Екінші топқа мынадай түрдегі жай есептер жатады, ол есептерді шығарғанда оқушылар арифметикалық амалдардың компоненттері мен нәтижелері арасындағы байланысты ұғынады. Оларға белгісіз компоненттерді табуға берілген есептер кіреді.
Белгілі бөлінгіш пен бөлінді бойынша бөлгішті табу.
Үшінші топқа мынадай түрдегі жай есептер жатады,ол есептерді шығарғанда арифметикалық амалдардың жаңа мағыналары ашыла түседі.Оларға айырма ұғымымен байланысты жай есептер (6 түрі) және қатынас ұғымымен байланысты жай есептер (6 түрі) жатады.
Олар: Сандарды айырмалық салыстыру немесе екі санның айырмасын табу (бірінші түрі);
Сандарды айырмалық салыстыру немесе екі санның айырмасын табу (екінші түрі);