Педагогика және психология факультеті


Бастауыш сынып оқушыларындағы ес пен ойлау процесінің ерекшеліктері



бет28/60
Дата22.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#142649
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   60
Бастауыш сынып оқушыларындағы ес пен ойлау процесінің ерекшеліктері.

Балалар кез келген материалды емес, өздерін қызықтыратын, олардың сезімдеріне дұрыс әсер ете алатын материалды ғана естерінде сақтайды. Бұған қоса есте сақтаудың шапшаңдығы – бұл есте сақтау процесінің бір ғана сапалы, бір ғана бөлімін қамтиды.
Мысалы, декеленген заттарды ң бе йнелері кез келдген мазмұндағы сөздерді есте сақтау саны сияқты, балалардың жасының есеюіне қарай үнемі көбейіп отырады. Дегенмен де зерттеуге алынған 3-4 сы нып оқушыларының барлығы дерлік сөздік материалдардан гөрі, көрне кі материалдарды есте сақтайтындығы анықталды. Мұндай нәтижені Э.А.Фарапанов бірінші және екінші сигналдық жүйенің бірігіп қызмет істеуінің, затты көзбен көру арқылы қабылдау мен бір затты білдіретлін сөздер арқылы қабырдаудың нәтижзесі деп қарайды. Абстрактылы мазмұнды сөздерді есте қалдыруда жоғары сынып оқушылары ең жақсы нә- тижелер көрсетті.
Есте қалдыру. Еске сақтаудың ерікті және еіксіз түрлері бар. А.Н.Леонтьевтің және П.П.Блонскийдің зерттеулері бойынша, еріксіз есте қалу ең алдымен субъективті себептерге байланысты екендігін көрсетіп береді. Зерттеулер балалардың еріксіз есте қалдыруы кейде тіпті әдейі ерікті есте сақтаудан әлдеқайда тиімді, әсерлі болатынын көрсетті.
Бала есінде берілген тапсырманың жақсы сақталуы үшін мынадай әрекеттер мен тәсілдер қолдануға болады:

  1. Көрнекі құралдарды қолдану. Баланың жасы неғұрлым кіші болса, соғұрлым оның танымдық іс-әрекетінде сезімдік қабылдау зор рөл атқарады. Сондықтан матоериалды есте қалдыру үшін де, мүмкіндігі бар жерде көрнекі материалға сүйену өте маңызды.

  2. Қайталау. Көптеген мұғалімдер оқу материалдарын есте берік сақтаудың ең басты және тиімді құралы бірнеше рет біртекті қайталау деп есептейді. Балалар қайталау арқылы ережелерді жаттап, теориялық білім негізін толықтырып отырады.

  3. Өзін -өзі бақылау. Адам өзі істеген істі бекіту үшін, өзі жеткен нәтижені білуі қажет. Берілген кез келген дәрежедегі материалды оқып игерудің кез келген қалыптасуы дәрежесінде өзін-өзі бақылау үлкен рөл атқарады. Өзін-өзі бақылау балаларды өзіне сын көзбен қарап, берілдген тапсырманы орындауға жауаптылығын артттыруға үйрететіндіктен, әсіресе төменгі сынып оқушылары үшін өте қажет.



  4. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет