Педагогика және психология факультеті


Жеке бастың қасиеттерін ұғыну мен өзін-өзі бағалау



бет46/60
Дата22.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#142649
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   60
2. Жеке бастың қасиеттерін ұғыну мен өзін-өзі бағалау.
Кішкентай балалардың өзіндік санасы мен өзін-өзі бағалауы, әдетте, ата-аналарынан және басқа да беделді үлкендерден алған бағаны қайталайды. Бірақ бала неғұрлым есейген сайын оның мінез-құлқы бағалардан гөрі өзін-өзі бағалауға соғұрлым бағдар ала түседі. Алайда өз қасиеттерін, әсіресе, батылдық, ерлік немесе принципшілдік секілді күрделі моральдық-психологиялық қасиеттерді ұғынудың өзінде-ақ эмоциялық бағалау мен әлеуметтік салыстыру сәттері қамтылады ( өз ақылы немесе сұлулығын басқа біреумен салыстыру арқылы ғана бағалауға болады ).
Жас өспірім де жеткіншек секілді өзінің қандай екенін, қаншалық құнды, қабілетті екенін барынша білгісі келеді. Өзін-өзі бағалаудың екі тәсілі бар. Біреуі өз талаптарының деңгейін жеткен нәтижесімен өлшемдестіру ( “Қиын жағдайда саспаған болсам, қорқақ болмағаным; қиын міндетке кірісіп кетіп, орындап шықсам, қабілетті болғаным ” ) . Бірақ жас өспірімнің өмірлік тәжірибесінің шектеулілігі мұндай тексеруді қиындатады. Ересектердің көзқарасымен қарағанда қисынсыз көптеген қылықтар – қауіпті сотқарлық, даңғойлық – көзге түсіп, жұртқа танылғысы келуден гөрі өзінің батылдығын, өжеттігін т.б. сынап көргісі келуден болады.
Өзін-өзі бағалаудың екінші жолы - әлеуміттік жарыс, өзі туралы төңірегіндегілердің пікірлерін салыстыру. Төңірегіндегілердің өзі туралы пікіріне өте сезімтал қарайтын жеткіншектің өзі-ақ әркімнің бағалары ғана емес, бағалайтын өлшемдерінің өзі әрқилы болатынына көзі жетеді. Сыныптастары ерлік деп бағалаған әрекетті мұғалім жалған жолдастық деп атайды. Осыдан келіп таңдау, өздігінен ойланып көру қажет болады.
Өз “менінің” бейнелері күрделі әрі бір мәндес болмайтыны белгілі. Мұнда нақты “мен” ( қазір қандай болсам, сондай ) де, динамикалық “мен” де ( қандай болғым келсе, сондай ), мұраттағы “мен” де ( өзімнің моральдық принциптерім негізінде сондай болуға тиістімін ), қиялдағы “мен” де ( бәрі де мүмкін болса, сондай болғым келер еді ), көз алдыма елестететін басқа толып жатқан “ мендер” де бар. Тіпті толысқан адамның өзін-өзі ұғынуы да қарама-қайшылықтарсыз болмайды және өзін-өзі бағалаудың бәрі адекватты емес. Жас өспірімдік кезде мәселе бұдан да қиынырақ. Кейде жас өспірім өзін-өзі бақылау, байқау арқылы өзін білсем дейді. Балдаң жас өспірімдік кезге жалпы алғанда рефлексияның өсуі, өзіне барынша ден қою тән. Мұның өзі интимдік күнделіктердің шығуынан да ( жас өспірім ұлдарға қарағанда, қыздарда көбірек кездеседі және ертерек басталады ), көркем әдебиет бейнелерін өзіне “өлшеп көруден” де, басқа адамдардың ішкі жан дүниесіне көбірек ден қоюдан да аңғарылады.
Кейбір психологтар жас өспірімдік рефлексиясының өзін-өзі оқшаулау, шындық болмыстан қиялдағы арман дүниесіне беріліп кету қаупі бар есептеп, оған теріс көзқараста болады. 15 жастағылардың ішкі жан дүниесі алаңсыз болып көрінгенімен әжептеуір қалыптасқан және нәзік болады. Психикалық саулық нормаларының өзі оларда үлкендердегіден гөрі өзгеше. Кіші шәкірттік жастағыларға қарағанда, жас өспірім жігіттер мен қыздарда алаңдаудың жалпы дәрежесі жоғары. Пубертаттық жаста деперсонализация және психикалық жастсыну жағдайлары аз болмайды. Балалықпен қоштасу көп жағдайда бір нәрседен айырылу сезімі ретінде, өз “менінің” бұлыңғырлығы, жалғыздық, өзін басқадлар түсінбейтініндей көру т.с.с ретінде уайымдалады.
Алайда, бұл сәттерді асыра бағалауға болмайды. Жас өспірімдік шактың қиыншылықтары бұларға бәрі де душар бола бермейтінін, кезікеннің өзінде міндетті түрде соншалық қиын болмайтынын айтпағанның өзінде бұлар ойдағыдай жеңуге болатые өсу қиыншылықтары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет