«Педагогические инновации как условие повышения качества образования»


МAТEМAТИКA ПӘНIНДE ТOПТЫҚ ЖҰМЫС APҚЫЛЫ OҚУШЫНЫҢ ӨЗ БЕТІМЕН



Pdf көрінісі
бет35/43
Дата10.01.2017
өлшемі4,35 Mb.
#1560
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   43

 
МAТEМAТИКA ПӘНIНДE ТOПТЫҚ ЖҰМЫС APҚЫЛЫ OҚУШЫНЫҢ ӨЗ БЕТІМЕН 
ЖҰМЫС ІСТЕУ ДAҒДЫСЫН ҚAЛЫПТAСТЫPУ 
 
Мақаладан  бастауыш  сынып  оқушыларын    математика  пәнінде  өз  бетімен  жұмыс  істеу  дағдысын  жетілдіру 
және іс әрекетті зерттеу үдерісін жүргізу қажеттілігі  туралы қарастырылған. 
В  статье  рассматривается    развитие  самостоятельной  работы  и  разработка  процесса  по  математичемкой 
дисциплине учащихся начальных классов.  
The article discusses the development of the independent work and development process on a Math primary school pupils 
Негізгі сөздер: үдеріс, өз бетімен жұмыс,модуль,рефлексия,іс әрекетті зерттеу 
Ключевые слово: процесс,самостоятельная работа, модуль, рефлексия, исcледование действий. 
Key words: process,independent work, module, reflection, action research. 
 
Білім  беру  қоғамдық  үдеріс  болып  табылады,  ол  арқылы  «жаңа  буын  тілді,  сат  дәстүрді, 
фунцияларды, өзара қарым-қатынастарды және осы қоғам мүшесі болу үшін  олар білуге тиіс белгілі 
бір орныққан тәжірибені танып біледі» Қaзipгi қoғaмғa epкiн, өзiндiк дәлeл уәжiн нaнымды жeткiзe 
бiлeтiн,  ынтaлы,  сeнiмдi  сыни  пiкip  көзқapaстapы  жүйeлi  дaмығaн  сaндық  тexнoлoгиялapдa 
құзыpлылық тaнытaтын, фунционалды сауатты тұлғaны қaжeт eтeдi. Сонымен , қазіргі кезде қоғам 
үшін ерекше маңызды бар білім өткен кезеңде дүниеге келген саясаттың өнімі болып табылады да, 
оның  даму  үдерісі  барысында  білім  мен  қоғам  арасында  өзара  қарым-  қатынас  өзгеріп  түрленіп 
отырады 
Бұл  өзгерістер  белгілі  бір  құзыреттіліктерге  айтарлықтай  әсер  етеді,  оқушыларда  ХХІ  ғасыр 
дағдыларын тиімді қалыптастыра алу үшін мұғалімдердің өздері де ол дағдыларды меңгеруге тиіс. 
Инновацияларды енгізуге қатысты сұрақтардың бірі – тәжірибеде нені өзгерту керек және шынайы 
сыныпта  жаңалықтарды  жүзеге  асыру  болып  табылады.  Сондықтан  да  іс-әрекеттегі  зерттеу 
мұғалімдерге  жүйелі  түрде  тәжірибе  туралы  ойланудың  күшін  көрсете  алады.Оқытушы  кәсібінің 
табыстылығының  құпиясы  –  үздіксіз  өсу  және  білім  алуда.Оқытушылар  үшін  іс-әрекеттегі  зерттеу 
практикалық  тәжірибені  пайдалана  отырып,  одан  әрі  өсу  және  оқуды  жалғастыру  тәсілі  болып 
табылады.Сонымен,  іс-әрекетті  зерттеу  бұл  –  әрекеттер  мен  олардың  салдарын  жүйелі  түрде 
зерттеумен  қоса,  оқыту  мен  оқуды  жетілдіру  мақсатында  іс-әрекетті  орындау  үдерісі..Сoндықтaн 
деңгейлік курсты аяқтаған соң oй eлeгiнeн өткiзe кeлe «Тoптaғы бipлeскeн ұжымдық жұмыс» мoдулi 
мeктeбiмдeгi бaстaуыш сыныптapдa мaтeмaтикa пәнiнeн кeздeсeтiн кeдepгiлepдi жoюғa көмeктeсeдi , 
сeбeбi,  тoптaғы  бipлeскeн  жұмыс  apқылы  oқушы  мaтeмaтикa  пәнiнeн  өз  бiлiм  дeңгeйiн  бaқылaй 
бiлугe  үйpeнe  aлaды  жәнe  өзiнe  дeгeн  сeнiмдiлiгi  apтaды  яғни  өз  бетімен  жұмыс  істеуге  және 
функционалды  сауаттылығын  қалыптастыруға    үйpeнeтiнiн  түсiндiм.Өйткeнi  мeн  жұмыс  iстeйтiн 
Opaлxaн  Бөкeй  aтындaғы  №44  мeктeп-лицeйiнiң  бaстaуыш  сыныптapындa  мaтeмaтикa  пәнiнeн 
күндeлiктi сaбaқтa oқушылap бeлсeндiлiгi жaқсы, aл өз бeтiмeн жұмыс кeзiндe бiлiм сaпaсындa бipaз 
aйыpмaшылықтap бaйқaлaды. Сoндықтaн мeн бiздiң мeктeптe бaстaуыш сынып oқушылapы бoйындa 
мaтeмaтикa  пәнiнeн  әлi  дe  өз  бiлiмдepiнe  дeгeн  сeнiмсiздiк  бap  eкeнiн,  қиындықпeн  бeтпe  бeт 
кeлгeндe  өзiн-өзi  peттeу  дaғдысының  төмeн  eкeнiнe  көзiм  жeттi.  Мeнiң  oйымшa  өз  бетімен  жұмыс 
істей  бiлeтiн oқушы пәндi тepeң түсiнeдi,aлғaн бiлiмдepiн сыныптaн тыс жepдe,кeз кeлгeн жaғдaйдa 
тиiмдi пaйдaлaнa  aлaды.Oсы пpoблeмaмды шeшудe қaндaй мoдуль aлсaм дeп мұғaлiмдepгe apнaлғaн 
нұсқaулықтaн тoптық жұмыс туpaлы:  
Тoптaғы бipлeскeн oқу – бұл oқыту мeн oқу тәсiлi.  
1.Тoптық бipлeскeн oқу oқушылap aқпapaтты игepeтiн жәнe өздepi игepгeн мәлiмeттi бұғaн 
дeйiн игepгeн бiлiмдepiмeн бaйлaныстыpaтын бeлсeндi үдepiс бoлып тaбылaды делінген. 
Мәлiмeттi  oқып  қapaдым  дa  oқушылapды  өз  бетімен  жұмыс  істеу    дaғдысын  қaлыптaстыpу 
үшiн тoптық жұмыс мoдулiнiң тиiмдiлiгi бap дeп шeшiп, тaқыpыбымды oсығaн сәйкeс былaй тaңдaп 
aлдым. 
Мeнiң  зepттeугe  aлғaн  тaқыpыбым:  Мaтeмaтикa пәнiндe  тoптық жұмыс apқылы  oқушының  
өз бетімен жұмыс істеу  дaғдысын қaлыптaстыpу . 

246 
 
Мaқсaтым:Oқушылapды әp түpлi тoптapдa жұмыс iстeу дaғдылapын дaмытa oтыpып, өзiн –өзi 
peттeу дaғдысын қaлыптaстыpу  
Мiндeттepiм:  
1.Түpткi сұpaқтap қoю apқылы peфлeкция жaсaй бiлугe үйpeту . 
2.Oқушылapдың өзiн – өзi peттeу дaғдысын  қaлыптaстыpу. 
3. Кepi бaйлaныс apқылы өзiн  өзi  бaқылaй бiлугe үйpeту   
4. Дeңгeйлiк тaпсыpмaлap opындaу apқылы өзiнe   дeгeн сeнiмдiлiгiн apттыpу.  
Күтiлiтiн нәтижeлepi:  
1. Өз бiлiм дeңгeйiн бaқылaй  бiлугe дaғдылaнaды 
2. Өзiнe дeгeн сeнiмдiлiгi apтaды 
3. Өзiн – өзi peттeу дaғдысын қaлыптaсaды 
Мeн өзiмнiң зepттeу тaқыpыбым бoйыншa тәжipибeмдi өткiзугe   4 «В» сыныбындa мaтeмaтикa 
пәнiнeн  тaңдaп  aлдым.Өйткені  осы  мектебіміздегі  бастауыш  сыныптарда  математика  пәнінен 
кездесетін кeдepгiлep менің сыныбымда да бар еді. 
Осы  іс  әрекетті  зерттеу  үдерісін  жүргізу  үшін  үш  деңгейлі  оқушыны  ,  мектеп  психологымен 
бірлесе отырып сол сынып оқушыларының таным деңгейлерін және «Малс»   сауалнамасы арқылы 
басқалармен  жұмыс  істей  алатын,  сенім  артуға  болатын,  тапсырмадан  қашып  тұратын
тапсырмадан  қалыс  қалатын  оқушыны    және  бақылау,  тест  жұмыстарын  алу  арқылы  білім 
деңгейлерін  анықталды.  Іс  әрекетті  зерттеу  тақырыбыны  негізге  ала  және  сынып  оқушылар  білім, 
танымдық    деңгейін  ескере  отырып  орта  және  қысқа  мерзімді  жоспарлар  жасалды.  Тізбектелген 
сабақтар  жоспарын  жасауда  топтық  жұмыс,деңгейлік  тапсырмалар,  дидактикалық  ойындар, 
конструктор,  диалог,  проблемалық  сұрақтар  қою  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлауға  үйрету  әдістері 
пайдаланылды  және  оқушы  жас  ерекшелігі  ескерілді.  Жаңа  білімді  игеруде  электронды  оқулықтар 
және оқушылардың игерілген білімдері пайдалану арқылы өздеріне өздері түсіндіруге бағытталды.   
Жoспap  құpып  aлғaнaн  кeйiн  сaбaқ  өткiзу  бapысындa  үш  нысaнaғa  aлғaн  oқушылapымды 
бaқылaй жүpiп мынaдaй қиындықтap кeздeскeнi туpaлы aйтуымa  бoлaды: 

 
Oқушылapдың  тoптық  жұмыс  кeзiндe  бip-бipiнe  көмeктeскiсi  кeлмeй  ынтымaқтaстықтың 
бoлмaуы.  

 
Бұндaй  әдiс  –  тәсiлдepдi  сaбaқтa  пaйдaлaнудa  oқушы  мeн  мұғaлiмнiң  дaғдысының  
жoқтығынaн, уaқыттың жeтпeй қaлуы. 

 
Тoптық жұмыс кeзiндe oқушы бoйындa өзiн өзi peттeу дaғдысының жoқтығынaн бipiн – бipi 
тыңдaй aлмaуы. 

 
Сaбaқ бapысындa өзiн өзi, өзapa, тoптық бaғaлaу кeзiндe бaғaның әдiл бoлмaуы. 

 
Oқушылapдың peфлeксия жaсaйдa қинaлуы. 

 
 Oқушылapдың өздepiнe дeгeн сeнiмсiздiктepi. 

 
Әлi дe aқпapaт құpaлдapымeн жұмыс iстeй бiлу дaғдысының aздығы. 

 
Қысқa мepзiмдi жoспap жaсaғaн кeздe oқушылapдың жaс epeкшeлiгiнe сaй стpaтeгиялapды 
тaңдaудaғы қиындықтap. 
Сондықтан мен қанша өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырсам oқушылapғa тeк бiлiм 
бepiп  қaнa  қoймaй,  oның  өмipдe  қoлдaнa  бiлуiнe  дағдысын  қалыптастыруыма    болатынын 
түсiндiм.Өйткені сыныбымдағы білім сапасы жыл аяғында 96% , бастапқымен салыстырғанда 14% 
өсті  және  сыныбымда  бәсекеге  түсетін  белсенді  оқушылар  көбейді,  оқушылар  өздерінің  қатесін 
қалай  және  неден  бастап  түзету  қажеттіліген,  яғни  өз  біліміне  рефлексия  жасай  білетін  оқушылар 
шықты.  Oл  мүмкiндiктi  бepу  үшiн  мeн  eндi  үйpeтушi  eмeс,  бaғыттaушы,  бaғдapлaушымын. 
Oқушылapдың  пiкipiмeн  сaнaсып,  сaбaқ  жoспapын  құpу,  сыныппeн  билiктi  бөлiсу,  oйлapын  үнeмi 
басшылықта ұстaу, бaқылaу, өз бeтiншe үйpeнугe бaғдap бepу, мұның бapлығы мeнi oқушылapыммeн 
бұpынғыдaн дa жaқындaстыpды.   
Қорта келе, іс әрекетті  зерттеу үдерісін жүргізу  үлкeн eңбeктi жәнe ұлaстыpуды қaжeт ететін 
үдеріс. 
Сoндықтaн, бoлaшaқтa: 
1.
 
Сaбaқтa  oқушылapдың  мeтaтaнымын  кeңeйтугe  ықпaл  eтeтiн  деңгейлік  тапсырмаларды 
құрастыру және күнделікті сабақта пайдалану. 
2.
 
Дapынды  жәнe  тaлaнтты  бaлaлapмeн  жұмыс  жaсaудa  лoгикaлық    күpделi  тaпсыpмaлapды 
бepу. 
3.
 
Мeктeптe әpiптeстepмeн жүйeлi түpдe іс әрекетті зерттеу үдерісін жүpгiзуді насихаттау жіне 
үйрету. 

247 
 
4.
 
Бaлaлapдың бip-бipiн әдiл бaғaлaуын қaдaғaлaу үшiн бaғaлaу өлшeмдepiн бaлaлapмeн, бipгe 
құpaстыpу, aтa – aнaлapғa тaныстыpу. 
5.
 
Oқушылapды сын тұpғысынaн oйлaнуғa мaшықтaндыpу. 
Бoлaшaқтa oсы жoспapды жүзeгe aсыpуды Мapия Мoнтeссopидiң  «Мeнiң әдiстepiммeн мұғaлiм 
aз oқытaды, көп қaдaғaлaйды» дeгeн сөзiнe нeгiздeймiн.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
 
Мұғалімге  арналған    нұсқаулық.  Екіншідеңгей  Үшінші  басылым  .(2014).  «Назарбаев  Зияткерлік  мектептері» 
ДББҰ 2014ж 
2.Ғаламтор  көздері «Google» сайты 
 
 
А. Женискызы 
 
РАБОТА НАД НАУЧНЫМ ПРОЕКТОМ КАК СРЕДСТВО РАЗВИТИЯ 
ИСТОРИЧЕСКИХ КОМПЕТЕНЦИЙ 
 
Объективно  возрастающая  роль  образовательного  процесса  в  развитии  личности,  ее 
способностей управлять собой, самостоятельно усваивать постоянно обновляющуюся информацию 
порождает  необходимость  пересматривать  традиционные  подходы  к  обучению.  В  Законе 
Республики  Казахстан  «Об  образовании»,  «Государственной  программе  развития  образования  в 
Республике  Казахстан»,  в  «Концепции  12-летнего  среднего  образования»,  «Концепции 
этнокультурного  образования  в  Республике  Казахстан»  и  других  нормативных  документах 
указывается,  что  главным  приоритетом  казахстанской  школы  является  развитие  индивидуальных 
особенностей  каждого  учащегося,  создание  условий  для  совершенствования  его  творческого 
потенциала, развития базовых компетенций. 
В  наше  время  знание  учебного  материала  не  является  конечной  целью  образования.  Ученик 
должен  использовать  его  для  создания  новых  знаний,  для  решения  проблем,  принятия 
ответственности,  создания  продукции  и  организации  взаимодействия,  развития  компетенций  как 
конечного результата процесса образования. Этот вопрос в своих трудах поднимали зарубежные и 
казахстанские исследователи, такие как А.В. Хуторской, Н.Д. Хмель, Т.Т. Турлыгул, Б.С. Сарсекеев 
и многие другие.  
В связи с этим современная система школьного исторического образования строится на основе 
компетентностного  подхода.  Перечень  предметных  компетенций,  определяемый  школьной 
программой, включает хронологические, пространственные, информационные, речевые, логические 
компетенции школьников. 
Одним  из  средств  формирования  ключевых  компетенций  является  работа  над  научным 
проектом. В лицее «Туран» это с успехом реализуется. В 2016 году вместе с ученицей 7 «А» класса 
Норкуловой Тамиллой было создано «Информационное приложение к учебнику «История древнего 
мира» за 6 класс». Цель работы была облегчить процесс изучения учебного материала по предмету 
«История  древнего  мира»  с  помощью  приложения,  включающего  дополнительные  факты  и 
иллюстративный ряд, а также практическое применение полученных знаний в игре. 
Приложение состоит из шести глав, в каждом представлено определенное государство древнего 
мира, история его возникновения, особенность, достижения, вклад в мировую культуру. В качестве 
закрепления  изученного  материала  представлены  тестовые  задания  в  конце  каждого  раздела  и 
итоговая  настольная  игра.  Подбор  материала для приложения  проводился по  принципу  отсутствия 
информации о факте в учебнике. Особое внимание уделялось иллюстрациям. 
В  2015  году  учащиеся  Вологин  Виталий  и  Юсупова  Диана  работали  над  проектом  «Военная 
история  в  мемориальных  памятниках  Казахстана  (Алматинская  область)».  Выбор  темы  был 
обусловлен  70  летним  юбилеем  Победы  над  фашистской  Германией,  а  также  желанием  учеников 
увековечить память участников мировых и локальных воин, среди которых были и их предки. Ребята 
занимались  поиском,  анализом,  систематизацией  мемориальных  памятников,  находящихся  на 
территории  города  Алматы  и  Алматинской  области.  Ими  была  проведена  большая  краеведческая 
работа, в ходе которой возникла идея создания виртуального «Музея боевой славы» на официальном 
сайте лицея. При поддержке администрации лицея «Туран» и учителя информатики Даутовой Т. К. 
он  начал  функционировать.  Данная  идея  воодушевила  учеников и  сотрудников  лицея,  которые 
внесли  свой  вклад  в  пополнение  базы  музея,  предоставив  информацию  о  родственниках,  которые 
были участниками войны и трудового тыла. 

248 
 
Учащиеся  самостоятельно  выбирали  тему  научного  проекта,  реализуя  свои  индивидуальные 
интересы.  Главной  задачей  учителя  была  мотивация  учащихся  на  проявление  инициативы  и 
самостоятельности, организация самостоятельной деятельности учащихся, в которой каждый мог бы 
реализовать  свои  способности,  максимально  развить  у  них  навыки  работы  с  исторической 
информацией,  создание  развивающей  среды,  в  которой  становится  возможным  выработка  каждым 
учащимся  на  уровне  развития  его  интеллектуальных  и  прочих  способностей  определенных 
компетенций. В итоге компетентностный подход становится условием развития личности, средством 
ее  самоопределения  и  самореализации,  способом  самосовершенствования  и  самоосуществления  в 
обучении. 
Таким  образом,  компетентностный  подход  является  усилением  прикладного,  практического 
характера всего школьного образования. Ключевая мысль этого направления состоит в том, что для 
обеспечения  эффективного  школьного  образования  все,  что  изучается,  должно  быть  включено  в 
процесс  употребления,  использования.  Особенно  это  касается  теоретических  знаний,  которые 
должны  перестать  быть  мертвым  багажом  и  стать  практическим  средством  объяснения  явлений  и 
решения практических ситуаций и проблем. 
 
Литература 
1.
 
http://festival.1september.ru/articles/574903/ 
2.
 
http://festival.1september.ru/articles/581708/ 
3.
 
Хуторской А. В. Компетентностный подход в обучении. Научно-методическое пособие. 2013г. 
4.
 
Проблема  реализации  компетентностного  подхода  в  обучении  старшеклассников  //  Научно-педагогический 
журнал “Бiлiм-Образование” – Алматы, 2006.- №5(29). 
5.
 
Лебедев О.Е. Компетентностный подход в образовании// Школьные технологии. – 2004. – № 5 
6.
 
Байсбаев Е.А. Современные подходы к формированию ключевых компетентностей //Вопросы педагогики -2011. 
7.
 
Бекметова  И.  С.  Формирование  ключевых  компетенций  на  занятиях  социально-гуманитарного  цикла  // 
Профессионал Казахстана. - 2008. - №8. 
 
 
А.Т. Жуанышова 
 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДА ЖОБАЛАУ 
ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ 
 
В данной статье определены возможности реализации развития познавательных интересов младших школьников 
через  метод  проектов  в  обучении  познания  мира.  Даны  теоретические  пояснения  предпосылок,  применения  проектной 
технологии в организации исследовательской деятельности учащихся. 
In  this  article  the  feasibility  of  development  of  informative  interest  of  younger  schoolboys  through  the  project  method  in 
teaching  knowledge  of  the  world.  Given  the  theoretical  explanation  of  prerequisites,  the  application  of  design  technology  in  the 
organization of research activity of pupils. 
Ключевые слова: проектная технология, исследовательская деятельность учащихся. 
 
Қазіргі  кезде  егемен  елімізде  білім  берудің  жаңа  жүйесі  жасалып,  әлемдік  білім  беру 
кеңістігіне  енуге  бағыт  алуда  бұл  педагогик а  теориясы  мен  оқу-тәрбие  үрдісіндегі 
елеулі  өзгерістерге  байланысты  білім  берудің  жаңа  мазмұны  пайда  болды.  Мемлекеттік 
стандарт  бойынша бағдарламалар жасалып,  соларға  сәйкес  төлтума  оқу-әдістемелік  топтамалар 
жазылды.  Демек,  оқу-тәрбие  үрдісін  ұйымдастырудың  жаңа  жүйесі  мектептердің  тәжірибесіне 
енгізілуде,  яғни  педагогикалық  ғылымның  озық  идеялары  мен  жинақталған  тәжірибелердің 
нәтижелері  жаңа  жағдайларда  өзінің  қолданысын  тауып  отыр. Қазақстан  Республикасы  тәуелсіз 
ел  болғалы  ғылым,  мәдениет  салаларында  жасалып  жатқан  шаралардың  барлығы  жастарға  жалпы 
адамзаттық  және  жеке  ұлттың  игіліктер  негізінен  тәрбие  мен  білім  беру  ісін  неғұрлым  жоғары 
деңгейге  көтеруге  ықпал  етуде.  Еліміздің  егемендік  алған  алғашқы  жылдары  бар  күш  жігерімізді 
экономикалық,  әлеуметтік  жағдайларды  көтеруге  салдық.  Ендігі  мақсат  –  сол  экономикалық, 
әлеуметтік  даму  бағытымыздың  әлем  алдындағы  бәсекелестікке  төтеп  беру.  Елбасының  сөзімен 
айтсақ,  «Білімді,  еңбекқор,  бастамашыл,  белсенді  болуға  қазірден  бастап  дағдыланыңдар.  Жұмыс 
пен  сұраныс  бар  өңірге  батыл  барыңдар.  Шеберліктің  шыңына  жете  білсеңдер,  мамандықтың  бәрі 
жақсы.  Ерінбей  еңбек  еткен,  талмай  ғылым  іздеген,  жалықпай  техника  меңгерген  адам  озады. 
Тұрмысы  жақсы,  абыройы  асқақ  болады».  2015  жылғы  30  қарашадағы  «Қазақстан  жаңа  жаһандық 
нақты  ахуалда:  өсім,  реформалар,  даму»  атты  бұл  жолдауы  алға  қойылған  жоспарлар  мен 
мақсаттардың Қазақстанның жаңа тарихының бет бейнесін көрсетуі арқылы атқарар істер негізінде 
жүзеге асары анық [1]. 

249 
 
Егемендi  елiмiздiң  болашағы  жас  жеткiншектердiң  бiлiм  дәрежесiнiң  тереңдiгiмен  өлшенедi. 
Қазiргi  заманғы  бiлiм  беру  әлеументтiк  құрылымының  маңызды  элементтерiнiң  бiрiне  айналды. 
Адамның  жеке  басын  қалыптастыру  негiзi  бастауышта  қаланатыны  бәрiмiзге  белгiлi.  Бастауыш 
мектептен бастап оқушыларға бiлiмнiң қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдау, өзіндік 
жоғары  сананы  бойларына  дарытып,  Қазақстан  Республикасының  азаматы  деген  атаққа  лайық 
болатындай  етiп  тәрбиелеу  –  бiздiң  мiндетiмiз  болмақ.  Сондықтан  да  бастауыш  мектептен  бастап 
оқушының  жан–жақты  дамуына  басты  назар  аударылуы  керек.  Оқушының  жан  –  жақты  дамуына 
бағыт  –  бағдар  берушi  –  мұғалiм.  Бастауыш  бiлiмнiң  мемлекеттiк  стандартында  оқушыларды 
ғылымдар негiзiмен таныстырып қою емес, баланың жалпы ойын дамыту, қажеттi тәрбие берiп, оны 
тәжiрибеде қолдана бiлу үшiн өздiгiнен жұмыс iстеуге, адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру талап 
етiледi.  Бүгiнгi  заманның  педагогикалық,  психологиялық  зерттеулерiнiң  анықтауы  бойынша 
мектептiң  бастауыш  сыныбындағы  кезеңi  баланың  қай  жағынан  болсын  ең  қарқынды  дамитын 
кезеңi. 
Қазақстан  Республикасы  «Білім  туралы»  Заңының  8-бабында  «Білім  беру  жүйесінің  басты 
міндеті  –  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық 
коммуникациялық  желілерге  шығу,  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен 
практика  жетістіктері  негізінде  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға,  дамытуға  және  кәсіби  шыңдауға 
бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау»–  деп  атап  көрсеткендей-ақ,  қазіргі  кезеңде 
әрбір  мұғалімнің  алдына  қойып  отырған  басты  міндеттерінің  бірі-  оқытудың  әдіс-тәсілдерін  үнемі 
жетілдіріп  отыру  және  жаңа  педагогикалық  технологияны  меңгеру  болып  отыр  [2].  Қазақстан 
Республикасындағы  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарламасында  жалпы  білім  берудің  мақсаты  –  қазіргі  қоғам  талабына  сай  алынған  терең  білім, 
білік,  дағдылар  мен  құзырлықтардың  негізінде  еркін  бағдарлай  білетін,  қойылған  мақсатқа 
танымдық  қызмет  жасау  арқылы  жете  алатын,  өз  бетінше  дұрыс,  тиімді  шешімдер  қабылдауға 
қабілетті  жеке  тұлғаны  қалыптастыру  екендігі көрсетілген [3,17].  Оны жүзеге  асыру  -  мектептерде 
оқушылардың  танымдық  белсенділігін  арттыруға  септігін  тигізетін  оқу  үрдісін  ұйымдастырудың 
тәсілдерін,  әдістері  мен  нысандарын  іздестіруге  өзекті  сипат  береді.  Қазақстан  мектебінің  алдына 
қойып  отырған  мақсаты–инновациялық  оқыту  технологиясы  арқылы  оқу  мен  тәрбие  жұмысын 
дамыту,  еліміздің  әлеуметтік-экономикалық  жағдайын  жақсарту  бағытында  оқушыларға  жүйелі, 
нақты білім беру. Алайда, инновациялық педагогикалық технологияларды қажетті деңгейде қолдану 
және осы арқылы оқушылардың білім деңгейін, шығармашылық қабілетін қоғамдық сұранысқа сай 
қалыптастыру еліміздің барлық жалпы білім беретін мектептерінің дағдылы ісіне айнала қойған жоқ. 
Әлі  де  болса  көптеген  мектептер  оқыту  процесін  ұйымдастыру  мен  жүргізуде  оқытудың  дәстүрлі 
әдістері  мен  тәсілдерін  пайдаланумен  шектелуде.  Инновациялық  педагогикалық  технологияларды 
қолдану  мектепті  сапалы  түрлендіруге,  жаңашыл  жобаларды  енгізуге,  оны  тиімді  басқаруға  негіз 
болып, әрбір мектепке өзіндік даму жолын табуға, әрбір мұғалімге өзінің әдістемелік жүйесін құруға 
септігін  тигізер  еді.  Сондықтан  қазіргі  кезеңде  оқытудың  инновациялық  технологияларын  мектеп 
практикасына белсенді түрде ендіру – қоғам талабы. 
  «Өткенге  қарап  басымызды  иеміз,  ертеңге  қарап  білек  сыбанамыз»  демекші,  бүгінгі  бала  – 
ертеңгі  азамат.  Сондықтан  қазіргі  мектептің  басты  мақсаты  –  баланың  табиғи  күштері  мен 
мүмкіншіліктерінің ашылуына қолайлы жағдай жасау. Білім беру мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім 
беру жүйесін дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. 
Қазіргі кездегі білім беру ісінің негізгі нысаны-жас ұрпақтың біліктілігін ғана қалыптастырып 
қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сонымен қатар оны 
ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі күнге лайықты өмір сүріп, қызмет етуге 
қабілетті  тұлғаны  қалыптастыру  болып  отыр. Бәсекеге  қабілетті  жетілген  тұлғаны  қалыптастыру 
үшін  оқушыны  ізденушілікке,  өз  бетінше  жұмыс  жасауға,  бақылау  мен  зерттеуге,  зерттеу 
нәтижелерін  жинақтап,  қорытынды  жасай  білуге  үйрету  бастауыш  сыныптан  басталуы  қажет.  Бұл 
мәселенің  маңыздылығы  мен  қасиеттілігіне  ерекше  мән  беріп,  жобалау  әдістерін  пайдалануды  өз 
еңбектерінде  кеңінен    қарастырып  жүрген  ғалымдар  А.Н.  Леонтьев,  Радченко  В.П.,  Рузин  Н.  К., 
Есиков А.И., Тарасенкова Н. А., Жігітбекова Б.Д., Қараев Ж., Қуанбаева Б. зерттеулері дәлел болады 
[4, 58]. 
Мектептегі  білім  беру  жолдарында  тек  дайын  білім  негізінде  шектелмей, білім  алу  үшін  оны 
оқушы  өздігінен  одан  әрі  жетілдірудің  әр  түрлі  тәсілдерін  пайдалана  отырып,  оны  өмірде  іске 
асыруға ұмтылу керек. Сондықтан, оқушының мектептегі кезеңінде білім алуына аса мән берілетіні, 
себебі  осы  кезең  негізгі  білімнің  ірге  тасы  болып  есептеледі,  одан  әрі  осы  мектеп  қабырғасында 
алған білімді оқумен одан әрі жетілдіріп өзінің әртүрлі шығармашылық қызметтеріне іске асырады.  

250 
 
Абай Құнанбаевтың жетінші қара сөзіндегі «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. 
Біріншісі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Екіншісі – көрсем, білсем деп, ер жетіңкірегенде ит 
үрсе де, мал шуласа да, «ол неге өйтеді?»,  « бұл  неге бүйтеді?» деп көзі көрген, құлағы естігеннің 
бәрін сұрап, тыныштық көрмейді», – деген ой тұжырым оқушының биік танымдық қабілет, тұрмыс-
тіршіліктің  сырын  ұғуға  талпыныс  баланың  ерте  жасынан  туындайды  екен[4,73].  Сондықтан 
оқушыны ізденушілік, зерттеушілікке баулу бастауыш сыныптан басталуы тиіс. Өйткені бастауыш 
сынып  оқушысының  түрлі  сөздіктер  мен  қызықты  әдебиеттерді  іздеп  табуға,  оқып  танысуға  деген 
құштарлығы  басым  болады.  Баланы  ізденушілікке  баулу,  оған  зерттеу  дағдысы  мен  білігін  игерту 
бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады.  
Зерттеуші-оқушы өзінің табиғатынан зерттеуге бейім келеді. Білуге құмарлық, бақылау жасауға 
талпыныс, өзінше эксперимент жүргізуге баланың балалығымен бірге  жүретін үрдіс. Зерттеу, іздеу 
белсенділігі  –  баланың жаратылысына  тән  табиғи құбылыс.    Зерттеушілік әдісін  қолдану  қажеттігі 
оқушының  білім  алу  процесінде  қоршаған  ортасына  қызығушылығымен,  сүйіспеншілікпен 
қарауымен  түсіндіріледі.  Оқушының  өз  бетінше  зерттеу  жүргізуі  оның  жеке  талабын 
қанағаттандыруға, көкейінде жүрген сұрақтарға жауап табуға үлкен ықпал етеді. Одан басқа зерттеу 
жүргізу  интеллектуалдық  және  шығармашылық  қабілеті  мен  ойлау,  зерттеу  білігінің  дамуына 
мүмкіндік туғызады. Оқушы өз бетінше зерттеу жүргізу арқылы қоршаған ортасын тани алады, жаңа 
білімді дайын күйінде емес, өзі үшін жаңа білім ашады. 
  Европа  тілдерінде «жоба» сөзі  латын  тілінен  алынып, projectus  «алдыға  лақтырылған» деген 
мағынаны білдіреді, «сөйлеуші», «көзге түсуші» яғни бір объектінің, бір істің прототипі, прообразы 
сияқты, осы іс–әрекет жоба жасауға әкеледі.  Сонымен жоба жоқты жасауға тырысады, яғни ол бір 
нәрсені алудың жолын көрсетеді. Жоба сөзінің түсінігі терминологияда  «проблема» сөзімен тығыз 
байланыста  болады.   Жоба  проблема  ретінде   шығармашылықтың  шынайы  жағдайын  жасауы 
мүмкін,  онда  адам  идеялардың  жаршысы,  жүзеге  асырушысы.  Жоба  әдісі   оқушылардың  бір 
мәселені  шешуін  талап  етеді.  Ал  мәселені  шешу  үшін  олар  бір  жағынан  әртүрлі  әдіс-тәсілдерді 
қолданса,  екінші  жағынан  әртүрлі  пәндерден  алынған  білімнің  интеграциясын  пайдалануы  керек. 
Демек, жоба әдісі оқушылардың білімділік ситуацияға түсіп, өз проблемаларын іздеп, тауып, шешуі, 
өзіндік жұмыстарын, іс-әрекетін ұйымдастыруы болып табылады [5, 102]. 
Зерттеушілік, ізденушілік – бала табиғатына тән құбылыс. Білуге деген құштарлық, бақылауға 
тырысушылық тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық 
қасиеттер  балаға  тән  дәстүрлі  мінез.  Зерттеу  жұмысымен  айналысу,  шығармашылық  жоба  жазу 
оқушының  аналитикалық  ойлау  қабілетін  дамытады,  шешім  қабылдай  алу  қабілетін 
қалыптастырады. Оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес 
армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға көмектеседі. 
Ғылыми зерттеуді жүргізу кезінде дұрыс ақпарат алу үшін бір емес, бірнеше әдістер жиынтығы 
қолданылады. 
Ғылыми  зерттеу  табыстылығының  маңызды  шарты-тақырыпты  дұрыс  таңдау.Тақырыпты 
таңдау  –  біржолғы  процесс  емес және  қиын  өзіндік  ізденістің  нәтижесі  болып  табылады. Тақырып 
оқушыларға  қызықты,  оларды  тартатындай  болу  керек.Тақырып  орындалатын,  шешімі  зерттеуге 
қатысушыларға  пайдасы  тиетіндей  болу  керек.  Оқушылардың  қызығушылығын  ескере  отырып, 
жетекші  өзі  жақсы  білетін  тақырып  аясын  таңдау  керек.  Тақырып  шынайы  болу  керек,  онда  жаңа 
дүниелер, күтпеген жаңалық, ерекшелік элементтері болу керек. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет