Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғылымдармен салыстырғанда, педагогикалық практикада бірнеше эксперименттік жұмыстарға бірдей жағдай жасау мүмкін емес


Қашықтан оқыту технологиясы . Қашықтан оқытудың телекоммуникация құралдары



бет15/142
Дата07.01.2022
өлшемі290,91 Kb.
#19740
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   142
13. Қашықтан оқыту технологиясы . Қашықтан оқытудың телекоммуникация құралдары.

Қашықтан оқыту технологиясы –оқу үрдісі кезінде оқып үйренушілер мен оқытушылар арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың негізгі көлемін оқып үйренушілерге жеткізуді қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағы оқып үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық технология. Қашықтан оқыту – компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беру үрдісінде үздік дәстүрлі және инновациялық әдістер қолданылатын, күндізгі және сырттай білім алу ретінде білімді қабылдау түрі болып табылады. Қашықтан оқыту кезіндегі білім беру үрдісінің негізін жеке кесте бойынша өзіне ыңғайлы жерде оқуға мүмкіндігі болатын, оқытудың арнайы құралдары жиынтығы өзінде бола отырып, электронды және қарапайым пошта, телефонарқылы оқытушылармен келісілген байланыс жасауына, сонымен қатар, күндізгі бөлімде де мүмкіндігі болатын, оқып үйренушінің мақсатқа бағытталған және бақыланатын қарқынды өзіндік жұмысы құрайды.Қашықтан оқыту білім жүйесі жоқшылыққа, географиялық немесе уақытша оқшаулануға қатысты себептермен, әлеуметтік қорғаны жоқ және дене бітімі жетілмеуіне байланысты білім мекемелеріне бару мүмкіндігі жоқ немесе өндірістік және жеке жұмыстары болу себебінен, ешкімнің оқуға мүмкіндігін шектеуге болмайды деген гуманистік қағидаларға жауап береді.Қашықтан оқыту – қоғамды ақпараттандырудың маңызды бағыттарының бірі-білім беру ісін ақпараттандыру. Бұл жаңа ақпараттық құралдар мен әдістерін дамыта оқытудың идеяларын жүеге асыруға, оқу –тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін бір-бірімен тығыз байланысты өрістетуге және олардың тиімділігі мен сапасын көтеруге, жас ұрпақты жаңа қоғам жағдайында өмір сүруге дайындауға пайдалану деген ұғымды білідіреді.

Қашықтықтан оқыту компьютерлерд және телекоммуникациялық желілерді пайдалануға негізделген. Компьютерлік құралдар ара қашықтық мәселелерін шешеді және оқытушы мен білім алушылардың байланысын қолма-қол етеді. Ақпараттық технологиялардың заманауи құрал-жабдықтары оқыту барысында материалдарды көрсетудің: вербальды және бейнелік (дыбыс, графика, видео, анимация) түрлерін қолдануға мүмкіндік береді. Қашықтықтан оқытудың оқу процесін жүргізу барысында мынадай түрлері қолданылады:

- электрондық пошта (электронды пошта арқылы оқытушы мен оқушы

бірі-бірімен байланыста болады: оқу тапсырмаларын және материалдарды

жіберу, білім алушылардың оқытушыға сүрақтары және керісінше, іскерлік

қатынасхаттарды сұрыптау);

- телеконференциялар (олар оқу тақырыптары бойынша оқушылар арасында пікірталас ұйымдастыруға; пікірталастың тақырыбын таңдап алып, оны мұғалімнің басқаруына; конференция атына келіп түскен хабарламалардың мазмұнын бақылауға; келіп түсіп жатқан ақпараттарды қарап талдауға; өзінің хаттарын (хабарламаларын) жіберуге; осылардың арқасында пікірталасқа қатусуына мүмкіндік береді;

- деректерді қайта жіберу (FTR-серверлер қызметі);

- гипермәтіндік орталар (WWW – серверлер, мұнда гипермәтіндер

ретінде оқытушы оқу материалдарын орналастыра алады. Гипермәтін құрамы

жағынан сұрыптайды, бірін бірі толықтыратын оқу материалдарының бөлімдеріне сілтеулерді (гиперсілтеулерді) құжаттарында мәтіндік қана емес, сонымен қатар графикалық, дыбыстық және бейне ақпараттарды да орналастыруға болады;

-Интернет әлемдік желісінің ресурстары ұйымдастырылған әлемдік WWW-желісінің ресурстарын оқыту барысында бейне және анықтамалық материалдар ретінде қолдануға болады;

- видеоконференциялар (Видеоконференциялар қазіргі кезде мектептерде аса тарала қойған жоқ, оған себеп конференция өткізу үшін қажетті қондырғылардың бағасының

қымбаттығы.Алайда келешегі өте зор: оқытушылар тыңдаушыларға дәріс беруді, сабақ жүргізуді «тірі эфирде» өткізеді, оның барысында тыңдаушылармен өзара қарым-қатынас жасауға (тікелей эфирде) мүмкіндік болады.
14. Оқытуды ұйымдастыру формалары туралы ұғым, тарихы. Жекелеп оқыту. Жекелеп-топтап оқыту. Сынып – сабақ жүйесі. Өзара оқыту жүйесі (А.Белл, Джон Ланкастер). Дальтон жоспары, Мангейм жүйесі (И.Зиккенгер) – оқушыларды қабілетіне қарай бөліп оқыту жобасы. Бригадаларға біріктіріп оқыту.

Оқушылардың білім мазмұнын игеру іс-əрекеттері əрқилы формада  жүзеге асып барады. 

Латын сөзі «форма» тысқы  бейне, сырттай көрініс, қандай да нəрсенің құрылымы дегенді білдіреді.

Оқу ұйымдастыру формасы  – бұл оқу процесінің жекеленген бөлігінің құрылымы, дəрістің белгілі  бір түрі (сабақ, дəрісбаян, семинар, саяхат, факультатив дəріс, емтихан, сынақ жəне т.б.) 

Педагогика тарихында алуан түрлі оқыту нысандары болды. Олардың пайда болуы, дамуы, кейбіреулерінің жойылуы қоғамның талабына байланысты еді. Əр заман оқытуды ұйымдастыруға əсер етті. Нəтижесінде педагогика ғылыми тəжірибеден көптеген деректер жинады. Баланы оқытуды ұйымдастырған алуан түрлі жұмыстар зерттеліп, олардың ішінен қазіргі заманға лайықтылары іріктелді. Мектепте оқитын оқушылардың саны, олардың оқитын жерлері, оқу жұмысының ұзақтығы зерттеліп, баланы жекелеп оқыту, топты, ұжымды оқыту, сыныпта, сыныптан тыс, мектепті, мектептен тыс жерлерде оқыту жолдары анықталды. Оларға: жекелеп оқыту, жеке- топтық оқыту





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет