Педагогический поиск



Pdf көрінісі
бет11/24
Дата07.02.2017
өлшемі6,39 Mb.
#3573
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24

Литература
1. Сельский туризм (Википедия) интернет ресурс.  
(
https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%B5%D0%BB%D1%8C%D1%81%D0%BA%D0
%B8%D0%B9_%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B8%D0%B7%D0%BC
 ) 
2.  Один  день  с  археологом  (все  о  поселении  Ботай)  интернет  ресурс  (Портал  истории 
Казахстана) (
http://e-history.kz/ru/publications/view/651

3. Северо-Казахстанская область (Википедия.) интернет ресрс. 
(
https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%B5%D0%B2%D0%B5%D1%80%D0%BE-
%D0%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%85%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%
 
 
 
Бақылау мен бағалау - білім сапасын арттырудың тәсілі 
ретінде 
Нурушева Б.С. 
п.ғ.магистрі, ДБО тренері 
«Ӛрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО ПҚБАИ» 
Аннотация 
В  статье  автор  раскрывает  возможности  оценивания  и 
наблюдения,  дает  классификацию  их  видов  и  способов  в 
совершенствовании  обучения  в  рамках  Уровневых  программ.  Для 
учителя  и  обучающихся  важно  знать  каких  целей  надо  достичь,  понять,  зачем  надо 
знать критерии достижения целей. 
Қазақстанның  қазіргі  білім  саясаты  білім  мемлекеттің  әлеуметтік-экономикалық 
дамуының  басты  кӛзіне  айналып  отыр.  Елбасы  биылғы  «Қазақстан  жолы  –  2050:  Бір 
мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  Жолдауында  «ХХІ  ғасырдағы  дамыған  ел  дегеніміз  – 
белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз не істеуіміз керек?» деп 
Елбасы елдің әр азаматына бірінші кезекте білім қажет және оның жарқын болашағы үшін 
білім  мен  ғылымның  мәні  ерекше  екендігін,  алдағы  онжылдықтағы  еліміздің 
экономикалық  ӛрлеуін  қамтамасыз  етуге  бағытталған  Жолдауында  білім  беруде  білікті 
маман даярлау жүйесіне де нақты тоқталды [1].  
Жылдан  жылға  білім  саласына  мемлекет  тарапынан  қолдау  артып  келеді.  Білім 
беру  жүйесін  модернизациялау  үрдісінің  кең  ауқымда  жүргізіліп  жатқандығының  куәсі 
болудамыз.  2012  жылы  заман  талабына  сай  біліктілік  арттыру  курстарының  мазмұнына 
ӛзгеріс  енгізудің  маңызы  зор  екенін  курс  нәтижесінен  кӛрудеміз.  Мектеп  мұғалімдеріне 
әлемдік тәжірибеге сәйкес үш айлық курста біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік туды. Ол 
қысқа мерзімді курстар бағдарламалары мазмұнын жаңартуда Кембридж университетінің 
деңгейлік 
бағдарламаларындағы 
концептуалды 
идеялар 
және 
инновациялық  тәсілдерінің  жүйелі 
қолданылуы.  Оның  нәтижесімен 
мұғалімдерге 
бұрынғы 
категорияларына  қосымша,  жаңа 
біліктілік 
деңгейі 
берілуде. 
Деңгейлік  бағдарламалар  арқылы 
оқу  үрдісінде  енгізілуден  күтілетін 
нәтижелер  оқушылардың  қалай  оқу 
керектігін 
үйреніп, 
нәтижесінде 
еркін, 
ӛзіндік 
дәлел-уәждерін 
нанымды  жеткізе  білетін,  ынталы, 
сенімді, 
сыни 
пікір 
мен 
кӛзқарастарды 
жүйелі 
дамыған, 

 
Педагогикалы
қ ізденіс № 4 2014 ж. 
Педагогический поиск №4 2014 г. 
104 
 
сандық  технологияларда  құзырлылық  танытатын  оқушы  ретінде  қалыптасуын  қамтиды 
[2].  
Бағдарлама  аясында  қарастырылған  жеті  модульдің  бірі  –  оқытуды  бағалау  және 
оқуды  бағалау  болып  табылады.  «Қазақстандық  білім  беруде  бес  балдық  бағалау 
жүйесінің  заманауи  білім  жүйесін  қанағаттандыра  алмауы,  оқушы  танымындағы 
ӛзгерістер мен білім саласындағы қалыптасқан қайшылықтар, әлеуметтік сұраныстардың 
ӛзгеруі білім сапасын бағалау жүйесін жаңарту мәселесін қажет етіп отыр. Сондықтан да 
бәсекеге  қабілетті  жеке  тұлғаны  қалыптастыруда  оқушының  күнделікті  қарастырылған 
тақырып  мазмұнын,  мағынасын  қаншалықты  ұғынғанын  анықтау,  одан  ары  қарай  қалай 
оқу керектігі туралы ойлану,  жоспарлы  әрекет ету мақсатында мұғалімдер оқу  үрдісінде 
оқушыларды бағалаудың түрлі тәсілдерін қолдана білулері қажет. Сыныптағы бағалау тек 
қана  техникалық  тәсіл  емес.  Мұғалімдер  жазбаша  немесе  ауызша  баға  қою  жолымен 
бағалайды.  Олар  қолданатын  кез-келген  нысанның  артында  тек  қана  объективті  немесе 
жеткілікті  дәрежеде  объективті  емес  нормалар  мен  стандарттар  ғана  емес,  сондай-ақ 
баланың  дамуы,  оқуы  және  уәжі  туралы  түсінік,  сонымен  қатар  ӛзін-ӛзі  бағалау, 
қабілеттілік  және  күш-жігер  сияқты  ұғымдарға  қатысты  құндылықтар  жатады» 
(Александер, 2001). 
Оқушылардың  оқу  материалын  меңгергенін  тексеру  және  бағалау  –  оқыту 
нәтижелерін  бақылау,  оқу  процесінің  әр  түрлі  кезеңіндегі  оқушылардың  танымдық  іс-
әрекетін  басқару  болып  табылады.  Жаңа  бағдарлама  аясына  мұғалім  оқушының  білім 
деңгейінен  хабар  алып,  оның  танымдық  жұмысын  ұйымдастырудың  алдын  ала  орта 
мерзімдік  және  қысқа  мерзімдік  жоспарын  жасайды.  Сабаққа  талдау  жасап,  мұғалім  ӛз 
жұмысындағы  жетістіктер  мен  кемшіліктерге  баға  беріп,  жұмыс  әдістерін  қайта 
толықтырып, түзетеді. Жеке оқушылармен жұмыстың жолдарын және құралдарын тауып, 
бағдарламалық білімдердің меңгерілу деңгейін анықтай отыра оқушыға әрі қарай білімін 
тереңдету  үшін  формативті  бағалау  арқылы  мүмкіндіктер  береді  және  бұл  бағалау 
тәрбиеге де оң ықпал етеді.  
 «Бағалау»  термині  «жақын  отыру»  дегенді  білдіретін  латын  сӛзінен  шыққандығы 
кездейсоқ  емес,  себебі  бағалаудың  негізгі  сипаты  бір  адам  басқа  адамның  не  айтып,  не 
істегенін  немесе  ӛзін-ӛзі  бақылау  жағдайында  ӛзінің  дербес  ойлауын,  түсінігін  немесе 
тәртібін  мұқият  бақылауы  болып  табылады.  Бұл  жорамал  ресми  тестілерден  және 
емтихандардан  бастап  мұғалімдер  сыныптарда  күніне  жүз  рет  ӛткізетін  бейресми 
бағалауға дейінгі бүкіл бағалау спектріне қатысты [3].  
Бүгінгі  күні  мектептерде  критериалды  бағалау  жаңаша  бағалау  ретінде  қолдануда 
нәтижелі  сабақтар  ӛтуде.  Елбасы  орта  білім  жүйесінде  жалпы  білім  беретін  мектептерді 
Назарбаев  Зияткерлік  мектептеріндегі  оқыту  деңгейіне  жеткізу  керектігін  атап  ӛтті.  Оқу 
үрдісіне  «Назарбаев зияткерлік мектертер» тәжірибесін біртіндеп қолданып жатқан тірек 
мектебінде (Петропавл қ. Қазақ мектеп-гимназиясы) критериалды бағалау жүйесі кеңінен 
енгізу үрдісінде.  

 
Педагогикалы
қ ізденіс № 4 2014 ж. 
Педагогический поиск №4 2014 г. 
105 
 
Критериалды бағалау – оқушылардың білім жетістіктерін ұжыммен келісілген, оқу 
үрдісіне  қатысушыларға  алдын-ала  белгілі,  оқушылардың  негізгі  құзыреттіліктерінің 
қалыптасуына  жағдай  жасайтын,  білім  берудің  мақсаты  мен  мазмұнына  сәйкес  нақты 
анықталған  критерийлер  бойынша  салыстыруға  негізделген  үрдіс.  Бұл  бағалау  жүйесі  - 
білім  алушының  құзіреттілігін  дамытуға,  тұлғаның  қалыптасуына  бағытталған  бағалау. 
Критериалдық  жүйе  қолданысында  білім  алушының  оқудағы  жетістіктерін тексеру  үшін 
бағалаудың келесі түрлері мен формалары қарастырылған: қалыптастырушы (оқыту үшін 
немесе  формативті  бағалау);  қорытындылаушы  бағалау  (оқуды  немесе  жиынтық 
(суммативті) бағалау. 
Формативті  бағалау  күнделікті  оқу  үрдісінде  оқушылардың  ағымдағы  білім 
деңгейлерін  анықтау  үшін  және  мұғалім  мен  оқушы  арасында  ӛзара  байланысты  орнату 
үшін  қолданылады.  Оқыту  үшін  бағалау  –  бұл  білім  алушылар  ӛздерінің  оқудың  қандай 
сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек 
екендігін  анықтау  үшін  оқушылар  және  олардың  мұғалімдері  қолданатын  мәліметтерді 
іздеу  және  түсіндіру  үдерісі.  Берілген  анықтаманың  маңызды  элементтерінің  бірі 
оқушылардың  деректерді  қолдануына  баса  назар  аударту  болып  табылады.  Бұл  ретте, 
мұғалімдер  жалғыз  бағалаушы  тұлға  болмайтындығына  назар  аударылады.  Оқушылар 
ӛздерінің  сыныптастарын  және  ӛздерін  бағалауға  тартылуы  мүмкін  және  мұғалімдер 
бағалауды  белсенді  жүргізген  кезде,  оқушылар  белсенді  қатысуы  керек.  Талпынғандар 
ғана білім ала алады.  Білім алушылар ӛз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, 
сондықтан  оқушыларға  ӛзінің  оқуын  жақсарту  үшін  кері  байланыс  арқылы  алынған 
ақпаратқа  сәйкес  жұмыс  істеу  қажет.  Бұл  олардан  түсінушілікті,  қызығушылықты  және 
ықыласпен  әрекет  етуді  қажет  етеді.  Оқушыға  ӛз  жұмыстарын  ӛңдеуге  және  жоғары 
нәтижеге  жетуге  кӛмектеседі,  ал  мұғалімге  оқушының  материалды  меңгергені  туралы 
ақпарат  жинақтауға,  талдауға  және  жоспарлауға  мүмкіндік  береді.  Сондықтан  сапалы 
білім алу үшін бұл бағалау түрі маңызды болып отыр. 
Суммативті  бағалау  бұл  білімді  жалпылау,  қорытындылау  кезінде,  тараудың 
немесе  модульдің  соңында,  немесе  таным  үрдісінің  қандай  да  бір  сатысында  оқушының 
жетістіктерін  бағалау  үшін  қолданылады.  Әрбір  бӛлім  соңында  ӛткізіледі  (бақылау 
жұмысы немесе қорытынды сынақ жұмысы). Оқушыларға әрбір бӛлім бойынша ӛз білім 
деңгейлерін кӛрсетуге  мүмкіндік  береді,  ал  мұғалімге  оқушылардың  жетістіктері  туралы 
қорытынды пікір жасауға және қорытынды бағаны қоюға мүмкіндік береді [4].  
Бүгінде  мұғалімдер  оқыту  үшін  бағалау  (формативті),  оқуды  бағалауды 
(суммативті)  кеңінен  қолдануды  жүзеге  асыруда.  Бағалаудың  нәтижелі  болуына  кері 
байланыстың  (рефлексия)  да  маңызы  ерекше.  Рефлексия  кезінде  алған  білімдерді  бекіту 
жүзеге асады, жаңа ұғымдарды енгізумен бірге белсенді қайта құруды елестету, «менімен 
сәйкес келетін» білімді меншіктеу сияқты жаңа мағына туындайды, ұзақ мезімді білімдер 
қалыптасады. Оқушылар ӛз ойларын сӛзбен жеткізуге тырысады немесе графиктік түрде 
(яғни  ақпаратты  меншіктейді)  еркін  дәйектілейді,  ӛз  пікірлері  мен  идеяларын  басқа 
оқушылармен  бӛліседі  (әртүрлі  кӛрсетілімдермен  танысады),  жеке  бастарының  ойлану 
операциясын  сараптайды.  Профессор  Джон  Хэтти  кез  келген  басқа  факторларға 
қарағанда, оқыту сапасына кері байланыстың кӛп ықпал ететінін кӛрсетті. Кері байланыс 
ауызша,  жазбаша  болуы  мүмкін.  Ол  оқушының  жұмысын  қаншалықты  нәтижелілігіне 
назар  аударуға,  талдауға  бағыттайды  және  мүғалім  үшін  нәтижеге  қол  жеткізуде  келесі 
қадамдарды жоспарлауға кӛмектеседі. 
Оқу үдерісінің ӛту тәртібін бақылау арқылы оқушылардың білім нәтижелеріне баға 
беру  жеңіл екендігі де  анықталуда. Педагогика ғылымы саласында білім, білік, дағдыны 
бақылаудың  кӛптеген  түрлері  кең  тараған.  Ю.К.Бабанский,  Н.А.Сорокин  бақылауды 
күнделікті, оқтын-оқтын, қорытынды деген пікірлер айтады. Ал Г.И.Щукина - күнделікті, 
тақырыптық,  оқтын-оқтын,  қорытынды  және  емтихан  деген  кӛзқарастарын  білдіреді. 
Е.А.Дмитриев  -  күнделікті,  тақырыптық  және  қорытынды,  нәтижесі  деген  тұжырымға 

 
Педагогикалы
қ ізденіс № 4 2014 ж. 
Педагогический поиск №4 2014 г. 
106 
 
келген.  Профессорлар  Ж.Б.Қоянбаев,  Р.М.Қоянбаевтың  ''Педагогика''  оқулығында  ол 
тақырыптық, тараулар бойынша, оқтын-оқтын және қорытынды бақылау деп бӛлінген [5]. 
Білімді бақылау және бағалау ғылыми дәлелденген, тәжірибеде қолданылған принциптер 
негізінде  жүргізіледі:  әділдік,  жан-жақтылық,  жүйелік,  жеке-даралық,  дифференциалдық 
және тәрбиелік. 
Қазіргі  заманғы  білім  сапасы  дегеніміз  -  білім  алушының  келешектегі  ӛзінің 
әртүрлі  жеке  мәселелерін  шешуге  керекті,  қажетті  құзіреттіліктерін  қалыптастыратын 
білім  беру  нәтижесі.  Сондықтан  оқу  үрдісінде  бақылау  мен  бағалаудың  жаңа 
технологияларын пайдалану арқылы білім сапасын арттыра аламыз. Бұл мұғалімдер үшін 
үлкен жетістік және оқушының бағалау жүйесіне толық қанағаттануы болып табылады.  
Әдебиет: 
1.
 
Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» халыққа 
арнаған Жолдауы. Астана, 2014. 
2.
 
Тренерге  арналған  нұсқаулық,  үшінші  (базалық)  деңгей,  «Назарбаев  Зияткерлік 
мектептері», «Педагогикалық шеберлік орталығы».Астана, 2012. 
3.
 
«Педагогикалық  диалог»  журналы,  «Педагогикалық  шеберлік  орталығы».  Астана, 
2012. 
4.
 
Красноборова  А.А.,  «Критериальное  оценивания  как  технология  формирования 
учебно-позновательной компетентности учащихся», Нижний Новгород, 2010.
 
 
С. Мерсеитова «Оқыту ізденіс ретінде және 
  
Жаңаша оқыту – заман талабы 
Ипова А.С 
Благовещенка №2 орта мектебі 
Солтүстік Қазақстан облысы 
Жамбыл ауданы 
 Аннотация 
Методы  обучения  совершенствуются  постоянно.  В 
развитии  интеллектуальных  возможностей  ученика 
значение  новых  технологии  очень  важны.  В  уровневом 
программе  обучения  я  выбрала  пути  усвоения  учебного 
материала  учеником.  Критериальное  оценивание  полезно 
для активизации ученических возможностей.  
Әлемдік  білім  беру  жүйесі  уақыт  ӛткен  сайын 
жылдам дамуда. Білім беруде мұғалімдердің басты нысаны 
–  оқушы.  Ендеше  алдымыздан  білім  нәрімен  сусындаған 
оқушыларымыз  қандай  болу  керек..?  Менің  ойымша  ӛзінің  және  қоғамның  кӛзқарасын 
барша  жұртқа  білдіре  алатын,  білімді,  бәсекеге  қабілетті,  шығармашыл,  құзырлы  жеке 
тұлға  болу  шарт.  Ал  оқушыларымызды  осы  деңгейге  жеткізу  үшін  біз  сабақтарымызды 
қалай  түрлендірер  едік?  Оқушының  оқуға  қызығушылығын,  мүмкіндігін  қалай  арттыра 
аламыз? 
Мектеп  жұмысы  мен  оқушы  жетістіктерін  ӛрістетудегі  негізгі  тұлға  –  мұғалім 
(Strong,  Ward  &  Grant,  2011)  [2,  15-бет].  Стронгтің  бұл  тұжырымымен  мен  келісемін, 
себебі  мұғалім  оқу  үрдісін  ұйымдастырушы,  оқушының  дамуына  ӛз  септігін  тигізіп, 
бағыттаушы.  Деңгейлік  бағдарламаны  игеру  барысында  «Қалай  оқу  керектігіне  үйрену» 
арқылы  оқушылардың  оқуға  деген  қызығушылықтарын  арттыруды  кӛздедім.  Оқыту  – 
мұғалімдердің  оқушыларға  жасаған  сыйы  емес,  бұл  құзыреттіліктер  білім  алу  үшін 
оқушылардың  ӛздері  де  оқу  үдерісіне  белсенді  қатысуын  талап  етеді  [2,  25-бет]. 
Сондықтан  да  ӛз  тәжірбиемде  негізінен  деңгейлік  бағдарламалардан  алған  теорияма 
сүйенемін.  Оқытудың  әлеуметтік-мәдени  теориясын  дамыту  барысында  Выготский 
оқушының  ӛз  бетімен  қол  жеткізе  алмайтын  оқу  деңгейін  ересек  немесе  «маңызды» 

 
Педагогикалы
қ ізденіс № 4 2014 ж. 
Педагогический поиск №4 2014 г. 
107 
 
(ықпалды)  адамның  кӛмегімен  қамтамасыз  етудегі  рӛлі  туралы  жазады  [2,  24-бет].  Яғни 
оқушы  кӛп  білетін  адамдармен  қарым-қатынас  жасайды.  Бұл  арада  курс  кезінде  алған 
әдіс-тәсілдерді  қолдана  отырып  бір-бірін  үйретіп,  «бағдаршам»,  «автор  орындығы»,т.б. 
тәсілдермен  оқыту  қажет  деп  білемін.  Мұғалімге  жеткізе  алмаған  ойын  оқушы  ӛз 
сыныптасына айта алады. Сол себепті топпен, жұппен қарым-қатынас жасау арқылы сол 
ортаға  бейімделе  бастайды.  Оқушылар  толығымен  жаңа  мәліметтерді  бірін-бірі  оқыту, 
толықтыру  арқылы  игереді.  Деңгейлік  бағдарлама  аясында  оқушыларға  қалай  оқу 
керектігін  оқыту  мен  оқуда  қолдану  қажеттігін  түсініп,  жан-жақты  игеріп,  ӛзімнің  іс-
тәжірбиеме  енгізудемін.  Осыған  дейін  барлық  ақпаратты  мұғалім  ӛзі  оқушы  санасына 
жеткізгісі келсе,  баланың  пікірін  ескермей,  уақыттың  жетегіне кетіп,  «мен»  деген  сӛздің 
аясында  жұмыс  істесе,  ал  қазір  қарым-қатынасты  нығайту  арқылы  жаңа  ӛмірге  деген 
кӛзқарасы  күрт  ӛзгереді.  Мұғалім  аз  сӛйлеп,  қажетті  ақпарларды  оқушының  ӛз  бетімен 
қабылдауына  жол  ашылды.  Мұғалім  –  бақылаушы,  оқушының  қандай  бағытта  жұмыс 
жасап жатқанын қадағалап, кей жағдайда ғана ӛз ықпалын жасайды. Выготский танымдық 
қабілетті  дамытудағы  әлеуметтік  ӛзара  әрекеттестіктің  маңызын  бәрінен  бірінші  етіп 
қояды. Зерттеуші Хоу мен Мерсер (2010) бірлескен іс- шаралар ақыл-ой дамуы мен оқуды, 
сондай-ақ қарым-қатынас жасау дағдыларын арттыратынын кӛрсетті. Пиаженің танымдық 
ӛзгерістер  балалар  ересектердің  емес,  ӛздерінің  құрбы-құдастарының  идеяларымен  және 
кӛзқарастарымен  қарсы  келіп  қалған  жағдайда  орын  алады  деген  болжамы  бұл 
құбылыстың  бірнеше  түсініктемесін  ұсынады  [2,  24-бет].  Жоғарыдағы  аталған 
ғалымдардың  ой-пікірлері  менің  ӛткізген  сабақтарымда  қолданыс  тапты  және 
басшылыққа  ала  отырып,  кӛптеген  жетістіктерге  қолым  жетті.  Осы  жаңа  тәсілдерді 
қолдануда  «диалогтік  оқытудың  маңызы»  және  «қалай  оқу  керектігін  үйретуді» 
басшылыққа алдым. Оқыту мен оқудағы оқушы мен мұғалімнің арасындағы байланыс ол 
диалог  арқылы  болары  сӛзсіз.  Мысалы,  8  сыныпта  биологиядан  «Ұлпалар»  деген 
тақырыпты  ӛткен  кезде,  ұлпаның  тӛрт  түрі  бойынша  топтарда  талқылады.  Ең  алдымен 
жұптық  жұмыс  жасауды  ұсындым.  Кейін  жұппен  талқылап  болғаннан  кейін  топтың 
ішінде  ӛзара  пікірталас  жүреді.  Себебі  бірінің  ойын  бірі  жалғастыруда  немесе  түсінбей 
қалған  жайттарды  толықтыруда  оқытудың  осындай  әдісі  маңызды. Осы  диалогтік  оқыту 
сабақ  барысында  тиімді  қолданылғанда  оқушылар  ӛз  ойларын,  кӛзқарастарын  білдіріп, 
еркін  сӛйлеуіне,  дамуына  кӛмектеседі.  «Диалогтік  оқыту»  модулі  бір  жағынан  қызықты 
болса,  екінші  жағынан  барлық  мән-жайын  түсінуді  қажет  ететін  модульдердің  бірі.  Оқу 
үрдісіне оқушылардың барлығы белсенді жұмыс жасауын қамтамасыз  ету үшін белсенді 
оқыту әдістерін кеңінен қолдану керек. Мысалы: рӛлдік ойындар, қадамды сұхбат, постер 
т.б. Бұл әдістер сыныптағы барлық оқушыларды әрекетке тартып, ұжымда жұмыс жасауға 
үйретіп, тілдік қарым-қатынас орнатуға септігін тигізеді. Осы орайда кейбір ұстанымдарға 
сүйену  маңызды  болып  табылады.  Сонымен  қатар  бағалау  модулі  мені  қызықтырды. 
Сондықтан да ӛзімнің іс-тәжірибеме оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру 
мақсатында  сабақтарымда  критериалды  бағалауды  енгіздім.  Себебі критериалды  бағалау 
жүйесі  оқушы  мен  мұғалім  арасындағы  байланысты  орнатып,  оқу  үдерісі  барысында 
қателіктерді  дұрыстауға  мүмкіндік  береді,  оқушының  оқуға  деген  ішкі  уәжін  оятып, 
дамытатын құрал болып табылады. Критериалды бағалау Criteria assessment - оқушының 
оқу  нәтижелерін  білім  беру  мақсаттары  мен  мазмұнына  сәйкес  келетін,  білім  беру 
үдерісіне  қатысушылардың  (оқушылар,  мек-  теп  әкімшілігі,  ата-аналар,  заңды  тұлғалар 
және  т.б.)  барлығына  алдын  ала  таныс,  ұжым  талқысынан  ӛткен,  нақты  анықталған 
ӛлшемдер  арқылы  оқушылардың  оқу  жетістіктерін  салыстыруға  негізделген  үдеріс[1,  9-
бет].  
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты: 

 
Мектепте оқыту сапасын жоғарлату; 

 
Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру. 
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі мынада:  

 
Педагогикалы
қ ізденіс № 4 2014 ж. 
Педагогический поиск №4 2014 г. 
108 
 
-  Мұғалімге  оқушының  оқу  үрдісіндегі  іс-әрекетін  объективті  түрде  бағалауына 
мүмкіндік береді; 
-  Оқушыларға  оқу  үдерісі  барысында  туындаған  қиындықтарды  түсінуге,  шынайы 
бағаланғандығына кӛзі жетеді; 
-  Ата-аналар  тарапынан  түсінбеушіліктер  орын  алмайды.  Себебі  ӛз  баласының 
объективті  бағаланғандығы  туралы  дәлелдемелермен  қамтамасыз  етіледі.  Осыған 
байланысты  оқушылар  арасында  ӛзара  түсіністік  және  ұжымдық  қарым-қатынас 
орнатылады.  Оқушылардың  ӛздеріне  сенімсіздігі  жойылады.  Критериалды  бағалаудың 
арқасында  оқуға  деген  мүмкіндіктерінің  арттады.  Оқушылардың  оқу  жетістіктерін 
бағалауда  бірқатар  дағдылар  қолданылады.  Олар:  білу,  түсіну,  қолдану,  анализ,  синтез, 
бағалау. Мысалы, мен химия сабақтарында былайша қолданамын:  
 
Кесте 1. Химия сабағында бағалау критерилері 
компоненттер 
критерилер 
білу 
-
 
Заттардың атын біледі; 
-
 
есеп шығаруда формулаларды жазу біледі 
түсіну 
-
 
Оқушы материалды түсінеді; 
-
 
Формуласына қарай заттарды түсініп ажыратады; 
-
 
Қажетті формулаларды түсінеді; 
-
 
Есепті бастай алады. 
қолдану 
-
 
Формулаларды орнымен қолдана алады; 
-
 
Есептің шарты бойынша алгоритм құра алады. 
анализ 
-
 
Есептің шартын талдай алады; 
-
 
Келесі қадамды болжай алады. 
-
 
Заттардың маңыздылығын айқындайды  
синтез 
-
 
Әр есепке қажетті алгоритмнің ең қысқа жолын таңдай алады. 
-
 
Ӛз бетімен есептер құрастыра алады 
Бағалау 
-
 
Материалдың мәнін бағалай біледі; 
-
 
Тақырып бойынша зерттеу жүргізе алады. 
 
Сабақта  Блум  бойынша  оқушыларға  бағалау  шкаласы  беріледі,  оқушылар  топта 
ӛздерін-ӛздері бағалайды . Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда 
бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге кӛмектеспейді; бұл ретте 
егер  баламен  бірге  оның  жұмысында  мұндай  бағалауға  не  әкелгенін  және  бағалау 
ӛлшемдерін  түсіндіруге  талдау  жасаса,  онда  бұл  балаға  ӛзінің  нәтижесін  жақсарту  үшін 
кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. [3,107- бет] Сабақ барысында мен нені 
ӛзгерттім? Оқушылардың ӛздігінен білім алу дағдысын, әр сабақта ӛз түйгендерін жазуды 
қалыптастырдым.  Бұл  жақсы  жұмыс  түрі,  жақсы  бағалау  әдісі.  Ӛз  тәжірибемде 
оқушылардың еркін сӛйлеуі, ойын ашық айтуы, бір-бірінің пікірін құрметтеуі үшін әрекет 
жасай  отырып,  сӛз  байлығын  және  ой  ӛрісін  кеңейту  үшін,  шығармашылық  қабілетін 
арттыру және пәнге қызығушылығын арттыру үшін жұмыстар ұйымдастырдым, әрі қарай 
алдағы уақытта да жалғастыруды басты міндеттерімнің бірі деп ойлаймын. Барлық сабақ 
барысында оқушылар дәл осылай жұмыс жасағанын, пәнге деген қызығушылықтарын әлі 
де арттыру, сабақ барысында жұмыс түрлерін ӛзгертіп отыруды мақсат етемін, осы курста 
алған  бар  білімімді,  күш  жігерімді  салуға  тырысамын.  Ӛз  тәжірибемде  нені  дамыттым? 
Оқушылардың  сабақта  еркін  отырып,  ӛздігінен  білім  алуларын,  сыныптың 
ұйымшылдығын, мәтінмен мозайкалық әдіс арқылы жұмыс жасауды дамыттым. Видеоға, 
фотоларға  түсірген  кезде  оқушылар  бас  кезінде  қобалжығанмен,  артынан  ӛздерін  еркін 
ұстады.  Жұппен,  топпен  жұмыс  жасаған  кезде  сабақта  жіберген  қателіктерін  ӛз 
араларында түзеп отырды, жақсы түсініп, талдап, бағалай білді. Әсіресе бір-біріне қолдау 
жасап,  ойларын  ашық  айтқаны,  кері  байланыс  жасағаны  ұнады.  Олар  топқа  бӛлініп, 

 
Педагогикалы
қ ізденіс № 4 2014 ж. 
Педагогический поиск №4 2014 г. 
109 
 
жаттығуларды орындау барысында, жетістіктеріне жеткендеріне және сол топтағы нашар 
оқитын баланың ӛзі белсенділік танытып, жақсы кӛрінгеніне, ортаға шығып дұрыс жауап 
айтқанына  ӛте  қуанды.  Ӛздерінің  жетістіктерін  ӛздері  кӛріп,  бағалады.  Дәл  осындай 
қарқынмен  ӛткен  сабақтарымда  үндемей  отырған  оқушылар  болған  жоқ.  Менің  алдағы 
уақытқа  қойған  жоспарым:  мектепішінде,  мектепаралық,  желелік  қоғамдастықта 
ұстаздармен  тәжірибе  алмасу.  Сонымен  қатар  болашақта  барлық  сабақтарымда 
оқушылардың мүмкіндігін арттыру  мақсатында критериалды бағалауды енгізу. Сонымен 
қатар  тәлімгермен/мұғалімнен  кеңес/  ӛздігімен  талдау/жоғарыдан  кӛмек  және  ӛзімнің 
қасымдағы  әріптестерімнің,  сынып  жетекшілерінің,  ата  -  аналардың  кӛмегін  күтемін. 
Себебі  мектеп-мұғалім-  оқушы-ата-ана  бірлескенде  ғана  жұмыс  сапалы  болады,  әрі 
нәтижеге  жету  байқалады.  Блум  таксономиясымен  сабақ  жоспарлауды  әлі  де 
жалғастырып,  курста  алған  білімімді  әр  сабағымда  қолданып,  балалардың  білімін 
тереңдетіп,  жақсы  жетістіктерге  жетуді  мақсат  етемін.  Білім  саласындағы  қазіргі 
проблемалардың  бірі  ӛскелең  ұрпақта,  ӛзіндік  даму,  нәтижеге  бағытталған  білім  беру. 
Оқушылардың ӛзін-ӛзі тануға, дамытылуына жағдай жасау кез келген мұғалімнің қолынан 
келе бермейді. Тәжірибе кӛрсеткендей кӛптеген ұстаздардың санасы бүгінгі күн талабына 
қарай  ояна  қоймаған.  Оқу  процесінде  әлі  күнге  дейін  оқушыларға  Вербальді 
монологикалы  әсер  ету  сақталған.  Жас  ұрпақтың  бойында  дамуға  деген  танымдық 
мақсатын қызметі тек оқушының ӛзіндік ойлау белсенділігі негізінде ғана іске асады. Ол 
процесс  сабақты  инноватикалық  тәсілдермен  түрлендіргенде  ғана  жүзеге  асады.  Алайда, 
кез  келген  білім  мекемелеріндегі  инноватикалық  процестер  түрлі  объективті  себептерге 
байланысты  бірден  пайда  болып,  іске  асып,  дамып  және  ӛзінің  нәтижесін  бермейді.  Ол 
үшін оқу процесінің басқару құрылымын модернизациялау қажет. Озық тәжірибені ендіру 
және  қарқындату  түрлі  инновациялық  инициациялауға  байланысты.  Мектеп  үшін  білім 
мазмұнының  жаңартудағы  инновациялық  және  педагогикалық  технологияларды  ендіру, 
мониторинг  бағдарламалары  мен  оқулықтардағы  әдістемелік  аппаратты  эксперттеу 
күнделікті  жағдайға  айналды.  Қорыта  айтқанда,  заман  талабына  сай  оқушыларымызды 
білім нәрімен сусындату. Озық елдегі білім беру жүйесінің қаймағын ӛзіміздің білім беру 
реформасына енгізу. Деңгейлік бағдарламалар бойынша алған білімізді орынды қолдану. 
Сӛзімнің  соңында  егер  мектеп  алдында  әр  баланың  қабілетін  дамыту  сияқты  әлеуметтік 
міндет  тұрса,  барлық  пәндерде  жаңа  технологияны  тиімді  пайдалану  арқылы  білім 
алушының  ӛз  белсенділігін  ояту,  біліктілікті  арттыру  жағдайында  рефлексивті  кері 
байланыс орнату сияқты мәселелердің орындалуы тиіс дегім келеді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет