Педагогика және психология факультеті


Еркелеу- бөбек жасына тән психикалық дамудың өзіндік ерекшелігі



бет20/60
Дата22.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#142649
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   60
3. Еркелеу- бөбек жасына тән психикалық дамудың өзіндік ерекшелігі.
Бөбек бір істі өзім орындаймын дегенде, солардың бәрін өзетімен орындау оның қолынан келе бермейді. Сөйтсе де, ол өзім жасаймын дейді. Мысалы, бәтеңкесінің бауын байлау бөбектің қолынан келмеуі мүмкін. Бірақ осыған көп уақытын жіберіп, байлай алмағанда жылап, “қалай байлауды маған көрсет” беп өтінеді. Сондықтан бәрін өзім орындаймын деп талаптану сол істі барлық жағдайда жақсы меңгере алуынан емес.
Еркелеудің бір түрі, яғни “дағдарыс” кез бөбектерде түрліше кездеседі, біреуде тым айқын, өзгелерде онша білінбейді. Ал осы “менменсу” бөбекпен дұрыс тәрбие жүргізілмесе, ерегісуге, яғни негативизмге алып келеді. Мысалы, 3 дөңгелекті велосипедке мініп жүген бөбекке анасы мінуге рұқсат етпесе, бала ызаланады. Кейін анасы “міне ғой!” десе, ерегісіп “енді мінбеймін” деп отырып алады. Сол кезде “мінбей-ақ қой!”десе, онда “мінемін” дейді. Демек, бөбек үлкендердің айтқанына қарама-қарсы іс жасағысы келеді.
Бұл жадғайда бөбек велосипедке мініп, оны айдағысы келуі сөзсіз, бірақ осы қажеттілігін ол тежелтіп, анасына қыр көрсеткісі келіп отыр. Ал ерегісу бөбектің күшті екенінің белгісі емес, керісінше, әлсіздігі. Себебі, бұл еркелеудің негізінде болып отыр. Ерегісу көбінесе санасыз жүзеге асады. Егер ерегісу, яғни негативизм қайталана бере, кейін бала тәрбиеге көнгісі келмей, үлкендердің өсиетіне қарсы шығып отыратын болады. Мұны қиқырқыңырлық / строптивость / дейді. Бұл қыцрсығудың ең жоғарғы сатысы.


7-тақырып.
Мектепке дейінгі кезеңнің негізгі іс-әрекеті.


Қарастырылатын мәселелер:
1. Ойын- мектепке дейінгі кезеңнің негізгі іс-әрекеті.
2. Мектепке дейінгі жастағы балалардың рөлдік ойын
ерекшеліктері.
3.мектепке дейінгілердің таным процестерінің дамуы.
4. Мектепке дейінгілердің өзгелермен қарым-қатынасы.
1. Ойын- мектепке дейінгі кезеңнің негізгі іс-әрекеті.
Мектепке дейінгі жас кезінде балалардың денесі мен ақыл-ой өрісі төменгі жастарға қарағанда едәуір жетіліп қалады. Бірақ 3-5 жас аралығында бала бойының өсуі шамалы тоқталып қалады, мектепке кіргенше өсіп қалады. Бала бойының өсуі салмағының өсуінен шамалы алда жүреді. Мектепке дейінгілердің анатомо-физиологиялық дамуының негізінде есеюге байланысты жаңа талаптарды / оқу,еңбек / орындауға мүмкіндік туады.
Алдымен баланың ойынына нендей нәрсе түрткі болады, соған тоқталайық. Ф.Шиллердің айтуынша, бала қозғалмай, не бір нәрсемен шұғылданбай көп осының салдарынан “жұмсалмай қалған қуаты” жиналады да, соны жұмсау қажеттелігі оны ойынға итермелейді. Бұ пікірге көптеген психологтар қарсы шықты. Күш-қуаты таусылып, шаршап отырған балаға “ойнайсың?” ба деп сұрасаң, “ойнаймын” деп жауап береді дейді. Осыны есепке алып, австрия психологы К.Бюллер “жұмсалмай қалған қуат” теориясы баланың не себептен ойнайтынын толық дәлелдей алмайды деп, ойынның себебін рахаттанумен байланыстырады. Рахаттану теориясы, алғашқы пікірге қосымша ретінде қолданылады.
Неміс психологы К.Гросс кішкентай балалардың ойынын зерттеп, 1899 жылы өзінің осы жөніндегі пікірін жариялады. Оның айтуынша, бала өзінің күшін, ақыл-ойын дамытып, дағдылану үшін ойнайды. Осы пікірін дәлелдеуде К.Гросс мынадай деректер келтірді: әсіресе төменгі даму сатысында тұрған жануарлардың өзгерілмейтін соқыр сезімі / инстинкті / көп болғандықтан, олардың балапандары ойнамайды, тек инстинктері тке интинктері аз жануарлардың балапандары ғана ойнайды. Ойнайтынсебебі, олардың туа берілген инстинктері аз болғандықтан, осығна байланысты ептілікті машықтану арқылы толтырғысы келеді дейді. Бұл пікірге Голландия психологы Е.И.Бойтендайк қарсы шықты.
Сонымен, баланың неліктен ойнайтын себебі әлі күнге дейін көпшілік ғалымдар арасында мойындалмаған мәселелердің бірі. Көрнекті орыс марксисінің бірі – Г.В.Плеханов бала ойын кезінде үлкендердің еңбек әрекетін қайталайды, сондықтан “ойын – еңбектің інісі” деген болатын. Бала ойының көбі үлкендерді ңеңбегін қайталайтыны рас және ұстаздың осы сөзі ойынды әлеумет тұрғысынан дәлеледеуге мүмкіндік береді. Бірақ, психологиялық тұрғыдан алып қарағанда баланың ойнауына не түрткі болатынына ұстаздың бұл сөзі толық жауап бере алмайды. Себебі, тек бала емес, жануар көншілігініңбалапандары да ойнайды, (мысалы, мысық күшігіне лақтың ойнайтыны т.б). Оын тек балаға ғана емес, жануар балапандарына бірдей тән болғандықтан, жалпы айтқынды репетиция сияқт әрекет. Мұның солай екені мынадан: үлкендердің нақты іс-әрекетін бала болғандықтан, соны дәл дәрежесінде қайталай алмайды. Бірақ оған бала өзін-өзі даярлауы қажет. Артистер сахнаға шықпай тұрып, шымылдықтың бергі жағндаөзінің ролін ойнайтыны сияқты бала ойын үстінде өзін келешектегі еңбек әрекетіне даярлайды. Әрине, тап осылай мақсат қоймайды. Бірақ ұзақ тарихидамуда баланың ойны үлкендердің ісін үйренуге арналған.
Осыған орай, аса қажетті мәселенің бірі - өткен тарихи дәуірлерде бала ойнады ма, ойнаса қай жасынан бастап осыған кірісті. Психологтардың айтуынша ерте кездерде көпшілік елдерді ңбалалары ойын дегендібілмеген. Бұған дерек,бұдан біршене жылбұрынөлгенкісілердің моласн қазғанда бала сүйектерінің қасында ойншықтардың ешқандай түрі кездеспепті. Сондықтан балар үшін әдейі ойыншық жасау соңғы ғасырларда пайда болған дейді.
Осыған орай жүргізілген зертеулерге қарағанда, ерте кезде балалардың көбі тек 5-6 жасқа дейін ғана ойнап, кейін үлкендермен бірге жұмысқа кірісіп, кішкентайынан матералдың игілікті өндірілуіне үлес қосқан.Д.Б. Эльконин эскимосбалалары 5 жасынан әке-шешелерімен бірге балық аулауға, не егін айдауға кірісіп, қиын жұмыстарды да орындай алатынан айтады. Бұл турлы орыссаяхатшысмы Миклухо-Маклай өткен ғасырда Шығыс халықтаныр кемемен аралай жүріп, Малинезия т.б. елдерде балалар 5-6 жасынан түгелдей еңбекее жегілетінін ескертеді. Бұл мәліметтенр қазақ үшін жаңалық емес. Өйткені ерте уақытты қазақ елінің балалары 4-5 жасынан еңбек етуге кірісті. Мысалы, 4 жатсағы балаға билерді қайырын кел деп тапсырма бергенде, жылқының бірін құрықпен ұстап алып, бойы жетпегендіктен оны үлкен тасқа жетектеп, тастың үстінен жүген салып, қарғые мінеді де, бала билерді тез қайырып келеді. 5-6 жасқа келгенде түйеге мініп шөмеле таситын не тезек теретін , 7-8 жасқа шыққанда атқа мініп, малды далаға алып кететін, сол кезде малға қасқыр шаба қалса, сәби бала аттың үстінде қолындағы қамшымен қасқырға ұмтылатын болған.
Осы сияқты еңбектердің түрін сол жастарды ауылда өскен балаларың бәрі бастан кешірді.Сондықтан, Д.Б.Элькониннің айтуы түгелдей дұрыс.Қазіргі кезде балалық кез бұрынғына қарағанда көпке дейі созылады. Тіпті, 15-16 жастағы балалар ойнайды. Мұның себебі, біріншіден тұрмыстың нашар кезінде бұқара халық баласын көпке дейін еркелетіп ойнатуға шамасы келмеген. Сондықтан жас кезінен оларды материалдық игіліктерді өндіруге жекті. Екіншіден, әлеумет қоғамы сол кезде басқаша болатын. Ол кезде ойын кішкентай балалардың негізгі іс-әрекеті болмаған, жұмыстан қолдары босаған кезде ғана ойнайтын болған. Бзіз осыдан балалар ойыны белгілі әлеумет дәуірінің жемісі екенін көреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет