Құрама есеп дегеніміз екі не одан да көп амал арқылы шығарылатын есеп. Құрама есепті шығару үшін оны жай есептерге жіктеу керек.
Құрама есеп, бір есептердің ізделінді шамалары екінші есептердің берілген шамалары болатындай байланыстағы бірқатар жай есептерден тұрады. Құрама есепті шығару, оны бірнеше жай есептерге жіктеу және ретімен оларды шығару болып табылады. Сонымен, құрама есепті шығару үшін берілген шамалар мен ізделінді шамалар арасындағы бірқатар байланыстарды анықтау керек, соған сәйкес арифметикалық амалдарды таңдап алуға, содан кейін шығаруға болады.
Құрама есептермен таныстыруға арналған дайындық жұмысы оқушылардың құрама есептің жай есептен негізгі айырмашылығын түсінуіне көмектесуі тиіс, оның айырмашылығы мынада: құрама есепті бірден, яғни бір амалмен шығаруға болмайды, оны шығару үшін берілген шамалар мен белгісіз шамалар арасындағы сәйкес байланыстарды тағайындап,жай есептерге жіктеу керек. Осы мақсатпен төмендегідей арнайы жаттығулар қарастырылған:
2. Бірінші есептің сұрағына жауап бергенде шыққан сан екінші есептің берілген мәліметтерінің бірі болатын жай есептер парын шығару
3. Берілген шартқа қойылатын сұрақ.
Мен есептің шартын оқимын, ал сендер ойланып, есепке қандай сұрақ қоюға болатынын айтыңдар-дейді мұғалім: «Мектепті безендіру үшін оқушылар 10 қызыл жалау және 8 көк жалау қиып алды» (Оқушылар барлығы қанша жалау қиып алған?).
4. Құрама есепке енетін жай есептерді шығара білуге үйрету.
Құрама есептерді шығаруға қажетті шарт- балалардың құрама есепке енетін жай есептерді жақсы шығара білуі.