2.Модаль сөздердің қалыптасу көздері.
Жалпы модальдық құбылысты, бұл ретте əсіресе лексикалық, грамматикалық жəне модальдық
мағыналардың өзара ортақ тұсын, арақатынасын, айырмасын неғұллым нақты , терең тани түсудің бір
маңызды шарты – мүмкін болғанша, тіліміздегі модаль сөздердің шығу, даму жолдарын анықтап алу. Ал
олардың бұл төркін – тегін, морфологиялық құрылымын анықтау мəселесі белгілі дəрежеде этимологиялық
зерттеуді қажет етеді. Себебі қазақ тіліндегі модаль сөздер деп жүргеніміздің біразы – шын мəнінде бөтен
текті, кірме құбылыстар немесе тілдің даму барысында басқа сөз таптарынан ауысқан сөздер. Сияқты
модаль сөзі тарихи тұрғыдан алғанда араб тілінде «форма, вид, фомальность, формула» ұғымын білдіретін
сыйах – сиакъ зат есіміне барып саяды.
Сияқты модаль сөзінің бұл этимондық нұсқасыкейбір түркі тілдерінде қазір де қолданылады:осм.сijak
метод, образ действия ; бу, cijakta таким образом; қазақ, қарқалпақ сыjак наружность, вид; қазақ сыjакты (^
cыjак + лы), қарақалпақ сыjакту прекрасной наружности, красивый (РСл); кирг. Сыяк лицо, внешний вид,
статность; түз боюмду бөкчейтуп, сыйакты алдын карылык согнув мой прямой стан, ты, старость, взяла
мою статность (ЮСл); ног. Сыяк внешняя, наружная сторона, сыякка шыгув выйти на улицу, пойти в
туалет, выйти во двор.
Сонымен, сиык – сияқ түбірі қазақ тілінде өзге түркі тілдеріндегі тəрізді негізінен <<вид, физиономия,
форма, образ, очертание, (черты лица), фигура, осанка, наружность>> ұғымын білдіреді. Мысалдар
келтірейік. Татуласқан сиқым осы ма; шешеңнің ауыр салмақ көтерер сиқы жоғын ойла.
Кейбір диалектілік дерекке қарағанда, жоғарыдағы саиық сөзі тілімізде сиқат формасында да
қолданылатын көрінеді. Мысалы, ол Семей облысының қайсыбір өңірінде сияқты, сыйақты дегендермен
қоса сиқатты болып та қолданылады. Ол кеше ауданға барған сиқатты (ҚТДС). Сиқат сөзін сондай-ақ Абай
да қолданылады. Жоғарыда келтірілген əр тарап тіл деректерін өзара салыстыра, салғастыра келгенде,
мына ойға қорыған негіздірек көрінеді: сияқатты<сыяқ+ат+ты; сиқатты < сиық + ат (немесе сиға –
сиқа+т)+ты.
Өзінің сөздігінде түбір қалпында бұл сөзді Л.З.Будагов та келтіреді. Бұл айтылғандарға қарағанда
жоғарыдағы сықылды модаль сөзінің осы сықыл түбіріне – ды жұрнағы жалғану арқылы жасалғаны айқын
аңғарылады. Мұны сондай – ақ мына деректер де бекіте түседі. «Сықыл (секіл), шдкіl (шдкl) сходство6
наружность наружность, наружный признак, цвет, форма, вид» (РСл), «вид, лицо, изображение, фигура»
(БСл). Өзінің мағынасы мен формасы жағынан алғанда осы топ тіл құбылыстарына сынды лексемасын да
жатқызуға болады. Бұл сөзді қазақ тілінде, көбінесе фольклорлық шығармаларда ескілікті өлең – жырларда,
аға буын ақын, жазушылардың қолдануында кездестіруге болады; Толеген сынды мырзаңды. Сайын сынды
батырды; Əбіш сынды асылдан.
Тəрізі, тəрізді модаль сөздері де тарихи тұрғыдан тəріз түбіріне барып саяды. Мұның, яғни тəріз
лексемасының шүу басқы, түпкі ұғымы əлде бір заттың немесе əрекеттің сыртқы белгісімен, сырт
тұрпатымен, формасымен тығыз байланысты болып келеді. Тəріз де өзінің шығу тегі жағынан жалпы
болып келеді. Тəріз де өзінің шығу тегі жағынан жалпы араб сөзі: Тарз вид, форма, манера, подобный (РСл)
таарз вид, образ, таарзді подобный; тарзъ форма, манера ,вид.
Осындағы тəріз үлгісінде ілгеріде қарастырылған сияқты, сиықты модаль сөздерінің түбірісиық та қазақ
тілінде күні бүгінге дейін қолданылады, мысалы: Бірі жамбастап, қайсыбірі тізерлеп малдас құрып отырған
шағын топтағы ортадағы қарияда оқшаулау бір сиық бар. Осы орайды тақылетті сөзіне де қысқаша тоқтала
кетуге тура келеді. Бұл – түбірі тақылет – араб тілінен енген сөз. Мағынасы жағынан жоғарыдағы сияқты,
сықылды, тəрізді, секілді, сынды модаль сөздерімен синонимдес. «Тахлит ар.южн. подобный, похожий:
котос тахлит похожий на яка». Қазақ тілінде модальдық болжал мағынада қолданылатын бұл аталғандардан
басқа да жекелеген лексемалар бар. Бұлар – негізінен белгілі бір аймақта ғана қолданылатын, локальды
сипаттағы тіл құбылыстары. Рəуішті / рəуіш+ті, іспетті / іспет+ті. Рəуіш парсы сөзі, іспет – араб сөзі. Рəвіш
– ход, поступок, обхождение, манера, образ;татар тілінде рəушлі түрінде жұмсалады (БСл). Қазақ тілінде
модаль сөздер қатарына əлпетті лексемасын да жатқызуға болады. Бірақ бұл жоғарыда талданған модаль
сөздермен салыстырғанда модальдық қызметте бір шама сиректеу қолданылады, кейбір жазушылардың
шығармаларында ғана кездеседі. Мысалы: Түрлері бұзық. Асынғаны көкбеңбек темір.
Аталмыш модаль сөздің түбірі əлпет тұлғасы тілімізде кейде өз алдында дербес қалпында – ті
жұрнағынсыз да қолданылады. Қазақ тіліндегі əлбетте мен əлпеті, əлпет, əлпетті дегендер генетикалық
жағынан бір-бірімен тығыз байланысты.
Зайыр модаль сөзі қазақ тілінде осы мағыналарды түгел дерлік сақтаған деуге болады. Мысалы, ол
сөйлеушінің айтылған хабар жөніндегі болжамын білдіргенде қыстырма мүше ретінде синтаксистік
позицияда зайыры түрінде қолданылады. Зайыры, солар келе қоймас; зайыры, сонадайдан көзге түскен
кісінің бəрі өздеріне назар аударсын дейтін сияқты.
Зайыр бұл өлеңде «ес,сана, ой» деген тəріздес мағына білдіретін сияқты. Тіліміздегі зайыры сөзінің
модальдық семантикасын неғұрлым нақтырақ əрі толығырақ тани түсу үшін оның əр аймақта, əр алуан
жазба нұсқаларда білдіретін əр түрлі мағыналық реңтеріне əдейі осылай кеңірек тоқталып отырмыз. Бұл
ретте мысалы публицистика жанрындағы мына бір айдардағы зайырлы лексеманың да ұғымы ден қоярлық:
зайырлы қоғамның зиялылары.
Қазіргі түркі тілдерінің қай – қайсында да, солардың қатарында қазақ тілінде де модаль сөз қатарында
қаралып жүрген керек лексемасы көне түркі ескерткіштерінде өзінің осы күнгі белгілі «қажет (нужно,
необходимо)» мағынасынан мүлдем өзгерек мəнде келтіріледі. Мой младший брат Кюль – Тегин скончался;
Кдrgдк нужное; кдrg длік нужный; кдrgдк конец (смерть, необходимость, судьба),кдrgдкsiz без конца, без
границ, без огорчения (без необходимости), ограничивать; кдrgдksiz безмерно. Бұл жерде жоғарыдағы
«қажет» (нужное, нужный) мəніндегі кдrgдк пен ақыры, соңғы, біткен (конец, смерть, необходимость,
судьба)ұғымындағы кдrgдк араларындағы мағыналық алшақтық елеулі болғанмен, екеуі генетикалық
жатқан түбі бір құбылыс болар – ау деген ой келеді. өйткені түркологияда ол морфологиялық құрылымы
жағынан былай мүшеленеді: керек<кер+gek, кер- нужное.
Ертерек кезгі əдеби нұсқаларда сөйлем модальдылығы ара – тұра лазым – лəзім дейтін де араб сөзімен
білдіріліп отырған. Бұл да жаңағы керек, қажет, тиіс сөздерімен мағынасы жақын, синонимдес лексема.
Лазым түркі тілдерінің біразынан кездеседі. В.В.Радлов сөздігіне морфологиялық жағынан əр түрлі тұлғада
келтірілген: лазым нужный, необходим и лазымы .1.необходимый, 2. двусмысленное слово, лазымсыз
ненужный,
лазім
необходимый,
употребительный,
тар
лазімат
необходимость
употребительность,лазіматлік необходимый. Қазақ тілінде бұл сөз бір ғана формада, атап айтқанда тек
лазым түрінде ғана қолданылып, «тийстілік (долженствование)» модальдық мағынасын білдіреді: Сіздің де
естіп, білуіңіз лазым ғой. Оқасы жоқ, білмегенді білу лəзім.
Модальдық болжал мағынаны қазақ тілінде сондай – ақ бəлки – бəлкі сөзді де білдіреді. Бұл өзінің шығу
тегі жағынан араб тіліне тəн тіл құбылысы. Ол онда құранды шылау ретіде қаралады. «Ар.бəлкім,
бəлки,бəлкі (сост.из бəл и кі, кім может быть разве, авось; а бəл но, однако».
Жоғарыда этимологиялық талдау жүргізілген модаль сөздердің дені модальдық мағынаға жалпы
біртіндеп грамматикалану процесінде ие болған. Сондай-ақ, тілімізде қазір бұлардан өзге де біраз
жекелеген лексемалар, сол қатарда, мысалы білем, көрінеді сияқты кейбір етістіктер де осы
грамматикалану жолымен модальдық статус алу үстінде.
Модальдық сөздердің семантикалық сипаты. Айналада үнемі болып отыратын əр алуан құбылыстар,
өмірдегі сан сала болмыс түрлері, белгілі бір заттың сын қимылы, іс-əрекеті сөйлемде əдетте жалаң хабар
түрінде ғана айтыла салынбайды. Сөйлеушінің осы хабар тарапты пікірі, яғни сөйлем мазмұнының ақиқат
шындықпен сəйкес- дəлдігі жөніндегі оның көзқарасы əдетте қоса беріліп отырады. Сөйлем мазмұнының
бұл ақиқат шындыққа қатынасы лингвистикада предикаттылық аясында түсіндіріледі. Ал сөйлеушінің осы
қатынас жайындағы өзіндік баға- байламы, яғни қатынасқа қатынасы тіл білімінде модальдылық
тұрғысынан сипатталады.
Сөйлемде модальдылығын тіл ғылымда жалпы обьективті модальдық деп екі бағытта қарастырады.
Сөйлемнің модальдылығы басқа да əр алуан,əсіресе экспресивті жəне эмоциональдық мағыналармен өте
ұқсас,көп жағдайда олар өзара тығыз байланысты болып келеді.
Сөйлем модальдылығы əдетте əр түрлі жолдар арқылы білдіреледі. Сойлемнің модальдылығы
білдіретін морфологиялық тəсілге етістіктің рай категориясы, шақ категориялары да жатады. Бұл ретте
əсіресе қалау райдың, -ар, -ер,-р,-с формалары келер шақтың жəне –ып (-ып,-іп, -п) қосымшасымен келетін
бұрынғы өткен шақтың қызметі айрықша. Рай мен шақтың жалпы етістік категориялары екені белгілі. Ал
модальдық етістіксіз сөйлемде де болады. Модальдық реңк сөйлемнің типтік түрлері арқылы да білдіріледі.
Бұл – сөйлем модальдылығын білдірудің синтаксистік тəсілі. Сөйлемнің мазмұны жөніндегі сөйлеуші
адамның көзқарасын, пікірін білдіретін жеке сөздер мен кейбір демеуліктер де (-ғой, - ау т.б), бірді – екілі
шылаулар да бар.
Сөйлеуші адамның сөйлем мазмұны жөніндегі пікірін білдіру үшін қолданылатын осындай арнаулы
модаль сөздер өздерінің құрамы жағынан түрлі – түрлі болып келеді. Модаль сөздер өздерінің лексика –
грамматикалық белгілеріне қарай есім сөз таптарынан да, етістіктерден де, көмекші сөздерден де, басқа да
кейбір сөз топтарынан бола береді. Мысалы: мүмкін, шамасы, рас, əрине, зады, тағы біраз сөз - өздерінің
синтаксистік қызметі жəне сөйлемдегі байланысты жағынан қыстырма сөздер. Ал мағыналық ерекшелігі,
мəні жағынан алғанда, яғни сөйлемде айтылған хабар жөнінде сөйлеушінің пікірі қанадй – мақұлдай ма,
күдіктене ме, болжал айта ма, əлде ол жайында нық сенімділік білдіре ме – осы тұрғыдан бұлар модаль
сөздер.
Модаль сөздердің қолданылу ерекшеліктері.
Қазақ тіліндегі модаль сөздердің қолданылуындағы басты бір ерекшелік: олардың көпшілігі бүгіде əр түрлі
модальдық мағынада жұмсалғанымен, өздерінің əуелгі тура мəнінен əлі толық ажырамаған. Олардың
көпшілігі қазір сөйлеушінің сөйлемде айтылған хабарға деген қатынасын білдіретін тұрақты тілдік единица
ретінде де, сонымен қоса негізгі лексикалық ұғымында да қолданылады.
Сынды: Мрейі асқан өренім, Кебек сынды таққа бер.
Қисыны: Қиуадан шауып, Қисынын тауып.
Сияқты: Күн сияқты ол дағы күреңітіп.
Рас: Расты демей танамыз ба.
Көрінеді: Алыста қарауытқан бірдеңелер көрінеді.
Білем: Менің қамымды жейтұғынын қайдан білем.
Дейді: «Патша тұрғанда жұмысшының жұмысы оңбайды» дейді.
Деседі: Енді не, жөні со ғой – деседі бозбалалар (Аймауытов).
Керек: Жетілсең де, жетсең де Керек күні бір бар – ау (Абай)
Екен: Момындық күшті екенін Көрсем дағы күшпеймін (Абай)
Сыңайлы: Сенсіз өткен күнім де түн сыңайлы (Əбілдаева)
Реуішті: Мынау адамның басы реуішті нəрсе екен (КТДС)
Дəл осы сипат қазақ тіліндегі зайыры, мүмкін, болар, шығар, сиқы, іспетті осылар типтес тағы біраз модаль
сөздерге де тəн. Қазақ тіліндегі модаль сөздерді қолданылу ерекшелігіне қарай үш топқа бөліп бөліп
қарауға болады. Олар мыналар:
1. Сөйлемде тек синтасистік қыстырма мүше қызметіне қолданылатын модаль сөздер: əлпеті, шамасы,
тəрізі т,б.
2. Жоғарыдағыдай тұтас сөйлем мазмұнымен байланысты емес, үнемі тек баяндауыштың шылауында
көмекші мүше қызметінде ғана жұмсалатын модаль сөздер: - у керек, - уы (-уі) керек, -ар-ға керек, -
ма, (-мек) керек, -мақ-қа (-мекке) керек, -са (-се) керек т.б.
3. Мүмкін. Бұл болжал мəнді модаль сөз қазақ тілінде сөйлемде əрі синтаксистік қыстырма мүше
позициясында, əрі қимыл есімді баяндауыштың шылауында көмекші қызметінде қолданылады. Бұл
ретте кейде – уы (-уі) мүмкін бөлігі сыңарынан ажырап, сөйлемнің басында, синтаксистік қыстырма
үше қызметінде қолданылады да, сөйлем оның қосарындағы сол тəуелдік жалғаулы қимыл есімге
аяқталады: Мүмкін, олар үйде жоқ (Ғабдуллин).
Тексеруге арналған сұрақтар:
1. Модаль сөздердің лексика-грамматикалық ерекшеліктері.
2. Модаль сөздердің қолданылу ерекшеліктері.
3. Модаль сөздердің қалыптасуы.
Пайдаланылатын əдебиеттер :
1. Қазақ тілінің грамматикасы. Алматы, 1967.
2. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1991.
3. Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі. Алматы, 1986
4. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. Алматы, 1996.
5. Кузнецов П. Ц. О принципах изучения грамматики. М., 1961.
6. Смирницкий А.И. Лексическое и грамматическое в слове вопросы грамматического строя. М. 1955
7. Шмелев Р. Н. Современный русский язык.
8. Милославский И. Г. Морфологические категории современного русского языка М. 1981
9. Төлеуов Ə. Сөз таптары. Алматы,1982.
7. Электронды оқулықтар
1. Ержанова Ұ.Р. Қазіргі қазақ тілінің синтаксис.і Орал-2006
8. Практикалық, семинарлық, лабораториялық сабақтардың жоспарлары
Қазақ тілінің практикумы курсы бойынша жүргізілетін практикалық сабақтар əдетте грамматикалық
талдау жұмыстарына арналады.Грамматикалық талдау тілдің барлық тараулары мен салаларын қамтиды.
Яғни, фонетикалық, лексикалық, сөзжасамдық жəне грамматикалық талдаулар.
Грамматикалық талдау тілдің барлық салаларын қамтиды. Студенттерге талдаудың талабы мен талдау
тəртібі ұсынылады. Мəселен, грамматиканың бір саласы морфология болса, 9-15-апта аралығындағы
практикалық сабақтар морфология курсына арналған, сондықтан да бұл кездегі практикалық сабақтардағы
талдау жұмыстары төмендегі жоспар бойынша талданады:
1. Лексика-семантикалық мағынасы.
2. Морфологиялық белгісі:
А) Бастапқы тұлғасы
Б) Тұрақты белгілері.
В) Т ұрақсыз белгілері.
3.Синтаксистік қызметі.
№ Тақырыбы
Практикалық сабақтың мазмұны
Апта
Əдебиеттер
1
Қазіргі қазақ тілі
фонетикасындағы
өзекті мəселелер.
Қазіргі қазақ тілі
фонетикасындағы өзекті
мəселелер.
Қазақ
орфографиясындағы
қиындықтар.
1
1,2,3,4,5,6
2
Дыбыстар түрлері
жəне дыбыстар
тіркесі.
Дыбыс туралы ұғым.
Дыбыстау мүшелері мен олардың
қызметі.
Тіл дыбыстарының жасалу
жолдары.
Дыбыс ырғағы, күші.
2
1,2,3,4,5,6
3
Буын, бунақ, екпін.
Буын. Буын үндестігі.102-105-
жаттығу.
Буынның алмасуы мен жылысуы.
Буын үндестігіне бағынбайтын
сөздер мен қосымшалар.
Екпін. 106-111-жаттығу. /Қалиев
Ғ.,Оралбаева Н.,т.б.Қазіргі қазақ
тілі. Жаттығулар жинағы. А.,
1997/.
3
1,2,3,4,5,6
4
Үндестік заңы.
Үндестік заңы.
Тіл үндестігі.
Ерін үндестігі.
4
1,2,3,4,5,6
5
Лексикология .
Лексикология
пəні,
зерттеу
объектісі.
Қазақ тілінің сөздік құрамы мен
негізгі сөздік қоры.
5
1,2,3,4,5,6
6
Синоним. Омоним.
Антоним.
Синонимдерге
тəн
белгілер.
Синонимдік
қатар
жəне
доминанттар.
Омоним. Омонимия. Омонимдер
түрлері.
Антоним,
олардың
ерекшеліктері.
6
1,2,3,4,5,6
7
Лексикография.
Сөздердің сипатталу мазмұнына
қарай түрлері (Түсіндірме, аударма
сөздік).
Сөздердің сипатталу мақсатына
қарай түрлері (Орфографиялық,
орфоэпиялық,
этимологиялық,
синоним, омоним, антонимдер
сөздігі).
7
1,2,3,4,5,6
8
Сөзжасам
Тілдің сөзжасам жүйесі.
Сөзжасамдық бірліктер.
Сөзжасамдық жұрнақ.
8
1,2,3,6,19,20
9
Зат есім
Зат
есімнің
лексика-
грамматикалық
сипаты.
Зат есімнің синтаксистік қызметі.
210-жаттығу../Қалиев Ғ.,Оралбаева
Н.,т.б. Қазіргі қазақ тілі.
Жаттығулар жинағы. А., 1997/.
9
1,2,4,5,9,10
10 Есімдік
Есімдік. Прономиналдану процесі.
Есімдіктің синтаксистік қызметі.
10
1,2,4,5,9,10
241-243-жаттығу.
ҚалиевҒ.,
ОралбаеваН., т.б. Қазіргі қазақ тілі.
Жаттығулар жинағы. А., 1997/.
11 Етістік
Етістіктің
ерекше
тұлғалық
түрлері.
Етістіктің таза грамматикалық
категориялары
11
1,2,4,5,6,7,9,10,12,14,15,17,
21
12 Морфологиялық
талдау
Меңгерілген
теориялық
білім
негізіне сүйене отырып, жаттығу,
тапсырмалар
бойынша
морфологиялық
талдау
жасау.
Сызба, таблицалармен жұмыс.
12
8,16,22
13 Сөз таптары
Сөз таптары бойынша кешенді
талдау.
338-340-жаттығу.
/Қалиев
Ғ.,Оралбаева Н., т.б. Қазіргі қазақ
тілі. Жаттығулар жинағы. А.,
1997/.
13
8,16,22
14 Еліктеу сөздер
Еліктеу сөздердің синтаксистік
қызметі.
319-жаттығу. /Қалиев Ғ.,Оралбаева
Н., т.б. Қазіргі қазақ тілі.
Жаттығулар жинағы. А., 1997/.
14
1,2,4,5,6,7,9,18
15 Модаль сөздер
Модальдық сөздердің қолданылу
ерекшеліктері.
337-жаттығу. /Қалиев Ғ.,Оралбаева
Н., т.б. Қазіргі қазақ тілі.
Жаттығулар жинағы. А., 1997/.
15
1,2,4,5,6,7,9,
9. Қазақ тілі практикумы пəні бойынша көрсетілген семинар, практикалық сабақтарға əдістемелік
нұсқау:
Қазіргі қазақ тілі практикумы дəріс, семинар-практикалық сабақтарда жəне студенттердің өзіндік
жұмыстарында жүзеге асырылады.
Оқыту негізінен оқу материалдары түсіндірілетін жəне жаттығу
жұмыстарын талдаудағы практикалық дағдыларды қалыптастыратын дəріс жəне практикалық сабақтар
түрінде өтеді. Практикалық сабақтарда ұсынылатын жаттығу жұмыстары , тапсырмалар жазбаша
орындалады. Ал сұрақтар ауызша орындалады.
Курс дəріс оқу əдісі, түсіндіру, сұрақ-жауап, проблемалық-эвристикалық, интерактивтік əдіс, салыстыру,
талдау, көрнекі құралдар қолдану, сыни тұрғыдан ойлау əдістері негізінде оқытылады. Өзіндік іздену,
қорыту, жинақтау, талдау əдістері өз бетімен жұмыс істеген жағдайда ұсынылады.
Студент есіне!
1.Сабаққа қатысу. Сабаққа міндетті түрде келу керек. Өтпеген сабақтарды толық түрде студент
оқытушыларға өтеп, оқығанын дəлелдейді.
2. Студент сабаққа кешікпеуі керек, ұялы телефонды өшіріп, оқу үрдісіне белсенді түрде қатысып отыруы
тиіс.
3. Семинар сабақтарына əзірленуде сұрақтың мазмұнына мəн беріп, керекті материалды ғана жинақтап,
нақты мысалдармен түсіндіруге тырысыңыз.
4. Жаттығу жұмыстарына талдау жасау кезінде білім деңгейіңіздің шамасы байқалатынына көңіл аударып,
қажетті деректерді уақытында меңгеруге ұмтылыңыз.
5. Сабақ уақытында сабақтан сұрануға, бос əңгімеге, басқа біреуге кедергі келтіруге рұқсат етілмейді.
6. Сабақ уақытында студенттің өз пікірін дəлелдеп, сабаққа белсене қатысуы, берілген тапсырманы
уақытында орындауы есепке алынады.
7.Үй жұмысы талапқа сай орындалып, оқытушы белгілеген уақытта тапсырылуы тиіс. Уақытында
тапсырылмаған үй жұмысы қабылданбайды.
А) Практикалық сабақ
-тақырып аты
-сабақ мақсаты
-негізгі сұрақтар
-əдістемелік нұсқаулар
Практикалық сабақ -1
Тақырыбы: Қазіргі қазақ тілі фонетикасындағы өзекті мəселелер.
Мақсаты: Қазіргі қазақ тілі фонетикасындағы өзекті мəселелерді анықтап, білімдерін дұрыс қолдана алуға
үйрету.
Сұрақтар: 1. Қазіргі қазақ тілі фонетикасындағы өзекті мəселелер.
2.Қазақ орфографиясындағы қиындықтар.
Достарыңызбен бөлісу: |