидің қамқорлығына болған. «Қазақ хрестоматиясы»,
«Қазақтарға орыс тілін оқыту құрал» кітаптың авторы. Қазақ балалары үшін, мектептерді ашып,
жаңа мектептерді салдырды. 1941 жылы Торғай облысында туылған ағартушы-педагог.
(Ы.Алтынсарин)
7. Жұмбақтар, сөзжұмбақта
Жұмбақтың нeгiзгi ерекшелігі - логикалық астарының болуында. Олар баланың ой-әрекетін
белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға
тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.
Жұмбақ, сөзжұмбақ шешу баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі арттырады.
1.Өзi ащы, Бiрақ, Дәмдi етер асты.
Қорыта келе, қызықты әлемді қолдану-оқушылардың тіл үйренуге деген ықыласын, ынтасын,
қызығушылығын арттырудың ең тиімді жолының бірі. Ойын – балалардың шынайы және ойлап
тапқан шындығына тез, еркін енуіне, өзіндік «Менің» қалыптастыруға және шығармашылыққа,
белсенділікке, өзін-өзі дамытуға мүмкіндік береді. Қызықты әлем -оқытудың маңызды құралы,
оқушылардың байқампаздық, елестету, есте сақтау, сөйлеу, ойлау қабілеттерін, сенсорлық бағдарын
дамытады.
Қолданылған әдебиеттер
1. Қазақстан мектебі. № 11, 2004.2. Қ.Ақпаева.Оқу орыс тілінде жүретінде мектептерде қазақ тілін оқытудың кейбір
мәселелері.Алматы, Рауан, 1997
3. Қазақ тілі. Дидактикалық материалдар. Алматы, Атамұра, 2001
4.Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. - Алматы, 2004.
5. Құдайбергенова Қ.С. Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары.
- Алматы, 2007.
6. Смағұлова Ғ.Ғ. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің негізгі
құзыреттіліктерін дамыту. – Қарағанды, 2010.
7. “Технологиялар арқылы сабақтың тиімділігін арттыру”. Ғаламтор желісі 8. Ж.Адамбаева, Ш.Жұмағұлова. Тіл
дамыту текстері. А., 1996
А.А. Есимова
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНІҢ РӨЛІ
Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлт болашағы оның ана тілі. Ана тілі – халық болып жасағаннан бері
жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өне беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ол әрбір адамға ана сүтімен
дарып қалыптасады. Қазақ тілі –қазақтың даласындай кең, әрі күрделі тілдің бірі болып табылады.
Мектеп табылдырығын жаңа аттаған бала бойына тілдің қасиеті мен құдыретін сездерітен ұстаз
болып табылады.
Қазақ тілінің қоғамдық қызметі үй ішінде отбасы мүшелерінің арасында бір-бірімен түсініп,
сөйлесу үстінде, оқу орындарында білім алу, тәрбие беру істерінде, жұмыс орнында, ұжымда
адамдардың бір-бірімен қатынас жасауы кезінде жүзеге асады. Осыған байланысты қазақ тілі оқу-
ағарту, білім-тербие саласында, мәдени өмірде қоғамдық-саяси өмірде ғылым саласында, іс-қағаздар
ісінде, т.б. өз міндетін атқарып, халқына қызмет етіп келеді.
Бастауыш мектепте оқытылатын пәндердің ішіндегі жетекші басты пәннің бірі – қазақ тілі.
Оның ішінде басқа ұлт мектептеріне мемлекеттік тілді меңгерту қазіргі қоғамымыздың басты
мәселелерінің бірі десек болады. Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйретуге арналған оқу-әдістемелік
құралдар да, оқулықтардың, жұмыс дәптерлерінің жазылуы да үлкен жауапкершілікті талап етеді.
Орыс тілдерінде оқытатын мектептердегі басты мақсат – оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыру,
жан-жақты дамыған, рухани жетілген тұлға ретінде тәрбиелеудегі ұстаздардың да алдына қойған
талап, міндеттері де ауқымды. Бүгінгі күннің білім беру жүйесі, технологиясы ұстаздың жаңа
бағытта еңбектенуін, іскерлік шеберлігін, тың өзгерістер енгізуін талап етуде. Қазақ тілінің әсіресе
орыс тілді мектептерде мәртебін жоғарлату үшін мұғалім ылғи да ізденісте болуы тиіс. Ұстаз жаңа
техналогияны пайдалана отырып баланың зейін оятатын сабақ жоспарын әзірлеуі міндетті. Тілді
дамытушылық, балаға жеңіл түсіндірілетін жүйемен жұмыс жасалуы керек. Баланың бастауыш
сыныптан бастап пәнге деген қызығушылығы, кейінгі орта буында білімнің жақсы жетілуіне тікелей
227
септігін тигізеді. Мұғалімнің баланың жасына қарай дамытушылық сабақ жоспарын әзірлеуі, сабақ
жоспарының ішінде диалог, мәтін қрастыру сынды, ойын сабақтарын тиімді пайлануы оқушының
пәнге деген қызығушылығын дамытады. Бала жалықпай жұмыс жасап, сол алған білімін жадында
сақтауы үшін жан –жақты байланыстыра отырып, қызыға да келесі сабақты асыға күтетіндей етіп
сабақты өткізу ұстаздың ізденіс үстіндегі шеберлігі. Берілетін мәтін, тапсырмалардың маңызы зор
болғаны дұрыс, сол арқылы оқушы санасына керекті нәрсені құйып отырады.
Бүгінгі таңда жас ұрпақ тәрбиесіне бағытталған идеялық мұрат - шығармашылықпен жұмыс
істеу, жаңа тұрпатты жеке тұлға қалыптастыру болса, жұмыстың негізгі бөлімінде осы мәселелерге
қол жеткізу үшін жүргізілетін жұмыстар жүйесі жасалады. Бастауыш сыныптағы қазақ тілі
сабақтарында оқушылардың дүниетанымдық білімдерін қалыптастыру жолдары мен бастауыш
сыныптардағы «Қазақ тілі» пәні бойынша танымдық-гуманитарлық материалдарды оқушыларға
игертудің амал – тәсілдері үйретіледі. Бастауыш сынып оқушыларының алғашқы дүниетанымдық
білімдерін қалыптастыруды оқу әрекетінде жүзеге асыру жолдары іздестіріледі және әр түрлі
жұмыстарды орындата отырып оқушыларды шығармашылыққа баулудың қажеттілігі қамтылады.
Бейнелеу өнері, денешынықтыру, музыка, еңбекке баулу, математика, ана тілі сабақтарында
бастауыш мектеп оқушыларын қазақ тілділікке тәрбиелеу, сол арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа
баулу амалдары қарастырылады.
Бүгінгі таңда бастауыш білім берудің басты міндеті оқушының дүниені тұтастай қабылдауын
алғашқы дүниетанымдық ұғымдар арқылы қалыптастыру болып отыр. Бастауыш саты – оқушы
дамуының негізі қаланатын ерекше кезеңі болғандықтан, олардың алғашқы ұғымдары да осы
уақытта қалыптасады.
Қазақ тілі пәнін үйретуде ұстазға қойылатын талаптардың ең бастылары тек қана ауызекі еркін
сөйлесе, жаза білу дағдыларын меңгерту ғана емес, халқымыздың бай мәдени, әдеби, тарихи
мұрасын, тәрбиелік мәнін жеткізіп, егеменді еліміздің жерін, дәстүр - салтын сүйетін және оны
бағалап, көзінің қарашығындай қорғай білетін болашақ ұрпақты тәрбиелеу.
Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден – бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі
болуына ықпал ететін нұсқа сол сабақты өткізудің әртүрлі әдіс – тәсілдері, яғни жаңашыл сабақ.
Бүгінде қазақ халқының салт – дәстүрлерінде (абырой мен намыс, мінез – құлық, сана – сезім, әдеп
дәстүрлері) адамгершілікке тәрбиелеу, бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын
арттыру педагогикалық үдерістің жетекші мақсатының бірі және ұнамды бағдар берілген жеке
тұлғаны дамытудың негізгі факторы болып саналады. Қазіргі кезде жас ұрпақ тәрбиесіне
бағытталған идеялық мұрат - шығармашылықпен жұмыс істеу екендігін басшылыққа ала отырып,
оқушының өз - өзіне деген сенімін қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру, сапалы
білім беру - мұғалім жұмысының басты мақсаты екендігін дәлелдей білу. Бұл бітіру жұмысында жас
ұрпақты ұлтжанды, өз елін, жерін, тілін, ділін, дінін жанындай сүйетін, халқымыздың тарихи
құндылықтарын, салт – дәстүрін қадірлей білетін дара тұлға етіп тәрбиелеуде қазақ тілі
сабақтарында жүргізілетін әр түрлі деңгейдегі шығармашылық жұмыс түрлерінің маңыздылығына
баса назар аударылған. Сондай – ақ, бастауыш сынып оқушыларының ой - өрісін, дүниетанымдық,
байқампаздық қасиеттерін дамытатын түрлі шығармашылық жұмыстардың өзіндік ерекшеліктері
сұрыпталынып, қазақ тілі сабақтарында оларды ұйымдастырудың және жүйелі жүргізудің тиімді
амал – тәсілдерін көрсету, сондай – ақ, бейнелеу өнері, денешынықтыру, музыка, еңбекке баулу
сабақтарында бастауыш мектеп оқушыларын қазақ тілділікке тәрбиелеу жолдарын меңгерту болып
табылады. Сонымен қатар бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарының дүниетанымдық
мазмұнын қамтамасыз етуде пәнаралық байланыс арқылы бастауышта жүргізілетін өзге пәндердің де
ықпалын байқату көзделеді және осы бағытта түрлі инновациялық стратегияларды тиімді қолданып,
бастауыш сынып оқушыларының таным көкжиегін кеңейтіп, дүниетанымдық көзқарасын байыту
мақсат етіледі.
Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру
деңгейіне жетуге ат салысуда. Бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндет білім беру жүйесін жаңарту
болып отыр. Ал бұл міндет бастауышты оқыту саласына тікелей қатысты да маңызды. Сондықтан да
бүгінгі мектеп оқушылары ертең өз жолында кездесетін қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін
өздері шешуге, саналы шешім қабылдауға дайын болуы керек. Ол үшін оларға сабақты жүйелі
түсіндіріп, әр түрлі танымдық материалдарды сан түрлі әдістермен меңгертуге болады. Оқу-
танымдық қызметтің тиімді ұйымдастырылуы таным әдістерінің табиғатын дұрыс танып - білуден
және оларды қолдану жолдарын жүйелі сипаттауға байланысты. Таным теориясында таным әдістері
деп, әлемді тануға әкелетін әдістер қарастырылады. Таным әдістері дегенді П.В.Копниннің ізімен біз
228
де ақылдың өз-өзінен жасап шығаратын туындысы емес, бірақ теориялылықтың нормативті
білдірілуі, әрекет ережелері, стандартты деп түсінеміз.
1) Анализ және синтез әдістері. Анализ (талдау) әдісі - ойлаудың логикалық тәсілі. Қарастырып
отырған нысанды ойша бөлшектеу негізінде жаңа білім қалыптастыру амалы ретінде талдау әдісі
таным үрдісінде маңызды орын алады. Қарастырылатын нысанның ерекшеліктеріне қарай,
талдаудың ішкі түрлері анықталады. Аналитикалық қызмет барысында ой қарапайымнан күрделіге
қарай, кездейсоқтықтан → тепе-теңдікке, бірлікке қарай жүреді.
Оқушы білім алуының аналитикалық түрі жаңа қатынастар мен байланыстарды тануға
жетелейді. Сөйлем мүшелерін оқытуда анализ әдісін оқушыға дұрыс үйрету арқылы сөйлем
мүшелерін практикалық, теориялық жақтардан өз бетімен анықтай білу дағдылары
қалыптастырылады. Сөйлем мүшелерін оқытуда синтаксистік талдау жасатудың мәні зор. Анализ
әдісін орынды, бірқалыпты тәртіппен қолдана білу дағдылары қалыптасуы барысында оқушының
теориялық, практикалық ойлау дағдылары дамуы да жүзеге асып жатады.
2) Синтез (жинақтау) әдісі – анализбен бірдей таным үрдісінде маңызды орын алатын таным
әдісі. Синтездің негізгі қызметі – талдау барысында бөлшектелген ұғымдық қасиеттерді жинақтау,
біріктіру. Синтездеу барысында жалпы мен жекенің ерекше бірлігі танылады, бірлік пен түрлілік
өзара тұтастық жасауға бағытталады. Сөйлем мүшелерін оқыту барысында синтез әдісі «сөйлем
мүшесі» деген тіл бірлігінің тұтастығын құрайтын жекелеген бірліктерінің тұтасып келіп,
оқушылардын топтастырылған (обощенный) ұғым жасауына жетекші қызмет атқарады. Сөйлем
мүшелерінің болмысы туралы жаңа аспектідегі білім мазмұнын игеру механизмдері мен
ұстанымдарын анықтау таным теориясын негіз ете отырып жасалатын оқыту технологиясының
кешенді проблемаларын зерттеуге алып келді. Оқушының теориялық, практикалық ойлауларын
дамытуды олардың ғылыми білім алуын қамтамасыз ету арқылы ұйымдастыруда таным
теориясының ілімдері осылай үлкен тірек болады.
3) Индукция және дедукция әдістері. Диалектикалық логикада индукция мен дедукцияны
бұрынғы айтылып келген «дедукция - нақты қорытынды, ал индукция - ықтималды қорытынды»
дегеннен өзгеше, өзіндік ілім беріледі. Дидактикалық логика табиғатын танушылардың пікірінше,
индуктивтік әдіс пен дедуктивтік әдіс қандай жағдайда да қарама - қайшылықты көрсетуі тиіс «Бір
жағдайда бұл қарама-қарсылық бағыты бойынша, екінші жағдайда – сапасы бойынша болады:
ықтимал және нақты білім – білімнің қарама - қайшы сапасы» . Сөйлем мүшелерін модульдік -
интерактивтік технология бойынша оқытудың тарихын зерделеу барысында оқытудың мұндай
әдістері қолданылу іздерін табу қиын емес. Сөйлем мүшесі туралы оқу материалы бірнеше бөлшекке
бөлініп басында сөйлем мүшесі туралы дайын ереже, соңында сөйлем мүшесінің жекеленген
белгілері туралы мәлімет беріледі. Мұнда алғашқы материал мен соңғы материалдарының әр
жігіндегі байланыстырушы дәнекерлер әлсіз немесе мүлде дерлік жоқ деуге болады. Мұның өзі қазақ
тілін оқыту әдістемесінде индуктивтік пен дедуктивтіктің алатын орны әлі де арнайы қарастырылу
қажеттігін көрсетеді.
Әрбір материал мұғалім тарапынан жақсы түсіндіріліп, қаншама дағды берілгенімен, әр
оқушының білімі, дағдысы, шеберлігі есепке алынбаса, олардың материалды қалай меңгергені,
нәтижесі, оған қалай жеткені белгісіз болып қала береді. Оның үстіне балалар өз еңбегінің нәтижесін
біліп отырмаған соң, келесі еңбекке ынтасы азайып, сабаққа белсенділігі төмендейді. Сондықтан қай
жазба жұмысы болмасын оның орындалуына ерекше мән беріліп, оқушы еңбегі бағалануға тиісті.
Мұғалім оқушылардың жаттығу жұмыстарын тексеріп, дер кезінде кемшіліктерін түзетіп
отыруы, оқушының сауатты жазуына ықпалын тигізеді. Осындай жұмыс түрлері арқылы
оқушылардың оқу материалын қалай ұғынғаны айқындалады, яғни жаттығу әдісі оқыту ісінің
теориясын практикасымен байланыстыру принципін жүзеге асырады.
Жаттығу арқылы балалардың алған білімдері нығайтылып, нақтыланып қана қоймайды,
сонымен қатар өз беттерінше жұмыс жасауға, ойлау қабілетін дамытуға дағдыланады.
Уақыт мектеп мұғалімдеріне жастарды жаңа заман талаптарына сай сауаттандырып, әрі озық
ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, өмірге лайықты қылуын қажет етіп отыр. Бұл міндеттерді
абыроймен орындау үшін, ұстаздар қауымы оқу-тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарауға тиіс.
Бұл – жазба жұмыстарына да қатысты талап.
Күні бүгінге дейін көп көңіл аударылмай келе жатқан жазба жұмыстарының бірізділігін,
жүйелілігін, әртүрлі дағды қалыптастыратындай, түрлі шығармашылық ізденістерге апаратындай
болуын қамтамасыз ету керек. Сондықтан оқулықтардағы жаттығуларға жаңа талаптар деңгейінен
қарап, жаңа технологиялық тұрғыдан орындап, жаттығуларды орындау тәсілдерін өзгертіп отыруға
зер салсақ, қателіктерге жол берілмейді.
229
Жаттығу жұмыстарын жүргізу барысында оқушының сезім-түйсігін, қабылдауын, зейінін, есте
сақтау қабілетін, ойлау, қиялдау, болжау қабілетін, ерік-қайратын, дағды машықтарын,
жауапкершілігін, дербестігін, өз бетінше ізденісін дамытамыз.
Бөбек тілді өзі өмір сүре бастаған ортадан үйренеді, ал олардың мектепте оқуына байланысты
сол табиғи процесс онан әрі жалғаса түседі. Сондықтан мектептегі тіл үйрету жұмыстары да үйдегі
басталған табиғи процестің заңдылықтарына негізделіп жүргізіледі. Ең алдымен тілдің өз
табиғатынан жеті заңдылық шығады.
Бірінші заңдылық. Тілді ұғыну барысында адам фонологиялық, грамматикалық және
лексикалық мағыналарды меңгереді. Балалар ана тілінің фонологиялық мағынасын, әдеби тілдің
орфоэпиялық мөлшерін мектепке дейін-ақ меңгере бастайды. Егер бала үйренбеген болса, мектептегі
жүргізілетін жұмыстар да қиындай түседі (мысалы, оқу дағдысын қалыптастыру т. с. с.). Оқушылар
сөздің лексикалық мағынасын да мектепке дейін меңгереді. Олар мектепке оқуға түскеннен кейін
мұғалім балалардың лексикалық қорын кеңейту, қолданылатын сөздердің мағынасын анықтай түсу
сияқты жұмыстарды жүйелі түрде жүргізеді. Ана тілінің грамматикалық мағынасымен де балалар
мектепке дейін танысады. Мектептің міндеті оқушыларға ана тілінің сан алуан грамматикалық
қатынастары мен көріністерін үйретіп, тіл байлықтарын арттыра түсу. Грамматикалық мағынаны
ұғыну үшін бала жан-жақты, кең ойлай алатындай болу керек. Сондықтан грамматикалық мағынаны
ұғыну барысында олар шындықтағы заттар мен құбылыстардьщ арасындағы қатынастарды түсінеді,
ойлауға үйренеді. Міне, осыдан тіл мен ойлаудың тығыз байланысы келіп шығады. Сөйтіп, тілді
ұғыну – ана тілінің фонологиялық, грамматикалық және лексикалық фактілермен оқушылардың тіл
байлығын арттыру.
Жастарды еңбекке баулу – қай кезде де азаматтық тәрбиенің елеулі шарттарының бірі. ХІХ
ғасырда еңбек мәселесі орыс әдебиетінде де айрықша көтеріліп, халық өкілдерінің негізгі
ерекшеліктері мен биік қасиеттері еңбекке байланысты көрсетілгені белгілі. Ең бастысы Алтынсарин
орыс жазушылары мен ағартушыларының еңбек мәселесін шешудегі зор жетістіктерінен үйреніп
және оларды өзінің әдеби, сондай-ақ педагогикалық жұмыстарында ұтымды пайдаланды. Бұл жағдай
оның әңгімелерінің жалпы мазмұнынан байқалып отырады. Қазіргі бастауыш сынып оқушыларының
еңбекке баулу пәніндегі қазақ ілділікке тәрбиелеу мәселесіне келетін болсақ, қазағымыздың салт-
дәстүрін үнемі шеттен тыс қалдырмай, олармен қазақтың ұлттық саз аспабын ермексазды қолдану
арқылы қолдан жасату – аспаптың түрлері, қазақ халқымыздың жиһаздары, тоқыма тоқуды, тіпті
еңбек пәніне арнап, арнайы сөздік ретінде оқушыларға таныс емес сөздерді жаздырып, түсінік
беріледі.
Балалар ана тілі арқылы адамгершілікке, интернационалдық, патриоттық рухқа тәрбиеленеді.
Ана тілінде жақсы оқи алатын бала өзі оқыған немесе айтылған материалдардағы ойды да дәл
түсінеді. Ал мектепте оқытылатын грамматика, оқу, тіл дамыту сабақтарының, бір жағынан,
білімдік мәні, екінші жағынан, тәрбиелік мәні, үшіншіден, баланың жеке басындағы қасиеттерді
дамытып, олардың әлеуметтік бағдарларын айқындай түсуде орасан зор үлес қосатыны мәлім.
Бастауыш мектепте ана тілінен оқушыларға білім, тәрбие беруде және оларды дамытуда
мынадай қағидалар басшылыққа алынады:
1. Мұғалім білімдік, тәрбиелік, дамыту жағынан құнды, шәкірт ұғымына сай келетін, анық та
дәл, көркем тілмен жазылған материалдарды іріктеп алып, қазақ тілі сабақтарында пайдаланып
отыруға міндетті;
2. Балаларды дәл, анық, бейнелі сөйлеуге жүйелі түрде, үнемі дағдыландырады;
3. Көркем шығармалар арқылы білім бере отырып, балалардың сезімдеріне эсер етіп, кеңес
адамына қажетті моральдық қасиеттер, адамгершілік мінез-құлықтардың қалыптасуына жағдай
туғызады.
Бастауышта қалатын білім оқушының ары қарай дұрыс жетілуіне апарады. Дамытушылық
бағытта оқушымен көп жұмыстар жасалса, ол пән мен ұстаздың тікелей жетістігі. Қазақ тілі пәнінің
жетекші орын дұрыс бағалап, бала бойына тиянақты сіңіру ұстаз міндеті. «Дәулет – есіктен, ақыл –
бесіктен кіреді» дегендей, білім бесігі мектептен басталады. Жас жеткіншекті халықтың қадір –
қасиетін білуге үйрету, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге және әдептілікке баулу мектеп
табалдырығынан басталады. Біздің тәрбиеміз ананың ақ сүтімен, әлдиімен, атаның қасиетті
сөздерімен қалыптасады. Өзіне де, өзгеге де жоғары талап қоя отырып, педагогикалық шеберлігін
шыңдауда өз бақытын балаға білім беруден тапқан жан – ұстаз. Шәкірттерінің жүрегіне жол тауып,
ізгілік нұрын себуге ұмтылған осы бір ұлағатты жан – ұстаз. «Білім – жанып тұрған шырақ»
дегендей, ұстаз еңбегі оқушы білімімен өлшенеді. Ұстаз еңбегінің күрделілігі - әрбір оқушының
жүрегіне жол табуда, әр баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді тануға,
230
қоғам алдындағы жауапкершілікті, адамгершілік қадір – қасиетін сезіндіруде жатыр. Айналадағы
заттар мен құбылыстар жөніндегі деректер жиынтығы әдетте білім деп аталады. Білімді саналы және
берік меңгеріп алуға бағытталған балалар психикасының белсенді әрекетін туғызатын мұғалімнің
әдістері мен тәсілдері оны дамытып, жетілдіре түседі. Сондықтан мұғалімнің сабақ үстінде алға
қоятын басты міндеттерінің бірі баланың зейінін тудыру және оны дұрыс ұйымдастыру болып
табылады. Ендеше, танымның негізгі және білімнің ақиқаттығының шарты – тәжірибелік іс - әрекет,
яғни сабақ. Өйткені, оқушының таным әрекеті мұғалімнің басшылығымен іске асырылып отырады.
Бүгін ұстаз, интеллектуалдық деңгейі жоғары, білімді, білікті болуы керек. Ұлы ғұлама Әл –Фараби
«Адамға ең бірінші білім емес, руханитәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың
қас жауы! Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі.» - деген болатын. Олай болса, білім мен
тәрбие егіз екенін естен шығармай, сапалы білім мен саналы тәрбие беруді ұштастыра жүргізген
ұстаз ғана өз мақсатына жетпек.
Достарыңызбен бөлісу: |