Педагогика факультеті Педагогика жəне психология кафедрасы «Қазақ тілінің практикумы»



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата06.03.2017
өлшемі0,63 Mb.
#8139
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Сұрақтар: 

1.  сөзжасамның пəн ретінде танылуы қашаннан басталынады? 

2.  сөзжасам пəнінің мақсаты мен міндеті не? 

3.  сөзжасамның зерттелу жайы туралы не айтасыз? 

4.  қандай сөзжасамдық тəсілдер бар? 

Əдебиеттер: 

1.Н. Оралбаева Қазақ тілінің сөзжасамы. Алматы,2002 

2.А. Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі.Алматы, 1974 

3.Ə. Нұрмаханова Қазіргі қазақ тілі, Алматы, 1992 

4.Н. Оралбаева, Н. Қалыбаева. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі. А. 1986 

5.К. Аханов. Грамматика теориясының негіздері. Алматы 1972 

6.Е.С. Кубаракова Основы морфологического анализа. М.1974   

 

Əдебиеттер:  



1 . Қазақ тілінің грамматикасы. Алматы, 1967.  

2 . Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі. Алматы, 1986.  

3. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы, 1989. 

4. Оралбаева Н. Сан есімнің сөзжасам жүйесі. Алматы, 1998. 

5. Оралбаева Н. Күрделі сөз жасаудағы тірек сыңардың қызметі. Алматы, 1990. 

6. Оралбаева Н. Сөзжасамдық тарам. Алматы, 1998. 

7. Қасымова Б. Құранды етістік. Алматы, 1997. 

             8. Тоққожаева О. Қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұялар сөздігі. Алматы, І, ІІ кітап, 1996. 



9- дəріс 

Тақырып: Грамматика. Морфология. 

Дəріс мазмұны:   1. Грамматика- тіл білімінің саласы. 

                               2. Грамматикалық ұғымдар.  

                               3. Грамматикалық категория. 

                               4. Сөздерді таптастыру принциптері. 



Сөздердің морфологиялық құрылымы . 

 Дəріс мазмұны: : 1. Грамматика- тіл білімінің  саласы. Грамматикалық ұғымдар. 

                                 2.Сөздің лексикалық жəне грамматикалық мағынасы. 

                                 3.Грамматикалық форма жəне грамматикалық категория.  



Мақсаты:      Грамматика  салаларының  бір-бірімен  байланыстылығын  түсіндіру,  грамматикалық  ұғымдар 

туралы түсінік беру. 



Тірек  сөздер:  Грамматикалық  мағына,  грамматикалық  форма,  грамматикалық  тəсіл,  грамматикалық 

категоия. 

1. Грамматика- тіл білімінің  саласы. 

Қандай  болмасын  тіл  туралы  ғылым  бірнеше  салалардан  тұрады  жəне  ол  салалар  бір-бірімен  өте  тығыз  

байланыста  болып келеді. Тілді терең түсіну үшін, оны зерттеу үшін тілдің осы салалары өте қажет болып 

келеді. Қазақ тілі де - сондай тілдердің бірі. Оның да бірі-бірімен тығыз байланыста бірнеше салалары бар: 

фонетика,  фонология,  лексика,  лексикология,  лексикография,  грамматика,  морфология,  синтаксис, 

диалектология, ономастика, стилистика, ортология, т.б. 

Бұлардың өздерін екіге бөліп қарауға болады: тілдің ішкі заңдылықтарын зерттейтін салалары жəне тілдің 

сыртқы салаларын зерттейтін салалары.  Тілдегі грамматикалық амал-тəсілдердің барлығын грамматикалық 

құрылыс деп атайды. Оны тілдің грамматика саласы зерттейді. 

  Грамматика  –  сөздің  құрылысын,  сөз  тіркесінің,  сөйлем  мүшелерінің  жəне  сөйлемнің  құрылысын 

зерттейтін тіл ғылымының үлкен саласы. Тілдің грамматикалық құрылысы сөзге сүйенеді жəне сөз арқылы 

ғана  көрініп  отырады.  Грамматика  ғылымы,  тілдің  грамматикалық  құрылысын  зерттегенде,  өзінің 

тексеретін  объектісінің  негізгі  өзегі  етіп  сөзді  жəне  сөйлемді  алады.  Зерттеу  объектісінің    осындай 

ерекшеліктеріне қарай, грамматика ғылымы морфология  жəне синтаксис болып екі салаға бөлінеді. 

 2.Сөздің лексикалық жəне грамматикалық мағынасы. Грамматикалық форма жəне грамматикалық 

категория.  

Сөздердің  басқа  сөздермен  қарым-қатынасқа  түспей,  жеке  дара  тұрған  күйіндегі  негізгі  мағынасын  

лексикалық  мағынасы  деп  атаймыз.  Сөзде  лексикалық  мағынамен  қатар  грамматикалық  мағынасы  да 

болады. Мен, ауыл, машина, бар деген сөздерді алсақ, олардың əрқайсысы жеке-жеке ұғымдары білдіреді. 

Бірақ  олардың  осы  жиынтығынан  ешқандай  хабар  берілмейді.  Адам  сөйлескен  кезде  жеке  лексикалық  

сөздер  арқылы  білдіруге  болмайтын  неше  түрлі  мағыналардың  бəрін  тек  грамматикалық  амал-тəсілдер 

арқылы ғана түсінікті етіп айтуға болады. Яғни,  жоғарыдағы сөздердің грамматикалық тəсілдер көмегімен 

«Мен  ауылға    машинамен  бардым»  деп  хабарлауға  болады.  Сөздің  нақтылы  лексикалық  мағынасымен 

жарыса отырып, сол лексикалық мағынаны айқындай, саралай түсетін я сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-

қатынасқа  түсу  нəтижесінде  туатын  жалпы  мағынасын  грамматикалық  мағына  дейміз.  Мысалы:  Жер 

жырттық,  Егін  салдық,  Қайнады  еңбек.  Осы  мысалда  6  лексикалық  мағына  бар  жəне  бірнеше 

грамматикалық мағына бар. Жырттық, салдық деген сөздерде: 

-іс-əрекет өткен мезгілге қатысты (шақтық мағына). 

-іс-əрекетті бірнеше адам істеген (көптік мағына). 

-іс-əрекет  1-жаққа  қатысты  істелінген  (жақтық  мағына)  бар.  Грамматикалық  мағына-  грамматикалық 

құбылыстың мазмұны болса, грамматикалық тəсіл сол мазмұнды білдіретін формасы. Жырттық, салдық 

деген сөздердегі грамматикалық мағыналар белгілі бір формалар арқылы беріліп тұр: 

-өткен шақтық мағына –ты,-ды формасы арқылы. 

-көптік жəне жақтық мағына –қ формасы арқылы. 

    Грамматикалық  мағыналарды  білдіретін  грамматикалық  амал-тəсілдер  грамматикалық  формалар  деп 

аталады.    Грамматикалық  мағынаны  грамматикалық  форма  арқылы  берудің  жолын  грамматикалық  тəсіл 

деп  атайды.  Грамматикалық  тəсілдің  3  түрі  бар:  семантикалық,  синтетикалық,  аналитикалық  тəсілдер. 

Тілдегі өзіне тəн грамматикалық формасы бар жалпы грамматикалық мағына грамматикалық категория деп 

аталады.  Грамматикалық  категориялар  тілде топ-топқа  бөлініп,  белгілі  грамматикалық сөз таптарына тəн, 

оларға телулі болады. Мысалы, септік, тəуелдік, көптік категориялары зат есімге, шырай категориясы сын 

есімге, шақ, етіс, рай, есімше, көсемше категориялары етістікке тəн болады.     

 Сөздерді таптастыру принциптері. Н.И.Ильминскийдің «Материалы кизучению киргизского наречия» атты 

еңбегінен  басталып  М.  Терентьев,  П.М.  Мелиоранский,  В.В,  Катаринский  т.б.  орыс  түркологтарының 

миссионерлік  мақсатта  жазылған  еңбектерінде  жалғасын  тапқан  қазақ  тілі  сөздерін  түрлі  тапқа  бөлу  ісі 

ғұлама  ғалым,  біртуар  тұлға  А.байтұрсынлв  есіміне  тығыз  байланысты  болады.  Ғалымның  қазақ  тіл 

біліміндегі  еңбегі  тіпті  айрықша,  оның  қазақ  тілі  заңдылығына  икемдепреформаланған  араб  жазуы,  қазақ 

балаларына  арнап  жазған  сауат  ашу  əліппесі,  қазақ  тілін  пəн  ретінде  үйрететін  оқулығы  қазақ  мəдениеті 

үшін маңызды жаңа белес болып табылады. 


А.Байтұрсынов қазақ тіліндегі сөздерді атаушы сөздер, шылау сөздер жəне одағай деп үлкен 3 топқа бөледі. 

Автордың қазақ тілі сөздерін осылайша бөлуінің негізінде қазіргі тіл білімінде сөздерді авто семантикалық 

жəне  син  семантикалық  деп  жіктеудің  принципі  жатыр.  Ғалымның    атауыш  сөздер  деп  отырғаны  авто 

семантикалық сөздер болса, шылау сөздер деп отырғаны син семантикалық сөздер т.б. Ол атауыш сөздер 

тобына  зат  есім,  сын  есім,  сан  есім,  есімдік  етістікті,  ал  шылау  сөз  тобына  үстеу,  демеу,  жалғаулықты 

жатқызады.  Ал  одағайды  шылау  сөздер  бөлімінде  бергенімен,  оны  бөлек  сөздердің  ерекше  тобы  ретінде 

таниды.  А.Байтұрсынов  3  сөз  тобын  əрі  қарай  іштей  жіктеп,  9  сөз  табын  айтады.  Зат  есім,  сын  есім,  сан 

есім, есімдік, етістік, үстеу, демеу, жалғау(шылау), одағай.  

Қазақ  тілі  сөздерін  алғаш  рет  ана  тілінде  жіктеген  А.Байтұрсынов  сонау  ерте  заманнан  бастау  алатын  

семантикалық бағытты қолдап, жалғастырушылар болса, Қ. Жұбанов бастаған жаңа лек-буынның келуімен 

қазақ тіл білімінде сөздерді таптастыруда олардың  семантикалық сипаты мен грамматикалық құрылымын 

бірдей ескекретін лексика-грамматикалық бағыт пайда болып, осы бағыт бірден қарқын алды. Сол кезден 

бастап  қазақ  тіл  біліміндегі  сөздерді  тапқа  бөлу  теориясы  осы  бағытта  өріс  алып,  дамыды.  Проф. 

Қ.Жұбановтың  күрделі  зерттеу  еңбегі  жарық  көрмесе  де,  бұл  тақырыппен  айналысып,  сөз  таптарын 

айыруға 3 түрлі негізге сүйенеміз: 

1. Лексикалық қасиеттерге қарай 

2. Морфологиялық 

3.  Сөйлемде  қандай  мүше  болатынына  қарай,  -деп  сөз  таптастырудың  3  принципін  шегелей  атайды. 

Академик  А. Қайдаров та сөз таптастырудың осы 3 принципін қазақ тіл білімінде алғаш жүйелеген     Қ. 

Жұбанов  екенін  айтады.  С.  Жиенбаев  та  Қ.Жұбанов  секілді  қазақ  тілі  сөздерін  тапқа  бөлуде  олардың  3 

түрлі  белгісін  басшылыққа  алуды  ұсынады.  Сонымен  қатар,  С.Аманжолов,  А.Ысқақов,  Ш.Сарыбаев  т.б. 

ғалымдардың қазақ тіл білімінде сөз таптастыру  мəселесіне оң ықпалын тигізді. 

  Сөз  таптары  жəне  оларды  жіктеу.  Қазақ  тіліндегі  барлық  сөздер  семантикалық  жəне  морфологиялық 

белгілеріне  қарай,  ең  алдымен,  3  үлкен  топқа  бөлінеді.  Олар  –атаушы  сөздер,  көмекші  сөздер,  одағай 

сөздер.  Атаушы  сөздер  дегеніміз-  өздеріне  тəн  лексикалық  та,  грамматикалық  та  мағыналары  бар  жəне 

ретіне қарай, үстеріне əр қилы қосымша реңдер жамап алып, өзге сөздермен əр алуан қарым-қатынасқа түсе 

алатын дербес сөздер. 

Көмекші  сөздер-  өздеріне  тəн  лексикалық  мағыналары  солғындаған  ,лексикалық  мағыналарынан  гөрі 

грамматикалық  мағынасы  басым  болу  себебібінен  көбінесе  əр  алуан  қатынастарды  білдіріп,  əр  қилы 

грамматикалық қызмет атқаратын жəрдемші сөздер. 

Одағай  сөздер  -ешқандай  да  ақиқат  ұғымды  білдірмейтін,  тек  адамның  əр  алуан  көңіл  күйі  мен  əр  қилы 

сезім райларын білдіру үшін қолданылатын сөздер. 

Тілдегі  барлық  сөздерді  грамматикалық  жағынан  топтастырғанда,  біріншіден,  лексикалық  тұрғыдан 

қаралып талдануы қажет. 

Екіншіден, барлық сөздерді белгілі грамматикалық сөз таптарына телу, олардың түрлену, өзгеру  жүйесін, 

сөйлем  мүшесі  болу  қабілетін,  өзге  сөздермен  тіркесу  ерекшелігін  анықтап,  жан-жақты  сипаттама  беру 

мəселелері  грамматикада  қаралатын  мəселелер.  Сондықтан  олардың  грамматикалық  жақтары  ескерілуі 

қажет.  Сөйтіп,  тілдегі  сөздерді  таптастырғанда,  олардың  лексика-семантикалық  жақтары  да, 

грамматикалық  (морф.  ,  синт.)  жақтары  да  бірдей  ескерілуі  керек.  Сөз  табы  деп,  жалпы  лексикалық-

грамматикалық сипаттары мен белгілері бəріне бірдей ортақ болып келетін сөздердің тобын айтамыз.  



Тексеруге  арналған  сұрақтар: 

1.  Морфологияның зерттеу обьектісі не? 

2.  Грамматикалық ұғымдардың тығыз байланыстылығын түсіндір. 

3.  Грамматикалық мағына мен лексикалық мағынаның айырмашылығы неде? 

4.  Грамматикалық категория дегеніміз не? 

 

Пайдаланылатын əдебиеттер : 

15.  Аханов К.  Грамматика теориясының негіздері. А., 1996. 

16.  Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1973. 

17.  Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., 1992. 

18.  Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. А., 1992. 

19.  Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А., 1998. 

20.  Қазақ тілінің грамматикасы. А., 1967. 

21.  Қазақ грамматикасы. Астана, 2002. 

22.  Маманов Ы. Қазіргі қазақ тілі. Етістік. А., 1966. 

23.  Сарыбаев Ш. Қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздер. А., 1960. 

24.  Төлеуов Ə. Сөз таптары. А., 1982. 

25.  Хасенов Ə. Тіл білімі. А., 1996. 

26.  Хасенов Ə. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер. А., 1971. 

27.  Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. А., 1991. 

28.  Оразбаева Ф., т.б. Қазіргі қазақ тілі. А., 2005.   

10- дəріс 

Тақырып:  Сын есім. 


 Дəріс мазмұны:  

4.   Сын есімнің лексика-семантикалық сипаты. 

5.  Морфологиялық белгісі. Сын есімнің субстантивтенуі. 

6.  Синтаксистік қызметі. 



Сын есім. 

       Дəріс мазмұны: 1.Сын есімнің лексика-грамматикалық сипаты. 

                                    2.Сын есімнің мағыналық топтары.                      

                  3.Сын есімнің морфологиялық құрамы. 

                  4. Сапалық сын есімнің шырай категоиясы. 



Мақсаты: Сын есімді, оның лексика-грамматикалық белгілері мен категориясын меңгерту. 

       1.Сын есімнің лексика-грамматикалық сипаты.   

   Есімдер  деп  аталатын  сөздер  тобының  ішіндегі  зат  есімдерден  кейінгі    үлкен  тобы  –  сын  есімдер.  Сын 

есім  зат  есіммен  тіркесіп  келіп  заттың  алуан  түрлі  қасиетін,  сапасын,  сипатын  білдіреді.  Сын  есім  қай, 

қандай деген сұрақтарға жауап береді.  Сын есім деп заттың сапасын, сынын, сипатын, қасиетін, көлемін, 

салмағын, түсін, түрін жəне басқа да қасиеттерін көрсететін сөздердің тобын айтамыз. 

  Сын есімге тəн өзіндік семантикалық мағына, морфологиялық құрылыс, синтаксистік қызмет болады. Ол 

осы  белгілері  арқылы  басқа  сөз  табынан  ажыратылады.  Сын  есімді  жеке  сөз  табы  ретінде  сипаттағанда 

оның  құрамындағы қосымшаларға қарап, не кейде мағынасына қарап айыруға болмайды. Сын есім шырай 

категориясымен  қатар,  адьективтік  жəне  адвербиалдық  қызмет  атқарады.  2.Сын  есімнің  мағыналық 

топтары.     Сын есімнің семантикалық сипаты: 

     а/сапалық сын есімдер; 

     б/ қатыстық сын есімдер;  

Сапалық сын есім деп мағынасы жағынан заттың əр алуан сыр- сипатын, яғни, түрі мен түсін(ақ, қара, 

көк,сұр), сыры мен сапасын (жақсы, жаман, тəуір), көлемін мен аумағын (кіші, ауыр, жеңіл), дəмі мен 

иісін(ащы, тəтті, күлімсі) білдіретін жəне заттың басқа да қасиет-белгілерін білдіретін сөздерді айтамыз. 

Қатыстық сын есімдер деп бір заттың белгісін басқа бір заттың ,іс-амалдың қатысы арқылы білдіретін 

сөздерді атаймыз. Мысалы: Балалы үй базар, баласыз үй мазар. Бұл-жазғы жайлы қоныс.  



 3.Сын есімнің морфологиялық құрамы. 

 Сын есім морфемалық құрамдарына қарай, негізгі сын есімдер жəне туынды сын есімдер деп бөлінеді. Сын 

есімдер  морфологиялық,  синтаксистік,    морфологиялық-  синтаксистік  (семантикалық)  тəсілдер  арқылы 

жасалады.  Морфологиялық  тəсіл  бойынша  туатын  сын  есімдер  тиісті  жұрнақтар  арқылы  жасалады. 

Синтаксистік  тəсіл  бойынша  туатын  сын  есімдер  жалаң  сын  есімдердің  бір-бірімен  тіркесуі  арқылы(ақ 

сары,  қызыл  сары,  қара  көк,  ақ  шұбар),  негізгі  сынджар  мен  туынды  сындардың  бір-бірімен  тіркесуі 

арқылы(ақ көйлекті, сұлу жүзді), зат есім мен туынды сын есімнің тіркесуі(көп балалы, ауыз жолды, жібек 

көйлекті),  негізгі  жəне  туынды  сын  есімдердің  қайталануы,  қосарлануы  (үлкен-үлкен,  үлкен-кіші  елді-

күнді)  жасалады.    Морфологиялық-  синтаксистік  тəсіл  бойынша  туатын  сын  есімдер  белгілі  бір 

синтаксистік  формадағы  сөздің  семантикалық  жағынан  бірте-бірте  дами  отырып,  адъективтенуі  арқылы 

(басқа, өзге, шала-жансар) жасалады.   Бұл тəсілдің ең өнімдісі аналитикалық жəне синтетикалық тəсілдер. 

Сын  есім  тудыратын  қосымшалар  есімнен  сын  есім  тудыратын  жəне  етістіктен  сын  есім  тудыратын 

жұрнақтар болып бөлінеді. 

 Сын есімнің сөйлемдегі синтаксистік қызметі- анықтауыш болу. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, соқыр 

мылқау танымас тірі жанды. Сын есім басқа да сөйлем мүшесі қызметін атқарады. Мысалы: Ой желке, 

қамыс құлақ қара көкпін (С.С.). Болашақ студенттері жақсы оқиды. Жақсыдан үлгі ал. Бітер істің басына, 

жақсы келер қасына. 

4. Сапалық сын есімнің шырай категориясы. 

Заттың белгісі я сипаты  біркелкі  болмай, рең  жағынан  əр түрлі дəрежеде  болатынын, демек сипатының я 

белгінің  бір  затта  артық,  бір  затта  кем  болатынын  білдіретін  сын  есім  формалары  шырай  формалары  деп 

аталады.  Заттың  сындық  белгілерінің  бəсеңдік,  солғындық  реңдері  мен  мəндерін  білдіретін  формаларға  –

ғыл,-қыл,-қылт,-  ғылт,  -қылтым,-ғылтым,  -ғыш,  -ғана,-  кене,  -ілдер,-  қай,  -қан,  -ақ,  -ек,  -шыл,  -шіл,  -

шылтым,  -шілтім,  -ша,  -ше  қосымшалары  жатады.  М.:көгілдір,  кішкене,  азғантай,  құбақай,  ақшыл, 

көкшілтім,    қызғыш,  сұрғыш,  бозғыл,  қуқыл,  қызғылтым,  ақша,  сұрша,  қысқаша,  т.б..  Ақша  қар,  көкше 

мұздар  шағылысып,  ғажайып  бір  суреттей  жарқырасады  (А.Т.).  Биікше  тастақ  төбенің  басында  кешкі 

ауылдың тірлік тынысын  тыңдап Абай отыр. 

Ал  –лау,  -леу,  -дау,  -деу,  -тау,  -теу  жұрнақтары  бəсеңдік,  солғындық,  шағындық  рең  жамаса,  -рақ,  -рек,  -

ырақ, -ірек жұрнағы басымдық, молдық, артықтық рең жамайды. Бұлар- салыстыру формалары.     

Сын есімнің төрт түрлі шырайы бар: 

1.Жай шырай, 2. Салыстырмалы шырай, 3. күшейтпелі шырай, 4. асырмалы шырай. 

1. Биік тау, қызыл сия, дəмді сорпа; 

2.  Қараойға  қарағанда  Сұлутөбе  бойшаңырақ.  Оның  отша  жанған  сəл  кішілеу  қара  көзі  тесіле  қарады. 

Жігіттің сұрғылт жүдеу жүзі енді көкшіл тартқан сияқты; 

3. Үй-іші жап-жарық, ауыз үй тап-таза айнадай; 

4. Ол тіптен жақсы адам екен.  Кездесуге ең қадірлі, ең таңдаулы адамдар келмек. 



Тексеруге арналған сұрақтар. 

1.  Сын есім қандай сөз табы? 

2.  Сын есімнің мағыналық топтары қандай? 

3.  Сын есімнің грамматикалық категориясы ? 

4.  Сын есімнің сөйлемдегі қызметі қандай? 



Пайдаланылатын əдебиеттер : 

 1. Қазақ тілінің грамматикасы. Алматы, 1967  

2. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі.  Алматы, 1991  

3. Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі. Алматы, 1986  

4. Аханов К.  Грамматика теориясының негіздері. Алматы, 1996 

5. Кузнецов П. Ц. О принципах  изучения грамматики М . 1961 

6. Смирницкий А. И. Лексическое и грамматическое в слове вопросы грамматического строя″ М . 1955 

7. Шмелев Р. Н. Современный русский язык.  

8. Милославский И . Г . Морфологические категории современного русского языка М . 1981 

9. Төлеуов Ə . Сөз таптары. Алматы. 

11- дəріс 

Тақырып:   Етістік. 

 Дəріс мазмұны: 1. Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты. 

                              2. Етістік категориялары.  



Мақсаты:        Етістіктің    лексика-грамматикалық  категорияларын,  ерекше  тұлғалық  түрлерін  жəне  таза 

грамматикалық категорияларын  меңгерту.  



1.Етістіктің лексикалық, морфологиялық жəне синтаксистік  белгілері. 

   Қазіргі      қазақ  тіліндегі    сөз  таптарын  қарастырған  кезде,  етістік  тақырыбына  біз  ерекше  тоқталамыз. 

Себебі, етістік –  тіліміздегі  сөз таптарының   ішіндегі ең күрделі  жəне функциясы  өте кең грамматикалық 

категория.  Есімдерге қарағанда, етістіктердің лексикалық-грамматикалық мағыналары да, грамматикалық 

тұлғалары  да  əр  алуан,  сөйлемдегі  атқаратын  қызметі  де  ерекше.  Сондықтан,  əдетте  етістікті  күрделі  сөз 

табы деп түсіндіретін факторлар мыналар: 1/ мағынасының жан-жақтылығы, 2/ категорияларының көптігі, 

3/ синтаксистік қызметінің аясының орасан кеңдігі. 

   Етістік –қимылдың немесе қимыл түрінде өтетін түрлі процестердің атын білдіретін сөз табы. Етістіктің 

мағынасының    жан-жақты,  өрісті  болатын  себебі-оның  мағынасы  тек  субьектінің  іс-əрекетін  ғана  емес,  

табиғат пен қоғамда кездесетін,  адамның абстракты ойы мен санасында туатын неше түрлі амал-əрекет, іс-

қимыл,  қозғалыс,  жай-күй  секілді  процестерге    қатысты  ұғымдарды  түгел  қамтиды.  Етістіктің  осы  кең 

мағынасы үнемі мезгіл не шақ ұғымымен ұштас болып келеді.  

Етістіктің морфологиялық сипаты жəне жасалу жолдары: 

1. Жалаң жəне күрделі етістіктер. 

2. Түбір етістіктер жəне туынды етістіктер. 

3.Етістік  тудыратын  қосымшалар:  а/  есімдерден  етістік  тудыратын  қосымшалар      б/  етістіктен  етістік 

тудыратын  қосымшалар.  Етістік  басқа  сөз  таптарынан,  соның  ішінде  есімдерден  тек  өзіндік 

категориялармен ғана емес, сондай-ақ жасалу жолдары арқылы ерекшеленеді. 

   Морфологиялық құрылымы жағынан етістіктер жалаң етістіктер жəне күрделі етістіктер деп аталатын екі 

топқа бөлінеді. 

 Жалаң  етістіктерге  бір  буынды  жəне  екі  буынды  түбір  етістіктер    мен  жұрнақ  арқылы  жасалған  туынды 

етістіктер жатады.  Мысалы, кел, жу, ой, көр, қоры, оян, қолда, сабала, үймеле.  

Жалаң  етістіктер құрылысына қарай түбір етістіктер жəне туынды етістіктер болып бөлінеді. 

Етістік  ең  күрделі  сөз  табы  ретінде  субьектінің  іс-əрекетін  ғана  емес,  табиғатта,  қоғамда,  жалпы  өмірде  

ұшырасатын  жайлардың  жəне  адамның  ой-санасы  арқылы  туған  түрлі  амал-əрекет,  іс-қимыл,  жай-күй 

сияқты процестерді білдіретін сөз табы екендігі оның лексика-грамматикалық қасиеттері мен семантикалық 

ерекшеліктерінен,  түбір  тұлғасы  мен  грамматикалық  формаларының  қат-қабаттылығынан  жəне  олардың 

өзара  арақатынасы  мен  грамматикалық  категорияларының  əр  түрлілігінен,  қолдану  аясы  мен  сөйлемде 

атқаратын  қызметінен  айқын  байқалады.    Етістіктер  есімше,  көсемше,  қимыл  есімі,  рай  формаларымен 

түрленгенде    басқа  сөздермен  синтаксистік  қатынасқа  еніп,  сөйлем  мүшесі  қызметінде  жұмсалады.(И.Е. 

Маманов)   

2.Етістік түбірінің грамматикалық ерекшеліктері.  

Түбір  етістіктер  қатарына  арнаулы  морфологиялық  бөлшектері  жоқ,  жеке  тұрған  күйінде  түбір  жəне 

жұрнақ  деп  бөлшектеуге  келмейтін  сөздер  кіреді.  Мысалы,  аз,  ал,  алда,  бер,  бол,    байла,  же,  жыла,  илан, 

шаш т.б. 

Етістіктің  түбір  тұлғасы  қимылды,  іс-əрекетті,  процесті  т.б.  білдіреді  жəне  ол  етістіктің  жеке  сөз  табы 

ретіндегі  жеке  тұрғандағы  семантикалық  белгісі,  негізгі  жалпы  грамматикалық  мағынасы,  ал  бұйрық 

райдың  2-жағы  сол  етістіктің  сөйлеу  процесінде  басқа  сөздермен  қарым-қатынасқа  түсудің  нəтижесінде 

пайда  болатын,  грамматикалық  нөлдік  форма  арқылы  көрінетін  түрлену  мағынасы,  яғни  категориялық 

грамматикалық мағынасы болып табылады.  1.Етістіктің түбір тұлғасы мен бұйрық райдың 2-жақ тұлғасы 

бір емес, олар сыртқы түрі жағынан ғана сəйкес келеді, сондықтан оларды ажырата білу керек.   2. Етістік 

түбірлері  тікелей  жіктелмейді,  түбір  тұлғасында  белгілі  бір  мағына  қимыл  білдіргенмен,  түбір  күйінде 

тікелей сөйлем ішінде қолданылмайды, тек етістіктің белгілі грамматикалық тұлғаларын (есімше, көсемше, 



шақ,  рай  т.б.)  жамылып  жəне  сол  тұлғалар  негізінде  ғана  жіктеліп  барып  жұмсалады.  Тек  қана  қазіргі 

тілімізде отыр, тұр, жатыр, жүр деген қалып етістіктері тікелей жіктеліп, қолданылады. 



3.Жетекші етістік пен көмекші етістік. 

  Сонда  күрделі  етістіктер  кем  дегенде  екі  мүшеден  тұрады  деп  айттық.  Күрделі  етістіктердің 

компоненттерінің ара салмақтары бірдей емес.  Күрделі етістіктің құрамына жетекші етістік жəне көмекші 

етістік деп аталатын сыңарлар болады. Орын жағынан бұрын тұрып, дəнекер форманы өзіне тіркеп, күрделі 

етістіктердің негізгі мағынасына  ие болатын сыңарын жетекші деп атайды. Жетекшіден кейін тұрып,  оған 

үстеме  мағына  жамап,  грамматикалық  формаларға  түсіріп  тұратын  соңғы  етістік    үнемі  көмекші  деп 

аталады.  

Көмекші  етістік  туралы  əңгіме  қозғарда  оның  мағына  жағынан  олқы  болып  келетіні,  форма  жағынан 

жетімсіздігі, қызмет жағынан  шалағай болып келетіні ойымызға бірден ұялайды. Осы түсініктер көмекші 

етістік деген ұғыммен парапар.   

Жетекші етістіктер  толық лексикалық мағынаны,  яғни  қимыл атауын білдіреді. М. Келе қалды – жетекші 

етістік  келу  лексикалық  мағынасын  білдіріп  тұр.  Үйде  қалды  деген  қолданыстағы  қалу  мағынасы  жоқ 

болғандықтан,  ол  көмекші  етістікке  жатады.  Жетекші  етістіктің  тағы  бір  белгісі  оның  қолданылу  орнына 

байланысты,  жетекші  етістік  үнемі  бірінші  тұрады.    Көмекші  етістіктердің  саны  шектеулі,  олар  жетекші 

етістіктер сияқты саны өте көп құбылыс емес. Қазақ тілінде 30 көмекші етістік бар: ал, бақ, бар, баста, бер, 

бол,  біл,  біт,  жазда,  жат,  жөнел,  жүр,  жібер,  де,  еді,  екен,  емес,  ет,  кел,  көр,  қал,  қой,  қыл,  отыр,  өт,  сал, 

таста, тұр, түс, шық. Көмекші етістіктер лексикалық мағыналы етістіктердің грамматикалық дамудан өтуі 

арқылы  тілде  қалыптасқан  тілдік  бірліктер.  Көмекші  етістіктер  жетекші  етістікке  көсемше,  есімше 

жұрнақтары арқылы тіркеседі. М. Оқып алды, келген еді білсе екен т.б..  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет