6. Мəтіндік оқу құралы, авторлық дəрістер
1. Қазақ тілінің грамматикасы. Алматы, 1967.
2. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1991.
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. Алматы, 1996.
ОƏК педагогика жəне психология кафедрасыныың оқытушылары құрастырған
дəрістер жинағы арқылы авторлық құқыққа ие. Олар ГОСО талаптарына жəне жұмыс оқу
бағдарламаларына сəйкес дайындалған, кафедра отырысында бекітілген.
Пəн бойынша дəрістік кешен:
1- дəріс
Тақырып: Қазақ тілі фонетикасына кіріспе, оның зерттеу нысаны мен салалары.
Дəріс мазмұны: 1. Фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары.
2. Қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы.
3. Дыбысты қарастырудың үш аспектісі.
Мақсаты: Тіл білімінің фонетика саласы туралы, оның зерттеу обьектісі, зерттелу жайында мəлімет беру.
Дəріс мазмұны:
1.Тілдік қатынас əдетте екі түрлі формада болады: ауызша жəне жазбаша. Жазбаша беріде жазумен
байланысты пайда болды. Ал ауызша форма ойды білдіру құралы, қатынас құралы тілмен бірге жасасып
келе жатыр. Фонетиканың негізгі объектісі- тілдің ауызша формасы. Бұдан жазбаша форманың фонетикаға
қатысы жоқ деуге болмайды. Текске фонетикалық талдау оның айтылуына негізделеді. Адам баласының
тілі- дыбыстық тіл. Оның ойы, айтар пікірі белгілі дыбыстық комплекстен тұратын сөздердің арқасында
іске асады. Сондықтан тіл дыбыстарын, оларға тəн түрлі заңдылықтарды білудің мəні зор. Дыбыстық
өзгерістерді білмей тұрып, лексикалық, грамматикалық құбылыстардың төркінін, өзгеріп дамуын айқындау
мүмкін емес. Міне, осындай тілдің дыбыстық жүйесін зерттейтін тіл білімінің бір тарауы- фонетика деп
аталады. Ол гректің «Phone» - «дыбыс» сөзінен алынған.
Қазақ тілі фонетикасының дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы пікірлер ХІХ ғасыр тюркологтарының
еңбектерінен басталады. Бұл туралы ең алғаш мағлұмат берген Н.И.Ильминский.
Қазіргі қазақ тілі фонетикасының ғылыми негізде зерттелуі 1917 жылдан кейін басталды. Алғаш рет қазақ
тілінің фонетикасы бойынша жүйелі мағлұмат берген проф. Қ. Жұбанов, А. Байтұрсынов.
Қазақ тілі фонетикасын зерттеп, ғылыми жүйеге салған академик І.Кеңесбаев.
Ал қазіргі қазақ тілінің тəжірибе-фонетикасы бойынша Ə.Жүнісбеков еңбектерін айтуға болады. Осыған
орай қазақ тілі фонетикасының зерттелу жайын төрт кезеңмен бөліп қарастыруға болады.
ІІ жартысындағы шығыс тюркологтарының зерттеу кезеңі:Н.И.Ильминский, В.В Радлов,
П.М.Мемеоранский.
ХХ ғасыр басындағы қазақ тілі дыбыстық табиғи кезеңі: Қ. Жұбанов, А. Байтұрсынов.
ХХ ғасырдың 50-70 жылдардағы акцентті- фонемалық кезең: С.Кеңесбаев, Р.Сыздықова.
ХХ ғасыр соңындағы сингармонизм теориясы кезеңі: Ə.Жүнісбеков, С.Мырзабеков, Ж.Аралбаев.
Пайдаланылатын əдебиеттер :
5. Байтұрсынов А. Тіл құралы. А., 1993.
6. Жүнісбеков Ə. Төл жазусыз түгелдік болмас. Ана тілі. 9, 16 қаңтар, 1992.
7. Қазақ тілінің грамматикасы. А., 1967.
8. Қазақ грамматикасы. Астана, 2002.
9. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. А., 1963,1978, 1982, 2000 ж.
10. Қазақ тілі энциклопедиясы. А., 1998.
11. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстау жүйесі. А., 1998.
12. Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. А., 1997.
13. Омарбеков С., Жүнісбеков Н. Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі. А.,1985.
14. Оразбаева Ф., т.б. Қазіргі қазақ тілі. А., 2005.
15. Сыздық Р. Тілдік норма жəне оның қалыптасуы. Астана, 2001.
16. Сыздықова Р. Тағы да бүгінгі емлеміз жайында // Егеменді Қазақстан, 27 наурыз, 1993. 4-бет.
17. Уəлиев Н., Алдашева А. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. Алматы, 1988.
18. Тіл білімі сөздігі. А., 1997.
19. Қалиев Ғ., Оралбаева Н., т.б. Қазіргі қазақ тілі. Жаттығулар жинағы. А., 1997.
2- дəріс
Тақырып: Дыбыстар түрлері жəне дыбыстар тіркесі.
Дəріс мазмұны:
3. Дыбыстар түрлері жəне дыбыстар тіркесі.
4. Дауысты жəне дауыссыз дыбыстар, олардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер.
Дəрістің мақсаты: Өткен білімдеріне сүйене отырып,тіл дыбысының жасалуына дыбыстау мүшелері туралы
түсінік беру, саналы меңгерту.
Тірек сөздер: тіл дыбыстары, фонема, дыбыстау мүшелері: тыныс мүшелері, тамақ қуысындағы мүшелер,
ауыз қуысындағы мүшелер, сөйлеу аппараттары, артикуляция-жасалым.
Дəрістің мазмұны: Фонема, «тіл дыбысы» сөйлеу арқылы жарыққа шығады. Сондықтан да сөздің өмір
сүру формасы дыбыс. Тіл дыбыстары- адамнаң дыбыстау мүшелері қызметінің жемісі. Дыбыс –тілдің бір
жақты единицасы; дыбысталады, бірақ мағынасы жоқ. Демек, дыбыстар-тілдің мағыналы единицалары сөз,
морфемаларды құрастыратын материалдар қызметін атқарады. Дыбыс табиғаты үш аспектіде
қарастырылады.
Анатомия- физиологиялық. Акустикалық. Лингвистикалық.
Тіл дыбыстары сөйлеу мүшелерінің жəрдемімен жасалады. Олар:Тыныс мүшелері. Тамақ. Қуыс мүшелері.
Дыбыс шығарушы мүшелер. Ми жəне адамның жоғары нерв жүйесі
Сұрақтар:
Неге біз тіл дыбыстарын «айтамыз» дейміз? Қалай айтамыз?
Пайдаланылатын əдебиеттер :
5. Байтұрсынов А. Тіл құралы. А., 1993.
6. Жүнісбеков Ə. Төл жазусыз түгелдік болмас. Ана тілі. 9, 16 қаңтар, 1992.
7. Қазақ тілінің грамматикасы. А., 1967.
8. Қазақ грамматикасы. Астана, 2002.
9. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. А., 1963,1978, 1982, 2000 ж.
10. Қазақ тілі энциклопедиясы. А., 1998.
11. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстау жүйесі. А., 1998.
12. Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. А., 1997.
13. Омарбеков С., Жүнісбеков Н. Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі. А.,1985.
14. Оразбаева Ф., т.б. Қазіргі қазақ тілі. А., 2005.
15. Сыздық Р. Тілдік норма жəне оның қалыптасуы. Астана, 2001.
16. Сыздықова Р. Тағы да бүгінгі емлеміз жайында // Егеменді Қазақстан, 27 наурыз, 1993. 4-бет.
17. Уəлиев Н., Алдашева А. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. Алматы, 1988.
18. Тіл білімі сөздігі. А., 1997.
19. Қалиев Ғ., Оралбаева Н., т.б. Қазіргі қазақ тілі. Жаттығулар жинағы. А., 1997.
3- дəріс
Тақырып: Буын, бунақ, екпін.
Дəріс мазмұны:
5. Буын, бунақ, екпін.
6. Қазіргі қазақ тіліндегі буынның ерекшелігі.
7. Буынның түрлері.
8. Буынның дыбыстық құрамы.
Буын түрлері. Буын үндестігі. Буын үндестігіне бағынбайтын жағдайлар.
Дəрістің мақсаты: Фонетикалық бөлшек буын, оның түрлері туралы мəлімет беріп, дыбыстар үндесуінің
бірі буын үндестігі заңдылықтарымен таныстыру.
Тірек сөздер: Буын, жуан, жіңішке, аралас буындар, ашық, тұйық, бітеу буындар; сингармонизм.
Буын жəне оның түрлері. Дыбыстар үндесуі туралы түсінік. Оның түрлері.
Сингарморнизм. Буын үндестігіне бағынбайтын жағдайлар.
Дəріс мазмұны: Дыбысталу жағынан алғанда сөйлеу жік – жігімен айтылған дыбыс шумақтарының
тізбегінен құралады. Дыбысталудың шумағы өз ішінде жігі ажырап, кіші топтарға бөлшектенеді. Олар
сөйлеудің фонетикалық единица, фонетикалық қатар ретінде қаралады. Солардың бірі – буын. Біздің
сөзіміз айтылуы жағынан ең кішкене единица буынға ажырайды.
Фонециялық ауаның, кілт үзілуінен не кедергіге ұшырамауының нəтижесінде пайда болатын жеке дыбыс
немесе дыбыстар тобы.
Қазақ тілінде буынның маңызы зор. Себебі, фонетикалық негізгі заңдар осы буын айналасында өрбиді.
Буын:
Ашық буын 1.А
2.ВА
Тұйық буын 1. АВ. АВВ.
Бітеу буын 1.ВАВ, ВАВВ.
Сөз ішінде, сөз аралығында даусты, дауыссыз фонемолардың, сөзаралығындағы бір сөз бен екінші сөздің
бір-бірімен үйлесіп, үндесіп, тіл табысып айтылуын дыбыстарүндесуі дейміз.
Дыбыстар үндесуі
сингарманизм
аккомодация
ассимиляция
Сингарманизм құбылысы:
əн + ші+лер+ іміз + де + гі
Дыбыстық үндесуі не үшін қажет?
Сингарманизм заңына бағынбайтын жағдай қалай пайда болады?
Пайдаланылатын əдебиеттер :
1. Байтұрсынов А. Тіл құралы. А., 1993.
2. Қазақ тілінің грамматикасы. А., 1967.
3. Қазақ грамматикасы. Астана, 2002.
4. Қазақ тілі энциклопедиясы. А., 1998.
5. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстау жүйесі. А., 1998.
6. Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. А., 1997.
7. Омарбеков С., Жүнісбеков Н. Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі. А.,1985.
8. Оразбаева Ф., т.б. Қазіргі қазақ тілі. А., 2005.
9. Уəлиев Н., Алдашева А. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. Алматы, 1988.
10. Тіл білімі сөздігі. А., 1997.
4- дəріс
Тақырып: Үндестік заңы.
Дəріс мазмұны:
5. Үндестік заңы.
6. Дыбыстардың алмасуы. Ықпалдың түрлері.
7. Сингармонизм. Тіл үндестігі. Ерін үндестігі. Аккомодация.
8. Ассимиляция. Прогрессивті, регрессивті ассимиляция. Диссимиляция.
Дыбыстар үндесуі. Дыбыс үндестігі кездесетін орындар.
Дəріс мақсаты: Қазақ тіліндегі дыбыстар үндестігінің маңызы туралы əңгімелей отырып,
аккомодация, ассимиляция құбылыста ры туралы мəлімет беру.
Тірек сөздер: дыбыс үндестігі, аккомодация, регрессивті, прогрессивті аккомодация, ассимиляция, ықпал
заңы, əсер ету.
Дыбыстардың үндесуіндегі аккомодация, ол кездесетін орындар.
Ассимиляция, оның түрлері, ол кездесетін орындар.
Дəріс мазмұны: Аккомодация (лат.accotodatio- бейімделу) морфемалар жігінде қатар келген дауыстылар
мен дауыссыз дыбыстардың бір- біріне ықпал етіп, бейімделіп айтылуы. Мыс: 1
. таба алмады
(тап + а
алмады
) қауып (
қап + ып
), ала келді
(ала гелді) 2. гүл, Гүлсім,
күл, кел, кет, ғарыш, ғалым, ғылым, ғаламзат
Морфемалар жігінде дауытылар мен дауыссыздар жəне керісінше дауыссыздар мен дауыстылар қатар
келген кезде əрқашан күштілік жасайды да аккомодациядағы ықпалдың түрі дауыстының орын тəртібімен
байланысты болады. Сондықтан, аккомодация:
1. прогрессивті аккомодацмя
2. регрессивті аккомодация
Сұрақтар: 1. Аккомодация қандай дыбыстар арасында болатын үндестік?
2. Ол қай жерде кездеседі? Мысалмен дəлелдеңіз.
3. Жазуда ескерілетін, ескерілмейтін жағдайларға мысал келтіріп, дəлелдеңіз.
Ассимиляция (лат.assimilativ –ұқсау) морфемалардың жігінде көрші келген дауыссыздардың акустика-
артикуляциялық жақтан біріне- бірінің ұқсауы, бейімделуі, өзара тіл табысуы. Бұлар да бірін-бірі дауыстың
қатысы жəне артикуляциясы жағынан игеріп тұрады.
Мыс:
Тасты , тасқа
Балды, балға
Он бес – [ом бес ]
Бозша –[Бошша]
Қанға- [қаңға]
Дауыссыздардың бір – біріне əсері 3- ке бөлініп қарастырылады:
1. прогрессивті ассимиляция
2. регрессивті ассимиляция
3.тоғыспалы ассимиляция
Прогрессивті ассимиляция:
1
.мал+ ға, мал+ мен, мал қора- [малғора], таң қалды- [таңғалды].
Бұл заңға көнбейтіндер: 1.ерме с-ш; 2.кірме қосымша басындағы қ-к.
2
.қыз+ бен, қыз+ дың, қыз+ ға.
Қыз көрдім-[қыз гөрдім].
Регрессивті ассимиляция:
1.
күнге-[ күңге]
түнгі- [түңгү]
2.
Жанбота- [Жамбота]
3.
жүз шақты- [жүшшақты]
Тоғыспалы ассимиляция:
1.
қан қызыл- [қаңғызыл]
тас жол – [ташшол]
Қосжан – [Қошшан].
Дыбыстар үндесуін қалай ажыратуға болады?
Мысалмен дыбыстар үндестігін дəлелдеп түсіндіріңіз.
Дыбыстар үндесуін сөйлеу тілімізде дұрыс қолданудың маңызы не?
Пайдаланылатын əдебиеттер :
11. Байтұрсынов А. Тіл құралы. А., 1993.
12. Қазақ тілінің грамматикасы. А., 1967.
13. Қазақ грамматикасы. Астана, 2002.
14. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. А., 1963,1978, 1982, 2000 ж.
15. Қазақ тілі энциклопедиясы. А., 1998.
16. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстау жүйесі. А., 1998.
17. Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. А., 1997.
18. Омарбеков С., Жүнісбеков Н. Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі. А.,1985.
19. Оразбаева Ф., т.б. Қазіргі қазақ тілі. А., 2005.
20. Уəлиев Н., Алдашева А. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. Алматы, 1988.
5- дəріс
Тақырып: Қазақ графикасы мен орфографиясының дамуы.
Дəріс мазмұны: 1. Қазақ жазуы мен емлесінің дамуы.
2. Графика. Қазақ алфавитінің даму, қалыптасу кезеңдері.
Пайдаланылатын əдебиеттер :
15. Байтұрсынов А. Тіл құралы. А., 1993.
16. Жүнісбеков Ə. Төл жазусыз түгелдік болмас. Ана тілі. 9, 16 қаңтар, 1992.
17. Қазақ тілінің грамматикасы. А., 1967.
18. Қазақ грамматикасы. Астана, 2002.
19. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. А., 1963,1978, 1982, 2000 ж.
20. Қазақ тілі энциклопедиясы. А., 1998.
21. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстау жүйесі. А., 1998.
22. Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. А., 1997.
23. Омарбеков С., Жүнісбеков Н. Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі. А.,1985.
24. Оразбаева Ф., т.б. Қазіргі қазақ тілі. А., 2005.
25. Сыздық Р. Тілдік норма жəне оның қалыптасуы. Астана, 2001.
26. Сыздықова Р. Тағы да бүгінгі емлеміз жайында //Егеменді Қазақстан, 27наурыз, 1993. 4бет.
27. Уəлиев Н., Алдашева А. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. Алматы, 1988.
28. Тіл білімі сөздігі. А., 1997.
6- дəріс
Тақырып: Лексикология. Семасиология.
Дəріс мазмұны: 1. Семасиология туралы түсінік.
2. Сөз мағыналарының түрлері. Синоним. Омоним. Антоним.
Лексикология жəне оның зерттеу объектісі. Лексика туралы түсінік, сөзге тəн белгілер.
Дəріс мақсаты:лексикология ғылымы туралы алғашқы түсінік беру. Лексикологияның негізгі
объектісі- сөз болса, оны тілдік единица ретінде дəлелдеу.
Тірек сөздер: лексика, сөз, ғылым атауы, лексикология, сөздік қор, сөздік құрам.
Қазіргі қазақ тілінің лексикология пəні, оның объектісі мен міндеттері.
Сөз- лексикалық единица, оның шарттары.
Дəріс мазмұны:Тіл қоғамдағы адамдардың өзара пікір алысу, бір- бірімен қарым- қатынас жасау құралы.
Əрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы, грамматикалық құрылысы болады. Тілдің осы айтылған əр түрлі
жақтары тіл білімінің тиісті тарауларында қарастырылады.Ендеше, тілдің сөздік құрамын лексикология
қарастырады
Лексикология (гр. « lexikos»-сөз, « logos»- ілім ) деген сөзінен жасалған термин.
Сөздердің мағынасын, оның жалпы лексикалық жүйедегі алатын орнын, шығу төркінін, қолдану қабілетін,
стильдік мəні мен сипатын тексеретін ғылымды лексикология дейді.
Лексикологияның зерттейтін объектісі- сөз. Ол сөзді 1- ден, мағынасы жағынан,
2-ден, шығу тегі жағынан
3-ден, қолдану аясы жағынан
4-ден, экспрессивті – стильдік сипаты мен қызметі жағынан қарастырады.
Семасиология, оның негізгі объектісі. Сөз мағынасы туралы түсінік, сөз мағыналарын классификациялау.
Дəріс мақсаты: Лексикологияның бір саласы- семасиология туралы толық мəлімет беру.
Семасиология- лексикологияның бір саласы.
Сөз мағынасы жəне оны классификациялау.
Дəріс мазмұны: Сөздің мағыналық жақтары семасиологияда қарастырылады. Семасиология сөздің
мағыналарын, мағынаның өзгеру жолдарын, семантикалық заңдарын зерттейді.
Ол гректің «Semasil» -белгі,белгілеу, «logos» -ілім деген сөзінен шыққан.
Семисология- лексикологияның ең басты жəне маңызды саласы, өйткені оның зерттейтін мəселесі-
мағынаны əрбір сөздің «жаны» деуге болады.
Тарихи тұрғыдан алып қарағанда, сөз мағыналары:
негізгі мағына
туынды мағына
Тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан:
Сөз
тура
келтірінді
Сонымен қоса бүгінгі тіл білімінде академик В.В Виноградовтың сөздің лексикалық мағынаға жасаған
классификациясы кең түрде қолданылып жүр. В.В Виноградов сөздің лексикалық мағынасының 3 типін
көрсетеді:
Тура немесе номинативті мағына
Фразеологиялық байлаулы мағына
Синтаксистік шартты мағына
Сұрақтар:
Семасиология қандай ғылым? Зерттейтін объектісі?
Лексикология объекті болатын қандай сөздер?
Сөздің қандай мағыналары бар?
Сөздің əрбір мағынасына жеке тоқталып, мысалмен дəлелдеңіз.
Сұрақтар:1.Лексикология қандай ғылым? Оның зерттейтін объектісі не?
2. Зерттеушілер « сөзге» қандай анықтама береді? Белгілерін қалай көрсетеді?
3.Лексикология сөзді қандай қырларынан зерттейді?
Пайдаланылатын əдебиеттер :
18. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1993, 498 б.
19. Болғанбаев Ə. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1979.
20. Болғанбаев Ə., Қалиев Ғ. Қазақ тілінің этимологиясы. А., 1998.
21. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі (фонетика, лексика). А.,1962.
22. Қалиев Ғ., Болғанбаев Ə. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 2003.
23. Қалиұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. А., 2004.
24. Қордабаев Т. Сөз жəне оның мағыналары // Қазақ тілі мен əдебиеті, 1998, №1.
25. Қазақ тілі. Энциклопедия. А., 1998.
26. Оразбаева Ф., Ахметов Ə., Жүнісбекова К. Қазіргі қазақ тіліне арналған жаттығулар. А., 1999.
27. Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. А., 1991.
28. Сыздық Р. Сөздер сөйлейді. А., 2004.
29. Сыздық Р. Абайдың сөз өрнегі.
30. Сыздық Р. Тілдік норма жəне оның қалыптасуы. Ас., 2001.
31. Синонимдер сөздігі. А., 2001.
32. Сəрсенбаев А. Қазақ мақалдары мен мəтелдерінің лексика-стилистикалық ерекшеліктері.
33. Смағұлова Г. Фразеологизмдердің варианттылығы. А., 1996.
34. Уəлиев Н. Фразеология жəне тілдік норма. А., 1998.
7- дəріс
Тақырып: Фразеология.
Дəріс мазмұны: 1. Фразеологизм жəне оның белгілері.
2. Фразеологизмдердің сыртқы құрылысы мен стильдік қызметі.
3. Фразеологизмдердің ішкі құрылымы.
Фразеологизмдер, оған тəн белгілер, олардың топтастырылу жайы.
Дəріс мақсаты: ойды əсерлі жеткізудің бір жолы, сөз маржаны фразеологизмдер туралы, фразеология
ғылымы туралы мəлімет беріп, оның басты белгілері, түрлері, стильдік қызметін көрсету.
Тірек сөздер: фразеология, фразеологизм , тұрақты сөз тіркестері, фразеологиялық оралым,
фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, идиома, фраза.
ТСТ туралы түсінік, оның басты белгілері.
ТСТ- нің түрлері.
Олардың стильдік қызметі.
Дəріс мазмұны: Фразеология ертеден қалыптасқан, белгілі бір мағынада ғана қолданылатын, өзара бөліп-
жаруға келмейтін сөз тізбектері. Кеңесбаев І «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде» қазақ тіліндегі
тиянақты тіркестер тіл ішінде өз заңдылықтарына сəйкес өмір сүретін айрықша категория жəне олардың əр
алуан ірілі- ұсақты ерекшеліктерімен айырым белгілерін саралай зерттейтін дербес пəн- фразеология
делінеді. Сонымен фразеологизмдердің өзіне тəн мынадай ерекшеліктері бар:
Мағына тұтастығы
Тіркес тиянақтылығы
Қолдану тиянақтылығы.
Жəне оны үлкен екі салаға бөліп қарайды:
Фразеологиялық түйдектер.
Фразеологиялық тіркестер
Сұрақтар:
Фразеология – қазақ тілі білімінің қандай саласы?
Бұл ғылым саласын алғаш зерттеуші ғалым кім?
ТСТ –терінің басты белгілері қандай?
ТСТ –ны күрделі, еркін сөз тіркестерінен қалай ажыратамыз?
Пайдаланылатын əдебиеттер :
11. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1993, 498 б.
12. Болғанбаев Ə. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1979.
13. Болғанбаев Ə., Қалиев Ғ. Қазақ тілінің этимологиясы. А., 1998.
14. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі (фонетика, лексика). А.,1962.
15. Қалиев Ғ., Болғанбаев Ə. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 2003.
16. Қалиұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. А., 2004.
17. Қазақ тілі. Энциклопедия. А., 1998.
18. Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. А., 1991.
19. Смағұлова Г. Фразеологизмдердің варианттылығы. А., 1996.
20. Уəлиев Н. Фразеология жəне тілдік норма. А., 1998.
8- дəріс
Тақырып: Сөзжасам.
Дəріс мазмұны:
4. Сөзжасам туралы түсінік.
5. Сөзжасам - жеке ғылым саласы. Сөзжасамның басқа ғылым салаларымен байланысы.
6. Сөзжасамдық тəсілдер.
Сөзжасам теориясы
Дəріс мақсаты: сөзжасам, оның зерттелуі, мақсаты мен мазмұны туралы түсінік беру.
Тəрек сөздер: сөзжасам, сөзжасам жүйесі, сөзжасамдық бірлік, сөзжасамдық мағына, туынды сөздер,
морфология.
Дəріс мазмұны:
1. Сөзжасам тіл білімінің жеке саласы
2. Сөзжасам – жеке пəн, оның мақсаты мен мазмұны
3. Сөзжасамдық тəсілдер
Қазақ тілі грамматикасында 1991 жылдан бері сөзжасам жеке пəн ретінде оқылық келеді. Бұған дейін
сөзжасам мəселесі оқытылмады деуге болмайды. Ол морфология курсымен бірге қарастырылды.
Сөзжасам жеке сала ретінде тілдің сөзжасам жүйесін, сөзжасамдық бірліктерді, сөзжасам
заңдылықтарын, амал – тəсілдерін, жасалу жолдарын олардың түрлерін, яғни, тілдің сөзжасам жүйесін
зерттейді.
Сөзжасамды жеке сала деп танып, алғаш ұсынған (1950 жыл) В.В.Виноградов болатын. Ол шетел
ғалымдарының зерттеулерінде де дəлелденді. Оған 1978 жылы Вена қаласындағы лингвисттердің дүние
жүзілік ғылыми конгресі дəлел. Ал түркі тілінде бұл сала бойынша зерттеу жұмысын жүргізуші
Ф.А.Ганиев.
Сөзжасам мəселесі туралы ғалымдар зерттеуі қазақ тіл біліміне де əсер етті. 1989 жылы қазіргі қазақ
тілінің сөзжасам жүйесі атты монаграфия, ғылыми терминдер айналымға түсті.
Сөзжасам тілдің барлық саласымен байланысты əсіресе морфологиямен.
Тілде жаңа сөздің жасалуының тілдің сөзжасам жүйесінде қалыптасқан өзіндік жолы заңдылығы бар.
Жаңа сөздер көне замандардан бері қалыптасқан заңдылықтар бойынша, яғни сөзжасамдық тəсілдер
бойынша жасалады.
Ол тілдің ішкі мүмкіндіктеріне негізделеді. Тілдің ішкі мүмкіндіктеріне тілде бар сөздермен
сөзжасамдық жұрнақтар, олар арқылы сөз жасаудың тілде қалыптасқан жолдары, заңдылықтары, тəсілдері
жатады.
Қазіргі сөзжасам жүйесінде қалыптасқан тəсілдер:
1. синтетикалық
2. аналитикалық
3. лексика – семантикалық.
Достарыңызбен бөлісу: |