Педагогика және психология факультеті


Жеткіншектің жолдастарымен қарым-қатынасына қойылатын талаптар



бет37/60
Дата22.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#142649
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   60
2. Жеткіншектің жолдастарымен қарым-қатынасына қойылатын талаптар.
Жеткіншектердің өзара және топтасқан қарым-қатынастары көбінесе ересектермен қарым-қатынастарға тәуелсіз тіпті олардың дегендері мен ықпалдарына қарсы болып та қалыптасады. Бұл қарым-қатынастардың өз мазмұны мен даму логикасы болады. Егер төменгі сыныптарда ұжымдағы алатын орны негізінен оқу үлгеріміне, тәртібі мен қоғ амдық белсенділігіне, яғни баланың ересектер қоятын талаптарды қалай орындайтынына байланысты болса, жеткіншектер үшін басқа қасиеттер: до сы мен жолдастарының қасиеттері, зеректігі мен білімділігі ( тек оқу үлгерімі ғана емес ) батылдығы өзін-өзі ұстай білуі неғұрлым маңызды бола бастайды. Әр түрлі сыныптарда ( жеткіншектер топтарында да ) бұл жақсы жақтардың құндылық дәреже сінің түрлі баспалдығы бар, бірақ олардың біреуі- жолдастық қасиеттер- әрқашан бірінші орынға қойылады. Жеткіншектер әншейін танымал болып қана қоймай, олардың ризалы Жеткіншектер әншейін танымал болып қана қоймай, олардың ризалығы мен құрметіне бөлену үшін ең алдымен жақсы жолдасы болуы керек.
Осыған байланысты жеткіншектік кезеңнің басында бұрын танымал болған балалардың тобында өзгеріс болатыны жиі кездеседі: біріншіден, бұрынғы беделділер кетіп, олардың орнына жаңалары шығады, екіншіден, сынып активінің неғұрлым сыйлы әрі беделді жеткіншектер тобы болиауы жиі кездеседі. Сыныптары үшін беделді актив – ұжым құрудағы және сыныптағы лидер жұмысын ұйымдастырудағы қиындықтардың мәнді себептерінің бірі. Мұның тағы бір себептерінің бірі – мұғалімде басқарудың авторитарлық деп аталатын стилінің сақталуы және активте де сыныптастарымен қарым-қатынастың осындай әдістерінің тәрбиеленуі. Жеткіншектер мұны әсте қабылдамайды, - өйткені олар ересектердің де, жолдастарының да қарым-қатынастарына сол бір негізгі талап тұрғысынан қарайды- адамшылдық қадір-қасиет құрметтеуді талап етеді.
Бұл талап жеткіншектің жолдастық кодексінің өзегі болып табылады, оның нормалары әр түрлі негіздерінен: ернесектерден, жасы үлкенірек балалардан, кітаптар мен кинофильмдерден ( олар бұл нормаларды көрсетіп, түсіндіруде маңызды рөл атқарады ) ұғынылып, қ абылданады. Жеткіншектердің жолдастық кодексінің ең маңызды нормалары – қадір-қасиетті сыйлау, теңдік, шын берілгендік, жолдасына кө мектесу, адалдық.. Жеткіншектердің ортасында әрбіреуінің өз жолдасына, тобына, сыныбына қатысты іс-әрекеттері ескерусіз қалмайды және бұл нормаларға сай келетіні- келмейтіні бағаланып отырады. Сондықтан жеткіншектер жолдасына, тобына “опасыздықты” , уәде бұзуды, көмектеспй қоюды, өзімшілдік пен сараңдықты, бірінші болсам, басқарсам деген ниеттерді, менменсіп, өзін-өзі дәріптеуді, жолдасының пікірімен санасқысы келмеуді, сөзімен, күш көрсетіп, айламен, көзінше немесе сыртынан, тікелей не жанамалап болсын жолдасының қадірін түсіруді бірауыздан айыптайды. Мұндай қылықтар жәбірлесу, қақтығыстар, жанжалдар туғызады.Жолдасының өзін-өзі сыйлаушылығы, өз пікірі болмауы, өзінің айтқанынан қайтпай, жәбірлеушіге қарсыласа, алмауы да айыпталады, ал “жағым паздар”, алуан түрлі бейімделгішер, мүлдем жеккөрінішті көрінеді. Бұл айтылғандарға қарама-қарсы қасиеттер жеткіншекте қалыптасатын этикалық мұраттың негізі болып, жолдасының қасиеттерімен қарым-қатынасқа осы тұрғыдан талап қойылады.
Бұл нормалар мен талаптардың ересектердің жолдастық , достық , шынайы ынтымақ қарым- қатынастарының аса маңызды нормаларымен үйлесетіндігі өте маңызды. Жеткіншектірдің жолдастық кодексінің моральдық-этикалық мазмұнының ересектердің осындай қарым-қатынастарының қағидаларымен үйлесуінің арқасында құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жеткіншектің әлеуметтік-моральдық ересектігінің айрықша мектебі болады.
Жеткіншектің құрдастарымның алды нда танымал да сыйлы болсам деген мүдделілігі себепті ол бұардың пікірі мен бағаларына ереше қарайды. Жолдастарының ескертулері, наразылықтары мен өкпелері оны бұлардың себептері жайлы ойлантады, өзіне назарын аударады, өз кемшіліктерін көріп, білуіне көмектеседі, ал олармен жақсы қарым-қатынаста, араларында сыйлы болуға ұмтылу түзеліп, олар қоятын талаптарға сай болайын деген ниет туғызады. Жеткіншек жаста қарым-қатынас үшін өте маңызды ерекшелік – құрдастарының талаптарын бағлдарлай, оларды есепке ала білу –дамиды. Қарым-қатынастың жақсы болуы үшін бұл өте қажет. Мұндай қасиеттің болмауын есейген жеткіншектер инфантілділік деп бағалайды.
Қарым-қатынастың жақсы болмауына өзін-өзі асыра бағалаудың себеп бголатын жиі кездеседі. Мұның салдарынан жеткіншек жолдастарының айтқан сыны мен талаптарына ден қоймайды. Нақ осы себепті жолдастары одан безінеді. Сыныбында беделсіз болып, бәрі одан безінген жеткіншектер көбіне өзін-өзі осындай асыра бағалаушылар болады. Қарым-қатынастың жақсы болуына жолдастары бағалайтын қасиеттер жөнінен өзін-өзі лайықты немесе тіпті төмен бағалау қолайлы жағдай жасайды. Өзін-өзі бағалаудың сипаты – онымен қарым-қатынас жасау үшін өте маңызды сәт.
Оқшау жүретіндер деп аталатын жеткіншектерде әр түрлі жағымсыз ерекшеліктер болуы мүмкін, бірақ олардың бәріне тән кемшілік – жақсы жолдас болу қасиеттерінің жоқтығы. Сыныптастары оны осылай деп санайды, ал жеткіншектер бұл кемшіліктің есесін еш нәрсемен де толықтыруға болиайды деп біледі. Сондықтан үздік оқушы да оқшау қалуы мүмкін.
Жеткіншектер риза болып сыйлайтын басшы құрдастары іскерлік қарым-қатынаста ұқсас қасиеттері бар екенін көрсетеді: олар басқа бір басшы құрдасына – лидерге бағына біледі, жолдастарымен қатар тұра біледі, өз міндеттерін үлгілі атқарады, ортақ табысқа жетуге жанын салады, басқалар үшін қиын не жағымсыз жұмысқа бірінші болып кіріседі, жолдастарына құрметпен қарайды, айғай-шусыз, мазасыз ақыл үйрете бермей, сабырлылықпен қарайды, қажет болса көмекке келеді. Жолдасын сыйлай білу – жетлкіншектермен іскерлік қарым-қатынас үшін қажетті қасиет. Жеткіншектерді іскерлік қатынастарда мінез-құлықтың дұрыс формаларына баулу мұғалім мен лидерлердің жұмысының маңызды мігндеті болуға тиісті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет