Педагогика және психология факультеті


-тақырып. Бастауыш мектеп жасындағылардың



бет25/60
Дата22.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#142649
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   60
8-тақырып.
Бастауыш мектеп жасындағылардың психикалық дамуы.


Қарастырылатын мәселелер:

  1. Бастауыш сынып оқушысының психологиялық

сипаты.
2. Бастауыш сынып оқушысының анатомо-
физиологиялық дамуы.
3.Бастауыш сынып оқушыларының таным процесі.
4.Бастауыш сынып оқушыларының негізгі іс-әрекеті.
_____________________________________________________________________
1. Бастауыш сынып оқушысының психологиялық сипаты.
Бастауыш мектеп жасының / 7-11 жастың / өзінше жас кезеңіне бөлінуі оқудың / әсіресе орта оқу мектебінің / көп елдерде жаппай үстем алып дамып келуінен. Осы жас кезеңін өзінше бөліп алудың себебі- бұларда өтетеін оқу материалдарының ұқсас келуінен.
Бастауыш сынып оқушыларының оқу материалдарын меңгеруге мүмкіншілігі өте көп. Себебі олардың интеллектісі қарапайым ой операциясы дәрежесінде кездеседі. Кеңес психологы В.В.Давыдовтың пікірінше, көбіне оқушылардың оқу материалдары олардың ақыл-ой деңгейіне сай келмей отырады. Сондықтан, олардың оқуға мумкіншілігін толық пайдалану үшін тапсырмаларды одан әрі қиындата түсу керек.
Егер бұл жастағылардың негізгі іс-әрекеті ойын болса, оқуға кіргеннен кейін оқй қызметі шешуші рөл атқарады. Осыдан, оқу әрекеті – бала психикасының дамуына әсер ететін негізгі әрекет болып табылады. Ойынға қарағанда оқуға байланысты талаптар бала үшін күрделі болып келеді. Сонымен қатар, жаңа мектепке келген бала сыныптағы құрбыларымен қатынас жасап, осының нәтижесінде өзінің психикалық өрісін кеңейтеді. Дегенмен, алғашқы уақытта мектептегі жаңа жағдайға бала әлі бейімделе алмағандықтан, мынадай қиындықтар туындауы мүмкін:

  • бала мектептің, сыныптағы тәртіп ережелеріне бейімделе алмайды / белгілі уақытта тұрып, мезгілінде жатуға, сабақтан қалмауға, сабақ кезінде үнсіз тыныш отыруға үйрене алмағандықтан / қиналады;

  • Мұғалімнің өзіне тән мінезіне және құрбыларымен қалай қарым-қатынас жасауға үйрене алмағандықтан бала қиналады, мұғалімнен түсінбеген нәрсесін сұрауға ұялады;

  • Мектепке дейінгі кезеңдегі оқуға дайындық жеткілікті дәрежеде болмаса, мектептегі оқу материалдарын бала дұрыс меңгере алмайды;

  • Мектептегі оқытылатын материалдардың тым жеңіл келуі. Тапсырмалардың тым жеңіл келуі қиындықтармен күресуді тежейді, балалардың оқуға деген қызы;

  • Мектептегі оқытылатын материалдардың тым жеңіл келуі. Тапсырмалардың тым жеңіл келуі қиындықтармен күресуді тежейді, балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыра білу керек.

Мұндай қиындықтарды ескеріп, назардан тыс қалдырмау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет