Етістіктің ерекше түрлері. Есімше.
Мақсаты: Есімшенің аралық категория екенін, субстантивтік жəне атрибуттық, предикаттық қызметтерін
анықтау.
1. Есімше, олардың мағыналық ерекшелігі, сөйлемдегі қызметі.
ЕСІМШЕ КАТЕГОРИЯСЫ-
етістіктің грамматикалық категорияларының ішіндегі ең көлемдісі,əрі сыры алуан,
күрделісі.
Есімше – етістік пен сын есімнің арасындағы аралық категория. Бірақ, есімшені етістік қатарына жатқыза
алатын өзіндік белгілердің оның бойынан табылатындығы: яғни, есімше салт жəне сабақты болып келе
алады, етіс, шақ, жақ. рай формаларын қабылдап, түрлене алады. Есімше мағынасы жағынан етістіктерше
болымды жіне болымсыз, салт сабақты болып бөлініп, жақтық, шақтық мағынаны аңғартады. Түрленгенде
есімдерше көптеледі, септеледі, тəуелденеді. Есімше жіктеледі, есімдерше жіктеліп, сөйлемде баяндауыш
қызметін атқарады.
2.Субстантивтік жəне атрибуттық, предикаттық қызметтері.
Осы ерекшелігіне байланысты сөйлемде атрибуттық жəне предикаттық мағынаға ие болады да, əрі
етістік,əрі сын есім орнына жүре береді.
Есімшені етістіктің қатарына жатқызуға дəлел болатын жəне бір басты белгі: есімше тек етістікке ғана тəн
болымсыз форманы қабылдай алады. Сондықтан, оны етістік құрамына жатқызып, оны осы сөз тобы
құрамында қарастырамыз.
Есімшенің есімдерге жақындығы мен өзгешелігі:
а) қандай? деген сұраққа жауап береді, анықтауыш қызметін атқарады. Көк шөп сын есім заттың тұрақты
(статикалық) белгісін білдірсе, көгерген шөп есімшелер қимыл -əрекет нəтижесінде пайда болған өзгерісті
(динамикалық) аңғартып тұр. ə) сын есім сияқты көптеліп, тəуелденіп, септеліп заттанады. Сөйлемде
бастауыш, толықтауыш қызметін атқарады. Жіктеліп баяндауыш қызметін атқарады. б) бармаған барған
жоқ, барған емес.
Есімшелердің етістікке жақын белгілері: а) есімшенің етістіктің бір түрі болып есептелуіне оның септік
жалғауларындағы сөзді салт жəне сабақты етістік ретінде меңгеруі себеп болады. М. Кітапты алған,
қаламды берер. ə)шақтық мағынаны беруде қызметі -ған қосымшалы есімше жіктеліп, өткен шақ
мағынасын берумен қатар, атрибуттық қызметте тұрып та сол өткен шақтық мағынаны сақтайды.(келген
қонақ, қайтқан мал) б) етістікке тəн белгісі қимыл қозғалысқа байланысты мағынадан алыстамайды.
3. Есімшенің жасалу формалары.
Есімшені етістіктің негізіне /түбір етістікке, етіс формалы етістікке, күрделі етістікке/ арнайы қосымшалар
жалғану арқылы жасалады. Тіліміздегі есімше жасайтын жұрнақтар:
1. –қан, -кен, -ған, -ген;
2. –ар, -ер, -р;
3. –атын, -етін, -йтын, - йтін құранды жұрнақтары. Бұл жұрнақтар көсемшенің –а, -е, -й жұрнақтары мен -
тын, -тін жұрнақтарының бірігуі арқылы жасалған.
4. –мақ, -мек, -пақ,- пек;
5. –у/шы, -у/ші құранды жұрнақтар. Кейбір қазақ тіл білімінің мамандары осы құранды қосымша етістіктің
түбіріне жалғану арқылы осы шақ есімше жасайды деп түсіндіреді. Ол –дұрыс пікір. Алайда, бұл құранды
форма тұйық етістік тақырыбында да қарастырылады. Ал қалау рай, бұйрық рай, шартты рай формаларына
есімше жұрнақтары жалғанбайды. Есімше жұрнақтарының қызметі- өзі жалғанған етістіктің аңғартатын
мағынасын өзгертпей, заттың қимыл əрекет арқылы білдіретін белгісін жасау. Бар- қимыл əрекетті
білдіретін етістік, ал барған(адам), барар(жол), баратын(кісі), барушы(бала)- заттың қимыл нəтижесімен
аңғартылған белгісі.
Етістіктің ерекше түрлері. Көсемше.
Мақсаты: Көсемшенің екі мəнде, екі қызметте жұмсалатын етістіктің ерекше түрі екенін ұғындыру.
1. Көсемше, олардың мағыналық ерекшелігі, сөйлемдегі қызметі.
Көсемше атауын қазақ тіл білімінде А.Байтұрсынов енгізген. Бұл сөздің мағынасы көсем сияқты үнемі алда
тұрады дегенді білдіреді. Көсемшелер тұлғалық жағынан да, мағыналық жағынан да тиянақсыз
болғандықтан, қысқа қайырылып, өзінен кейін тиянақтаушы етістікті қажет етіп тұрады да, кем дегенде екі
сыңардан құралып, жаңа мағына түзетін күрделі етістіктердің көптеген түрін жасауға негіз болады. Көріп
қойдым, біле келді, айта бердім т.б. Көсемшелер сөйлемде етістік арқылы айтылған іс- əрекеттің сынын-
тəсілін, мекенін, мезгілін білдіріп, пысықтауыштық та қызмет атқарады.Көсемшелер мен үстеулердің
қызметі жағынан да, мағыналық жағынан да бір- біріне өте ұқсас келуі, екеуінің де пысықтауыштық
қызметте қолдануында деуге болады. Көсемшелердің тілдегі қызметі мен мағыналары күрделі етістік жасау
мен пысықтауыш болудан өзге тілімізде айтушының ойды ықшамды айту мақсатын жүзеге асырып
бірыңғай баяндауыш болады, сабақтас құрмалас сөйлемдердің бағыныңқы сыңарының баяндауышы бола
тұра екі жай сөйлемді еш дəнекерсіз байланыстырып тұрады, баяндауыш қызметінде жіктеле келіп, шақты
білдіріп тұрады. Олар етістіктің негізгі жəне туынды түбірлеріне , күрделі негіздерге тікелей де, етіс
жұрнақтарынан соң да немесе амалдың өту сипатын білдіріп, рең жамайтын жұрнақтардан кейін жалғану
арқылы жасалады. Көсемшелер жіктеледі:
1.Мен барамын, барыппын Біз барамыз, барыппыз
2.Сен барасың, барыпсың Сендер барасыңдар, барыпсыңдар
Сіз барасыз, барыпсыз Сіздер барасыңдар, барыпсыздар
3.Ол барады, барыпты Олар барады, барыпты
2. Көсемшенің жасалу жолдары.
Көсемшелер бірдей үлгіде жіктелмегенімен олардың беретін шақтық мағынасы əркелкі болып келеді. -Ып, -
іп, -п жұрнақтары арқылы жасалған көсемшелер жіктелгенде бұрынғы өткен шақты білдірсе, - а,- е, -й
жұрнақтары арқылы жасалған көсемшелер жіктеліп ауыспалы осы шақты білдіреді. Көсемшелердің
бұлардан өзге жұрнақтары жіктелмейді. Олар жеке дара сөз есебінде қолданылмайды, есімдердің
морфологиялық түрлену жүйесіне түспейді. Көсемшелердің жалпы грамматикалық қызметі етістік
айналасына байлаулы, ал мағынасы етістікке қатысты белгімен байланысты болады да, өзі тек етістік
негіздермен жəне олардан өрбіген тұлғалардан туындайды. Осы себептен де көсемшелер етістіктің ерекше
бір түрі болып саналады. Көсемше жұрнақтары: -а, -е, -й, -ып, -іп, -п, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі. Кейін
қосылған жұрнақтар -ғандай, -ғанша , -мастан, -май, -майынша, -ысымен. «п»- жұрнағының ерекшелігі
тап- тауып, жап- жауып.
1. Жақ категориясы туралы түсінік.
Жақ ұғымы қимыл, іс-əрекеттің қай жақ арқылы(сөйлеуші ме, тыңдаушы ма, бөгде ме) іске асатынын
немесе белгілі қасиеттің қай жаққа қатысты екнін я қасиеттің иесі қай жақ болып тұрғанын білдіру болып
табылады да, оның мəні екі сөздің , субъекті мен предикаттың арасындағы семантикалық жəне
грамматикалық қатынас пен қызметтен көрініп, айқындалады. Бұл тұрғыдан келгенде жақ ұғымы тілдің
грамматикалық құрылысы синтаксистік сипаттың көрінісі ретінде өмір сүреді. Бірақ жақ ұғымының
морфологиялық сипатын ескермеуге болмайды., өйткені жіктік жалғау –үш жақта, əрқайсысына тəн арнайы
грамматикалық тұлғалары бар парадигмалық түрлену жүйесі болып табылады. Сондықтан да жақ(жіктік)
категориясы немесе жіктелу оның түрлену тұлғасы (жіктік) жалғау, баяндауыштық қосымша деп аталса да,
синтаксистік сипаты мол болса да, морфологиялық категория болып саналады.Жақ категориясының,
жіктелу жүйесінің грамматикалық сипатын айқындайтын ерекшелік оның синтаксистік қатынасы мен
қызметінде емес, жіктік жалғау, яғни морфологиялық түрлену жүйесінде жатыр да, көрсетілген
синтаксистік қатынасы жіктік жалғаудың сөйлеу процесіндегі атқаратын қызметінен туындап отыр.
2. Жіктік жалғауларының ерекшелігі.
Жіктік жалғау – сөйлем құрайтын негізгі діңгек сөздерді (бастауыш пен баяндауышты) байланыстыратын
предикаттық мəндегі морфологиялық тұлға. Қазақ тілінде адамға байланысты есім сөздер тікелей жіктеледі
де, жіктік жалғау тікелей сол түбірге жалғана алады. Ал етістік түбіріне тікелей жіктік жалғау жалғана
алмайды. Тек «функциялық етістік» деп аталатын ерекше грамматикалық формалары ғана жіктеле алады.
Екіншіден, қазақ тілінде қалып етістігі деп аталатын отыр, тұр, жүр, жатыр деген 4 етістік те тікелей
жіктеледі. 3. Етістіктің жіктелетін тұлғаларының өзіне жіктік жалғау біркелкі жалғанбайды. Қазақ тілінде
етістік 5 түрлі жіктеледі, 4 түрлі жіктік жалғауы жалғанады. 1. Етістіктің есімше тұлғалы түрі
2. . Етістіктің көсемше тұлғалы түрі
3. Етістіктің шартты райы
4. Етістіктің бұйрық рай түрі
5. Қалау рай тұлғасы
1-жақ. –мын, -мін, -бын, -бін, -пын, -пін көпше: –мыз, -міз, -быз, -біз, -пыз, -піз
2-жақ: -сың, -сің, -сыз, -сіз, -сыңдар, -сіңдер, -сыздар, -сіздер
3-жақ:
1. Шақ категориясы туралы түсінік.
Қимыл- іс-əрекеттің сөйлеп тұрған сəтпен байланысты болып өткендігін, бірақ болатынын білдіріп, белгілі
жолдармен жасалатын етістіктің грамматикалық категориясы шақ ккатегориясы деп аталады.
Сөйлеп тұрған сəтпен байланысты қимылдың мезгілі, шақтық мағынасы мынадай болады:
1. үнемі қайталанып, дағдыға айналған іс-қимыл, сөйлеп тұрған кезде болып жатқан қимыл, іс-əрекет.
( Осы шақ)
2. сөйлеп тұрған сəттен бұрын болып кеткен қимыл, іс-əрекет. (Өткен шақ)
3. сөйлеп тұрған кезде əлі болмаған, бірақ кейін болуға тиісті қимыл іс-əрекеттер. (Келер шақ)
Шақтық мағынаны білдіретін етістік көбінесе жіктеліп келеді де, сол арқылы жақтық мағына беріледі.
Жіктік жалғау шақ көрсеткіштерінен (есімше, көсемше, шақ ) кейін жалғанады.
2. Етістіктің шақ категориясын классификациялау мəселесі.
Қазіргі қазақ тілінде шақ категоясы морфологиялық белгісіне, шақтық мағынасына қарай 3-ке бөлінеді.
Өткен шақ- қимылдың, іс əрекеттің сөйлеу кезінен бұрын болып, істеліп кеткенін білдіретін етістіктің
грамматикалық формасы. Өткен шақ грамматикалық формасы мен мағыналық ерекшеліктеріне қарай
жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ауыспалы өткен шақ болып үшке бөлінеді. Жедел өткен шақ
етістіктің түбіріне -ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалып, жіктеліп қолданылады.
Баламды медресеге біл деп бердім, Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім (Абай). Бұрынғы өткен шақ -
ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшенің жіктеліп келуінен жасалады. Ту ұстап, тұлпар мініп, ел қорғауға,
Азамат азамат па аттанбаған(А.Т.). Б.ө.ш. көсемшенің -ып, -іп, -п жұрнақтарының жалғануы арқылы
жасалады. Баяғыда Мысыр елінің əрі ақылды, əрі əділ кедей кепшікке қамқоршы бір сұлтанды дəурен
кешіпті. Ауыспалы өткен шақ -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтары арқылы жасалып, бірде ө.ш., бірде
к.ш. мағынада қолданылады.
Осы шақ сөйлеп тұрған сəтпен байланысты қимылдың, іс əрекеттің болып жатқанын, өтіп жатқанын
білдіреді. Осы шақ болатын етістіктердің мағыналық белгілері: а) сөйлеп тұрған кездегі іс əрекетті
білдіреді. Б) Əрдайым қайталанып тұратын дағдылы іс əрекетті көрсетеді. Қалып етістіктерінің отыр, тұр,
жатыр, жүр негізгі етістік мəнінде немесе негізгі етістіктің көсемше тұлғасына қалып етістіктерінің
көмекші етістік мəнінде тіркесіп тікелей жіктеліп барып жасалуын да, бұлар грамматикаларда нақ осы шақ
деп беріледі.
Осы шақ мағынасы мен түрлеріне қарай нақ осы шақ жəне ауыспалы осы шақ болып екіге бөлінеді. Нақ
осы шақтың жалаң түрі отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктерінің жіктелуі арқылы жасалады. Нақ осы
шақтың күрделі түрі етістіктің -а, -е, -й, -ып, -іп, -п тұлғалы көсемше түрі мен отыр, тұр, жатыр, жүр
қалып етістіктерінің көмекші етістік мəнінде тіркесінен жасалады.
Ауыспалы осы шақ қимыл, іс-əрекеттің дағдылы қалыпта болып тұруын білдіреді. Аош -а, -е, -й тұлғалы
көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады.
Келер шақ қимыл, іс-əрекеттің əлі болмағанын, сөйлеп тұрған сəттен кейін іске асатынын білдіреді. Олар
мағыналық ерекшеліктеріне қарай 3-ке бөлінеді: болжалды келер шақ (-ар, -ер, -р, -с), мақсатты келер шақ
(-мақ, -мек, -пақ, -пек-бақ, -бек), ауыспалы келер шақ (-а, -е, -й).
Тексеруге арналған сұрақтар:
1. Етістіктің категориялық топтарын ата, сипаттама бер.
2.Етістік түбірінің грамматикалық ерекшеліктері неде?
3.Көмекші етістіктің қызметін түсіндір.
1. Есімшенің аралық категория екенін түсіндір.
2. Есімшенің жасалу жолдарына мысал келтір.
3.Есімшенің түрленуіндегі ерекшелікті түсіндір.
4. Есімшенің шақтық мағынасы қалай жасалады?
5.Субстантивтік жəне атрибуттық, предикаттық қызметтері дегенді қалай түсіндіресің?
1. Көсемшелер қандай грамматикалық қызметте, қандай мағынада қолданылады?
2. Көсемше тұлғалары етістіктің қай шағын жасайды?
3. Жанама қимылды білдіретін көсемшеге мысал келтір.
4. Жіктелетін жəне жіктелмейтін көсемше формалары қандай?
5. Адвербиализация дегенді түсіндір.
Пайдаланылатын əдебиеттер :
1. Қазақ тілінің грамматикасы. Алматы, 1967.
2. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1991.
3. Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі. Алматы, 1986
4. Исаев С. Етістіктің грамматикалық сипаты. Алматы, 1997.
5. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. Алматы, 1996.
6. Кузнецов П. Ц. О принципах изучения грамматики. М., 1961.
7. Төлеуов Ə. Сөз таптары. Алматы, 1982.
12- дəріс
Тақырып: Көмекші сөздер.
Дəріс мазмұны: 1. Көмекші сөздер жəне олардың түрлері.
2. Шылау туралы түсінік, олардың көмекші сөздерден айырмашылығы.
3. Шылаудың түрлері жəне емлесі.
Мақсаты: Шылаудың басқа көмекші сөздерден айырмашылығын ажыратуға, түрлері жəне олардың
қызметін меңгерту.
1. Шылау туралы түсінік, олардың көмекші сөздерден айырмашылығы.
Тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ ,тек сөз бен сөзді ,сөйлем мен сөйлемді байланыстырып
немесе белгілі бір сөздердің жетегінде қолданылып ,оған əр түрлі грамматикалық мағына үстеу үшін
қолданылатын сөздер бар.Мұндай көмекші сөздер шылаулар деп аталады .Болар ма сондай қызық шақ
(Абай) .Естелік əуезіңді бір түн біз де (Жамбыл). Өз аулында баруға байлаған сон (Əуезов).Ел билеген адам
жоқ .Ата менен бабаңда (Абай).Ақырында Нілді мен Карағандыны Боздақ пенБайжандікі деп тапты.
Берілген сөйлемдердегі ма, де, соң, менен, мен – шылау сөздер. Бұлар жеке тұрғанда толық мағынасы
жоқ., өзі қатысты сөзге əр түрлі мағыналық рең үстейді, жəне салаласа, сабақтаса байланысатын сөздер
мен сөйлемдерді байланыстырады . Шылау сөздердің толық мағынасы болмағанмен , атқаратын қызметіне
тəн грамматикалық мағынасы болады. Осымен байланысты шылаудың өзіндік мынадай ерекшеліктері бар :
1. Шылау сөздердің толық лексикалық мағынасы болмайды;
2. Контексте толық мағыналы сөздердің жетегінде қолданылып, оған қосымша əр түрлі
грамматикалық мағына, рең үстейді;
3. Шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді сабақтастыра не салаластыра байланыстырады;
4. Сөйлем ішінде синтаксистік қызметіне қарай жеке сөйлем мүшесі бола алмайды;
5. Шылау сөздер түрленбейді, басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалмайды. Олар –
лексикалық мағынасынан айрылу негізінде қалыптасқан көмекші сөздер.
2. Шылаудың түрлері жəне емлесі.
Шылау сөздер білдіретін əр түрлі грамматикалық мағыналары мен сөйлемде атқаратын қызметіне қарай
үш топқа бөлінеді . Олар : жалғаулықтар, септеуліктер, демеуліктер.
Казіргі қазақ тіліндегі жалғаулықтар – лексикалық мағынасы жоқ , сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді əр
түрлі ыңғайда (мағыналық қатынаста) салаластыра байланыстыратын сөздер. Мысалы: Наданның
түсінгені көп пен дүрмек (Абай). Қадірдің киімі жұқа, əр денсаулығы да мықты емес (Мұқанов). Əй , ол
жеңер сені, себебі келешек онікі ғой (Сонда). Берілген мысалдардағы пен, мен жалғаулықтары сөз бен
сөзді ыңғайластық мəнде байланыстырып тұр, əрі , себебі жалғаулықтары сөйлем мен сөйлемді
ыңғайластық жəне себеп – салдарлық мəнде салаластыра байланыстырып тұр. Жалғаулықтар сөйлемнің
бірыңғай мүшелерінің жəне салалас құрмалас сөйлемнің сыңарларының əр түрлі мағыналық қатынасқа
байланыстырады. Осындай мағыналық қатынастармен байланысты олар бірнеше топтарға бөлінеді:
1. Ыңғайластық жалғаулықтар : мен (бен, пен), жəне, да, де, та, те, əрі.
2. Қарсылықты жалғаулықтар : бірақ, алайда, дегенмен, əйтпесе, сондада, əйткенмен.
3. Талғаулықты жалғаулықтар : əлде, біресе, не, немесе, болмаса, я, яки, кейде.
4. Себептік жалғаулықтар : себебі, өйткені, неге десең.
5. Себеп-салдарлық жалғаулықтар : сондықтан, сол себепті, себебі, өйткені.
6. Шарттық жалғаулықтар : егер, егерде, онда.
Жалғаулықтың бұл тобына мен(бен, пен), жəне, да, де, та, те, əрі шылаулары жатады. Ыңғайластық
жалғаулықтар бірыңғай салаласа байланысатын сөйлем мен тең дəрежедегі сөздер, сөз тіркестері
байланыстырып, ыңғайластық қатынасты білдіреді.
Қарсылық мəнді жалғаулықтарға бірақ, алайда, əйтсе де, əйткенмен, сөйтсе де, онда да, дегенмен
шылаулары жатады.
Қарсылықты жалғаулықтар салаласа байланысатын сөйлемдер арасындағы қарсылық мəнді білдіру үшін
қолданылады. Əрине, көп үй мəселесі оңай шешілген жоқ, бірақ оңай шешілмеуінің өзінде үлкен дұрыстық
бар еді (Мұстафин) . Беті, түсі анық белгілі емес, бірақ бір үлкен мол батпан құйрық оралып келе жатқан
сияқты (Əуезов) .
Бірақ шылауы арқылы байланысқан сөйлемдердің мағынасы бір-біріне қарама-қарсы болып келеді.
Бірақ жалғаулығы жай сөйлем басында да жие кесдеседі. Бірақ осы соңғының саны көп емес, хабары да
анық, толық дəл де емес (Əуезов).
Осымен қатар бірақ шылауы сөйлемде анықтауыш, пысықтауыш, баяндауыштарды да байланыстырады.
Аласа, тақыр, бірақ тығыз бетегемен жайнаған. Арқаның қоңыр желіндей жай жылжып, бірақ кең
жайылып тарады. (Əуезов) деген сөйлемдерде алдыңғысында бірыңғай анықтауыштарды, соңғысында
бірыңғай баяндауыштарды байланыстырып тұр.
Қарсылықты мағынаны білдіретін алайда, əйтсе де, дегенмен, сөйтсе де, онда да шылаулары түрде бірақ
шылауынан сирегірек кездеседі. Бұлар тек құрмалас сөйлем құрамында ғана қолданылады, олардың да
өзіндік стильдік ерекшеліктері бар.
Жалғаулықтың талғау мəнді білдіретін түрлеріне мына шылаулар жатады: біресе, болмаса, əлде, не,
немесе, я, яки, мейлі, бір. Біреудің бағына, малына күндестік қылып, я көрсе қызарлық қылып, көз алартпақ
лайық па ?(Абай). Əлде көштен қалғандықтан ба, əлде Жабайға жаны ауыра ма, əйтеуір жүзінде едəуір
қуаңдық бар (Мүсірепов). Кейде бұзақылыққа, кейде дұрыстыққа еріп кететіндігі бар (Сонда). Бұл
сөйлемдердегі я, əлде жалғаулықтары салалас сөйлемнің екі сыңарын байланыстырса кейде шылауы
бірыңғай сөздерді де байланыстырып, бірінің жаңа талғанатынын білдіру үшін қолданылған.
Талғаулықты жалғаулықтардың əрбіреуінің өзіндік мағыналық қолданылу ерекшеліктері бар.
Талғау мəнді я, яки, не, мейлі, əлде шылаулары жай сөйлем сайын, басында қайталанып келе береді. Не
билікті, не ауылнайлықты бермей отыр (Шəріпов).
Біресе, бір жалғаулықтары іс- əрекеттің қызықпен бірінен соң бірі қайталанып отыратынын білдіру үшін
қолданылады. Біресе Ақжелкеге, біресе тілмашқа кезек-кезек, жалпақ-жалпақ қарайды (Əуезов).
Бір шылауы етістіктердің тікелей алдында келіп қолданылады. Қосқа бір кірдім, бір шықтым (Мұқанов).
Себептік қатынасты білдіретін жалғаулықтарға өйткені, себебі шылаулары жатады. Бұл шылаулар
салалас құрмаластың жай сөйлемдерін байланыстырып, соңғы сөйлем алдыңғы сөйлемдегі іс-əрекеттің
себебін білдіреді.Ешкім үндемейді, өйткені бұндағы кісілердің бəрі де қарт əйелдің дауысын білетін
(Нүрпейісов). Əй, ол жеңер сені, себебі келешек онікі ғой (Мұқанов). Бұл мысалдардағы себебі, өйткені
шылаулары алдыңғы сөйлемде болған іс-əрекет, жай-күйдің болу себебін көрсету үшін қолданылып тұр.
Салдар мəнді шылауларға сондықтан, сол себепті жалғаулықтары жатады. Олар құрмаластың жай
сөйлемдердің арасында қолданылып,соңғы сөйлем құрамына енеді. Бұлар болған іс-əрекеттің нəтижесін,
салдарын білдіру үшін қолданылады.Оңай алдаймын дейтін, сондықтан оңай алданатын анайы мінездері
жоқ емес (Мүсірепов).Ал мынау өз бетімен тəрбиеленген, сондықтан ол қисық болып өскен (Алтынсарин)
деген құрмаластардағы екінші жай сөйлемдердегі салдарлық мағынаны білдіруге қатысып тұрған
жалғаулық-сондықтан.
Сөйлемдер арасында шарттық қатынасты білдіруге егер, онда шылаулары қызмет етеді. Шарттық
жалғаулық егер құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының басында қолданылады да, онда басыңқы
сыңардың бас позициясында тұрады. Сонау бақша ішінен табылармын,Егер мені іздесең көңіліне алып
(Абай).
Сонымен бірге егер, онда шылаулары болмаса да, баяндауышы-са/-са щартты рай жұрнағы арқылы
жасалған сөйлемде шарттық қатынасы бұзылмайды. Қолдан кеген жəрдемі, Тұрлығұлдан бір түйе əперуге
жараса, сенен аямас едім (Торайғыров).
Қазіргі қазақ тіліндегі септеуліктер сөз бен сөздің сөйлем мен сөйлемді бірін екіншісіне бағындыра, яғни
сабақтастыра байланыстырып, өзінің алдында тұрған толық мағыналы сөздердің белгілі бір тұлғада тұруын
талап етіп, əр түрлі грамматикалық, мезгілдік, мекендік, мақсаттық қатынастарды білдіреді.
Жалғаулықтар тең дəрежедегі сөздер мен сөйлемдерді салаластыра байланыстырса, септеуліктер оларды
бағындыра, сабақтастыра байланыстырады.
Септеуліктердің атауыш сөздерден дамып шыққаны белгілі, сондықтан кейбір шылаулар-ғы/-гі
жұрнақтарын қабылдап, морфологиялық өзгерістерге түсіп, синтаксистік қызмет атқарып, сөйлем мүшесі
болады. (Құсты Арал) саяхаты менің сол күнге дейінгі өмірімде елеулі бір белесім еді (Сəрсенбаев) деген
сөйлемде дейін септеулігі -ғы/-гі жұрнағын қабылдап, сол күнге тіркесінің бірге қай? Деген сұраққа
жауап беріп анықтауыш болып тұр. Сөз жоқ , септеулік шылау жеке тұрып сөйлем мүшесі бола
алмайды.Бұл жерде анықтауыш қызметінде жұмсаулы дейін шылауының өзі қатысты сөздермен (сол
күнге) тұтасып, сындық мəнді білдіретін –гі қосымшасымен келуіне байланысты.
Септеуліктер септік жалғаудың мағынасы мен атқаратын қызметіне ұқсайды. Олар сөйлемде мынадай
қызмет атқарады. Біріншіден, түбір тұлғалы сөзбен барыс, шығыс, көмектес септіктеріндегі есім сөздермен
тіркесіп келіп, оларды екінщі сөзге сабақтастыра байланыстырып, мезгілдік,мекендік, себептік, мақсаттық
қатынастағы сөз тіркестерін жасайды.Мысалы: Ел үшін еңбек етсең, халқын сүймек, Біз үшін отқа, суға
түсіп жүр деп (Торайғыров). Еңбек қылған ел үшін, Еңбегі сіңген ер үшін(Бұхар Жырау).Ана тілі халық
болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы (Аймаутов).Бұл күнге дейін салт жүретін Игілік енді
пəуескеге мінуді лайық көріп (Мұсірепов).
Осы сөйлемдердегі үшін септеулігі түбір сөзге тіркесіп, мақсаттық қатынасты білдірсе, бері жатыс
септігінде тұрған сөзге тіркесіп мекендік мағынаны, ал дейін шылауы барыс септігінде тұрған сөзге
тіркесіп мезгілдік қатынасты білдіру үшін қолданылған. Үшін шылауы қазіргі қазақ тілінде түбір тұлғадағы
зат есім, сын есім, есімдік, сондай-ақ есімше, көсемше тұлғаларымен тіркеседі, ал көне тілімізде
есімдіктердің ілік септік тұлғасында да тіркескен: менің үшін, сенің үшін,оның үшін т.б
Екіншіден, шейін, дейін, кейін, бері, сайын, соң, үшін жалғаулықтары сабақтас құрмалас сөйлемнің
бағыныңқы сыңарының баяндауышы құрамында келіп, басыныңқы сөйлем мен бағыныңқы сыңарды
мезгілдік, себептік, мақсаттық қатынаста байланыстырып тұрады. Солардың əр алуан сыбыр-жыбырын
біліп отыру үшін, Құнанбай өзіне қараған елдің біразын сол елдің арасына таман кірістіріп жіберу керек
(Əуезов) .Ғазиз біраз жүрген соң, мына көшелер таныс бола бастады (Бұлқышев).Жүргіншілер əбден
көзден таса болғанға шейін, бұлар арттарынан қарап тұрады (Əуезов). Өзге кепенің адамдары
тарағаннан кейін, бұл кепенің адамдары Рахметті ортаға ала асқа отырты (Бұлқышев).
Септеуліктер, негізінен, есім сөздерге, заттанған есімше мен қимыл атауына тіркеседі. Бұл сөздерге
септеуліктер мына тұлғалардан соң тіркеседі :
1. Сөздің түбірі, я негіз тұлғалы сөзбен тіркесетін септеуліктер :үшін, сайын, сияқты, секілді,
сықылды, тəрізді, туралы, турасында, арқылы, бойы, бойымен, бойынша, жайында, жайлы,
шамалы, шақты, қаралы. Тарихи тұрғыдан бұлардың кейбіреулері ерте кезде ілік септік
тұлғасымен де тіркескен. Турасы, бойы, жайы дегендердің құрамындағы 3 жақ тəуелдік жалғау-
осының дəлелі бола алады .
2. Барыс септікті сөзбен тіркесетін септеуліктер: дейін, шейін, таман, қарай, салым, жуық, тарта,
таяу.
3. Шығыс септікті сөзбен тіркесетін септеуліктер: кейін, соң, гөрі, бері, бұрын, əрі, бетер.
4. Көмектес септігіндегі сөзбен тіркесетін септеуліктер: бірге, қатар, қабат.
Қазіргі қазақ тіліндегі түбір , я негіз тұлғалы сөзбен тіркесетін септеуліктер, негізінен есім сөзден соң
қолданылады.
Демеуліктердің білдіретін мағыналары сан алуан. Олар өзі қатысты сөздерге я сөйлемге сұраулық,
шектік, нақтылық, күшейту, тежеу, болжалдық, күмəн сияқты грамматикалық мағыналар үстейді.
Демеуліктер негізгі сөзге үстейтін мағыналарына қарай бірнеще топқа бөлінеді:
1. Сұраулық демеуліктер :ма/ме, ба/бе, па/пе, ша/ше;
2. Күшейтпелі демеуліктер : -ақ, -ай, -ау, əсіресе, да/де, та/те;
3. Шектеу (тежеу) демеуліктері : ғана (қана), тек, -ақ;
4. Болжалдық демеуліктер : -мыс/-міс, -ау;
5. Болымсыздық, қарсы мəнді, салыстыру мағынасындағы демеуліктер :түгіл, тұрсын, тұрмақ,
Достарыңызбен бөлісу: |