Педагогика пәні бойынша



бет2/6
Дата16.11.2022
өлшемі42,34 Kb.
#50663
1   2   3   4   5   6
Тәрбие міндеттеріне байланысты сабақтан тыс тәрбие жұмысы формаларын топтастыру:

  1. мектеп өмірін басқару және өзін-өзі басқару формалары – жиналыстар, органдарының кездесулері және т.б;

  2. танымдық формалары – экскурсиялар, саяхаттар, фестивальдар, ауызша журналдар, ақпараттар, газеттер, тақырыптық кештер, студиялар, секциялар, көрмелер және т.б;

  3. танымдық формалар – ертеңгіліктер, кештер және т.б.

Басымдылық бөлігі бойынша тәрбие жұмысын топтастыру формасы, ұстаздың ықпал ететін бір немесе бірнеше әрекет (шаралар) ету әдісі бойынша (сөз, уайымдау, жұмыс, психологиялық жаттығу); сөзбен логикалық, көркем бейне, еңбек, ойын, психологиялық.
Сабақтан басқа қосалқы, сыныптан тыс, сыбақтан тыс, өздігінен және т.б аталатын оқуды ұіымдастыру түрлері бар. Олар: экскурсиялар, семинарлар, факультатив сабақтары, қосымша сабақтар, кеңес беру және т.с.
Экскурсия (лат. сыртқа шығу, бару) оқушылардың білімді қабылдау және меңгеруі зерттеу нысаны орналасқан жерге барып танысу арқылы жүзеге асатын сабақты ұйымдастыру формасы.
Ол келесі дидактикалық қызметтері бар: көрнекілік ұстанымын іске асыру, оқытудың ғылыми негізін арттыру және өмірмен байланысты күшейту, қазіргі таңдағы өндіріспен заманауи маманмен танысу.
Экскурсия түрлері:
- өндірістік, индустриялық және ауылшаруашылық кәсіпорындарды, құрылыс алаңдарына және т.б бару;
- жаратылыстану: зообақ, орман, шабындықтар және т.б;
- тарихи-әдебиет: мұражайда, көрмелерде, сүрет галлереяларында, кітап қоймаларында экспонаттарды зерделеу, тарихи ескерткіштермен танысу;,
- өлкетану: тарихи ескерткіштер мен табиғат нысандарына
Материал орнының негізіндегі топтастыру бойынша келесі экскурсия түрлері бар: кіріспе экскурсия (алдын ала), ағымдағы (қолдаушы), қорытынды. Тағы да басқа топтастырулар бар.
Қандай экскурсия болса да оқыту жүйесінде орны бар. Ол экскурсияның мазмұнына және оның оқу материалымен байланыстыратын кіріспе әңгімеден басталады. Экскурсия қорытынды талқылаумен және оның нәтижесін рәсімдеумен аяқталады. Экскурсия алдын ала дайындалып мақсаттары, баруға тиісті нысандары, жұмыс мазмұны айқындалып, қауіпсіздік шаралары қарастырылады. Экскурсияны дайындау және өткізу келесі талаптарға сай болу керек:
- мақсаты айқын болу (мақсаттардың өзара байланыс жүйесі);
- экскурсия өткізу нысанының негіздеп таңдау;
- оқушыларға не көріп, не білу керек туралы нұсқаулар;
- жүргізетін адамды анықтау (оның жұмыс мазмұнын нақтылау);
- нақты хронология бойынша өткізу жоспарын дайындау;
- оқушылардың белсенділігін арттыру тәсілдерін анықтау;
- қорытындылау түрі және оқушылардың рәсімдеу талаптарымен таныстыру (шығарма, конференция, реферат, көрме және т.б).
Бірініші сынып оқушыларына 40 минут, жоғары сынып оқушыларына екі жарым сағатқа дейін өткізілуі тиіс. Қауіпсіздік шараларын алдын алып, аса назар аудару қажет.
Семинар – зерделеу тақырыбы бойынша баяндама, реферат түрлерінде оқушылардың топтық талқылау арқылы өтетін сабақ формасы. Семинар сабақтары оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерін өздігімен күшейтуге бағытталған және оқу материалын жүйелі түрде жалпылауға жағдай туындатады. Семинар сабақтарында оқушылар көпшілік алдында сөйлеуді үйренеді, реферат, баяндама жасайды, өз ойын, пікірін жеткізу дағдысы қалыптасады, өздігімен білім алуды үйренеді.
Семинар сабақтары алдын ала мақсатты түрде дайындықпен өткізіледі және талқылауға тиісті сурақтар анықталып, сабақ жоспарымен таныстырылады.
Семинар сабақтарының түрлері: семинар-әңгімелесу, семинар-тыңдау, семинар-пікірталас. Семинар-әңгімелесу жоспар бойынша ашық әңгімелесу түрінде өтеді және қатысушылардың барлық сурақтарға дайын болуын меңзейді, өйткені мәселені жан жақты белсенді талқылау арқылы білім алушылардың белсенділігі артады және бірін бірі толықтырып талқылауға толық мүмкіндік бар. Семинар-тыңдау сурақтары алдын ала қатысушыларға беріледі және олар баяндама және хабарлама дайындайды. Семинардың бұл түрі оқушылардың оқу материалын терең талдауға қол жеткізеді. Семинар-пікірталас қатысушылардың өзара қатынас орнатып мәселені ұжымдық талқылап оның шешімін табумен ерекшеленеді. Семинардың бұл түрі бағалауды, пікір алмасуды, өз ойын жеткізе алу, көзқарасын мен сенімдерін негіздеп қорғауға үйретеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет