Педагогика және психология факультеті



бет29/60
Дата22.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#142649
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   60
Себептер мен нұсқау. Адамның кез келген басқа қызметі сияқты мнемикалық қызметінің жемістілігі де ізденулерге, яғни оны туғызған себептерге, нұсқауда берілген дәрежедегідей оны орындау әзірлігіне байланысты. Бала материалды есте сақтап қалуы үшін есте сақтап қалуға тиісті екенін білуге және оны есте сақтап қалғысы келуі тиіс.

  • Есте сақталған материалдың мағынасын ұғыну. Кішкентай балаларға сөзбен немесе тіпті сезімге әсе етерліктей берілген мазмұнның мағынасын ұғыну өте маңызды. Көптеген тәжірибелер барысында мағыналық жағынан байланыстыруды қалыптастырған жағдайда, материалды еске түсіріп қайталауда оқушылар үлкен жетістіктерге жеткен. Есте сақталғанды ұғыну үшін балаларға әр сөздің, терминнің мәні түсінікті болуы қажет.

    Есте сақтау және ұмыту. Материалды жаттау, оны қайтадан еске түсіру арасында кететін уақыт жасырын немесе латентті кезең деп атайды.
    Жаңғырту. Есте сақтау процесінің соңғы сатысы, Қайталап еске түсірудің ең жеңіл формасы тану процесі болып табылады. Бұл арада қабылддау мен есте сақтау процестерінің түйісуі жүзеге асады.
    Бастауыш сынып оқушыларыменкүнделікті жүргізілетін жұмыстың және көптеген бақылау жұмыстарының қорытынды нәтижелері:

    • біріншіден, бұрынғы кезде қажет болғандай ұзақ мерзім ішінде емес, 7-9 жастағы балаларға көлемі жағынан айтарлықтай үлкен материалдарды барынша қысқа мерзімде-ақ есінде ұстау балалардан да, мұғалімдерден де айрықша күш жұмсауды талап етеді;

    • екіншіден, төменгі сынып оқушыларының барынша күрделі оқу материалдарын игерудегі осы жетістігі балаларды оқытудың жаңа жүйесінің нәтижесі болып табылады. Балалардың қабылдағандарын ұғынуға мүмкіндіктер бере алатын ақыл-ой белсенділігі мен жатталынған мазмұнды түсінуге негізделген оқыту есте сақталуға тиісті материалдардың барынша толық, ұзақ сақталуына, оны қайталап еске түсірудің дәлдігі және әр түрлі жолдарын барынша еркін пайдалана білуге жетелейді;

    • үшіншіден, логикалық есте ұстау баланың жас шамасына қарай пісіп-жетілуінің ғана нәтижесі емес, ең алдымен-оқыту жүйесі мен баланың қысқа өмірінде жинақталған шамалы көрген-түйгенінің нәтижесі екендігін тәжірибе көрсетіп тұр.

    Баланың ұғынып жаттаудың тиімді тәсілдерін үй ренуге баланы баланы мектеп жасына жетпеген кезінен бастап дәйектілікпен үйрету қажет.
    Бастауыш сынып оқушыларының негізгі іс-әрекеті.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   60




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет