Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғылымдармен салыстырғанда, педагогикалық практикада бірнеше эксперименттік жұмыстарға бірдей жағдай жасау мүмкін емес


Пропорцианал шамаларға байланысты есептерді оқыту әдістемесі



бет133/142
Дата07.01.2022
өлшемі290,91 Kb.
#19740
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   142
Пропорцианал шамаларға байланысты есептерді оқыту әдістемесі

Бастауыш сыныптарда пропорционал шамалармен байланысты есептерді шығару қарастырылады: төртінші пропорционал шаманы табуға қарапайым үштік ережеге, пропорционал бөлуге және екі айырма бойынша белгісіз шаманы табуға берілген есептер, т.с.с.

Бұл есептерді шығару шамалар арасындағы сәйкес байланыстар туралы білімге негізделеді, мысалы, егер тауардың бағасы, саны білгілі болса, онда көбейту амалын орындап оның құнын табуға болады. Демек, осы түрдегі есептерді шығару жұмысын жақсы орындау үшін дайындық жұмысында жаңа шамалармен таныстыру және олардың арасындағы байланыстырды ашып көрсету жағы алдын ала ескерілуі тиіс.

Төртінші пропорционал шамаларды табуға берілген есептерде тура және кері пропорционал тәуелділіктегі үш шама берілген, олардың екеуі айнымалы, біреуі тұрақты шама, мұнда бір айнымалы шаманың екі мәні және екінші айнымалы шаманың сәйкес мәндерінің бірі берілген, ал бұл шаманың екінші мәні белгісіз болып табылады.

3-сыныпта көбіне тура пропорционал тәуелділіктегі есептер қарастырылады., мұнда мынадай шамалар тобы бар есептер кірістіріледі: нәрсенің бағасы, саны, құны; бір нәрсенің массасы, нәрселердің саны, жалпы массасы; бір ыдыстың сыйымдылығы, ыдыстардың саны, жалпы сыйымдылығы; уақыт бірлігі кезінде шығарылған өнім, жұмыс уақыты, жалпы өнім; бір затқа жұмсалатын мата, заттардың саны, жалпы жұмсалатын мата.

4-сыныпта есеептің барлық алты түрінің шешуі қарастырылады. Мұнда шамалардың мынадай жаңа топтары енгізіледі: жылдамдық, уақыт, қашықтық; тіктөртбұрыштың ұзындығы, ені, ауданы; бірлік ауданнан алынған өнім, аудан, барлық өнім.

Төртінші пропорционал шаманы табуға берілген есепті шығаруға дайындық жұмысында олардың арасындағы байланыстармен таныстыру жағын ескеру керек.

Бірқатар шамалармен таныстыру арифметикалық және геометриялық материалды оқып үйренумен тікелей байланыста жүргізіледі. Төртінші пропорционал шаманы табуға берілген есептерді енгізу үшін балаларды баға, құн, жылдамдық, т.б. шамалармен таныстыру керек. Мұнда олармен таныстыру пропорционал шамалар арасындағы байланыстарды ашып көрсету жұмысымен бір мезгілде жүргізілуі тиіс.

Сондай-ақ 4-сыныпта шамалардың тағы мынадай екі тобымен мұқият жұмыс жүргізіледі: жылдамдық, уақыт, қашықтық және тіктөртбұрыштың ұзындығы, оның ені мен ауданы.

Басқа топтардың шамалары арасындағы байланыстарды оқушылардың өздері тағайындауы мүмкін, өйткені олар байланыстар жөніндегі бұрын ұғып алған білімдерін пайдаланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет