Педагогика және психология факультеті


Бақылау әдісі, оның түрлері, ерекшеліктері



бет12/60
Дата22.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#142649
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   60
2. Бақылау әдісі, оның түрлері, ерекшеліктері. Бақылау әдісі – таңдамалы және жоспарлы түрде адамның психикалық әрекеттерін үйреншікті жағдайларда зерттеп, психикалық әрекеттердің ағымына ешбір өзгерістер енгізбей сипаттауды айтамыз.
Бұл даму психологиясында кең тараған. Бұл әдістің мәнісі, басқа адамның іс-әрекетін, оның мінез-құлқын, психикасын сыртқы көріністерін, қозғалысын, сөйлеген сөзін, мимикасын, оның қылықтарын жүйелі жоспарлы түрде бақылайды. Осыған орай ол адамның психикалық процестері, жай-күйі, қасиеттері жөнінде қорытынды жасайды. Бақыл ау әдісінің ерекшелігі, ол адамның психикалық көріністерінің табиғи сақталуын қадағалайды. Кемшілігі бақылаушы өзі күткен көрінісін тосуға тиіс.
3. Эксперимент әдісі және оның түрлері. Даму психологиясында эксперименттің рөлі өте зор. Бұл әдістің маңызды ерекшелігі зерттеушінің керекті құбылыстың көрініс беруін тосып отырмай, оны туғызатындығы. Эксперименттік әдістің 2 түрі бар:

  1. Лабораториялық эксперимент- арнаулы жағдайда, жайда өткізіледі.

2. Табиғи эксперимент- табиғи жағдайда адамның іс-әрекетінің барысында өтеді.
Лабораториялық эксперименттік әдісті ең алғаш ашқан орыс ғалымы
А. Ф.Лазурский болған.
Әсіресе, баланы зерттеуде табиғи эксперимент жетекші рөл атқарады. Оқу-тәрбие процесі жағдайында жүргізілген табиғи эксперимент оқушылардың танымдық әрекеттерін жеке адамның қалыптасу ерекшеліктері мен жеке адамдар арасындағы қатынастарды тәрбиешінің табиғи жағдайға жақын әлеуметтік ұйымдастырған және арнайы өзгерткен жағдайларында зерттеуге мүмкіндік береді.


3-тақырып.
Кеңестік даму психологиясының негізгі теориялық бағыттары.


Қарастырылатын мәселелер:
1. Л.С.Выготскийдің психикалық даму теориясы.
2. П.Я.Гальпериннің ақыл-ой әрекетінің кезеңмен
қалыптасу теориясы.
3. Сана мен іс-әрекеттің біртұтастық қағидасы.
_______________________________________________________________________


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет