Жай есептерді шығара білу оқушылардың құрама есептерді шығара білуді меңгеруіне дайындық кезеңі болып табылады, өйткені құрама есепті шығару бірқатар жай есептерді шығаруға келіп тіреледі.
Есепті шығарғанда қалыптасатын ұғымдарға байланысты үш топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа мынадай түрдегі жай есептер жатады, ол есептерді шығарғанда балалар арифметикалық амалдардың әрқайсысының нақты мәнін ұсынады, яғни балалар қандай арифметикалық амалдар жиындарға қолданылатын қандай да операцияға сәйкес болатындығын ұғынады.