Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғылымдармен салыстырғанда, педагогикалық практикада бірнеше эксперименттік жұмыстарға бірдей жағдай жасау мүмкін емес



бет16/142
Дата07.01.2022
өлшемі290,91 Kb.
#19740
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   142
Жекелеп оқыту қазір де қолданылады. Баланы жекелеп Оқыту XIII ғасырға дейін қолданылған. Əсіресе, ауқатты адамдар балаларын жекелеп оқытқан. Жекелеп оқытудың жақсы жақтары:

• Мұғалім оқушының нені білетінін, нені білмейтінін анықтайды.

• Оқушының қатесін уақытында түзетеді.

• Оқушы өзіне ыңғайлы уақытта жұмыс істейді.

Кемшіліктері:

• Мұғалім оқушыға білім беріп, оны оқушы қалай түсінгенін тексерумен шектеледі.

• Оқушы басқа оқушылармен қарым-қатынаста болмайды.

Жеке, жеке-топтық оқыту түрлері XI ғасырдың аяғы, XII ғасырдың басында қоғам сұранысын қанағаттандырмады.X, XI ғасырдағы Еуропаға білімді адамдар өте қажет еді, себебі қолөнер, сауда, өнер, əдебиет, сəулет өнері дамыды. Осыған байланысты оқитын балаларды ұжымға біріктіру туралы ұсыныстар алғаш рет Белоруссия, Украиналық туысқандық мектептерінде жүзеге асты. Оны балаларды сынып-сабақ жүйесі арқылы оқыту деп атады. Сынып-сабақ жүйесінің тəжірибесін зерттеп, оны дүние жүзінің мектептеріне таратқан Я.А.Коменский.Оқытудың бұл түрі жетілдірілген түрде дүние жүзінің мектептерінде қолданылуда.

Сынып сабақ ұғымының пайда болғанына 350 жылдай уақыт болды. XIII- ХІХ ғасырларда ағылшын діни қызметкері А.Белл жəне мұғалім Джон Ланкастер өзара оқыту жүйесін қолданды. Алдымен жоғары сынып оқушылары мұғалімнің басшылығымен тақырыпты өздері оқып, одан нұсқаулар алып, бастауыш сынып оқушыларын оқытты. Бірақ, өмір бала оқыту үшін арнайы дайындық керек екенін көрсетті.

Дальтон жоспары Оны ХХ ғасырдың басында Дальтон қаласының (АҚШ) мұғалімі Елена Паркхерст ұсынады. Оны зертханалық жұмыс деп те атайды. Аталған жоспармен оқытқанда сабақтар болмайды, мұғалім сабақты түсіндірмейді, оқушыларға өз бетімен оқитын əдебиеттер көрсетілген жазбаша тапсырма береді. Оқушылардың əрқайсысы материалды өз бетімен оқып мұғалімге есеп беріп отырды. Бірақ көптеген оқушылар мұғалім көмегінсіз тапсырманы орындай алмады. Сондықтан дальтон жоспарымен оқыту мүмкін болмады. Оқушының əр түрлі сыныптарда оқуы. Ол бір пəн бойынша 7- сыныпта, екінші пəн бойынша 5-сыныпта оқиды. Оқытуды ұйымдастырудың ерекше түрі оқушылардың бірнеше күн бойы бір не екі пəнді оқуы.

Мангейм (Европада) қаласында қолданылған мангейм оқу формасы негізінен сынып сабақтық оқу талаптарын сақтай отырып, оқушылардың қабілеттеріне, ақыл-парасат даму деңгейі мен дайындық дəрежесіне қарай əртүрлі сыныпқа бөліп отыруды көздеді.



Оқу жүктемесі мен оқу əдістерін балалардың нақты қабілеттері мен мүмкіндіктеріне орайластыру принципін сақтай отырып, бұл жүйенің негізін қалаушы Й. Зиккингер төрт типті сынып оқуын ұсынды; аса дарындылар үшін, орташа қабілетті балаларға арналған негізгі сыныптар, қабілеті төмен балалар сыныбы мен ақылы кем оқушыларға арналған көмекші сыныптар. Мұндай сыныптарға балаларды іріктеу психометриялық барлау, мұғалімдер мінездемелері мен емтихандар негізінде жүргізілді. Й. Зиккингердің пайымдауынша , мұндай оқуларға тартылған шəкірттер дамуына орай сыныптан сыныпқа ауысып отыруына мүмкін еді, алайда бұлай болмай шықты, себебі оқу бағдарламаларындағы шектен тыс алшақтық бұған жол бермеді.

XIII- ХІХ ғасырларда ағылшын діни қызметкері А.Белл және мұғалім Джон Ланкастер өзара оқыту жүйесін қолданды. Алдымен жоғары сынып оқушылары мұғалімнің басшылығымен тақырыпты өздері оқып, одан нұсқаулар алып, бастауыш сынып оқушыларын оқытты. Бірақ, өмір бала оқыту үшін арнайы дайындық керек екенін көрсетті.

Бригадаларға біріктіріп оқыту. Тапсырма бір топ оқушыларға беріледі. Олар өз беттерімен зертханаларда жұмыс істеп, мұғалімдер оларға кеңес береді. Есепті бригадир береді. Кемшілігі: оқушылардың білім деңгейінің, жауапкершілігінің төмендеуі, оқытудың нәтижесінің жоқтығы, мұғалімнің түсіндіруінсіз тапсырманы орындай алмау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет